СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адамның дене мүшелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок по естествознанию о частях тела человека для 1 класса с казахским языком обучения

Просмотр содержимого документа
«Адамның дене мүшелері»

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім «Менің отбасым және достарым» 2.3. Адам

Сынып: 1

Мектеп: «Чехов орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Кушубенова Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адамның дене мүшелері

Оқу мақсаттары

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін

және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді.

Көптеген оқушылар: Адам дене мүшелерінің суреттері арқылы сөз тіркесі мен сөйлемдер құрай алады, сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбір оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін ерекшеліктерін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Бас (көз, мұрын, құлақ, ауыз), мойын, иық, дене, қол, саусақтар, аяқ.

Адамның дене мүшелеріне не жатады?

Қай дене мүшесі негізгі мүше болып есептеледі?

Дене мүшелері не үшін қажет деп ойлайсың?

Құндылықтарды дарыту


Қарым – қатынас жасауға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, бейнеролик

Бастапқы білім


Менің мектебім, тірі табиғатты тарауына байланысты жалпылама сұрақтар қойып, білімдерін тиянақтау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы






Ширату жаттығуы

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен,  қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Пол Эдиссон әдісі

(МК) Оқушыларға жаттығу жасатудың алдында бір стақан суды кішкене мөлшермен ұрттап ішкіземін. Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын:

 1. Оң қолды сол аяққа тигізеді.
 2. Сол қолды оң аяққа тигізеді.
 3. Қолдың саусақтарын айқастырады.
 4. Аяқтарын  айқастырады.
 5. Көзбен шеңбер сызады.
 Оқушылар орындарына отырады.
  -Жарайсыңдар! Өте жақсы көрсеттіңдер.
 Жаттығу жасаған кезде біз:
 - көзімізбен көрдік
 - құлағымызбен естідік
 - қолдарымызды, аяқтарымызды қимылдаттық.
 - Бүгін біз сабақта адамның дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысамыз.

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»
Қапшыққа салынған  саны бірдей қызыл, сары, жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын.
Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)
2-топ: « Ептілер » (сары түсті)
3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)


Ширату жаттығу


Сабақтың ортасы











1 тапсырма. «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.(Ұ-Жеке) 

  - Неше қолың бар? (Екі қолым бар.)
  - Неше аяғың бар? (Екі аяғым бар.)
  - Мұрын не үшін керек?(Мұрын тыныс алу үшін керек)
  - Саусақтарың нешеу? (Он саусағым бар.)
  - Башпайларың нешеу? (Он башпайым бар.)
  - Қол не үшін керек? (Қол заттарды ұстау үшін, жұмыс жасау үшін керек.)
  - Аяқ не үшін керек? (Аяқ жүру үшін керек).

Критерий: дене мүшелерін ажырата алады

Дескриптор:

-өз денесінің негізгі бөліктерін атайды;

- дене мүшелерінің қызметін сипаттайды.

Қалыптастырушы бағалау: бағдаршам әдісі

2- тапсырма. (МК.Ұ)

Интерактивті тақтадан адам дене мүшелері видео көрсетемін. Видеороликті көреміз және сол қимылдарды қайталауға тырысамыз.

-Видеоролик не туралы?

-Қандай дене мүшелері туралы айтылған?

-Кім мұқият тыңдады?

Оқушылар адамның дене мүшелерін

атап шығады.

-Міне, балалар, бас, қол, аяқ, тұлғаны- адамның дене мүшелері деп атаймыз.

Критерий: дене мүшелерін анықтайды

Дескриптор:

- видеоролик арқылы дене мүшелерімен танысады;

- дене мүшелерін атайды.

ҚБ:от шашу әдісі

3 тапсырма. Зерттеу жұмысы. (Жеке)

Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңіз.

Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз.

Бағалау критерийі: қол мен аяқтың қызметің ажырата алады

Дескриптор: - суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді зерттеп әңгімелейді;

- аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді.

Қ Б: бағдаршам әдісі

Оқушыларға кері байланыс беремін:

Жарайсың! Керемет!

Оқұлық 32 бет

























АКТ


https://www.youtube.com/watch?v=zvztgg-KYOw































Сабақтың

соңы

4 тапсырма. «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілін қолданамын.

Карточка: Дене мүшелерін сәйкестендір.


Критерий дене мүшелерінің қызметін анықтайды

Дескриптор:

-суреттегі дене мүшелерін киіммен сәйкестендіріп сызады;

- топтар өзара тексеру жұмыстарын жүргізіп, бағалайды.

ҚБ: бас бармақ әдісі

Өте тамаша! Бәрекелді!



Үйге тапсырма

Жаңа игерілген білімді қайталау, пысықтау;


Рефлексия. «Қимылдар арқылы»


Егер оқушы бәрін түсінсе:

Қолдарын ашып жұмады.

Егер оқушы  әлі де түсінбесе:

Көздерін ашып жұмады.

Егер оқушы түсіндім, бірақ әлі ізденуім керек десе:

Орнында тұрып жүгіреді.

Оқушылар сабаққа кері байланысты қимыл арқылы көрсетеді. Кері байланыста

Оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды

және ұсыныстарын береді.








Түсқағаз, маркер,





























«Бас бармақ» тәсілі



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілетті жоғары оқушы берілген тапсырмамен шектелмей, көбірек орындайды. Мысалы, талап етілген 3-4 дәлелдің орнына көбірек анықтай алады

Оқушылар бағалау критерийі бойынша бағдаршам әдісі, от шашу әдісі, бас бармақ әдісі және кері байланыс әдістер арқылы бағаланады

Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау.

Ақ тілек сергізу сәтін өткізу. Егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу.

Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақ өз мақсатына жетті, оқушылар дене мүшелерін біледі, дене мүшереінің қызметін анықтады

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!