СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аймақтық география"

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Аймақтық география" - ол жер бетінің әртүрлі елдері: Қазақстан, АҚШ, Түркия, Қытай, Жапония, Аргентина, Монғолия, Партугалия, Үндістан, Германия, Австралия, Мексика, Татарстан, Франция, Молдова және тағы басқа мемлекеттердің өзіндік орналасуына байланысты түрлі ерекшеліктері бар. Оған - сол аймақты қоныстанған адамдардың ұлтының, тілінің және дінінің әртүрлілігін жатқызуға болады. Бұл шараның мақсаты осы аталған мемлекеттердің халқы мен дәстүрін, әдет-ғұрптарымен, табиғи байлығымен оқырмандарды терең таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«"Аймақтық география"»

Орал «Мақсат» медициналық колледжі




Бекітілді

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

________ Трушкова М. И.

«____» « ________» 2018 ж.





Аудиториядан тыс шараның әдістемелік жасалымы

География пәнінен

І _ курста білім алушыларға арналған

0301000 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша



ҚАРАЛДЫ

№1 циклдік әдістемелік комиссия отырысында

Хаттама № «___» « ________» 2018ж.

ӘЦК төрайымы

__________Мустафиева Э.Б.




ҚҰРАСТЫРДЫ

География пәні оқытушысы:

Ищанов М.Б.

МАҚҰЛДАНДЫ

Колледж әдіскері

________ Коцелл С.О.

«____» « ________» 2018 ж






2018 жыл






Тақырыбы: «Аймақтық география»

Білімділік мақсаты:

• студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту;

• талдау жасау, салыстыру, тұжырым жасау мүмкіндігін дамыту;

• пәндерді танымдық қызығушылықты әртүрлі әдіснамалық әдістермен және тіл үйренудің мотивациялық маңыздылығы арқылы арттыру;

• этникалық толеранттылық пен өз еліне деген сүйіспеншілікті күшейту.

Тәрбиелік мақсаты:

• студенттердің өршіл іс-әрекеттерін, мәдениетаралық өзара әрекеттесу қабілетін дамыту және күшейту.

• әртүрлі елдердің мәдениетіне, осы елдерде тұратын халықтарға, сөйлейтін тілдерге оң көзқарас қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты:

• оқу дағдыларын жетілдіру.

• әртүрлі құрлықтардың, елдердің, олардың астаналарының аттарын, ұлттарының есімдерімен, олар сөйлейтін тілдердің атауларымен танысады.

• сөйлеудің икемділігін дамыту, ойларды білдіру жолдарын өзгертуге үйрету.

Ұсынылған материалдан ақпарат алу мүмкіндігін дамыта отырып, көрсетілген фактілерді жинақтау үшін логика арқылы байланыс орнату.

Жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, бейне материалдар, тіркеуге арналған суреттер, оқушыларға таратылатын материалдар, саяси карта, магниттердегі кейбір мемлекеттердің жалаулары, кейбір елдердің көрнекті суреттері, таратылатын материалдар, табыс етілетін медальдар: «Әлем халықтары» картасы мен атластар.

Шараның барысы

Мұғалім: Сәлеметсіздерме студенттер және ұстаздар! Бүгінгі «Аймақтық география» атты география пәнінен өткізгелі отырған шарамызға қош келдіңіздер! Алдағы уақытта осы топтың студенттерінің қатысумен қызықты интелектуалды тест сұрақтары мен ойын және музықалық үзілісімен өткізгелі отырған тәрбиелік шарамызды ашық деп жариялаймын! Енді әрі қарай шарамызды жүргізетін жүргізушіміз Бактыгулова Жансаяға табыстаймын.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме бүгінгі шарамызға келген ұстаздар қауымы! Сіздерге қош келдіңіздер дей отырып, шарамыздың ашылу салтанатына байланысты – осы топтың студенті Эргашева Жанар және Тарихова Айгерімнің орындауындағы «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар! Рахмет.

Бүгінгі тәрбие шарамыздың тақырыбы –«Аймақтық география». Жалпы аймақтық география дегеніміз не? Аймақтық география – ол жер бетінің әртүрлі аймақтарға бөлінуіне байланысты қолданылатын термин. Әр аймақтың өзіндік орналасуына байланысты түрлі ерекшеліктері бар. Оған – сол аймақты қоныстанған адамдардың нәсілінің, ұлтының және тілінің түрлілігін жатқызуға болады. Осыған орай бүгінгі шарамыздың тақырыбын қызықты әрі интеллектуалды бағытта болсын деп таңдап отырмыз.

Кім сапарды жақсы көреді екен? Бүгінде біз сіздермен бірге елдер мен континенттерді аралап, олардың ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндігіміз бар. Бірақ біз бір-бірімізді қалай түсінеміз, себебі әрбірі өз тілінде сөйлейді ғой. Не істейміз? Сіздердің ұсыныстарыңыз бар ма? (Студенттердің жауабы: Ағылшын тілінде сөйлеуіміз керек!).

І-бөлім. Олай болса, біздің бірінші бөлімімізде студенттеріміз өздері таңдаған әрбір ұлттардың тілінде сәлемдесіп, және әрі қарай ағылшын тілінде сол елдің ерекшелігін баяндап береді. Сыныпта жиналған елдердің өкілдері: Келіңіздер, қонақтарымызды шақырамыз, олар қайдан келгендері туралы айтып берсін (50 мин.)

Қазақстан туралы – Амирханова Алтын.

АҚШ туралы – Есенов Арман.

Түркия туралы – Шалелов Асхат.

Қытай туралы – Арыстанова Зарина.

Жапония туралы – Амиров Арлан.

Аргентина туралы – Сарсенова Сауле.

Манғолия туралы – Сариев Мирлан.

Португалия туралы – Салауатов Карим.

Үндістан туралы – Бактыгулова Жансая.

Германия туралы – Бекжан Бекзат.

Австралия туралы – Есенова Айзада.

Мексика туралы – Алдияров Данияр.

Татарстан туралы – Маникова Зарина.

Франция туралы – Жумалиева Акгул, Асылханова Аяна.

Молдова туралы – Максотова Аяулым


Біздің саяхатымыз аяқталды. Біз әртүрлі елдерге барып, жан-жақтан келген достармен әңгімелестік. Бұл қызықты болдыма?

ІІ-бөлім. Тақтаға назар аударамыз. Қазір біз шағын сайыс ретінде тест сұрақтарына жауап беру арқылы әрбір дұрыс жауап берген студентке ұпай ретінде медаль беріледі. Сайыс соңында ұпайы көп студент бағаланады. Сайыстың бірінші бөлімі - 3 мин.

  1. Канада астанасын көрсет?

А.Торонто Б. Оттава В. Ванкувер

  1. Хорватия астанасын көрсет?

А.Загреб Б. Сплинт В. Дубровник

  1. Турция астанасын көрсет?

А. Анкара Б. Анталия В. Стамбул

  1. Албания астанасын көрсет?

А. Дуррес Б. Эльбасан В. Тирана

  1. Ауғаныстан астанасын көрсет?

А. Герат Б. Кундуз В. Кабул

  1. Вьетнам астанасын көрсет?

А. Ханой Б. Дананг В. Хошимин

  1. Нигера астанасын көрсет?

А. Диффа Б. Ниамей В. Зиндер


  1. Перу астанасын көрсет?

А. Куско Б. Трухильо В. Лима

  1. Лаос астанасын көрсет?

А. Луангпхабанг Б. Паске В. Вьентьян

  1. Гренландия астанасын көрсет?

А. Нуук Б. Тасиилак В. Илулиссат

Екінші бөлімі - 2 мин.

  1. Онтүстік Корея астанасын көрсет?

А. Пхеньян Б. Сеул В. Тайбэй

  1. Чад астанасын көрсет?

А. Киншаса Б. Хартум В. Нджамена

  1. ОАР астанасын көрсет?

А. Претория Б. Кейптаун В. Каир

  1. Болгария астанасын көрсет?

А. Братислава Б. София В. Бухарест

  1. Швецария астанасын көрсет?

А. Цюрих Б. Женева В. Берн

  1. Қазақстан астанасын көрсет?

А. Алма-Ата Б. Ташкент В. Астана

  1. БАӘ астанасын көрсет?

А. Дубай Б. Абу-Даби В. Шарджа

  1. Португалия астанасын көрсет?

А. Лиссабон Б. Порту В. Модейра

  1. Австралия астанасын көрсет?

А. Сидней Б. Канберра В. Мельбурн

  1. Уругвай астанасын көрсет?

А. Асунсьон Б. Санта-Мария В. Монтевидео

Бәріңізге рахмет.

ІІІ-бөлім. Енді шағын жеті континент туралы бейнеролигіміз бар.(2 мин.) Тамашалаңыздар.

ІV-бөлім. Келесі ойынымыз – мозайка құрастыру. (3 мин.) Қазір студенттеріміз 4 топқа бөлінеді. Әзірсіздерме?

Бұл ойында бірінші болып құрастырған топқа медальдар беріледі.

V-бөлім. Келесі бейнеойынымыз – Қай елдің туы екенін анықтау. Ол екі бөлімнен тұрады

(5 мин.) Тақтаға назар аударамыз. Дұрыс жауап берген студентке медаль беріліп бағаланады.

Мұғалім: Барлық қатысқан студенттерге, жасаған жұмыстарына және де шарамызды тамашалауға келген ұстаздарға рахметімді айтамын. Осымен бүгінгі шарамыз өз мәресіне жетті.

Сау болыңыздар!








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!