СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәтіндік процессордағы кестелер

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқытудың жаңартылған бағдарламасы бойынша қысқартылған күнтізбелік жоспар

Просмотр содержимого документа
«Мәтіндік процессордағы кестелер»

Сабақ жоспарының үлгісі



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: «№35 мектеп лицейі»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сейтова Т.Б,.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мәтіндік процессордағы кестелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.1 мәтіндік процессорда кесте элементтерін пішімдеу (форматтау)


Сабақтың мақсаты

Мәтіндік процессорда кесте элементтерін үйрену;

Кесте құру, форматтау әдістерін қолдану








Бағалау критерийі

  • Мәтіндік процессорда кесте құрып, баған, жол, ұяшықтармен жұмыс жасай алады.

  • Кесте құру тәсілдерін біледі, кестеге мәтінді кірістіре алады және форматтау жолдарын біледі

  • Кестені қоршау, қаріптің және кесте ұяшықтарын бояудың түстерін таңдай алады

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Мәтіндік процессор – текстовый процессор – word processor

Жол – строка – line

Баған – столбец – column

Формат-формат-format

Кесте-таблица-table


Құндылықтарға баулу



Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапсырмаларды орындау барысында бір бірлерінің пікірлерін тыңдай білуге, пікірін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

математика,орыс тілі

Тақырып бойынша алдыңғы білім


MS Word мәтіндік редакторының қызметін біледі, жұмыс жасау дағдылары қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы




0-7 минут

Ұйымдастыру. Ынтымақтастық ортасын құру:

Топтық жұмыс

Оқушылар шеңберге орналасып, «Саған сенемін» әдісі бойынша бір-біріне гүлді ұсыну арқылы жылы лебіздерін білдіреді



Топқа біріктіру: «Фигуралар әлемі» әдісі бойынша оқушыларды 2 топқа біріктіру, Оқушылар өздері қалаған фигураны таңдау арқылы топ құрады.

1-топ: «Жол»

2-топ: «Баған»



Өткенге шолу:

«Кім білімпаз?» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар экранда көрсетілген смайликтерлі таңдау арқылы сұрақтар таңдайды. Смайликке сәйкес компьютерден сұрақ көрсетіледі. Жауаптар смайликтермен бағаланады.

  1. Вирус дегеніміз не?

  2. Сендерге вирустың қандай түрлері белгілі?

  3. Зиянды программаларды кім және не үшін жасады?

  4. Егер компьютерлеріңе вирус кірсе не істер едіңдер?

  5. Вирустан қорғау командалары қандай қызмет атқарады?

  6. Қандай вирусқа қарсы командаларды білесіңдер?

  7. Доктор программалардың қызметі?



ҚБ Смайликтер арқылы бағаланады















Баған

жол




























Сабақтың ортасы








8 – 36 минут










































































Топтық жұмыс

Ойлау деңгейі: Білу және түсіну

«Ой қозғау» әдісі

Жаңа сабақ тақырыбын ашу.

Оқушыларға слайдтарды көрсету арқылы сабақтың мақсатын ашу.

1 ші слайд

Оқушы туралы мәлімет

Оқушының аты жөні , сыныбы, мекен-жайы

Асанова Э, 7 а сыныбы, Сауран 7 үй Айбасаров З ,7 а сыныбы, Абай 13 үй , Валиев М 7 а сыныбы, Сауран 9 үй, Мұхтарова А 7 а сыныбы, Жеңіс 26 үй


2ші слайд

«Оқушы туралы мәлімет»


Оқушының аты-жөні

сыныбы

Мекен – жайы

1

Асанова Э

7 а сыныбы

Сауран 7 үй

2

Айбасаров З

7 а сыныбы

Абай 13 үй

3

Валиев М

7 а сыныбы

Сауран 9 үй

4

Мұхтарова А

7 а сыныбы

Жеңіс 26 үй


Әрі қарай мұғалім слайдты көрсетіп оқушыларға бірнеше сұрақтар қояды.

- Айтындаршы сендерге бірдей ақпарат берілді ме ?

- Ақпараттың қандай түрде берілгені ыңғайлырақ екен ? Себебін түсіндеріңіздерші ?

(Кесте түрінде ақпарат жинақы, оңай бақыланады )


Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру


Мұғалім слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді

Мұғалім сөзі:

Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз.

Кесте – бұл баған мен жолдардың қиылысы. Кестенің бағаны мен жолдарының қиылысуын ұяшық деп атайды.  Ал осы кестеге көптеген ақпаратты жазып қана қоймай оны өзіміздің қалауымызша форматтауға болады Мысалы    сабақ кестесін, телефон кітапшасын, сынып журналын алайық егер осы құжаттарда ақпарат кесте түрінде берілмесе бізге қолдану ыңғайсыздық тудырар еді.

Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.







«Біз біргеміз» әдісі арқылы оқу мақсатына жету үшін тапсырмалар беріледі.

Жұптық жұмыс

А деңгейі. 1- тапсырма

Бағалау критерийі: Мәтіндік процессорда кесте құрып, баған, жол, ұяшықтармен жұмыс жасай алады

Тапсырма:

1.Мәтіндік редакторде алды бағаннан бес жолдан тұратын кесте құрыңыз

2. Кестені ерекшелеп, қаріп типін Arial және өлшемін 12 пт етіп таңдаңдар

  • Вставка – таблица меню қатары арқылы кесте қойыңыз

  • бағана мен жол санын көрсетіңіз

  • бірінші бағананың өлшемін өзгертіңіз (кішірейтіңіз)

  • Бірінші жолды біріктіріңіз. Ол үшін жанама мәзірден объединить ячейки командасын орындаймыз

  • Ұяшықтарға үлгідегі мәліметтерді толтырыңыз


Сабақ кестесі


Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

1

Қазақ тілі

Өзін –өзі тану

Орыс тілі

Қазақ әдебиеті

Орыс тілі

2

Информатика

химия

география

математика

Информатика

3

Физика

Математика

Қазақ әдебиеті

Информатика

Шет тілі

4

Физика

Математика

Қазақ әдебиеті

Информатика

Шет тілі


Дескриптор :

  • Мәтіндік процессорда кестелерді құру тәсілдерін біледі

  • Жол,ұяшық, бағанмен жұмыс жасау дағдылыры қалыптасады


ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады

Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргендерін олардың ұғу деңгейін тексеремін

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім


СТ: топтық жұмыс, дереккөздер,бағалау.



Ойлау деңгейі: Қолдану және талдау

Топтық жұмыс

Бағалау критерийі:

Кесте құру тәсілдерін біледі

кестеге мәтінді кірістіреді

форматтау жолдарын біледі


Топтық жұмыс

2-тапсырма

В деңгейі «Тәжірибеде шыңдал» әдісі арқылы тәжірибелік жұмыс

2 топқа кесте құруға және оны форматтауға тапсырма беріледі.

Тапсырма .

  • Вставка – таблица меню қатары арқылы кесте қойыңыз

  • бағана мен жол санын көрсетіңіз

  • Кестенге мәліметтерді енгізіңіз

  • Үлгіде көрсетілгендей форматтаңыз

  • Конструктор мәзірінен Границы командасын тап, сызықтың енін 2,25 пт етіп алаңыз

  • Кесте стильі командасын таңдау арқылы кестені безендіріңдер


«Менің достарым»


Тегі

Аты

Әкесінің аты

Туған жылы

қаласы

1

Абылай

Айгүл

Жомартқызы

22.03.

2004

Алматы

2

Асанова

Эльмира

Айдосқызы

02.12

.2004

Нұр-Сұлтан

3

Раева

Алуа

Асанқызы

13.04

.2003

Алматы

4

Берік

Марат

Жандосұлы

21.01.

2003

Алматы

Дескриптор: Кесте құру тәсілдерін біледі, кестеге мәтінді кірістіре алады және форматтау жолдарын біледі

ҚБ: «Плюс, минус, қызықты» әдісі

Оқушыларға кесте толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.

Плюс

Минус

Қызықты







СТ: дереккөздер, диалог және қолдау, қарқын, бағалау тәсілдері қолданылады.

Топтық жұмыс

3- тапсырма

С деңгейі « Кім жылдам» әдісі арқылы тәжірибелік жұмыс

Бағалау деңгейі: Кестені қоршау, қаріптің және кесте ұяшықтарын бояудың түстерін таңдай алады.

Тапсырма

  • тақырыбын қарайтылған түрге енгізіп, ортаға туралаңыз, қисайтылған түрге енгізіңіз

  • 2 ші, 3ші, 4 ші бағаналарды ортаға тегістеңіз

  • Главная мәзірінен – Выровнять по ширине столбцов батырмасын қолданыңыз орындаңыз.

  • 1-ші бағана мен 1ші жолды сары түске бояңыз. Қалған ұяшықтарды өз қалауыңызша бояңыз. Главная мәзір қатарынан Заливка батырмасын қолданыңыз

Берілген үлгі бойынша ұяшықтарды біріктіріңіз, бояймыз

Өлшем бірліктер


өлшем

өлшемнің

белгіленуі

бірлік

өлшем бірлік

масса

М

Килограмм

Грамм

Милиграмм

тонна

Кг

г

мг

тонна



Жұмыс


W,(A)

Джоуль

Килоджоуль

мегаджоуль

Дж

КДж

МДж




Дескриптор: кестені қоршау, қаріптің және кесте ұяшықтарын бояудың түстерін таңдай алады.

ҚБ Дескрипторға сүйене отырып мұғалім ауызша кері байланыс арқылы бағалайды

: Тапсырма жақсы орындалды

Толықтыру қажет етеді...., себебі...


СТ: дереккөздер, қорытынды, бағалау тәсілдері қолданылады.


Сергіту сәті.

«Арқаға жазылған комплименттер» әдісі Әр оқушының арқасына стикер бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір бірлерінің арқасындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір біріне жазылған комплименттерді оқып береді.





Интербелсенді тақта, Слайд































Слайд





















слайд





































А4 парақшасы







































































А4 парақшасында жазылған таратпа тапсырмалар
















































Қызықты











А4 парақшасы














































стикерлер

Сабақтың соңы

37 - 40 мин





Ойлау деңгейі: Жинақтау және бағалау

Топпен жұмыс

«Ашық сұрақтар» әдісі

  1. MS Word бағдарламасы туралы не білеміз? (Бұл мәтін теруге арналаған программа)

  2. Форматтау дегеніміз не? (мәтіннің сыртқы түрін өзгерту

  3. MS Word бағдарламасында кестені қалай құрамыз? (Вставка-Таблиц)

  4. Мәтіндік процессордың кеңейтілімі қандай ? (Doc)

  5. Кесте дегеніміз не ? (баған мен жолдардың реттеліп орналасуы )



ҚБ: «Мұғалімнің марапаты» әдісі арқылы бағаланады. Мұғалім оқушылардың берген жауцаптарына қарай «Жарайсың», «Жақсы», «Керемет» деген сөздермен бағалайды



СТ: Нәтиже, бағалау, қарқын


Рефлексия: Шаршылар

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады.. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.



Үйге тапсырма: Оқулық 49 бет 3,1 Мәтіндік процессордағы кестелер



























Интербелсенді тақта





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау оқушылардың қажеттілігіне қарай жасалады.

Саралау тәсілдері сабақтың мақсатына жетудің тиімді жолы. Бұл сабақ жоспарында саралаудың тапсырма, дереккөздер, қарқын, қорытынды, қолдау көрсету, бағалау тәсілдері қолданылады. Әр тапсырма оқушылардың деңгейлеріне сай беріледі және де сол тапсырманы орындау барысында олардың қарқынмен жұмыс жасауы бағаланып отырады.

Жоғары деңгейде оқитын оқушылар сабақ барысындағы мәліметпен ғана шектелмей, қосымша дереккөздерден ақпарат алып, тек қана «дұрыс» деген жауапқа келтірмей, өз ойын нақты жеткізу арқылы қорытындылайды.

Бүгінгі сабағымда сабақтың тақырыбын ашу үшін «Ой қозғау» әдісін қолдандым. Бұл топтық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу.

Оқу мақсатына жету үшін топпен тәжірибелік жұмыстар жасау маңызды. «Біз біргеміз», «Тәжірибеде шыңдал» әдістерін қолдана отырып, оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс компьютерде тәжірибелік жұмыстар жасайды. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындасада нәтижелері әр түрлі болғандықтан қорытынды тәсілі қолданылды.

«Кім жылдам» әдісін тапсырма орындау барысында практикалық тапсырмалар жасатуда қолдандым.

Барлығына бірдей тапсырма беріледі, бірақ оқушыларға көрсетілетін қолдау олардың деңгейіне, қабілетіне сәйкес әртүрлі болады. Тапсырма бергенде топтың немесе жеке оқушының қабілеті ескеріледі. Тапсырма ортақ, бірақ ресурстар әртүрлі болуы мүмкін.

Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алады. Сол себепті саралаудың дереккөздер тәсілі қолданылды Мұғалім сұрақтарды оқушының білу, түсіну, бағалау деңгейіне қарай саралайды.

Топта оқушылар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ әркімнің өз рөлі болады. Бұл жерде оқушының өз мүмкіндігін көрсетуге жол ашады.

«Ашық сұрақ» әдісін оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылау мақсатында пайдаландым.





Әр тапсырмаға дескрипторлар жасақталып, қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.

Қалыптастырушы бағалау барысында оқушылар әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы бірін-бірі бағалауға мүмкіндік алады. Сабақта қалыптастырушы бағалаудың бірнеше әдістері қолданылады

Сабақ барысында «Смайлик», «Бас бармақ» , «Мадақтау», «Плюс, минус, қызықты» әдісі», «Кері байланыс» әдістері арқылы бағаланды. Бұл әдістердің ішінде «Плюс, минус, қызықты» әдісі» туралы айтатын болсам оқушыларға кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады. Тағы бір әдіс «Бас бармақ әдісі. Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргендерін олардың ұғу деңгейін тексеремін

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім деп өздерін өздері бағалайды

 Әр тапсырмадан соң ҚБ-ды қолдану оқушыларды жүйелі жұмысқа ынталандырады, жауапкершілік және ізденістерін арттырады.



Жұптық және өздік жұмысты орындау барысында оқушылардың қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауы қадағаланады.



Сабақ бойынша рефлексия






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!