СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Денсаулы??а апаратын жол немесе мектептердегі валеология п?ніні? ма?ызы"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

№6 орта мектеп м??алімі

На?ыпбаева А.Б.

Денсаулы??а апаратын жол немесе мектептердегі валеология п?ніні? ма?ызы.

           Ел басшысы Н.?.Назарбаев ?аза?стан-2030 стратегиялы?  даму ба?дарламасында «салауатты ?мір салтын ынталандыру ?р?айсысымызды? дене т?рбиесімен айналысуымыз?а, д?рыс тама?тануымыз?а, есіртке, темекі, алкагольді т?тынуды ?ойып, тазалы? пен санитария шараларын са?тауымыз?а ж?не та?ы сол сия?тылар?а ба?ыттал?ан» делінген. 

?азіргі та?да, елімізді? келешегі-жастарды? денсаулы?ы туралы та?ырыпты? ма?ыздылы?ы жылдан-жыл?а дами т?суде. ?йткені, халы? арасында ауру т?рлеріні? к?рсеткіштері жо?арылауда.?азіргі кезде балаларды? денсаулы?ына ?ауіп тудыратын себептер де к?п. ?орша?ан ортаны? зиянды факторларлары к?п залал тигізеді.Адамны? іс-?рекеті н?тижесінде ауа, су, топыра?  ?абаты ластануда. Д?ниеж?зілік денсаулы? са?тау ?йымыны? м?лімдеуінше, халы? денсаулы?ына ?сер ететін факторлар 17 пайыз ?орша?ан орта жа?дайына, 20 пайыз т??ым?уалаушылы?ына, 10 пайыз ?рт?рлі жа?дайлар?а байланысты болатын болса, ал 53 пайызы салауатты ?мір салтын ?стану?а байланысты екен. Я?ни ?р адам ?з денсаулы?ын к?ту ар?ылы оны жо?ары де?гейге к?теріп, шыны?тырып отырып, денсаулы?ын ны?айта алады.

Денсаулы?-а?зада  ауруды? не болмаса физикалы? кемістікті?  жо?ты?ы ?ана емес, ол таби?и, рухани ж?не ?леуметтік аман-есенділік. Сонды?тан, денсаулы? са?тау ісі-физикалы?, психикалы?, рухани ж?не ?леуметтік жа?дайлар?а жіктеледі.Физикалы? саулы?-адам а?засына т?н функцияларды? ?здігінен реттелуі, функциялы? процесті? келісімді ?туі, сырт?ы орта ?серлеріне бейімделу ?асиеттеріні? жо?ары д?режеде болуы. Психикалы? саулы?-ауруды болдырмау, ?айтсе де одан арылу?а ?мтылуды, адам ?міріні? ма?сатына айналдыру. ?леуметтік саулы?-адам белсенділігіні?, я?ни жеке адамны? айналада?ы ?мірмен біте ?айнасу д?режесі.  

Шамадан тыс тама? ішу немесе уа?ытылы тама?танбау, жас?спірімдерді? аз ?оз?алу  н?тижесінде гиподинамиялы? дамуы, имунитеттеріні? т?мен болуынан ?рт?рлі ж??палы ауруларды ж??тыру денсаулы?тарына ед?уір зиян келтіріп, ?алыпты ?мір с?рулеріне кедергі келтіреді.Сонды?тан, м?ндай жа?дайдан шы?уды? бірден-бір жолы, ол валеологиялы? білім беру болып табылады.         Валеология –адам денсаулы?ы туралы ?ылым.Негізгі ма?саты-?р адамды денсалы?ын к?т?ге ?йрету,оны? сана сезімін оятып,мед,гигиеналы?  сауаттылы?ын арттыру,салауатты ?мір салтын да?дылы ?детке айналдыру. Ол медицина,биология,педагогика,психология,экология,акмеология,философия,экономика, т.б. ?ылымдармен ты?ыз байланыста дамиды.                                                        

 «Валеология» терминін ал?аш рет ?ылым?а 20?-дын 60-жылдары Ресей ?алымы И.И  Брехман енгізген. B.20 ?-дын ая?ында пайда бол?ан жа?а ?ылым саласы бол?анымен,т?пкі тамырын ежелгі медецинадан алады. Орта?асырлы? ??лама ?алым ?бу ?ли ибн Синаны?  (Авиценнаны?)»Д?рігерлік ?ылымны? каноны» деген е?бегіндегі е? негізгі насихаты-денсаулы?ты к?ні б?рын са?тау.Б?л ?шін ибн Синаны? ?оятын шарттары та?амды тал?ай білу,денені шыны?тыру ж?не таза ?стау.Ал?аш?ы кезде медецина ?ылымы ?зіні? басты міндеті – денсаулы?ты са?тау,ны?айту деп ?ор?ау,ал ауруды емдеуді ?осал?ы  ж?мыс ретінде сана?ан.Біра? м?селесінен алша?тап кетті.Осы?ан орай Валеология ?ылымыны? негізгі міндеті – адам денсаулы?ын,оны?  сапалы? ж?не санды? к?рсеткіштерін алдын ала са?тандыру ?рекеттерін ж?ргізу ар?ылы ?алыпты де?гейге жеткізу болып ?алды.                                                                                                                          . Мектептерде б?л п?нге  балалар  аса ?ызы?ушылы? танытады.  О?ушылар?а білім беру барысында  тиімді тама?тану, физикалы? дайынды? ережелерімен, салауатты ?мір с?ру, сумен, ауамен, к?нмен шыны?у ?дістерімен таныстыру, зиянды ?деттер , соны?   ішінде ішімдік  пайдалану , наша?орлы? ?а ?уес болуды?, темекі шегуді? зиянды?ы туралы айтылады. ?аза? хал?ымызды? «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.» деген ?а?идасын бала санасына енгізе алса?, болаша?та дені сау ?рпа? т?рбиелеп шы?амыз.          Валеологиялы? білім беру, жас?спірімдер арасында салауатты ?мір салтын насихаттау, ?сіп келе жат?ан жеткіншектерге денсаулы? зор байлы? екендігін т?сіндіру аса ма?ызды. Салауатты ?мір салтын ?алыптастыру процесі ?за? мерзімді ж?не баяу процесс, біра? та б?л ?азіргі та?да денсаулы?ты са?тауды? е? тиімді ?дісі болып табылады.                                                                                                             Дені сау ?рпа?, ?о?амны? ?уаты демекші, ?ай халы?ты? болса да болаша?ы жастарды? денсаулы?ына  тікелей  байланысты. Сонды?тан дені сау,салауатты ?мір салтын ?станатын жас ?рпа? т?рбиелеу ?з ?олымызда.                                                                                                                                                                                                                                                                  

Просмотр содержимого документа
«"Денсаулы??а апаратын жол немесе мектептердегі валеология п?ніні? ма?ызы"»

6 орта мектеп мұғалімі

Нақыпбаева А.Б.

Денсаулыққа апаратын жол немесе мектептердегі валеология пәнінің маңызы.

Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030 стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есіртке, темекі, алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және тағы сол сияқтыларға бағытталған» делінген. Қазіргі таңда, еліміздің келешегі-жастардың денсаулығы туралы тақырыптың маңыздылығы жылдан-жылға дами түсуде. Өйткені, халық арасында ауру түрлерінің көрсеткіштері жоғарылауда.Қазіргі кезде балалардың денсаулығына қауіп тудыратын себептер де көп. Қоршаған ортаның зиянды факторларлары көп залал тигізеді.Адамның іс-әрекеті нәтижесінде ауа, су, топырақ қабаты ластануда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, халық денсаулығына әсер ететін факторлар 17 пайыз қоршаған орта жағдайына, 20 пайыз тұқымқуалаушылығына, 10 пайыз әртүрлі жағдайларға байланысты болатын болса, ал 53 пайызы салауатты өмір салтын ұстануға байланысты екен. Яғни әр адам өз денсаулығын күту арқылы оны жоғары деңгейге көтеріп, шынықтырып отырып, денсаулығын нығайта алады. Денсаулық-ағзада аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи, рухани және әлеуметтік аман-есенділік. Сондықтан, денсаулық сақтау ісі-физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік жағдайларға жіктеледі.Физикалық саулық-адам ағзасына тән функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық процестің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуы. Психикалық саулық-ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылуға ұмтылуды, адам өмірінің мақсатына айналдыру. Әлеуметтік саулық-адам белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнасу дәрежесі. Шамадан тыс тамақ ішу немесе уақытылы тамақтанбау, жасөспірімдердің аз қозғалу нәтижесінде гиподинамиялық дамуы, имунитеттерінің төмен болуынан әртүрлі жұқпалы ауруларды жұқтыру денсаулықтарына едәуір зиян келтіріп, қалыпты өмір сүрулеріне кедергі келтіреді.Сондықтан, мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы, ол валеологиялық білім беру болып табылады. Валеология –адам денсаулығы туралы ғылым.Негізгі мақсаты-әр адамды денсалығын күтүге үйрету,оның сана сезімін оятып,мед,гигиеналық сауаттылығын арттыру,салауатты өмір салтын дағдылы әдетке айналдыру. Ол медицина,биология,педагогика,психология,экология,акмеология,философия,экономика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. «Валеология» терминін алғаш рет ғылымға 20ғ-дын 60-жылдары Ресей ғалымы И.И Брехман енгізген. B.20 ғ-дын аяғында пайда болған жаңа ғылым саласы болғанымен,түпкі тамырын ежелгі медецинадан алады. Ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Синаның (Авиценнаның)»Дәрігерлік ғылымның каноны» деген еңбегіндегі ең негізгі насихаты-денсаулықты күні бұрын сақтау.Бұл үшін ибн Синаның қоятын шарттары тағамды талғай білу,денені шынықтыру және таза ұстау.Алғашқы кезде медецина ғылымы өзінің басты міндеті – денсаулықты сақтау,нығайту деп қорғау,ал ауруды емдеуді қосалқы жұмыс ретінде санаған.Бірақ мәселесінен алшақтап кетті.Осыған орай Валеология ғылымының негізгі міндеті – адам денсаулығын,оның сапалық және сандық көрсеткіштерін алдын ала сақтандыру әрекеттерін жүргізу арқылы қалыпты деңгейге жеткізу болып қалды. . Мектептерде бұл пәнге балалар аса қызығушылық танытады. Оқушыларға білім беру барысында тиімді тамақтану, физикалық дайындық ережелерімен, салауатты өмір сүру, сумен, ауамен, күнмен шынығу әдістерімен таныстыру, зиянды әдеттер , соның ішінде ішімдік пайдалану , нашақорлық қа әуес болудың, темекі шегудің зияндығы туралы айтылады. Қазақ халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.» деген қағидасын бала санасына енгізе алсақ, болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығамыз. Валеологиялық білім беру, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өсіп келе жатқан жеткіншектерге денсаулық зор байлық екендігін түсіндіру аса маңызды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі ұзақ мерзімді және баяу процесс, бірақ та бұл қазіргі таңда денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдісі болып табылады. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болса да болашағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан дені сау,салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!