СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адамның дене мүшелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

жаратылыстану пәні бойынша Адамның дене мүшелері тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Адамның дене мүшелері»

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 1

Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы мектеп- гимназиясы базасындағы тірек мектебі

Күні: 15.11.2017

3 бөлім: «Тірі табиғат: Адам»

Мұғалімнің аты-жөні: Байкенова М.Б.

Фунусова Ф.Р.

Сабақтың тақырыбы: 

Адамның дене мүшелері

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

 

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.2.3.1 Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

1.1.2.1. қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді, қоршаған әлем құбылыстарын атайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, сәйкестендіреді, көрсетеді,  қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, түсіндіреді, көрсетеді, сәйкестендіреді, дәлелдейді, қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді, зерттейді.

Бағалау критерилері

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды.

Тілдік мақсат

Адамның дене мүшелері

Бас (көз, мұрын, құлақ, ауыз), мойын, иық, дене, қол,саусақтар, аяқ.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Еңбек және шығармашылық

Құрмет

Адамгершілік

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы

- Дене мүшелерінің сымбатты болуына ықпал ету.

Партада дұрыс отыру;

- Оқу құралдарын қолданудағы қауіпсіздік ережесі

Пәнаралық байланыстар

 көркем еңбек, музыка, математика, дене шынықтыру, ағылшын

АКТ қолдану дағдысы  

Слайд, бейнеролик

Алдыңғы меңгерілген білім

Адамның дене мүшелерін атайды, біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 

 

 

 

 

 


Амандасу

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді жүректен

Амандасып алайық

Біз жадырап қалайық.

(Үш тілде амандасу)

Психологиялық дайындық

  • Көңіл күйіміз қалай?

  • Керемет (Қолдарын көтереді)

  • Сабаққа деген дайындықтарын қалай?

  • Тамаша (Қолдарын шапалақтайды)

  • Дайындықтарын қалай?

  • О-о-о-о

Топтастыру

Оқушыларды 3 топқа отырғызу

І топ, ІІ топ, ІІІ топ




Өтілген материал бойынша жұмыс

І топ. Үй жануарлары

ІІ топ. Жабайы жануарлар

ІІІ топ Қыста ұйқыға кететін немесе ұшып кететін жануарлар


Жануарлардың суреттерін жабыстырып, қорғайды.


Жаңа сабақ


Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын, мысалы:қолдарыңды бұлғаңдар, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар, бастарыңды изеңдер, мойындарыңды бұрыңдар, иықтарыңды жоғары –төмен қозғалтыңдар.

Оқушылар орындарына отырады.

Қимылдар жасаған кезде қандай дене мүшелерін атадық?

(Оқушы жауаптарын тыңдау)

-Сендер дұрыс айтасыңдар, өте жақсы көрсеттіңдер.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабын тыңдау)

-Бүгін сабақта сендер дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысасыңдар

( тақырыбы мен мақсатын хабарлау)

-Сабақ соңында неніІ білеміз деп ойлайсыңдар?


«Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

  - Неше қолың бар? (Екі қолым бар.)
  - Неше аяғың бар? (Екі аяғым бар.)
  - Мұрын не үшін керек?(Мұрын тыныс алу үшін керек)
  - Саусақтарың нешеу? (Он саусағым бар.)
  - Башпайларың нешеу? (Он башпайым бар.)
  - Қол не үшін керек? (Қол заттарды ұстау үшін, жұмыс жасау үшін керек.)
  - Аяқ не үшін керек? (Аяқ жүру үшін керек.)



Бейневидео көру.

Адамның дене мүшелеріне байланысты видео көрсетіледі.

  • Видеода қандай дене мүшелерді көрдіңіздер?

  • Оларды қызметі қандай? (оқушылардан жауаптар күтіледі.)

Міне, балалар, бас, қол, аяқ, тұлғаны- адасның дене мүшелері деп атаймыз.

Зерттеу жұмысы (топтық жұмыс)

Оқушыларға адамның дене мүшелері жазылған сөздер таратылып беріледі. Балалар жылдам тез тауып, жабыстыру керек.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады

 Дәптермен жұмыс

Әр оқушы жеке орындайды .

Өте жақсы! Жарайсыңдар! (кері байланыс, смайликтармен марапатталады)


Сергіту сәті





Практикалық жұмыс

«Себеттегі заттар»

Себетте берілген заттарды алып, денеміздің қандай мүшесімен пайдаланатынымызды айтып береді.


Жүйелі жұмыс! Жарайсыңдар!


Сен білесің бе?»

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!

Адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріп өтемін.

Критериалды бағалау

ҚБ

Бағалау критерийі:

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін

сипаттайды.

(Д) Тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңіз.

Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз.

ДескрипторБілім алушы

- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді;

- аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді.

Оқушыларға кері байланыс беремін:

Жарайсың! Керемет!    

            

А. «Қолдауды көп қажет ететін»

Кестемен жұмыс

Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекетті + белгісімен көрсетіңіз.

 

Қол

Аяқ

секіру

 

 

жүгіру

 

 

шапалақтау

 

 

 

В. «Қолдауды орташа қажет ететін»

Қол бөліктерін атаңыз.

С. «Қолдауды аз қажет ететін»

3. Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсыз? Неліктен?

«Қолпаштау, мадақтау» әдісі арқылы оқушыларды қолдап отырамын.

Өте тамаша! Бәрекелді!

Оқулық 32-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 











бейнеролик









 

 

 Түсқағаз, маркер, дене мүшелерінің атаулары

 



 

 

 

 

 

 Жұмыс дәптері,

 20 - бет



 

 

 

 

 

 

 

 АКТ



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚБ дәптері

Топшамалар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «көздің алмасы»

Егер оқушы бәрін түсінсе:

Көздің қарашығына стикер жабыстырады.

Егер оқушы  әлі де түсінбесе:

Көздің ағына стикер жабыстырады

Егер оқушы түсіндім, бірақ әлі ізденуім керек десе:

Көздің айналасына стикер жабыстырады







 

«Бас бармақ» тәсілі


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының

сақталуы
 

Саралау тапсырмасы.

А. «Қолдауды көп қажет ететін»

Кестемен жұмыс

Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекетті + белгісімен көрсетіңіз.

 

Қол

Аяқ

секіру

 

 

жүгіру

 

 

шапалақтау

 

 

В. «Қолдауды орташа қажет ететін»

Қол бөліктерін атаңыз.

С. «Қолдауды аз қажет ететін»

3. Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсыз? Неліктен?

«Қолпаштау, мадақтау» әдісі арқылы оқушыларды қолдап отырамын.

Белсенді оқыту әдістерін қолдандым.

Шаттық шеңберін өткізгенде  психологиялық жұмыс «Жапондық тәсіл» арқылы ұйымдастырдым.

«Допты қағып ал» тәсілі бойынша

сұрақ қою және талқылауды жүзеге асырдым.

Дереккөздерді пайдаланып, Паралимпиада жеңімпаздары туралы мәлімет бердім.

Критериалды бағалау

ҚБ

Бағалау критерийі:

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды.

Дескриптор:

- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді;

- аяқтың атқаратын қызметіне мысалдаркелтіреді.

Пол Эдиссон әдісі оқушыларды салауатты өмір салтына жетелеймін.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!