Оқушылар алдымен тақырыпты оқып шығады, содан соң деңгейлік тапсырмалар орындайды. 1-деңгейлік тапсырма. А) Адам және табиғат үшін судың маңызы және «Қорғау» деген тақырып бойынша оқушылардың ойларын тыңдау. 2-деңгейлік тапсырма. А) оқу кабинетінде өсіп тұрған бөлме өсімдіктеріне тәжірибе жүргізе отырып, судың тіршілік үшін қандай маңызының бар екендігін әңгімелеу; Ә) су және оның маңызы туралы мақал-мәтел айтудан жарыс. 3-деңгейлік тапсырма: А)адамның суды күнделікті үй тапсырмасында және халық шаруашылығында қандай мақсаттарда пайдаланатындығын әңгімелеу; Ә)Қазақстанның физикалық картасынан Отанымыздағы теңіздерді, көлдерді, өзендерді, қоймаларды көрсету. 4-днңгейлік тапсырма: А)өз бетінше жұмыс. Судың маңызы және қорғау тақырыбына шағын әңгіме жазу; Ә)біздің облысымызға ұласып жатқан Каспий теңізі суының ластануының алдын алу үшін жүргізілетін жұмыстар туралы ойларын айту. Тест тапсырмасын орындау. 1.Судың қасиеті. А)мөлдірлігі Ә)ағуы Б)иісі В)түссіз болуы Г)еруінде 2. су қоймасы емес. А)көл Ә)өзен Б)сарқырама В)мұхит 3.Қандай температурада су мұзға айналады? А)0-тан жоғары Ә)0 Б)0-тан төмен 4.Суды тазалау процесі қалай аталады? А)қыздыру Ә)сүзгіден өткізу Б)суыту 5.Судың неше агрегаттық күйі бар А)1 Ә)5 Б)3 6. Судың қасиеті. А)ағынды болуы Ә)жанғыштығы Б)еруі В)мөлдірлігі Г)сынып кетуі |