Табиғат туралы бейнеролик көрсету.
«Ой қозғау.» Тыңдалым, айтылым.
-Бейнероликтен не туралы?
-Онда нелерді көрдіңіздер?
-Табиғатта нелер болады?
Табиғат бізге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Табиғат – ол бізді қоршаған орта: аспан, ай, жұлдыз, ауа, күннің жылуы, өзен, көл, жарық. Табиғат – байлық көзі. Сондықтан біз айналамыздағы бар дүниеге қамқор болуымыз қажет.
Табиғат – тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі. Құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені.
Әрқайсымыздың табиғатқа деген алғысымыз шексіз және табиғаттың бар тіршілігін, құстары мен жан - жануарларын қорғауымыз міндет. Әрқайсысының бізге пайдасы мол.
Сол табиғаттың сәні бойынша топқа бөлу.
Топқа бөлу
I топ Гүлдер тобы
II топ Құстар тобы
III топ Көбелектер тобы
«Б» дыбысы туралы бейнеролик
«Б» дыбысы мен әрпін таныстыру.
«Бақа» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- Б Б Б
- Қане, бәріміз бірге қосылып дыбыстап көрейікші.
- Кім айтады, б дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс, өйткені созылмайды, еркін айтылмайды.
- Бақа сөзін буынға бөлейікші. Неше буын?
- 2 буын.
- Б дыбысы қай буында кездеседі ?
- 1-ші буында кездеседі.
- Құрамында б дыбысы бар тағы қандай сөздер білесіңдер?
Суретпен жұмыс.
-Бота туралы не білесіңдер?
Төрт түлік туралы бейнеролик көрсету.
Төрт – түліктің пайдасы қандай?
«Бота» «бақа» сөздерін үш тілде айтқызу.
№ Оқылым.
қа та бө
ба бо рік
лық лат кө
ас қа бақ бақша шабақ бақбақ
Мәтінмен жұмыс
Боран неден жасалады?
Автормен таныстыру.
Қайранбай Жұмабай Қожақынұлы (1948 ж. т.) — педагог, баспагер, жазушы. Алматы облысы, Ұйғыр ауданында дүниеге келген.
-Бүгін біз осы кісінің «Бор неден жасалады ?» әңгімесін оқимыз . Балалар сендер білесіңдер ма ? Бор неден жасалады ? Ондай болса мені мұқият тыңдаңдар .
Бор туралы бейнеролик көрсету
Бордың пайдасы мен зиянын түсіндіру.
" Бор неден жасалады ? " мәтінін мәнерлеп оқу.
Бор — тау жынысы, түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс.
Топтық жұмыс.
1-топ. Рольге бөлініп оқу.
2-топ. Сахналық қойылым қою.
3-топ. Берілген сұрақтарға жауап береді.
Берілген тапсырмаларды орындайды.
|