СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

География саба?ында айма?та? экологиялы? компонентті пайдалануды? тиімділігі

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ж?мыста  ?азіргі білім беру ж?йесінде география саба?ында айма?ты? экологиялы?  компоненттерді, атап айт?анда  Шы?ыс ?аза?стан, соны? ішінде Жарма ауданы ??іріндегі жергілікті ерекшеліктерді пайдаланып, о?ушылар?а экологиялы? т?рбие беру жайлы с?з ?оз?алады.

Просмотр содержимого документа
«География саба?ында айма?та? экологиялы? компонентті пайдалануды? тиімділігі»

География сабағында аймақтақ экологиялық компонентті пайдаланудың тиімділігі


Шакаева Гуляим Муратовна

География пәні мұғалімі

Жарма ауданы Қалбатау ауылы

«Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназия» КММ


Андатпа


Бұл жұмыста қазіргі білім беру жүйесінде география сабағында аймақтық экологиялық компоненттерді, атап айтқанда Шығыс Қазақстан, соның ішінде Жарма ауданы өңіріндегі жергілікті ерекшеліктерді пайдаланып, оқушыларға экологиялық тәрбие беру жайлы сөз қозғалады.


Адам - табиғатпен егіз. Адам ауырса, одан табиғатқа келіп-кетер ештеңе жоқ шығар, ал, табиғат ауырса, адам онымен қоса ауырары хақ. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау, оған қамқор болу адамзат баласы үшін маңыздылығын жойған емес. Егер, сіз табиғатқа қамқорлық жасасаңыз, оны табиғат үшін емес өзіңіз үшін, келешек ұрпақ үшін жасалған сауапты іс деп түсінгеніңіз жөн шығар.

Біз - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді.

Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.

Аймақтық экологиялық компонент дегеніміз - мектеп курсындағы пәндердің бағдарламасының мазмұнына Шығыс Қазақстан облысының экологиясына байланысты материалдарды енгізу және оқыту. Оған экологияның өлкеміздің табиғаты, тарихы географиялық жағдайы, тұрғылықты халықтың ұлттық құрамы, ұлы адамдардың өмір жолдары, халықтың тұрмыс-салтына тигізетін әсері жатады.

Жаратылыстану пәндері оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің орталық ядросы болуы тиіс. Әсіресе, география, өсімдіктану, жануартану, тәнтану, химия, физика, тағы басқа пәндердің негізгі идеясы мен мазмұны үздіксіз экологиялық білім берудің біртұтас жұйесі негізінде қалыптасу тиіс.



География сабағында аймақтық экологиялық компонентті оқытудың мақсаттары:

1. Оқушылардың бойында туып өскен жеріне, туған жердің табиғатына, мәдени орындарына, тарихына деген құрметті арттыру.

2. Белгілі адамдарына деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлтжанды патриоттық сезімдерге бай ұрпақ тәрбиелеу.

3. Оқушылардың осы қосымша мәліметтер алуы арқылы танымды біліктіліктерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу.



Аймақ компоненттерінің экологиялық маңызы

Бүгінгі таңда білім беру саласы жеке тұлғаны дамытуға бағыттау, оқыту мазмұнының құрылымына жаңаша қарауды талап етеді. Қазіргі кезде білім берудің негізгі сипаты- оның біртұтастығы, жеке тұлғаның мұқтажын қанағаттандыруға бағытталуы. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын және экологиялық құзіреттілігін қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлі ерекше.

Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін арттыруда аймақтық компоненттерді пайдалану ерекше рөл атқарады. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептерде экологиядан білім мен тәрбие беру үшін өлкетану материалдары кең көлемде қолданылады.

Аймақтық компоненттерді пайдалана отырып экологиялық білім, тәрбие берудің негізгі міндеттері мынадай болуы тиіс:

  • Оқушыларды сезімталдық қасиетке баулу. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап табиғат сұлулығын көріп, тани білуге, яғни экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

  • Оқушылар бойында қоршаған ортаны қорғау және онымен жарасымды қатынас жасауда оның өмірлік көзқарасын қалыптастыру, яғни азаматтық, әдептілік тәрбиесін беру.

  • Әртүрлі өндіріс саласында мектеп бітірушілерге жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарды игеруге болатындай экологиялық білім беру яғни, экологиялық ғылыми білімнің іргетасын қалау.

География сабақтарында аймақтық компоненттерді қолдану арқылы, оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыру. Сол арқылы мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында экологиялық білім, тәрбие құндылықтарын насихаттау. Аймақ компоненттерін сыныптан тыс жұмыстарға кеңінен қолдануға жол ашу (сызба №1).

Аудан орталығын қиып өтіп ағып жатқан Ханым өзені ежелден осы елді мекеннің тіршілік көзі десек артық айтқандық болмайды. Тек тіршілік көзі ғана емес, ауыл көркін келтіріп тұрған өзен. Ең өкініштісі жауапсыз кей азаматтардың кесірінен өзеннің жағасы бүгінгі таңда көң-қоқыс, шыны сауыт сынықтары, тағы сол сияқты қалдықтарға лық толы десекте болады. Тек осы келеңсіз көріністі табиғат өзі жасырып келгенімен, бүгінгі жағдай тіптен ерекше. Өзенді жағалай өскен жасыл желектердің арасы ағынмен ағып келген қоқыстан көрінбейді. Яғни, өзеннің санитарлық жағдайы мүшкіл. Ал, жаздың аптаған ыстығында осы өзенде балаларымыз ойнап, суға түсетінін елестетсең, алдағы ауыл тұрғындарының адамгершілік сезімі қайда деген ой келеді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей полигонын география пәнінен басқа да пәндерде қолданылып тұратыны белгілі, Сынақ алаңының  зардабы. Ресми түрде тіркелген сынақтар саны – 124. Бірақ кейбір мұрағаттық құжаттарға қа­расақ, бұл алдамшы мәлімет сияқты. Шындығында, тек кейінгі жылдарда ғана полигонда 345 жерасты сынағы болғанға ұқсайды. Олар қазіргі Абыралы мен Саржал маңайындағы Дегелең тауының қойнауында терең шахталарда жүргізілген. Полигонда жарылған 600-ден астам сынақтың 467 бомбасының зарядының күші тіпті белгісіз, құпия күйде. Оны жүргізгендер Мәскеу асып кеткен. Бұған қосымша кейбір термоядролық қарулардың сыналғандығы туралы деректер де бар (сызба №2).

География сабақтарында аймақтық экологиялық компоненттерге Семей, Өскемен, Риддер қалаларының экологиясы, аймақтан ағып өтетін Ертіс өзенінің қазіргі кезде әр түрлі заттармен ластануы туралы мәліметтерді қолданамыз.

Шығыс Қазақстан облысы өзінің қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дамуына қарай қоршаған орта жағдайы жөнінен Қазақстанның анағұрлым қолайсыз аймақтарының бірі болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік құқықтық құжатқа сәйкес, ШҚО Қазақстанның алты экологиялық қолайсыз облыстарының қатарына кіреді және қалыптасқан экологиялық мәселелерінің сипаты бойынша экологиялық апат аймағына жатады. Бұған осы жердегі тау-кен, металлургиялық және энергетикалық өнеркәсіптерінің шоғырлануы себепші болып отыр (кесте №1). ШҚО атмосферасының жалпы жағдайы тұрақты (789 кәсіпорын) және жылжымалы көздер шығарындыларының тигізетін әсерімен сипатталады (кесте №2).

ШҚО аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы табиғатты пайдаланушы кәсіпорындармен тиісті жұмысты барлық заң талаптарын, ықпал ету тетіктерін қолдана жүргізіп, ауаны сауықтыруда тәуір көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.

Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша Ертіс өзенінің жер үсті суларының облыс көлеміндегі жағдайы ластану индексі бойынша өзгермей қала беруде. Оның сапасы «таза» (Боран селосы) деңгейден – «қалыпты ластанған» (Өскемен, Семей қалалары) деңгейге дейін өзгереді. Бірақ кез келген уақытта облыстағы су ресурстарын қорғау бойынша қолданылып жатқан шаралардың жеткілікті еместігін айтады.

«Казцинк» АҚ және «Казахмыс» корпорациясы сияқты тау-кен-өндіруші кешендері кәсіпорындарының әсерінде орналасқан Красноярка, Глубочанка және Брекса өзендерінің жағдайы әлі күнге дейін алаңдатушылық тудыруда. Бұл өзендердің суы металдармен ластанған, ол сулар «лас» және «өте лас» деп сипатталады.

География – қоршаған ортадағы табиғаттың құрамдас бөліктерін зерттейтін, оны іс жүзінде пайдалану жолдарын көрсететін ғылым екендігі белгілі. География сабағында оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған жер табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі.

Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескермегендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болды. Ал оны қалпына келтіру жолындағы жұмыста география ғылымының міндеті зор. Себебі, ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласында адам баласына қауіп төндіруде. Адам әрекетінен туындап отырған жаңа "антропогендік ландшафтар”, жер бетінде климаттың жылынуы тіршілік дүниесіне зардабын тигізуде.

Мектептерде экологиялық паспорт жасау, мектепке, оның ғимараты мен территориясын экологиялық бағалау үшін жүргізілетін бірқатар эксперименттікжұмыстарды орындау кезінде алынған мәліметтер, мысалы, ұжымдағып сихологиялық климат, оқушылар, мұғалімдердің денсаулық жағдайлары,мектеп оқушыларымен қоршаған ортаға мониторинг жүргізуге арналған қарапайым құрылғылармен жұмыс жасау, сынып бөлмелерінің ауа сапасы, жарықтың жеткілікті мөлшерде болуын анықтау, т.б. мектептің экологиялық жағдайын анықтап, қорытындылауға мүмкіндік береді және мектептерді экологиялық құжаттандыру жұмыстарының тиімділігін көрсетеді. Сондай-ақ мектеп оқушыларының дұрысбілім алып, денсаулығына жағдай жасау үшін де қажет болады.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. География және табиғат 2004 №6 Дүйсенбаева Н. Адам мен табиғат экологиясы. 56-57 б.

2. Атамекен 2005 10 Қыркүйек М. Ибраев, Әлемдегі ең ашық шашық полигон 2 б.

3. Дидар 2006 11сәуір Табиғатқа таяныш болу міндетіміз.

4. Егемен Қазақстан 12.05.2007. Ж. Аланов

5. http://school45-osk.ucoz.ru

6. http://yandex.ru

7. Бейсенова Ә.С. Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешудегі мамандар даярлаудың қажеттігінің тұжырымдамасы. /Атамекен 2004 № 24/

8. Нұрғазина Қ. Пәнді экологияландыру /Химия мектепте 2010 № 5/




































Қосымша


(кесте №1)


(кесте №2)


(сызба №1)


(сызба №2)


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!