СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Есептерде шамалардың арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін, сипаттамасы бойынша пропорцияның формуласын оқу және жазу.
  2. Мәтінді есептерге пропорция құруда шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін түсіндіру.

Мәтінді есептерді пропорция көмегімен шешуде шамалар арасындағы тәуелділіктерді жазу және дәлелдеу.

Просмотр содержимого документа
«Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару»



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.1А. Қатынастар және пропорциялар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.2. пропорцияны оқу және жазу;

6.1.2.6. шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу;

6.1.2.7. сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу.

Сабақ мақсаты

  1. Есептерде шамалардың арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін, сипаттамасы бойынша пропорцияның формуласын оқу және жазу.

  2. Мәтінді есептерге пропорция құруда шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін түсіндіру.

  3. Мәтінді есептерді пропорция көмегімен шешуде шамалар арасындағы тәуелділіктерді жазу және дәлелдеу.

Бағалау критерийі

  • шамалар арасындағы тәуелділіктерді жазады;

  • сипаттамасы бойынша пропорция құрады және шешеді.

Тілдік мақсаттар


Оқытудағы тілдік мақсаттар: мәтінді есептерге пропорция құруда шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін тұжырымдайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

"пропорция", "шеткі мүше", "ортаңғы мүше", "процент"

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-« пропорцияның негізгі қасиеті...»

-« белгісіз ортаңғы мүшесі...»

-« белгісіз шеткі мүшесі...»

Құндылықтарға баулу


"Мәңгілік ел"жалпыұлттық идеясынының "Жалпыға бірдей еңбек қоғамы" құндылығы есеп шартында көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

"Информатика" пәні, тапсырма сұрағына жауап алуда интернет желісінен ақпараттар іздеу.


Алдыңғы білім


6.1.1.2. қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;

6.1.1.3. қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі: оқушы зейінін шоғырландыру.

Ширату жаттығуы: "Қазына іздеу жолында"әдісі бойынша сабақ тақырыбына қатысты ақпараттар жасырылады. Оқушылар жасырылған ақпараттарды табуы керек. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат қосып, оқушылардан оларға қажетті және қажет емес ақпаратты ажырату сұралады..

Оқушыларға берілетін ақпараттар:

1. Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынасы деп аталады.

2. Бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу екі санның проценттік қатынасын табу деп аталады.

3. Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.

4. Жиынды құрайтын объектілер немесе денелер жиын элементтері деп аталады.

5. Проценттерге берілген есептерді пропорцияның көмегімен шығаруға болады.

6. Шамалар тура немесе кері пропорционал болуы мүмкін.

7. Кейбір шамалардың мәндері қарама-қарсы екі бағытта өзгереді.


Осы ақпараттардың қажеттілерін таңдау арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


карточкалар

Сабақтың ортасы

(Т) Жаңа материалды меңгеру. Оқулықпен жұмыс. "Мозайка" әдісі: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасайды. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылайды, идеялармен бөліседі, ынтымақтастықты дамытады.



Жаңа тақырып бойынша "Тірек кестені" толтырады.


Есептің типі

Санның пайызын табу

Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу

Шамалар арасындағы тәуелділік

а — 100%  

b   —  P% 

х — 100%  

b   — P% 

а —100%  

b   —  x % 

пропорция









(Ж) 1-тапсырма.

«Тапсырма алмасу» әдісі жұпта оқушылардың тапсырманы талдай отырып бірлесе орындауына негізделген.


Мектептегі спорттық үйірмеге 80 оқушы қатысады, оның еркін күресіне 24-і барады. Еркін күреспен неше пайыз оқушылар шұғылданады?


Бағалау критерийі

дескрипторлар



Шамалар арасындағы тәуелділіктер бойынша пропорция құру, шешу.

Шамалар арасындағы тәуелділікті жазады.

Пропорция құрады.

Пропорцияның белгісіз мүшесін табады.



ҚБ: "Жұлдызша" әдісімен жұптар бірін-бірі бағалайды. Жұптардың алған жұлдызшаларының көлеміне байланысты.





(Т) 2-тапсырма. "Галереяны шарлау" әдісі. Талқыланған есепке дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс ұсыну, идеяларын қорғау.



Есептің типін анықта, кестені толтыр:

Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76%-ін жыртқанда, 6 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жер жыртуға тиіс еді?


Есептің типі

Санның пайызын табу

Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу

Шамалар арасындағы тәуелділік




пропорция




Есептің шешімі





ҚБ: "Пікір алмасу"әдісі. Топтар жұмыстармен танысады, бағалау өлшемдері бойынша бағалап, пікірлерін стикерлерге жазылып жапсырылады. Сыныптастарының  пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.


Бағалау критерийі

дескрипторлар



Шамалар арасындағы тәуелділіктер бойынша пропорция құру, шешу.

Есептің типін анықтайды.

Шамалар арасындағы тәуелділікті жазады.

Пропорция құрады.

Пропорцияның белгісіз мүшесін табады.


(Т) 3-тапсырма. Графикалық органайзердің "Ромбтық" жіктелім әдісімен есепті шешу алгоритмдеріне жіктейді. Есептің шешімін табады.







Астана қаласында "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үй кешенінде, 9 жұмысшы 8 күнде 72 үйдің қабырғасын бояйтын болса, 8 жұмысшы 10 күнде неше үйдің қабырғасын бояйтынын табыңыз? Қосымша ақпараттарды пайдалану арқылы Қазақстанда төмен бағада үй алуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды атаңыз?


Бағалау критерийі

дескрипторлар



Шамалар арасындағы тәуелділіктер бойынша пропорция құру, шешу.

Шамаларды пропорционалдыққа жіктейді

Шамалар арасындағы тәуелділікті жазады.

Пропорция құрады.

Пропорцияның белгісіз мүшесін табады.

Қосымша мәлімет табады



ҚБ: "Бас бармақ" әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды

Оқулық, тірек кесте































таратпа материал-дар































таратпа материал-дар



кесте































































таратпа материал-дар



смартфон









Сабақтың соңы



"Сұрақты қағып ал" тәсілі арқылы сабақты қорытындылау. Мұғалім сұрақ қойған кезде бұршақ салынған қалташаны оқушыға лақтырады, оқушы жауап беріп, өз сұрағын келесі оқушыға лақтырады т.с.с

Тақырыпқа байланысты сұрақтар:

1. Пропорция деген не?

2. Қандай шамалар тура пропорционал шамалар шамалар деп аталады?

3. Қандай шамалар кері пропорционал шамалар шамалар деп аталады?

4. Қандай есептерді пропорцияның көмегімен шешуге болады?

5. Пайызға байланысты есептерді шешу алгоритмін атаңыз.



Рефлексия

« Қосу, алу, қызықты» кестесін толтыру:

Қосу

Мен үшін құнды болған мәлімет...

Алу

Сәтсіз болған нәрсе....

Қызықты

Мен үшін қызық...




кесте

қалташа



























Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



1-тапсырманы орындауда "Қарқын" тәсілі арқылы көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі

2-тапсырма барысында "Диалог және қолдау көрсету" тәсілімен кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек беріледі.

3-тапсырма кезінде "дереккөздер" тәсілімен қосымша ақпараттар алады.

"Жұлдызша" әдісі

"Пікір алмасу"

"Бас бармақ"

Топқа бірігу барысында парталардың дұрыс қойылуы, оқушылардың орнының денсаулығына кедергі келтірмеуі.

Смартфон пайдалану қауіпсіздігі











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!