СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі. Дауыссыз л мен р

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дауыссыз л мен р

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі. Дауыссыз л мен р»


Пән:Қазақ тілі

Ортақ тақырып:

Менің отбасым жəне достарым.

Өмірбаян

Күні:15.10.2019ж

Сынып:2 Б






Мектеп: «№41 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Мұғалімнің аты-жөні:Мухатова Каракат Меделбековна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дауыссыз л мен р

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау
2.4.1.3 Дауыссыз дыбыс түрлерін ( қатаң, ұяң, үнді ) ажырату және дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу
2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Дауыссыз дыбыс түрлерін ( қатаң, ұяң, үнді) ажыратады, және дауыссыз п-б, дыбыстарының емлесін сақтап жазады;

Көптеген оқушылар:Мәтіннің мазмұнына бағытталған сұрақтар қоя біледі;

Кейбір оқушылар:Тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.

Бағалау критерийлері

1. Дауыссыз дыбыс түрлерін ( қатаң, ұяң, үнді ) ажыратады, және дауыссыз к-г, дыбыстарының емлесін сақтап жазады;

2. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды;

3. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады;

4. Мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып , тірек сөздерді пайдалана отырып әңгіме жазады;

Тілдік мақсаттар

Өмірбаян.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Тірек сөздердің айтылуын ,есте сақтау дағдысын қалыптастыру; тірек сөздерді сабақ барысында қайталату.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1)Өмірбаян дегенді қалай түсінесің?

2) К,Г әріптері қандай дыбыстарға жатады?

Құндылықтарды дарыту

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Тірек сөздердің айтылуын ,есте сақтау дағдысын қалыптастыру; тірек сөздерді сабақ барысында қайталату.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

Қысқа мерзімді жоспар

АКТ қолдану дағдылары

Слайд,видео,дереккөздер, https://youtu.be/cx1l-Veus7w

Бастапқы білім

Дауыссыз дыбыс түрлерін ( қатаң, ұяң, үнді ) ажырата алады.


Сабақ барысы
Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


4 минут












8 минут

Психологиялық ахуал

Балалар бір-бірімен амандасып, танысады, аттарының алғашқы әріпінен басталатын жылы тілек тілейді.

Топқа бөлу. (дауыссыз дыбыстардың түрлерімен)

  1. топ «Қатаң»

  2. топ «Ұяң»

  3. топ «Үнді»

Ширату.«Сұрақ- жауап» әдісі.

  • Балалар сендер не арқылы топқа бөліңдіңдер?

  • Бұл қандай дыбыстар?

  • Балалар, қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың саны қанша?

Оқушылардың ойларын біле отырып жаңа сабаққа көшемін.




Сабақтың ортасы



  1. Минут




































































































4 минут

Қызығушылықтарын ояту


Мынау доға –

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?    ( Л )


«Раушан» десе бірінші,

«Ара» десе екінші,

Бұл қай әріп екенін,

Біреу айтып берсінші (Р)


-Жұмбақ жауаптары қандай әріптер?

-Демек бүгінгі сабағымыщдың тақырыбы да л ,р дыбыстары туралы болмақ.

-Л, р әріптері қандай дыбыстар?

Л мен р дыбыстарынан басталатын қандай сөздерді білеміз?

1-тапсырма.(Т) «Тиісті әріпті қой» әдісі.

Бұл әдіс бойынша топтарға белгілі бір әріпі түсіп қалған сөздер жазылған қима қағаздарды тарату.Сол сөзге тиісті әріпті қойып жазады.

Дескриптор:

- Қима қағаздар тарату.

- Тиісті әріптерді қойып жазады.

ҚБ «Қосу алу» әдісі арқылы бағаланады.

Тапсырманы толық орындаған топты қосу белгісімен бағалайды.

Тапсырманы орындауда бір-екі қате жіберген топты алу белгісімен бағалайды.

2-тапсырма. (Ж)(Т) «Өлеңді жатқа жаз» әдісі.(Кітаппен жұмыс)

Бұл әдіс бойынша барлық оқушылар жеке өлеңді жатқа жазады.

«Рауан, рақат, ризық» сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып, айтады.

А деңгейіндегі оқушы өлеңді дауыстап оқиды.

В деңгейіндегі оқушы өлеңді жатқа айтады.

С деңгейіндегі оқушы өлеңді жатқа айтып, сөздердің мағынасын ашып түсіндіреді.

Дескриптор:

-Өлеңді жатқа жазады;

-Р дыбысынан басталатын сөздердің астын сызады;

- Сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып айтады.

ҚБ «Жұлдызша» әдісі арқылы бағаланады.

Өлеңді қатесіз жазып,сөздердің мағынасын дұрыс тауып айтқан топқа жасыл түсті жұлдызды ұсынады.

Өлеңді қатесіз жазып,сөздердің мағынасын дұрыс тауып айтқан, бірақ уақыт жағынан сәл қалған болған топқа сары түсті жұлдызды ұсынады.

Өлеңнің ретін сақтамай жазып,сөздердің мағынасын дұрыс тауып айтпаған топқа қызыл түсті жұлдызды ұсынады.


Сергіту сәті: «Қарлығаш»

бейнефильміндегі қимылдарды жасайды.

https://www.youtube.com/watch?v=F2ZFn9ttH2w

3-тапсырма (Т) «Жұмбақтың жауабы...» әдісі .

Үш топқа жұмбақтар таратылады.Сол жұмбақтың шешуіндегі сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Дескриптор:

  • Жұмбақты шешеді.

  • Шешуі болған сөзге дыбыстық талдау жасайды.

ҚБ «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.

Топтық жұмыс кезінде жұмбақтың шешуін тауып, дыбыстық талдауды дұрыс жасаған топқа үш шапалақ соғады.

Топтық жұмыс кезінде дыбыстық талдау жасауда қателік жіберген оқушыларға екі шапалақ соғады.

Тапсырманы орындау барысында дыбыстық талдаудан көп қателік жіберген оқушыларға бір шапалақ соғады.

4-тапсырма (Т) «Ребустарды шешейік» әдісі .

Топтарға ребустар таратылады.Уақытқа қарай ребутсың жауабын тез табуға тырысу керек.Ребустың шешуі болған сөзбен сөйлем құрау керек.

Дескриптор:

  • Ребусты шешеді.

  • Шешуі болған сөзбен сөйлем құрайды.

ҚБ «Жеміс ағашы» әдісі арқылы бағаланады.

Топтық жұмыс кезінде ребустың шешуін тауып, сөйлемді мазмұнды құраған топқа жемісі бар ағашты ұсынады.

Топтық жұмыс кезінде ребустың шешуін тауып, сөйлемді қарапайым құраған топқа жемісі жоқ ағашты ұсынады.

Топтық жұмыс кезінде ребустың шешуін бәсең тауып, сөйлемді құруда қиналған топқа жапырағы сарғайған ағашты ұсынады.















































Сабақтың соңы

4 минут







Кері байланыс: «Күн мен бұлт » әдісі бойынша сабақта берілген тапсырмаларды орындауда «Қолымнан бәрі келді», «Бәріне үлгердім, бірақ...», «Қолымнан ештеме келмеді» деген суреттердің астына стикерді жабыстыру арқылы жасаймын.





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар орындайтын тапсырманы «Тапсырма» тәсілі арқылы саралаймын.

«Тиісті әріпті қой» әдісі арқылы тапсырманы орындайды.Себебі оқушылар қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасайды.

Көптеген оқушылар орындайтын тапсырманы «Қарқын» тәсілі бойынша саралаймын.Тапсырманы 2-тапсырма. (Ж)(Т) «Өлеңді жатқа жаз» әдісі А,В,С деңгейі бойынша жүзеге асырамын.Себебі, кейбір оқушылар тапсырманы басқаларынан тез орындайды, ал кейбіреулері көмек көрсетуді қажет етеді. Ондай оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Кейбір оқушылар 3-тапсырма (Т) «Жұмбақтың жауабы...» әдісі және «Ребустарды шешейік» әдісі арқылы орындалатын тапсырманы саралаудың «Дереккөздер» тәсілі арқылы жүзеге асырамын.

Өйткені кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

Ширату.«Сұрақ- жауап» әдісі.

1-тапсырма.(Т) «Тиісті әріпті қой» әдісі.

ҚБ «Қосу алу» әдісі


2-тапсырма. (Ж)(Т) «Өлеңді жатқа жаз» әдісі

ҚБ «Жұлдызша» әдісі


3-тапсырма (Т) «Жұмбақтың жауабы...» әдісі .

ҚБ «Үш шапалақ» әдісі

4-тапсырма (Т) «Ребустарды шешейік» әдісі .

ҚБ «Жеміс ағашы» әдісі


Кері байланыс: «Күн мен бұлт»

Дұрыс отыру, тапсырмаларды орындау барысында кауіпсіздікті сақтау,сергіту сәтін орындау арқылы денсаулықты нығайту қарастырылады.













Скачать

© 2020, 2022 3

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!