СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану ережелері туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, дәрумендердің денсаулықтағы адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«"Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі"»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті

Білім беру салалары: «Әлеумет», «Денсаулық»

Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу», «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі»

Мақсаты: Балаларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану ережелері туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, дәрумендердің денсаулықтағы адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Денсаулық ол- шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Басты байлық-денсаулық

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық

Тәрбиеші: - «Бірінші байлық –денсаулық» деп тегін айтпаған. Денсаулық мықты болу үшін не істеуіміз керек?

Балалар: - Спортпен шұғылдану керек. Таза ауада қыдыру керек. Дұрыс тамақтану керек.

Тәрбиеші: - «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Адамның денсаулығы көбінесе қалай тамақтанғанына байланысты. Сондықтан дұрыс тамақтана білу керек.

Сезім: Дұрыс тамақтануға

Әңгіме біз жүргіземіз

Ақыл – кеңес сіздерге

Әрине біз береміз!

Тамақ ішер алдында

Не жеу керектігін де

Ойланып алу керекпіз!

М.В: - Да конечно правильно говорит Сезім, а для этого надо подготовить наш организм к пище , я предлагаю вам сделать массаж.

Тәрбиеші: Дұрыс тамақтанудың басты тағамдары көкөністер мен жемістер болып табылады.Енді менің жұмбағымды тауып көріңдер.

1) Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
2) Бұл не деген көп киім,

жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,

қабат-қабат тоны бар,

түймелеуге жетпейді. (Қырыққабат)

3) Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті. (Қарбыз)

4) Жер астына түседі,
Сап-сары боп піседі (Сәбіз)

5) Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)

Тәрбиеші: Көкөністермен жемістер

Жиыла қалып дауласты.

Адамдарға пайдасын

Айтуға олар тырысты






Сценка «Көкөністер мен жемістер дауы»

Айлин: Мен алмамын, алмамын,
Денсаулыққа пайдамын.
Сусынымды ішсеңіз,
Көп ауруды жазамын.

Қызылша: Мен де бір сөз айтайын,

Айару: Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды,

Винегретте үстелде.

Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда?

Алихан: Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана!

Пияз: Боламын мен демдеуіш,

Аңсар: Барлық- барлық тағамға.

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.

Сезім: Мен сәбізбін, сәбізбін,
Емдік қасиет беремін.
Көп ауруды жазамын,
Емделем десең әзірмін.

Шие: Мен шиемін шиемін,
Медина: Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар
Төмене басты иемін

Асқабақ: Жиналып қаппыз бәріміз,

Жансая: Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

Жүр-ші: Бос айтысты қойыңдар, дауласуды тоқтатыңтар.

Жемістер мен көкөністер,

Денсаулыққа пайдалы,

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер!

Тәрбиеші: - Балалар біздің жейтін тамақтардың құрамында не кездеседі?

Илияс: - Біздің жейтін тағамдар құрамында көмірсулар, майлар, ақуыздар және дәрумендер болады.

Тәрбиеші: - Сендер қандай дәрумендерді білесіңдер?

Балалар: - А,В,С,Д,Е

Тәрбиеші: - Дәрумендер мен сендерді ортаға шақырамын.

Бастарына дәрумен аты жазылған қалпақ киген оқушылар шығып, өздерін таныстырады. «Дәрумендер айтысы»

А дәрумені:
Мен А дәруменімін, адамдарға тигізер пайдам көп. Балалар сендер білесіңдер ме А дәрумені қайда кездеседі.

(Балалар А дәрумені бар тағам түрлерін айтып іледі)
В дәрумені.
Мен бірнеше топқа бөлінемін. В1 В 2 В6 В12. Балалар маған В дәруменін табуға көмектесіңдерші.

(Балалар В дәрумені бар тағам түрлерін айтып іледі)


С дәрумені:
Мен С дәруменімін. Менің де адамдарға тигізер пайдам көп. Балалар, С дәрумені қайда болады?

(Балалар С дәрумені бар тағам түрлерін айтып іледі)
Д дәрумені:
Мен өте пайдалымын. Балалар Д дәруменін табуға көмектесіңдерші? (Балалар Д дәрумені бар тағам түрлерін айтып іледі)
Е дәрумені:
Мен Е дәруменімін. Балалар Е дәрумені қандай тағамда болатынын білесіңдер ме? (Балалар Е дәрумені бар тағам түрлерін айтып іледі)
Тәрбиеші: -Дәрумендер әрине, адамдарға пайдалы.

Медина: Дәрумендер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.

М.В: - Дети какие вы молодцы знаете какие витамины находятся в еде.

Я вас дети приглашаю на аэробику.

Тәрбиеші: - Балалар дәрумендердің қайда кездесетіні жайлы білдік, сендер пайдалы тағамдар, пайдасы аз, пайдасы жоқ тағамдар түрлерін білесіңдер ме?

Балалар: - Ия, білеміз.

Тәрбиеші: - Ендеше, үш топқа бөлініп, сол тағамдарды тауып іліңдер.

Ойын: «Пайдалы, пайдасы аз және пайдасы жоқ тағамдар» (карточкаларды тауып іледі)

Тәрбиеші: - Балалар қазір мен сөзімді бастаймын ал сендер жалғастырыңдар.

Дидактикалық ойын: «Жалғастыр»

-Микробты ағзаға кіргізбеу үшін үнемі қолды сабынмен...( жуу керек)

- Мықты, епті, икемді болғың келсе спортпен....(шұғылдану керек)

- Жемістерді жер алдында жуып алып ...(жеу керек)

- Сүт ішіп отырсаң... (ауырмайсың ешқашан)

- Тамақтану алдында қол жууды...( ұмытпа)

- Дұрыс тамақтану...(денсаулықтың кепілі)

М.В: - Дети я вас приглашаю на веселую игру. П/игра: «Витамины»

Тәрбиеші: - Қазір ортаға аналарды шақырамын, олар бізге балаларының сүйікті, әрі денсаулыққа пайдалы тағамдарымен таныстырып береді.

Аналар ортаға шығып өздерінің жасап әкелген дәмді әрі пайдалы тағам түрлерімен таныстырып айтады.

Тәрбиеші: - Рахмет сіздерге аналар! Денсаулығымыз мықты болу үшін тек қана спортпен шұғылданып қоймай, дұрыс тамақтанудың тәсілдерін де білу керек.

Балалар: Біздің топтың ұл-қыздары

Тату-тәтті ойнайды

Айналаға, бар адамға

Тек денсаулық тілейміз.


Барлығымыз тазалықты сүйеміз

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз

Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз

Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!