СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?аза? тілі "Дауыссыз ? мен ?, к мен г" 3 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?тілі п?ніне саба? жоспары Дауыссыз ? мен ?, к мен г 

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі "Дауыссыз ? мен ?, к мен г" 3 сынып»


№ Күні:

Қазақ тілі. 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ, к мен г. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөз құрамында келетін қ, ғ мен к, г дыбыстарын бір – бірінен ажыратуға, сауатты жазуға дағдыландыру. Оларға к, г дыбыстары жіңішке буында, қ, ғ дыбыстары жуан буында жазылатынын түсіндіру. Сөз соңындағы қ, к дыбыстарының қай жағдайда ғ, г – ге айналатынын еске түсіру.

Сабақтың әдістері: топтық жұмыс, «Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй жұмысын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

1. Қызығушылықты ояту.

Топтарға мынадай тапсырмалар беру.

Қатаң, ұяң, дауыссыз дыбыстарды топтап жаз және жұбы жоқ қатаң дауыс -сыз дыбыстарды анықта (п -б, ф - в, к - г, қ - ғ, т - д, ш - ж, с - з, һ - х.

Жұбы жоқ қатаң дауыссыздар: ц,ч,щ).

2. Мағынаны тану.

Мынадай кесте ілінеді.

Қ, ғ дыбыстары бар сөздер.

К, г дыбыстары бар сөздер.

қараңғы жарық

қолғап алғыс

қарақат ағын

ғалым ақша

орақ - орағы

қалақ - қалағы


күре күлгі

кедергі шекер

көгер егін

өлке егер

шелек – шелегі

тілек - тілегі

Төменде берілген кестенің «Білемін» деген бөліміне осы дыбыстар туралы өздерінің білетіндерін толтырады. Осы дыбыстар туралы не білгісі келетінін «Білгім келеді» бөліміне жазады.

Білемін

Білгім келеді

Не үйрендім?

1. Қ, к - қатаң, ғ, г – ұяң дауыссыз дыбыстар.



2. Қ, ғ дыбыстары жуан буында, к, г дыбыстары жіңішке буында жазылады.



3. Қ, к дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс тіркелсе, олардың орнына ғ, г жазылады, т.с.с



«Білгім келеді » бөліміне жазған сұрақтарына сабақ барысында жаттығуларды орындау кезінде жауап іздейді. «Не үйрендім» бөлімі сабақты қорытындылау кезінде толтырылады.

1 - жаттығу. Төмендегі сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қосып жаз.

2 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Құрамында түбір сөздің соңғы әрпі өзгерген сөздердің астын сыз.

3 – жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып, жұмбақтың шешуі болған сөзге і дыбысын қосып айт. Қарамен жазылған қай сөздегі түбірдің соңғы дыбысы өзгеріске ұшыраған?

3.Ойтолғау.

Бұл кезеңде оқушылардың қ, ғ, к, г дыбыстарына қатысты білім, біліктері жинақталып, қорытындыланады. Кестенің «Не үйрендім?» деген соңғы бөлімі толтырылады .

IV. Сабақты қорыту.

Рефлексия:

Не өттік? Не білдік? Не үйрендік?

V. Үй тапсырмасы:

4 - жаттығу.14 - бет.

VI. Бағалау.









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!