СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дұрыс тамақтана біл

Нажмите, чтобы узнать подробности

түрлі ақпараттық көздер және өзіндік зерттеулер нәтижесінде дұрыс және дұрыс емес тамақтану айырмашылықтарын анықтау.

Просмотр содержимого документа
«Дұрыс тамақтана біл»


Апта

Күні

18-сабақ

Сабақтың тақырыбы

Дұрыс тамақтана біл

Бағдарламаның бөліміне сілтеме

Дені саудың – жаны сау

Жалпы мақсаты:

2.1.4.1. Түрлі ақпараттық көздер және өзіндік зерттеулер негізінде дұрыс және дұрыс емес тамақтанудың айырмашылықтарын анықтау.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:

– қандай азық-түліктер дұрыс тамақтануға жататынын біледі;

– бір-бірімен жұптаса жұмыс істей отырып, оқулықтағы суреттерді сипаттайды;

– бейнекөрсетілімдер, оқулықтағы мәтін суреттерден және «Оқушының дәптерінен» ақпаратты қабылдайды;

– «оқушының дәптеріндегі» тапсырмаларды орындайды;

– оқулықтан оқыған мәтіннің басты мағынасын жеткізе біледі;

– дұрыс тамақтанудың қажеттілігін түсінеді;

– салауатты өмір сүрудің мән-мағынасын жетік түсінеді.

Оқытудың әдістері мен тәсілдері

Жаңа түсініктермен жұмыс, жұптасып және топ ішіндегі жұмыс.

Көрнекі құралдар

Мұғалімге: зат таңбасы көрсетілген өнімдердің қорабы: кәмпит, шоколад, тәтті газдалған сусындардың және жылдам дайындалатын тағамдардың орамалары (қаптары) және тағамдық қоспалардың тізімі.

Оқушыға: оқулық, жұмыс дәптері, түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы

Уақыт


Сабақтың өту кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақты психологиялық бағыттау

Мұғалім:

– Балалар, бір-бірімізге күлімдейік. Ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмып, бастарыңды партаға қойыңдар. Баяу әуенді қосады.

– Соңымнан қайталаңдар:

– Мен мектепте сабақтамын.

– Мен қазір оқи бастаймын.

– Мен оған қуаныштымын.

– Менің зейінім өсуде.

– Есте сақтау қабілетім жақсы.

– Ақыл-есім дұрыс.

– Мен оқығым келеді.

– Мен білім алғым келеді.

– Мен жұмысқа дайынмын.

Оқушылар ақырындап мұғалімнің соңынан қайталайды:

– Мен мектепте сабақтамын.

– Мен қазір оқимын.

– Мен осыған қуаныштымын.

– Менің зейінім өсуде.

– Есте сақтау қабілетім жақсы.

– Ақыл-есім дұрыс.

– Менің оқығым келеді.

– Менің өте қатты білім алғым келеді.

– Мен жұмысқа дайынмын.

2 мин

Сабақтың мақсатын қою

– Адам неге тамақтануы қажет?

– Адам тамақтанбай жүре ала ма?

Адам тамақтанбай қысқа уақыт қана өмір сүреді.

Біз, азық ағзамызға не беретінін білеміз, пайдалы және пайдасыз азықты ажыратып үйренеміз.

Дұрыс тамақтанудың құрамына сүт өнімдері және көгөністер кіреді.

Бұл сөздерді естіп пе едіңдер?

Оқушылар:

– Жүгіру, жүру, ойнау, жұмыс істеу – жалпы, өмір сүруі үшін қажет.

Оқушылар:

– Жоқ.

Оқушылар

дұрыс тамақтанудың шарттарын қайталайды.




Оқушылар жаңа сөздерді қайталайды.

Сүт, көгөніс.

Оқушылар бұл сөздерді қайдан естігендерін айта бастайды.

20 мин

Жаңа білімдерді меңгеру

«Ас – адамның арқауы» деп ата-бабаларымыз астың адам денсаулығы үшін маңызын дұрыс аңғарған. Біз қалай тамақтанамыз? Біздің азығымыздың құрамына қандай заттар кіреді? Қазір осы туралы білеміз.

Оқулықты ашып, адам ағзасының өсіп-жетілуіне құрылған сызбаны қараңдар және жұптасып тапсырманы орындаңдар.

51-беттегі суретпен жұмыс істеңдер. Күнделікті ас мәзіріндегі тағамдардың құрамында қандай дәрумендер барын анықтаңдар.

«Оқушының дәптеріндегі» 1–2-тапсырмаларды орындаңдар.


Сергіту жаттығулары

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оң аяқ.

Орнымызға отырып,

Кітап-дәптер ашайық.

Оқушылар дұрыс тамақтану үшін нені білу керек соны суреттен көреді және оған қатысты тапсырмаларды орындайды.


Оқушылар оқулықтың мәтінін оқиды және жұптасып тапсырманы орындайды.

Оқушылар «оқушының дәптеріндегі» 1–2-тапсырманы орындайды.

Оқушылар:

Оңға қарай еңкейеді,

Солға қарай еңкейеді.

Оң аяқтарын көтереді,

Сол аяқтарын көтереді.

Денелерін тік ұстап,

Қолдарын жаяды

Орындарына отырады.

(Әр қимылды екі реттен қайталайды.)

18 мин

Жаңа тақырыпты түсінуді тексеру және бекіту

Тағам – адам денсаулығына кері әсер етуі де мүмкін. Ол қалай? Қалай ойлайсыңдар, неліктен біз сатып алған жаңа сауылған сүт 5–6 күнде бұзылады, ал консервіленген сүт айлар бойы сақталады? Азық-түліктің дәмін жақсартуға және сақталу мерзімін ұзартуға қосатын қоспаларды тағамдық қоспалар деп атайды. Олар өнімде «Е» әрпі көрсетілген сандық көрсеткішпен белгіленеді. Олар тағамның дәмін, түсін жақсартады және бұндай тағамды өте ұзақ сақтауға болады. Бірақ бұл қоспалардың көбі біздің денсаулығымызға қауіпті. Олар ас қорытудың бұзылуын, басқа да мүшелердің ауруға шалдығуын, тіпті ісік ауруын туғызуы мүмкін.

Мұғалім оқушыларға зат таңбасы көрсетілген азық-түліктердің орамаларын таратады. Кәмпит, шоколад, газдалған тәтті сусындар, жылдам дайындалатын тағамдардың орамалары және тағамдық қоспалар көрсетілген тізімдер.

Тағамдық қоспалардың тізімі Е-100 – Е-182 – тағамдық бояғыштар тағамға әдемі түр беру үшін қолданады. Синтетикалық тағамдық бояғыштар ісік, бүйрек аурулары, асқорытудың бұзылуы, аллергиялық серпіліс сияқты бірқатар аурулардың пайда болуына себепкер болады. Тағамдық бояғыштар ішінде қауіпсіз болып табылатындар: Е-100, Е-101, Е-106, Е-140, Е-163. Қалған бояғыштардың барлығы адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, сондықтан оларды пайдаланбағандарың жөн болады.

Е-200 – Е-299 – консерванттар (қосынды). Оларды тағам ұзақ сақталу үшін пайдаланады. Қауіпсіз консерванттарға Е-202, Е-260, Е-270,

Е-290, Е-297 жатады. Қалғандары денсаулыққа қауіпті, тіпті несеп-тас ауруының, ісік, ішек-асқорыту жұмысының бұзылуы, аллергия және жүйке жүйесінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Е-300 – Е-399 – тотықсыздандырғыш. Оларды ащы және қышқыл дәм бермес үшін майы бар өнімдерге қосады. Зиянсыз тотықсыздандырғыштарға
С-300 (аскорбин қышқылы) және С-306–С-309 жатады. Қалған тотықсыздандырғыштардың әсері туралы нақты мәліметтер жоқ.
Е-310 – С-312 бөртпе, ал С-338 – С-366 асқазанның бұзылуын тудыратыны белгілі.

Е-400 – С-599 – эмульгатор (майлағыш) және стабилизаторлар (тұрақтандырғыш). Бұл тағамдық қоспалар тобы араласуға келмейтін қосындыларды (мысалы, су және май) араластыруға және тағамның қоюлық дәрежесін (консистенция) сақтау үшін қолданылады.

Бұл қоспалардың ішіндегі зиянсыз болып табылатындары – С-406,
С-420, Е-440, Е-600, С-307, өте қауіптілері С-400 – С-405, С-477, С-501, 503, 512, 513, 527.

С-600 – С-699 – дәмді және иісті күшейткіш. Дәмді күшейткіштердің барлығы дерлік денсаулық үшін қауіпті. Кеңінен таралғаны натрий глутаматы (С-621), ол адамның көру қабілетін және бас, мидың жұмысын зақымдауы мүмкін.

Мұғалім:

Топ ішінде жұмысты орындап, заттаңбадағы өнімнің құрамын қарастырыңдар.


«ТЫҢДАП ОТЫРҒАН ҮШТІК» стратегиясы

Жұмыс алгоритмі:

Оқушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Топтағы бір оқушы – шешен, біреуі – тілші және үшіншісі – хатшы рөлін атқарады. Шешен бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі жолы оқушылар рөлдерімен ауысады.

Қандай тағамдық қоспаларды байқадыңдар, айтыңдар.

Мұғалім оқушыны жетелейтін сұрақтар қояды:

– Сендерді қандай жағдайлар таңғалдырды және ашу-ызаларыңды келтірді?

– Мектеп асханасында осындай өнімдер сатыла ма?

– Неліктен өндірушілер осындай өнімдер шығарады? Ересектер тағамдық қоспалардың зияны туралы білмей ме?

– Бізге не істеу керек, бұған қалай бөгет жасауға болады?

Дүкенде азық-түлікті сатып алудың тәртібін құрастырыңдар.

Оқушылардың жауаптары:












































Оқушылар топта жұмысты орындай отырып, тағамдық қоспалардың тізімімен танысады, заттаңбадағы өнімнің құрамын қарастырады. Жұмыстан кейін топтың өкілі өзінің әсерімен бөліседі.


Оқушылар мұғаліммен бірлесе дүкенде азық-түлік алудың тәртібін құрастырады:

1. Заттаңбадағы өнімнің құрамына мән беру.

2. Қауіпті тағамдық қоспаларды есте сақтау.

3. Құрамын білмей тұрып өнімдер сатып алмау. Есте сақта! Зиянды қоспалары бар азық-түлікті сатып ала отырып, сен олардың өндірісіне дауыс бересің.

Е қоспасы (тағамдық қоспа) көп өнімдер:

Тәттілер, газдалған сусын, сағыз, йогурттар, чипсілер.


2 мин

Рефлексия

(ой қорыту)

Мұғалім: Сабақтағы өзіңнің жұмысыңды бағала. Алмұртты боя. «Оқушының дәптеріндегі» 5-тапсырма.

Оқушылар сабақтағы өз жұмысын бағалайды және «Оқушының дәптеріндегі» алмұртты бояйды;

1) Мен тырыстым және менің қолымнан барлығы келді (қызыл түске).

2) Мен тырыстым, бірақ жіберген қателерім болды.

(екі түске: қызыл және жасыл).

3) Менің қолымнан ештеме келмеді, бірақ мен тырысамын (жасыл түске).

1 мин

Үй тапсырмасы

«Оқушының дәптеріндегі» 3, 4-тапсырманы орындау.

Оқушылар күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!