Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Менің отбасым және достарым» 2.3. Адам Сынып: 1 | Мектеп: «Чехов орта мектебі» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Кушубенова Г.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Адамның дене мүшелері |
Оқу мақсаттары | 1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді. Көптеген оқушылар: Адам дене мүшелерінің суреттері арқылы сөз тіркесі мен сөйлемдер құрай алады, сұрақтарға жауап бере алады. Кейбір оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін ерекшеліктерін дәлелдейді. |
Бағалау критерийлері | Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды. Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды. |
Тілдік мақсаттар | Бас (көз, мұрын, құлақ, ауыз), мойын, иық, дене, қол, саусақтар, аяқ. Адамның дене мүшелеріне не жатады? Қай дене мүшесі негізгі мүше болып есептеледі? Дене мүшелері не үшін қажет деп ойлайсың? |
Құндылықтарды дарыту | Қарым – қатынас жасауға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. |
Пәнаралық байланыстар | Дене шынықтыру, дүниетану |
АКТ қолдану дағдылары | Слайд, бейнеролик |
Бастапқы білім | Менің мектебім, тірі табиғатты тарауына байланысты жалпылама сұрақтар қойып, білімдерін тиянақтау. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы
| Ширату жаттығуы Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу) Пол Эдиссон әдісі (МК) Оқушыларға жаттығу жасатудың алдында бір стақан суды кішкене мөлшермен ұрттап ішкіземін. Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын: 1. Оң қолды сол аяққа тигізеді. 2. Сол қолды оң аяққа тигізеді. 3. Қолдың саусақтарын айқастырады. 4. Аяқтарын айқастырады. 5. Көзбен шеңбер сызады. Оқушылар орындарына отырады. -Жарайсыңдар! Өте жақсы көрсеттіңдер. Жаттығу жасаған кезде біз: - көзімізбен көрдік - құлағымызбен естідік - қолдарымызды, аяқтарымызды қимылдаттық. - Бүгін біз сабақта адамның дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысамыз. (Ұ) «Сиқырлы қапшық» Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл, сары, жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін: 1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті) 2-топ: « Ептілер » (сары түсті) 3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті) | Ширату жаттығу |
Сабақтың ортасы | 1 тапсырма. «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.(Ұ-Жеке) - Неше қолың бар? (Екі қолым бар.) - Неше аяғың бар? (Екі аяғым бар.) - Мұрын не үшін керек?(Мұрын тыныс алу үшін керек) - Саусақтарың нешеу? (Он саусағым бар.) - Башпайларың нешеу? (Он башпайым бар.) - Қол не үшін керек? (Қол заттарды ұстау үшін, жұмыс жасау үшін керек.) - Аяқ не үшін керек? (Аяқ жүру үшін керек). Критерий: дене мүшелерін ажырата алады Дескриптор: -өз денесінің негізгі бөліктерін атайды; - дене мүшелерінің қызметін сипаттайды. Қалыптастырушы бағалау: бағдаршам әдісі 2- тапсырма. (МК.Ұ) Интерактивті тақтадан адам дене мүшелері видео көрсетемін. Видеороликті көреміз және сол қимылдарды қайталауға тырысамыз. -Видеоролик не туралы? -Қандай дене мүшелері туралы айтылған? -Кім мұқият тыңдады? Оқушылар адамның дене мүшелерін атап шығады. -Міне, балалар, бас, қол, аяқ, тұлғаны- адамның дене мүшелері деп атаймыз. Критерий: дене мүшелерін анықтайды Дескриптор: - видеоролик арқылы дене мүшелерімен танысады; - дене мүшелерін атайды. ҚБ:от шашу әдісі 3 тапсырма. Зерттеу жұмысы. (Жеке) Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңіз. Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз. Бағалау критерийі: қол мен аяқтың қызметің ажырата алады Дескриптор: - суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді зерттеп әңгімелейді; - аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді. Қ Б: бағдаршам әдісі Оқушыларға кері байланыс беремін: Жарайсың! Керемет! | Оқұлық 32 бет АКТ https://www.youtube.com/watch?v=zvztgg-KYOw
|
Сабақтың соңы | 4 тапсырма. «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілін қолданамын. Карточка: Дене мүшелерін сәйкестендір. Критерий дене мүшелерінің қызметін анықтайды Дескриптор: -суреттегі дене мүшелерін киіммен сәйкестендіріп сызады; - топтар өзара тексеру жұмыстарын жүргізіп, бағалайды. ҚБ: бас бармақ әдісі Өте тамаша! Бәрекелді! Үйге тапсырма Жаңа игерілген білімді қайталау, пысықтау; Рефлексия. «Қимылдар арқылы» Егер оқушы бәрін түсінсе: Қолдарын ашып жұмады. Егер оқушы әлі де түсінбесе: Көздерін ашып жұмады. Егер оқушы түсіндім, бірақ әлі ізденуім керек десе: Орнында тұрып жүгіреді. Оқушылар сабаққа кері байланысты қимыл арқылы көрсетеді. Кері байланыста Оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді. | Түсқағаз, маркер,
«Бас бармақ» тәсілі |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қабілетті жоғары оқушы берілген тапсырмамен шектелмей, көбірек орындайды. Мысалы, талап етілген 3-4 дәлелдің орнына көбірек анықтай алады | Оқушылар бағалау критерийі бойынша бағдаршам әдісі, от шашу әдісі, бас бармақ әдісі және кері байланыс әдістер арқылы бағаланады | Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау. Ақ тілек сергізу сәтін өткізу. Егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу. Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақ өз мақсатына жетті, оқушылар дене мүшелерін біледі, дене мүшереінің қызметін анықтады |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |