СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Судың адам үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Судың маңыздылығын түсіндіру

Просмотр содержимого документа
«Судың адам үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау»

Тақырыбы: Судың адам үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау

Мақсаты: Суды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, суды қадірлеуді үйрету. Өмірмен байланыстыру. Елбасының жолдауында ауылды жерлерді құбыр арқылы келетін сумен қамтамасыз ету, ал шағын қалаларда тұрғындардың 100 пайыз таза сумен қамтылатындығы туралы айтқандарын түсіндіру.

Оқыту әдістері: Караевтың деңгейлеп оқыту әдісі

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

ұйымдастыру

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Үй жұмысын тексеру: Қосымша сұрақтарға жауап беру

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады.




ІІ

жаңа тақырыпты меңгерту

Су –тіршіліктің қайнар көзі. Онсыз жер бетінде тіршілік болмайды. Адамның 70 жасқа дейінгі суға деген қажеттілігі ғалымдардың айтуынша 50 тонна. Қазіргі кезде қалалық жерде 1 адамға деген су шығыны 300-500 литр. Соның өзінде де суды ластаушы адамның өзі.






Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.




ІІІ

Бекіту

Оқушылар алдымен тақырыпты оқып шығады, содан соң деңгейлік тапсырмалар орындайды.

1-деңгейлік тапсырма.

А) Адам және табиғат үшін судың маңызы және «Қорғау» деген тақырып бойынша оқушылардың ойларын тыңдау.



2-деңгейлік тапсырма.

А) оқу кабинетінде өсіп тұрған бөлме өсімдіктеріне тәжірибе жүргізе отырып, судың тіршілік үшін қандай маңызының бар екендігін әңгімелеу;

Ә) су және оның маңызы туралы мақал-мәтел айтудан жарыс.

3-деңгейлік тапсырма:

А)адамның суды күнделікті үй тапсырмасында және халық шаруашылығында қандай мақсаттарда пайдаланатындығын әңгімелеу;

Ә)Қазақстанның физикалық картасынан Отанымыздағы теңіздерді, көлдерді, өзендерді, қоймаларды көрсету.

4-днңгейлік тапсырма:

А)өз бетінше жұмыс. Судың маңызы және қорғау тақырыбына шағын әңгіме жазу;

Ә)біздің облысымызға ұласып жатқан Каспий теңізі суының ластануының алдын алу үшін жүргізілетін жұмыстар туралы ойларын айту.

Тест тапсырмасын орындау.

1.Судың қасиеті.

А)мөлдірлігі

Ә)ағуы

Б)иісі

В)түссіз болуы

Г)еруінде

2. су қоймасы емес.

А)көл

Ә)өзен

Б)сарқырама

В)мұхит

3.Қандай температурада су мұзға айналады?

А)0-тан жоғары

Ә)0

Б)0-тан төмен

4.Суды тазалау процесі қалай аталады?

А)қыздыру

Ә)сүзгіден өткізу

Б)суыту

5.Судың неше агрегаттық күйі бар

А)1 Ә)5 Б)3

6. Судың қасиеті.

А)ағынды болуы

Ә)жанғыштығы

Б)еруі

В)мөлдірлігі

Г)сынып кетуі




Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.

ІҮ

үйге тапсырма беру

Тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Ү қорытынды, бағалау

Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!