СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұ дыбысы мен әрпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Ұ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, жаңа сөздер үйрету. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату. Балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап анық, таза сөйлеуге үйрету.
  2. Ұ дыбысы қатысқан жаңа сөздерді таныстыру арқылы балалардың білімі мен тілін дамыту. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
  3. Ойындар арқылы балаларды ата-бабамыздан кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету. Балаларды еңбек-сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, ұйымшылдыққа, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелесу, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі:

Әже (суреті), ұршық, құстардың суреті, ұяның, ұшақтың, ұшқыштардың суреті, әріптер, кеспе әріптер, тыйым сөздер, жұмбақ, санамақ, мақал-мәтелдер.

Просмотр содержимого документа
«Ұ дыбысы мен әрпі»

Т. Жармағамбетов атындағы орта мектебі

















Тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі
















Сыныбы: №1 МАД

Дайындаған: Суйесинова А. А






















2017-2018 оқу жылы.



Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Ұ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, жаңа сөздер үйрету. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату. Балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап анық, таза сөйлеуге үйрету.

  2. Ұ дыбысы қатысқан жаңа сөздерді таныстыру арқылы балалардың білімі мен тілін дамыту. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.

  3. Ойындар арқылы балаларды ата-бабамыздан кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету. Балаларды еңбек-сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, ұйымшылдыққа, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелесу, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі:

Әже (суреті), ұршық, құстардың суреті, ұяның, ұшақтың, ұшқыштардың суреті, әріптер, кеспе әріптер, тыйым сөздер, жұмбақ, санамақ, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Қызығушылығын ояту.

2. Психологиялық дайындық.

- Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

- Кәне, балалар, қонақтармен амандасып алайық!

Сәлеметсіздерме апайлар!

  • Өте жақсы!

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

  • Өте, тамаша!

  • Балалар, терезеден сыртқа қарайықшы...

  • Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

  • Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

  • Қыс айларын кім атап береді?

  • Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз жақсылыққа, мейрімге толы болсын! Осындай тамаша көңіл күймен сабағымызды бастаймыз!

ІІ. Өткенді еске түсіру.

  • Балалар, мынау кімнің суреті?

  • Әженің.

  • Бүгін біздерге әжеміз қонаққа келіпті. Бәріміз әжемізді жақсы көреміз ба?

  • Иә. ( Әже туралы тақпақ айту бала)

Әже сөзінің ортасында қандай дыбыс естіліп тұр?

  • Ж дыбысы.

  • Сонымен, өткен сабақта ж дыбысы мен таныстық.

  • Ж дыбысы қандай дыбысы? Қандай түспен белгілейміз?

(Әжеміздің сандықшасындағы тапсырмаларды орындау)

  • Өте жақсы, енді әжеміздің 1- тапсырмасын оқимын. Өтілген дыбыстарды өз үйшіктеріне салу керек. Дауыстыларды қызыл үйшікке, дауыссыздарды көк үйшікке орналастыру керек.

  • Өтілген дыбыстарды өз үйшіктеріне орналастыр. (Екі бала орындайды?)

  • 2ші тапсырма. Әріп дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не? (Дыбыстарды айтамыз,естиміз, әріптерді жазамыз, көреміз, оқи аламыз. Әріп дегеніміз дыбыстарды таңбалау).

  • 3ші тапсырма. Мен бір әріпті ауада жазамын, сол әріпті сендер табасыңдар?

  • Өте жақсы. Әжеміздің сандықшасында әдемі оюлары бар. Жақсы жауап берген балаларға әжеміз әдемі оюлар сыйлайды.

Негізгі бөлім.

Жұмбақ жасыру.

  • Балалар, бәріміз тақтадағы әжеміздің суретін қарайықшы! Әжеміз қолына не ұстап отыр.

  • Ұршық. Ұршық – әжелеріміз, аналарымыздың қолданатын қол өнер құралы.

(Ұршықтың суретін көрсету). Міне, басы, сабы, бұрмашасы болады. Бұл құралмен әдемі, жылы киімдер, алаша, киіз үйдің жабдықтарын тоқу үшін жіп иірген.

  • Ұршық (Ұршық туралы мәлімет бер)

  • Балалар, ұршық сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр.

  • Ұ дыбысы. (Ұ дыбысының баспа түрін кқрсету).

  • Енді, осы Ұ дыбысын даусымызды созып қайталайықшы Ұ-ұ-ұ-ұ.

  • Қалай айтылады екен?

  • Ұ дыбысын айтқанда дауыс созылып, еркін шығады. Сондықтан Ұ дауысты дыбыс.

Ұ дыбысы жуан дауысты дыбыс. Айтқанда дауыс жуан естіледі. «Ұршық» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  • Балалар,бәріміз тақтаға қарайықшы!

Ненің суретін көріп тұрмыз?

  • Осы құс сөзінің ішінде Ұ дыбысы қай жерде тұр. (Ортасында)

Кәне,балалар, «Кім жылдам» ойынын ойнайық.

1-қатар – ұл құрастырады.

2-қатар – үзік сызықтарды қосады, торғайдың суреті шығады.

3-қатар – ұ дыбысынан басталатын құстың атын жазады.

  • Балалар, бәріміз құстың ұясын құрастырдық, үзік сызықтармен құстың суретін салдық, ұ дыбысынан келетін құстың атын жазу.

  • Балалар, құстар - біздің досымыз. Ал мына тиым сөздерді бірге оқиық. Балалар құстарға қамқорлық жасауды, торғайларға жем шашуды ұмытпайық. Кәне, бәріміз құстармен,торғайлармен бірге сергіту жаттығуын жасайық.

IV.Сергіту сәті.

V.Дәптермен жұмыс.

Ұшақ, Ұшақтың суреті. Суреттегі сөздерге сөйлем құрастыру.

«Ұшақпен ұшу» дидактикалық ойыны.

Қорытындылау.

  • Балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылайтын уақытта келіп жетті.

  • Кәне, бәріміз «Баспалдақ» ойынымен сабағымызды қортындылайық.

  • Балалар,бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Иә.

  • Рахмет балалар,сабаққа өте жақсы қатысқандарың үшін алғыс білдіремін.

Ал, әжемізге рахмет айтып сыйлық жасап, ауылына шығарып салайық.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!