СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: лепті сөйлем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем түрлерін ажырату. Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыра білу. Лепті сөйлемдердің әр түрлі көңілмен айтылатынын ұғындыру. 2. Дамытушылық: Көркем жазуға дағдыландыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуда дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. 3. Тәрбиелік: Оқушы бойына жарасымды мінез - құлықтың дағдыларын сіңіру, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, спортқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: ойын сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, Венн диаграммасы, ойын Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, медаль суреттері Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Сақтайық қане, тыныштық, Бүгінгі сабақ тым қызық. «Ойлан, ойлан және ойлан» Есесіне бар сыйлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 3 - жаттығу. 99 - бет. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз. Венн диаграммасы арқылы хабарлы және сұраулы сөйлемдерді салыстырады. ІІІ. Жаңа сабақ Суретпен жұмыс (1 - жаттығу) Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Тірек сөздер: гол, топ, қақпашы, футболшы, жанкүйерлер. - Суретте қандай ойын түрін көріп отырсыңдар? - Футбол ойынын ойнаушыларды кімдер деп атаймыз? - Қақпада тұратын ойыншы кім деп аталады? - Ойыншыларды демеп тұратын көрермендерді кім деп атаймыз? - Ендеше, балалар, тірек сөздерді қолдана отырып әңгіме құрастырып көрейік. (Әр қатардан бір оқушы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырады). - Балалар, сендердің құрастырған әңгімелеріңде сөйлемнің қандай түрлері бар? - Балалар, спорттың қандай пайдасы бар? (Оқушылар топтастыру әдісі арқылы спорттың пайдасын айтып өтеді) Төзімділік Денсаулық Шыдамдылық Шапшаңдық Әлем таниды Ептілік «Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады» деген ойды аяқта. - Спортшылар еліміздің даңқын қалай шығарады? Лондон олимпиадасы туралы әңгіме жүргіземін. Жақында ғана 2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондонда ХХХ жазғы олимпиада ойындары болып өтті. Оған біздің елімізден де спортшылар қатысып, нәтижесінде 7 алтын, бір күміс, 5 қола медальға ие болды. Жеңімпаздарымызды атай аламыз ба? (Слайдтан суреттері көрсетіледі) Осындай жетістікке жеткенімізге қазақ халқы қандай қуанды десеңізші! Олар сезімдерін қалай жеткізді деп ойлайсыңдар? - Алға, Қазақстан! - Алақай, біздің Ильия Ильин Жеңіске жетті! - Қандай мықты жігіт! - Міне, жігіт! - Балалар, осы сөйлемдерге назар аударайықшы. Бұл сөйлемдерден біз нені байқаймыз? Олар қалай оқылады? Соңында қандай тыныс белгісі қойылып тұр? - Ендеше осыдан кейін қандай қорытыныдыға келуге болады? Ереже шығару. Лепті сөйлем адамның көңіл - күйін, сезімін білдіреді (бұйыру, таңдану, өтіну, қуану, тілек, ұран). Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады. Оқулықпен жұмыс. «Кел, хоккей ойнайық!» ойыны Шарты: шайбадағы әрбір тапсырманы дұрыс орындасақ, қақпаға гол саламыз. 285 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Білім терең теңіз бе, Білім, еңбек егіз бе? - Рухани азығым - Осы екеуі деңіз де,- Дейді атам, - Білімді еңбекпенен ізде сен! Е. Шайхыұлы Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді тауып оқы. Өлеңнен леп белгісі бар сөйлемді тап. Осы сөйлемді қандай дауыспен оқыдың? (Тапсырманы орындаған оқушыға деңгейіне қарай медаль беріледі) Тақтамен жұмыс.. «Эстафета» ойыны Шарты: тақтаға шыққан оқушы өлеңді мәнерлеп оқып, тақтаға жазады. Лепті сөйлемдерді тауып оқып, сұраққа жауап береді. Туған өлкем Түлігі өскен алуан - алуан, Төс алқабы малға толған. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Ө Тұрманжанов Сергіту сәті Біз жазамыз, жазамыз, Саусағымыз талғанша. Біз жазамыз, жазамыз, Бестік баға алғанша. «Футбол» ойыны 4 - жаттығу Шарты: Әр доптағы тапсырманы орындай отырып, қақпаға доп соғады. (3 оқушы шығады) Сөйлемдерді салыстырып оқы. Қай сөйлем көтеріңкі дауыспен оқылады? Лепті сөйлемді көшіріп жаз. Ауылдан әжем келді. Алақай! Ауылдан әжем келді! Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайды. Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған! Орман іші тып - тыныш. Орман іші сондай тып - тыныш! IV Бекіту. 1. Сөйлем дегеніміз не? А) Сөздерден құралады. Ә) Тиянақты ойды білдіреді. Б) Заттың қимылын білдіреді. 2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? А) 2 Ә) 3 Б) 4 3. Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе сөзбен қалай жазылады? А) бөлек ә) бірге 4. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қандай сөйлем деп атайды? А) сұраулы сөйлем Ә) лепті сөйлем Б) хабарлы сөйлем 5. Лепті сөйлем дегеніміз не? А) Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлем. Ә) Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлем. Б) Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем. Кілті: 1ә, 2ә, 3а, 4б, 5а. V. Бағалау. Оқушылар алған медальдары арқылы бағаланады. Бестік алған оқушылардың ата - аналарына қуанышты хабарлама жіберіледі. VI. Үйге тапсырма беру. 5 - жаттығу. 102 - бет. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.

 

 

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: лепті сөйлем»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем түрлерін ажырату. Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыра білу. Лепті сөйлемдердің әр түрлі көңілмен айтылатынын ұғындыру.
2. Дамытушылық: Көркем жазуға дағдыландыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуда дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушы бойына жарасымды мінез - құлықтың дағдыларын сіңіру, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, спортқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, Венн диаграммасы, ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, медаль суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Сақтайық қане, тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
«Ойлан, ойлан және ойлан»
Есесіне бар сыйлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
3 - жаттығу. 99 - бет.
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
Венн диаграммасы арқылы хабарлы және сұраулы сөйлемдерді салыстырады.

ІІІ. Жаңа сабақ
Суретпен жұмыс (1 - жаттығу)
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Тірек сөздер: гол, топ, қақпашы, футболшы, жанкүйерлер.
- Суретте қандай ойын түрін көріп отырсыңдар?
- Футбол ойынын ойнаушыларды кімдер деп атаймыз?
- Қақпада тұратын ойыншы кім деп аталады?
- Ойыншыларды демеп тұратын көрермендерді кім деп атаймыз?
- Ендеше, балалар, тірек сөздерді қолдана отырып әңгіме құрастырып көрейік.
(Әр қатардан бір оқушы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырады).
- Балалар, сендердің құрастырған әңгімелеріңде сөйлемнің қандай түрлері бар?
- Балалар, спорттың қандай пайдасы бар?
(Оқушылар топтастыру әдісі арқылы спорттың пайдасын айтып өтеді)
Төзімділік
Денсаулық
Шыдамдылық
Шапшаңдық
Әлем таниды
Ептілік
«Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады» деген ойды аяқта.
- Спортшылар еліміздің даңқын қалай шығарады?
Лондон олимпиадасы туралы әңгіме жүргіземін.
Жақында ғана 2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондонда ХХХ жазғы олимпиада ойындары болып өтті. Оған біздің елімізден де спортшылар қатысып, нәтижесінде 7 алтын, бір күміс, 5 қола медальға ие болды.
Жеңімпаздарымызды атай аламыз ба? (Слайдтан суреттері көрсетіледі)
Осындай жетістікке жеткенімізге қазақ халқы қандай қуанды десеңізші! Олар сезімдерін қалай жеткізді деп ойлайсыңдар?
- Алға, Қазақстан!
- Алақай, біздің Ильия Ильин Жеңіске жетті!
- Қандай мықты жігіт!
- Міне, жігіт!
- Балалар, осы сөйлемдерге назар аударайықшы. Бұл сөйлемдерден біз нені байқаймыз? Олар қалай оқылады? Соңында қандай тыныс белгісі қойылып тұр?
- Ендеше осыдан кейін қандай қорытыныдыға келуге болады? Ереже шығару.
Лепті сөйлем адамның көңіл - күйін, сезімін білдіреді (бұйыру, таңдану, өтіну, қуану, тілек, ұран). Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

Оқулықпен жұмыс. «Кел, хоккей ойнайық!» ойыны
Шарты: шайбадағы әрбір тапсырманы дұрыс орындасақ, қақпаға гол саламыз.
285 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.
Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
- Рухани азығым -
Осы екеуі деңіз де,-
Дейді атам,
- Білімді еңбекпенен ізде сен! Е. Шайхыұлы
Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді тауып оқы. Өлеңнен леп белгісі бар сөйлемді тап. Осы сөйлемді қандай дауыспен оқыдың? (Тапсырманы орындаған оқушыға деңгейіне қарай медаль беріледі)
Тақтамен жұмыс.. «Эстафета» ойыны
Шарты: тақтаға шыққан оқушы өлеңді мәнерлеп оқып, тақтаға жазады. Лепті сөйлемдерді тауып оқып, сұраққа жауап береді.
Туған өлкем
Түлігі өскен алуан - алуан,
Төс алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ө Тұрманжанов

Сергіту сәті
Біз жазамыз, жазамыз,
Саусағымыз талғанша.
Біз жазамыз, жазамыз,
Бестік баға алғанша.
«Футбол» ойыны 4 - жаттығу
Шарты: Әр доптағы тапсырманы орындай отырып, қақпаға доп соғады. (3 оқушы шығады)
Сөйлемдерді салыстырып оқы. Қай сөйлем көтеріңкі дауыспен оқылады? Лепті сөйлемді көшіріп жаз.
Ауылдан әжем келді. Алақай! Ауылдан әжем келді!
Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайды. Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған!
Орман іші тып - тыныш. Орман іші сондай тып - тыныш!

IV Бекіту.
1. Сөйлем дегеніміз не?
А) Сөздерден құралады.
Ә) Тиянақты ойды білдіреді.
Б) Заттың қимылын білдіреді.
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә) 3
Б) 4
3. Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе сөзбен қалай жазылады?
А) бөлек ә) бірге
4. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қандай сөйлем деп атайды?
А) сұраулы сөйлем
Ә) лепті сөйлем
Б) хабарлы сөйлем
5. Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлем.
Ә) Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлем.
Б) Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем.
Кілті: 1ә, 2ә, 3а, 4б, 5а.

V. Бағалау. Оқушылар алған медальдары арқылы бағаланады. Бестік алған оқушылардың ата - аналарына қуанышты хабарлама жіберіледі.
VI. Үйге тапсырма беру. 5 - жаттығу. 102 - бет.
Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.





Тақырыбы : Лепті сөйлем

Мақсаты : Оқушыларға лепті сөйлем туралы түсінік беру . Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау . Білімдікке , тапқырлыққа тәрбиелеу .

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуін , логикалық ойлауын дамыту .

Түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация

Барысы : 1) Ұйымдастыру кезеңі

Қазір бізде қай сабақ . Қазақ тілі

2) Психологиялық дайындық

Осы біздер қандаймыз ?

Талабы биік таудаймыз

Ақылдымыз , парасаттымыз , көңілдіміз

Үлкенге ізеттіміз

Кішіге қамқормыз

Көп оқимыз

Өнерліміз

Жанып тұрған шырақпыз !

Елімізді өркендететін ,

Бабаларға тағзым ететін

Біз қазақ елінің болашағымыз

Бүгін бізге қонақтар келіп отыр . Бүгін бізде ерекше сабақ , қонақтарға өз білімдеріңді ортаға салайық .

Астана қаласына саяхатқа шығамыз . Ол үшін берілген тапсырманы толығымен орындауымыз керек . ( Астана суреті Автобус )

Автобусқа міну үшін

3 . Үй тапсырмасын тексерейік .

4 . Астанаға бару үшін жолдың ақысын төлеу керек яғни билет алып , Астана қаласына түсу үшін өткен сабақты еске түсірейік .


- Мәтін дегеніміз не ?

- Сөйлем дегеніміз не ?

- Сөйлемнің неше түрі бар ?

- Олар қалай аталады ?

- Хабарлы сөйлем дегеніміз не ?

- Сұраулы сөйлем дегеніміз не ?

Астана вокзалы . Маршрут схемасын алдық .

Фонетика жыр жолдарында

Қ

Қарағым , халқыңды сүй , қор болмайсың

Қасиеттің не екенін ойлағайсың

Қарапайым қамқоршың , ел — жұртындай

Құдіреттің иесін таба алмайсың

5 . Дәптермен жұмыс .

Дәптерімізді ашып күн , айды жазамыз .

Көркем жазу .

Қ қ

Қазақстан қонақ .

6 . Жаңа сабақ .

Тәуелсізідік монументы

Лепті сөйлем

Адамнаң көңіл күйін , сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі ( ! ) қойылады .

7 . Оқулықпен жұмыс

« Қазақстан » спорт кешені

1 жаттығу . Сурет бойынша әңгіме құрастыр ( Сурет құрастыру керек )

Балалар алаңға келді . Топ — топ болып футбол ойнады . Футболшы гол соқты . Жанкүйерлер қатты қуанды . Жарайсыңдар !

- Құрастырған мәтінде сөйлемнің қандай түрлері бар ?

Спорттың пайдасын айт . ( Азиада суреті )

« Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады » деген ойды аяқта .

Біздің мектепте Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты көптеген іс — шаралар өтуде . Волейбол , баскетбол жарыстары өтті . Белгілі спортшыларымыз бар .

Сергіту сәті.

8 .

Оқулығымыздың 100 бетін ашып , оқулықтағы 2 жаттығуға назар аударайық .

Өлеңді түсініп оқы .

Білім терең теңіз бе ,

Білім , еңбек егіз бе ?

- Рухани азығым -

Осы екеуі де , -

Дейді атам ,

Білімді еңбекпенен ізде сен !

Өлеңнен сұраулы сөйлемді тауып оқы . Өлеңнен леп белгісі бар сөйлемді тап . Осы

сөйлемді қандай дауыспен оқыдың ?

9 . Шығармашылық жұмыс .

«Хан шатыры»

Деңгейлік тапсырма .

.

!

?

10 . Дәптермен жұмыс.

«Бәйтерек»

3 жаттығу

Дәптеріңе көшіріп жаз .

Туған өлкем . ( орнында )

- Слайд « Ауылым — алтын бесігім » ( Бестөбе көрсету )

- Дыбыстың талдау жолы . ( тақтада 2 оқушы )

туған алқабы .

Туған — 2 буынды 5 әріп 5 дыбыс

т — дауыссыз , қатаң

у — дауысты

ғ — дауыссыз , ұяң

а — дауысты , жуан

н - дауыссыз , үнді

алқабы — 3 буын 6 әріп 6 дыбыс

а — дауысты , жуан

л — дауыссыз , үнді

қ — дауыссыз , қатаң

а — дауысты , жуан

б — дауыссыз , ұяң

ы — дауысты , жуан

11 . Тақтамен жұмыс . « Думан »

5 жаттығу : Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз . Менің Отаным — күн шұғылалы Қазақстан . Отанымыздың даңқы арта берсін !

Дұрыс орындадың саяхатымызды жалғастырайық .

12 . Семантикалық картамен жұмыс

Сөйлемдер

Лепті

Сұраулы

Хабарлы

Самал қайда бара- +

сың ?


Өркенің өссін , қа-

рағым ! +


Қыс келді +


Ауа райы қандай та- +

маша !

Сабақты қорытындылау

Сонымен балалар қандай тақырыппен таныстық ?

Лепті сөйлем дегеніміз не ?

Үйге тапсырма

Бағалау

Рефлексия

Балалар сабақтан алған әсерлерінің қандай ? Сабақ несімен ұнады ? Сабақ сендерге ұнаса , Астана қаласының жалпы көрінісін тамашалап сабақты аяқтаймыз .

2сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» .

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.

Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту.

Тәрбиелілік: Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың байланысы: ана тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Психологиялық дайындық.

Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер? (Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз. Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – тағы қария иіліп сәлем береді.)

  • Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі. Біз сәлемдесу арқылы бір – бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз.

  • Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

2-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Интерактивті тақтамен жұмыс.

«Ойлан тап» ойыны.

Ұяшықтар берілген.Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.



1

2

3

4

5

6

1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

3. Лепті сөйлем дегеніміз не?

4. Сөйлем дегеніміз не?

5.Жұмбақ .

« Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын.»

6. Мәтін деген не?

ІV.Жаңа сабақ.

Сөйлемдегі сөздердің байланысы.4-5-жаттығу.

3-жаттығу.Екі бағанды оқып, салыстыру.

Біз, ауыл, тұр. Біз ауылда тұрамыз.

Балалар, қала, бар. Балалар қалаға барды.

Киім, кірлетпей, ки. Киімді кірлетпей ки.

Сөйлем болу үшін сөздер қандай өзгеріске түскенін түсіндіру.



Ережені түсіндіру.





Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.



Интерактивті тақтамен жұмыс.

256-жаттығу.Үлгі бойынша ауызша орындау.

Қоңырау соғылды.Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті.

Мұғалім тапсырманы тексерді.

  • Мұғалім не істеді?

  • Мұғалім тексерді.

  • Нені тексерді?

  • Тапсырманы тексерді.

  • 257-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.

  • , ,,,, ,,,

8 теңге

258-жаттығу.Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланыспағанын дәлелдеу.

Сиыр өріс (тен ) келді. Нұрбол сиыр ( ды) қораға кіргізді. Апа (м ) сиыр сауды.

Сиыр қайдан келді? Нұрбол нені қораға кіргізді? Кім сиыр сауды?

Сергіту сәті.

259-жаттығу. Қыстап қалатын құстар туралы әңгіме құра.

-Қандай құстар қыстап қалады?





Дәптермен жұмыс.

260-жаттығу.Сөйлемдерді оқып , ондағы сөздердің байланысын табу.Сөздердің байланысын сызып көрсету.

Шөп өсті.( Не өсті? Шөп өсті.) Атасы шөпті шапты. ( Атасы не істеді? Атасы шапты. Нені шапты? Шөпті шапты.) Біз шөпті тасыдық.. ( Біз не істедік? Біз тасыдық. Нені тасыды? Шөпті тасыдық.)



Сабақты бекіту.

а) «Жұбын тап» ойынын ойнау.

Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу.

  • Алақай, әкем келді

  • Сенің атың кім

  • Оқушылар саяхатқа шықты

ә) Тест тапсырмасы:

Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап.

А) Үйді олар тазалау кірісті.

Ә) Үй олар тазалауға кірісті.

Б) Үйді олар тазалауға кірісті.

Үйге тапсырма:5-жаттығу.

Ережелерді жаттау.

Бағалау



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!