СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен және табиғат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 09.09.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән:Экология

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы:Мен және табиғат

 Мақсаты:

Тәрбиешілік: табиғатқа қамқорлыққа,

сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: табиғат құбылысын эмоционалды, қиялын, фантазиясын дамыту

Оқыту: табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білім беру

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен  қамтамасыз ету:суреттер

Билингвалдық компонент:табиғат-природа

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Просмотр содержимого документа
«Мен және табиғат»

Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 09.09.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән:Экология

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы:Мен және табиғат

Мақсаты:

Тәрбиешілік: табиғатқа қамқорлыққа,

сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: табиғат құбылысын эмоционалды, қиялын, фантазиясын дамыту

Оқыту: табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білім беру

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер

Билингвалдық компонент:табиғат-природа

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері.

Біз достықты сүйетін балалармыз,

Біреулерге іні, біреулерге ағалармыз.

Біз сүйеміз әлемді анамыздай,

Гүлге оранған жайнаған даламыздай.

Мен иесі ғаламның, мекенімнің,

Мен тірегі кішкентай, үлкеніңнің.

Мен болашақ арманы орындалан,

Тосып тұр-ау біздерді байтақ далам.(балалар шеңберге отырады)

Әңгімелесу.

Тәрбиеші:

- Балалар айтыңдаршы біз кімбіз?

Балалар:

-Адамбыз, баламыз, қызбыз, ұлмыз, немереміз, ағамыз, ініміз, қарындаспыз т.с.с.

Тәрбиеші:

-Жақсы. Біз адамбыз, олай болса біздің түріміз қандай?

Балалар:

-Біздің екі көзіміз, екі аяғымыз, екі қолымыз, бір мұрнымыз, бір аузымыз, екі құлағымыз, әдемі шаштарымыз, әдемі тістеріміз бар.

Тәрбиеші:

-Тамаша, қандай сұлусыңдар! Біз қандай планетада өмір сүреміз?

Балалар:

-Жер шарында.

Тәрбиеші:

-Ал жер шарында бізден басқа қандай тірі табиғат иелері бар?

Балалар:

-Жануарлар, құстар, жәндіктер, ағаштар, шөптер т.с.с.

Тәрбиеші:

-Ал қандай өлі табиғат бар?

Балалар:

-Таулар, сулар, аспан, күн, тас т.с.с.

Тәрбиеші:

-Жақсы. Біздер барлығымыз бір жер шарында мекен етеді екенбіз. (үстел басына отырады)

Шығармашылық жұмыс.

«Менің ғажап әлемім» жұмысы. Балалар қима суреттерден өздері өмір сүретін әлемді жапсырады. Тақтаға іледі.

Тәрбиеші:

-Балалар біз адамбыз, ал адамдардың өзге тірі табиғат иелерінен қандай айырмашылығы бар?

Балалар:

-Біз ақылдымыз

Тәрбиеші:

-Балалар, адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Балалар:

Мейірімді, сымбатты, қамқоршыл, жанашыр, сүйкімді, өнерлі, еңбекқор, адал т.с.с.

Тәрбиеші:

-Ал адамдар қандай болмау керек?

Балалар:

-Сұм, қатыгез, мейірімсіз, бұзақы т.с.с.

Әңгімелеу.

Н. Ақышевтің «Табиғаттың бөлшегі» әңгімесі балаларға әңгмеленеді.

Әңгіме бойынша сұрақтар:

- Данияр қандай жерде өмір сүрді?

- Ол неге ауыра берді деп ойлайсыңдар?

-Данияр неге жазылды? (балалардың жауаптары тыңдалады)

«Өзім мен өзім»

Әдемі әуен ойнап тұрады.

Тәрбиеші:

- Балалар менің белгім бойынша көздеріңді жұмасыңдар, біз сендермен аспан әлеміне саяхатқа барамыз. Бір, екі, үш. Міне, біздер аспан әлеміне ұшып келеміз. Бетімізге самал жел еседі. Қандай тамаша! Алыстағы жұлдыздар жымың қағады, олар түрлі түсті және сондай әдемі. Сендер бірің жұлдызды, бірің айды, енді бірің күнді ұстап жатырсыңдар. Біздің қайтатын уақытымыз жақындады. Менің белгім бойынша барлығымыз ораламыз. Бір, екі, үш көздерімізді ашамыз. Ал балалар мен сендерге парақтар беремін, сендер сол парақтарға аспан әлемінде нені ұстап көргендеріңді суретке салыңдар. Балалардың суреттерінен көрме жасалады.  

Ойын. «Егерде мен ...»

Балаларға түрлі табиғат бөлшектерінің суреттері таратылады. Әр бала өзіне келген сурет бойынша, егер ол сол табиғат иесі болса қандай жақсылықтар жасайтынын айтып беред. Мысалы: егер мен құрт болсам, ағаштардың жапырақтарын жемес едім. т.с.с.

Қорытындылау.

Тәрбиеші балалармен бүгін сабақта не туралы айтқандарын естеріне түсіреді.Қайталайды.



















Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 09.09.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Драма

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: «Сен ертегі тыңдағанды ұнатасың ба?»

Мақсаттары:

Тәрбиешілік: ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: ертегіні мәнерлеп талдау, қызығушылықтарын арттыру

Оқыту: Ертегіні еске түсіріп, сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беруді үйрету.

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер

Билингвалдық компонент:ертегі-сказка,кейіпкер-главный герой

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Сәлеметсіздерме балалар .

-Шаттық шеңбері.

-Жарайсыңдар балалар.


-Балалар шаттық шеңберіне тұрып орындайды..

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Балалар сендер осы уақытқа дейін көптеген ертегілермен, әңгімелермен таныстыңдар .


-Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер.

-Суретпен жұмыс.

-Балалар суретте қандай ертегі берілгенін айтады.

-Жарайсыңдар балалар сендер көптеген ертегілерді біледі екенсіедер.

-Билингвальды компонент:ертегі-сказка.

-Балалар сендер мына ертегілердің қалай аталатынын білесіңдерме.


-Олай болса осы ертегілер желісімен мен сендерге қызықты ертегі оқып берейін.

«Ерте, ерте, ертеде»

-Ерте,ерте, ертеде әрқашан жақсылық жасап жүретін, байларды айлакер қулығымен алдап, кедейлерге көмектесетін Алдар көсе бір күні орманда әндетіп келе жатады.Келе жатқан кезде алыстан кетіп бара жатқан аттылы адамды көреді.Айдалада адасып жүрген кім екен деп Алдар көсе білмек болып аттылы адамды қуып жетпекке асығады.

Сөйтіп қуып жетеді де , жөн сұрасады.

-Жалғыз өзің сонша асығып қайда жол тарттың- дейді,Алдар көсе.

-Мен Ерназар деген бадың баласымын .Атым Ертөстік.Менің 8 ағаларым болыпты болыпты.Сол ағаларымды іздеуге кетіп бара жатырмын.Бірақ қайда екенін білмеймін-деп мұңын шағады.

Алдар көсе:

Уайымдама мен саған көмектесемін.Бірге іздеуге шығамыз –дейді.

Осылайша Алдар көсемен Ертөстік бірге жолға шығады.

Келе жатып алдарынан бір үлкен бәйтеректің төбесінде отырған бір баланы көреді.

-Ал бәйтеректің түбінде мыстан кемпірді көреді.Балаға қауіп төніп тұрғанын сезген екеуі жоспар құра бастайды.Мыстан кемпірден баланы қалай құтқарып аламыз-деп.

-Алдар көсе мыстан кемпірді алдамақ ниетте қасына жақындайды.Амандасып жағдайын сұрайды.Сөйтіп мыстан кемпірге сіздің қызыңыз барғой , соны сай ішінде иттер талап жатыр.Қызыңызға көмек қажет сияқты- депалдайды.Шынында мыстан кемпірдің қызы бар екен.Мұны естіп сайға қарай тұра жүгіреді.

-Сол сәтті пайдаланып Ер төстік пен Алдар көсе баланы төменге түсіріп алады.Осылайша мыстан кемпірден құтылған бала Алдар көсемен Ертөстікке алғысын айтады.Солай Алдар көсемен Ертөстік жолға шығады. Жолда келе жатқан кезде алдарынан Қаңбақ шал шығады.Біресе әрі қарай жүгіріп,біресе бері қарай жүгіріп қайда қонарын білмей жүреді.

-Бір білсе Қаңбақ шал білер,біраз жерді шарлады ғой –депАлдар көсе Қаңбақ шалдан жөн сұрайды.Жағдайды түсіндіріп Ерназар деген байдың 8 баласын іздеп жүргенін айтады .Оларды көрдің бе- деп сұрайды.

Қаңбақ шал оларды көргенін , танитынын,және жақын жердегі ауылда тұратындарын айтады.Қуанып кеткен екеуі ауылға жол тартады.Екеуі ауылға келсе ол ауылда ас беріліп жатыр екен.Бір киіз үйге ет тартылып жатқанын көреді және Ерназардың сегізіне тарт деген дауысты естиді де киіз үйге кіріп өздерін таныстырып ,Ертөстік ағаларымен қауышады.Олардың адасып кеткенін , қазір үйір-үйір төрт түлік малдары бар екекнін айтады, және өз елдеріне қарай аттанады.Алдар көсеге алғысын жаудырып бір үйір жылқы сыйға тартады.Алдар көседе өз еліне қайтып кедейлерге жылқыларын таратып береді.

Қорытынды

-Балалар ертегіде қандай кейіпкерлер бар екен?


-Балалар сендерге ертегі ұнадыма?





























Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.09.2018 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән:Сөйлемді дамыту

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта »

Тақырыбы: Мені қоршаған орта

Мақсаты:

-Тәрбиелік: табиғатқа қамқорлыққа,

сүйіспеншілікке тәрбиелеу

-Дамытушылық: : табиғат құбылысын эмоционалды, қиялын, фантазиясын дамыту

-Оқыту: табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білім беру

Педагогикалық технологиялар:денсаулық,дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,

Билингвалдық компонент:табиғат природа,

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Ал,қанекей балалар,

Ортаға жиналындар

II. Негізгі бөлім:

Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жұмбақ шешімін таба отырып,суреттердің арасынан күз мезгілінің суретін табамыз.Егер тапсақ сиқырлы қақпа ашылады.

Жұмбақ:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.(күн)

Тауда өсер,таста өсер,

Көктем менен жазда өсер.

Қыста өшер.(шөп)

Балалар жұмбақтың жауабын шешіп,күз суретін табады.Мінекей балалар «Табиғат ана»ризашылы ғын білдіріп,бізге қола қақпада ашылды.Қола қақпа ішінде бізге ашық хат берілген.Ашып көрейік.Бізге сұрақ жауап берілген.Жауап берсек «күміс қақпа ашылады.

Балалар табиғат екіге бөлінеді.Тірі табиғат және өлі табиғат.Осы топ ішіндегі өлі табиғат ,тірі табиғатты атап шығындар?(балалардың жауабы).Мінекей «күміс қақпада»ашылды.Балалар қараңдаршы «күміс қақпа» ішінде өлі табиғат берілген.Енді өлі табиғатға тәжірибе жасап көрейік.

Алдарындағы суды ішіп көріңдер.Судың дәмі бар ма?(жоқ),иісі бар ма?(жоқ),түсі бар ма?(жоқ,мөлдір)

Енді стақандағы суға қант түйіршігін салып көрейік.Қант қандай күйге енеді?ериді.

Келесі стақанға құм салып көрейік.Құм ериді ме?Құм стақан түбінде шөгіп қалады,ерімейді.Міне кей балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат ана ризашылығын білдіріп бізге «алтын қақпа»ашты.

Сергіту сәті:Өзен болып гүрілдейміз,

Теңіз болып толқимыз.

Бұлақ болып бұрқылдаймыз,

Ешқашанда сарқылмаймыз.

Тақтадағы суретге назар аудару.Бұтағын сындырған ағаш.Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?осылай жасауға бола ма?(балалардың жауабы)толықтыру

Қорытынды:

Бәріміз дос бауырмыз,

Ажырамас іргеміз.

Қиындыққа мойымай

Сау болыңыз дейміз біз!



Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.09.2018 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән:Құрастыру

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта »

Тақырыбы: Мені қоршаған орта

Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету.
Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам, слайд.
Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.
Билингвальды компонент: машина - машина - car, ұшақ - самолет - plane, пойыз - поезд - train, қайық - лодка - boat, көлік - транспорт.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастырушы - ізденуші
Рефлексивтік - түзетуші

- Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма?

- Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетімізді бастайық.

Жылулық шеңбер
- Сәлем, саған алтын күн!
- Сәлем, саған көк аспан!
- Сәлем, саған жер ана!
- Сәлем, саған достарым!
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар.

- Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.

- Көлік дегеніміз не?
- Ол адамға неге қажет?
- Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен келесіңдер?
- Ал енді, мен жұмбақ жасырамын.

Жұмбақтар

1. Тізбектелген көп үйлер,
Көшіп жүрген көк үйлер.

2. Құс сияқты құс емес,
Жүрсе де тым биікте.
Қақпайды бір қанатын
Жүрсе де тым биікте

3. Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі.

4. Жүргізуші жүргізеді,
Төрт аяқты батырды.

- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы. Көліктердің қандай түрлері болады?

Әңгіме: «Көліктер».

Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас жасау үшін пайдаланады. Көліктердің төрт түрлері бар. Олар:

1. Әуеде ұшатын көліктер:
2. Суда жүзетін көліктер:
3. Жерде жүретін көліктер:
4. Темір жол көліктер:

Ал енді, балалар, осы көліктерді танысайық.

Ерте, ерте, ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: пойыз, трамвайды ойлап апқан.

- Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме? Міне, адамдар түрлі жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.
- Балалар, сендер суда жүзіп көрдіңдер ме?
- Ал қайықпен ше?
- Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер арқылы жүзіп өткен. Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.
- Ал енді, балалар, сергіту сәтін жасап бір сергіп алайық.

Сергіту сәті
Дидактикалық ойын:
«Бағдаршам» ойыны
Көшедегі қимыл - қозғалысты реттеу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
- Бағдаршам туралы кім тақпақ біледі?
- Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?
- Ал, машина туралы тақпақты кім айтады?

Ойын шарты: Бір бала - «Бағдаршам» болып тұрады. Ол қызыл түсті көтергенде, балалар бір адым артқа, сары түсі көтергенде орындарында тапжылмай тұрады. Жасыл түсі көтергенде, бір адым алға жылжиды.

Көліктердің түрлерін ажырата білу. Слайд арқылы көрсетіледі.
- Балалар, жедел жәрдем көлігі кімдерге қызмет етеді.
- Жол полициясы қандай қызмет атқарады?
- Өрт сөндіретін машина қандай қызмет көрсетеді?
- Автобус, пойыз, ұшақ не үшін керек?
- Дұрыс айтасыңдар, машина жүргізетін адамды кім деп атауға болады?
- Пойызды жүргізетін адамды кім деп айтамыз?
- Ұшақты кім басқарады?

Жарайсыңдар балалар.
Ал енді, балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетімізді құрастыру сабағымен жалғастырайық. Топтағы балаларды

4 - топқа бөлемін.
1 – топ «Теңізшілер» тобы.
2 - топ «Теміржолшылар» тобы.
3 - топ «Ұшқыштар» тобы.
4 - топ «Жүргізушілер» тобы

«Көлік құрастыру».
Қиылған дайын көлік суреттерін үлгіге қарап, құрастырады.
Қорытынды:
- Көліктің қандай түрлері болады?
- Адамға көлік не үшін қажет?
- Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?
- Не құрастырдыңдар, балалар?




































Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 19.09.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау »

Тақырыбы: Сөз буын дыбыс (Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш Ы.Алтынсарин)

Мақсаттары:

Тәрбиешілік: Топпен жұмыс істеуге ,ұқыптылыққа әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың сөз,сөйлем , буын туралы ойларын қалыптастыру.

Оқыту: Сөйлем құрастырып оны талдай білуге дағдыландыру

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Сөздерді буынға бөліп үйрену.

Билингвалдық компонент: қарлығаш-ласточка,ата-дедушка,өрмекші-паук,құмырсқа-муравей.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалар,бізге қонаққа атай келді.

Топқа ата мен бала кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен ұзақ жол жүріп келдім.Өзіммен бірге сендерге бір қызықты әңгіме ала келдім.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар келген қонаққа қарап амандасады.

-Сәлеметсіз бе,ата.

Негізгі бөлім:

-Балалар,атай бізге Ы.Алтынсариннің «Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» деген әңгімесін алып келіпті.

Ы.Алтынсарин-қазақ ағартушысы,ақын,жазушы.Ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып,балаларды білімге шақырып ұстаздық еткен дара тұлға.

Сендер алғаш мектепке барғанда ол кісінің «Кел,балалар,оқылық!» атты өлеңімен танысасыңдар.Балаларға арналған «Әке мен бала», «Екі дос», «Аурудан аяған күштірек», «Бұл кім?», «Өнер білім бар жұртта» деген шығармалары бар.



«Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» әңгімесін оқып береді.

Атасы мен баласы далада келе жатып,атасы баласынан сұрайды:

-Анау өрмекшіні көрдіңбе?

Бала:

-Көрдім,өрмек тоқып жүр.

Ата:

-Анау құмырсқаны көрдіңбе?

Бала:

-Көрдім,аузында нанның ұнтағы бар,кетіп барады.

Ата:

-Жоғары қара,аспанда не көрінеді?

Бала:

-Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр,аузында тістеген шөбі бар-дейді.

Сонда атасы былай дейді:

-Олай болса,шырағым,сол кішкентай жәндіктер -саған үлгі.Өрмекші маса мен шыбынды тұзақ құрып ұстаған соң өзіне азық етеді.Құмырсқа балаларына тамақ алып бара жатыр.Қарлығаш балапандарына ұя салу үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ.

Сенде жұмыс істеуге әдеттенулерің керек.



-Балалар,әңгіме сендерге ұнадыма?



-Әңгімеде не туралы айтылған?

-Әңгімедегі кейіпкерлер қандай екен?



-Балалар,сендер буынға бөле аласыңдар.Әңгімедегі өрмекші,құмырсқа,қарлығаш сөздерін буынға бөліңдерші?

-Неше буыннан тұрады?

-Ия дұрыс айтасыңдар.

Бір дауысты дыбыс бір буынды құрайды.

Ата,бала,құмырсқа,өрмекші,қарлығаш дегеннің бәрі-сөздер.

Сөз –буыннан тұрады.

Сергіту сәті: «Торғай»

Орнымыздан тұрайық,

Торғай болып ұшайық,

Бір отырып,бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық

Мақал-мәтел жаттау.

1.Еңбек-адамның екінші анасы.

2.Еріншек түске дейін ұйықтайды.

3.Жалқаулық-жаман ауру.

ІІІ. Қорытынды:

Балаларды мақтау, мадақтау. Оқу қызметіне қатысқан баларды мақтау.













































Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 19.09.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау »

Тақырыбы: «Ұлттық ойын»

Мақсаты: қоларба туралы мағлұмат беру. Қоларбаны мүсіндеу тәсілімен таныстыру, ермексазды илеу, домалақтау, созу, пішінге келтіру тәсілдерін жетілдіру.Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: арбаның суреті, ермексаз, тақтайша, сулық.

Сөздік жұмыс: шебер

Билингвальды компонент: арба-телега-cart


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Шаттық шеңбер.

Қайырлы таң, көгім менің!

Қайырлы таң, күнім менің!

Қайырлы таң, бақшам менің!

Қайырлы таң, досым менің!


Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылулық, жақсы көңіл-күй сыйлайды.



Ұйымдастыру-іздестіру



-Арба әртүрлі болады: атқа жегетін арба, қоларба, ойыншақ арба.

-Атқа жегетін арбаны жүкті, шөпті тасу үшін пайдаланады.

-Қоларбаны жеңілдеу заттарды тасу үшін керек.

-Ойыншық арбамен не тасимыз?



-Балалар, біз бүгін арбаның пішінін мүсіндейміз.

-Арбаны жасау үшін ермексаздың үлкен кесегін алақан арасына салып, домалақтап аламыз. Домалақ ермексаздың ішін шұңқырлаймыз.

Бұл арбаның құм салатын бөлігі болады. Тегермеш жасау үшін ермексазды алақанға салып ширатамыз. Оны иіп, арбаның екі шетіне біріктіреміз. Дөңгелегін жасаймыз.


Сергіту сәті.

Жүрісіңнен жаңылма,

Жылдамырақ адымда.

Шапалақта алақан,

Тездет енді, балақан.


Арбаны мүсіндеуді сұрайды.


-Ойыншық арбамен біз құм тасимыз.


Қайталайды.


Балалар мүсіндеу ретімен танысады.



Үлгіні басшылыққа ала отырып және тәрбиешінің түсіндіруі бойынша арбаны мүсіндейді.



Балалар сөздерін айтып, қимылын келтіреді.



Балалар мүсіндеуге кіріседі.


Балалар қайталайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Жақсы жасаған баланы мадақтайды.

Көрме ұйымдастырады.

Балалар қуанады.


Қорытынды

Тәрбиеші балалардың жұмыстарың қабылдап ,мадақтайды

















Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 23.09.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән: Қоршаған орта мен танысу

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: Адам, табиғат және денсаулық

Мақсаттары:

Тәрбиешілік: Балаларды елін,жерін сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Табиғатты қорғау экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.
Оқыту: Табиғаттың адам өміріңдегі маңызын түсіндіру

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,үлестірмелі материалдар

Билингвалдық компонент:Адам-человек,табиғат-природа

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балаларға слайд бойынша тақырыпты түсіндіру

II. Негізгі бөлім:

Балаларға тақырып бойынша суреттер ұсыну.

Суретпен жұмыс жүргізу.

Табиғат

Адам

Байланыс

суреттерімен жұмыс жасау.Түсініктерін арттыру үшін

Сергіту сәті:


Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бес саусақға бес саусақ,

Болады ғой оң саусақ.


Ойын: «Орнын тап».

Әрбағытта әртүрлі тапсырмаларды орындау. Табиғат деген не?Адам мен табиғатта қандай байланыс бар


Үлестірмелі материалмен балалар жұмыс жасайды.

(Балалардан жеке жеке сұрау)


Д\О«Сиқырлы дорба»Ішіндегі заттардың айырмашылықтарын айту.


Қорытынды:



Балаларды сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтап өту.









Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 23.09.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Драма

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: : «Ақ бота»

Мақсаттары:

Тәрбиешілік: жаңа сөздіктер енгізе отырып,сөйлеу мәдениетін дамыту

Дамытушылық: Сөйлемдерді бастап айтып, аяқтауға мүмкіндік беру арқылы балалардың ойлауға, қиялдауға жетелеу, сөздік қорларын дамыту

Оқыту: әңгіменің мазмұнын меңгеріп, олардың түсініктерін қамтамасыз етуге үйрету

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,қызыл телпек,түлкі,қасқыр,әже

Билингвалдық компонент:ертегі сказка,қызыл телпек красная шапочка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз біз ақ таңның,

Қуанышын шаттығын

Қайырлы таң,қайырлы күн!

II. Негізгі бөлім:


Балалар,ерте,ерте,ертеде деп не басталады?

Сендер көп ертегі білесіндер ме?.

Мен сендерге «Дос іздеген бота» ертегісін оқып берейін:

«Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейрімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота ақылды болып өседі. Бір күні анасы:

-Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес,-дейді.

Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады. Жайылып жүрген құлынды көріп:

-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін деп бота боздайды.

-Иһ-һ-һи, кел екеуміз дос болайық,-деп құлын кісінейді.

-Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп.

-Мүмкін бұзау болар,-деп құлын ботаны шығарып салады.

Сөйтіп бота боздап: бұзауға,қодыққа, қозыға, күшікке, мысыққа әтешке, қарғаға, бақаға, аяғында араға келеді.- деп боздайды.

Бота араға келіп:

-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

-З-з-з-зз,-кел, екеуміз дос болайық,- деп ара ызылдап қуа жөнеледі.

Бота арадан зорға қашып құтылады.

Басы салбырап, шаршап бота өз анасына келеді.

Анасы:

-Дос таптың ба?-деп сұрайды.

-Жоқ анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен,- дейді.

Анасы жымиып:

-Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқам, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек, - деді.

Бота қуанып , адал достары құлынды, бұзауды, қодықты, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келеді. Ал араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен»

Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтар:

- Ертегі ұнады ма?

- Түйе ботаны қалай тәрбиеледі?

- Бота өзіне не іздеді?

- Ол өзіне қандай достар тапты?


Араны неге дос қылмады.



Сергіту сәті:

Көбелекке ұқсап-ақ,

Ұшайықшы бәріміз.

Оңға қарай бір ұшып,

Солға қарай бір ұшып,

Шарлайықшы жер шарын.

Дидактикалық ойын: «Бұл қай ертегі?»

Мақсаты: ертегі кейіпкерлерін танып, ажырата білуге үйрету. Есте сақтау қабілетін дамыту.

Ертегіні рөлдерге бөлініп ойнауды ұсынады.

Ертегідегі Бота сендермен де дос болғысы келетінін, достық туралы өлеңді бірге жаттауды ұсынады.

Дос дегенім жүрегім,

Доссыз қалай жүремін.

Доспен өмір тамаша,

Соны жақсы білемін.

.Қорытынды:


Балалар сұрақтарға жауап береді:

-ертегі ұнадыдеп айтады

- Мейрімділікке, адалдыққа ұйретеді


Жақсы қатысқан балаларды мақтап,мадақтау





























Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 25.09.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Біз енбекқор баламыз»

Тақырыбы: : «Еріншек егінші мен енбекқор құмырсқа»

Мақсаттары:

Тәрбиелеу: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу

Дамыту:Сөздік қорларына мән беріп, сауатты сөйлеуге, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Оқыту: Өз ойларын толық жеткізе білу

Сөздік жұмыс: бидай, алқап, қауыз.
Керекті заттар: дәнді дақылдардың суреті
Әдіс тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын. 
Блингвалды компонент: бидай - пшеница
егін - уражай 
еңбек - труд 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі

Нан адал ас
Нан ардақты адал ас,
Кәрі жас одан аттамас.
Нандай жоққой асыл дән,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарқаннан нан кетсе, 
Береке кетер асыңнан.
Трәләләм,трәләләм,
Майға піскен қара нан.
Қарыным ашты дедімбе.
Қара нанды жедімбе,

II. Негізгі бөлім:
Жыл мезгіліне тоқталу 
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде нелер піседі?
Күз мезгілінде дәнді дақылдарда піседі екен.
Ендеше балалар Өтебай Тұрманжанов атамыздың Еріншек егіншімен еңбекқор құмырсқа бүгін танысамыз, мұқият тыңдап отырыңдар.Ертегі үн таспада қойылады және сурет көрсетіледі.
Бір егінші егістікке егін егіпті, өзі еккен егініне қарамай қыдырып жүре беріпті, күз мезгілі аяқталып, қар жауып, қыс түсетіні есіне түсіп: Еккен бидайым, егінім пісіп тұрған шығар жинап алайын деп, егістікке келеді. Келсе, алақандай аз масақтың әр басында бір торғай қонып отыр. Торғайдың шоқып, желдің шайқап төккен дәндерін еңбекқор құмырсқалар да жинап үлгірген екен. Бидайдың басына бос қуыс қалған қауыздан басқа түк те жоқ. Жерге түскен бидай дәндерін еңбекқор құмырсқалар қыс қамын ойлап, өзінің илеуіне асыға тасып бара жатыр. Сонда жалқау егінші құмырсқаға қарап:
- Жапрайды, құмырсқалар, жинап алған екенсіздер, жылы қамбаға салған екенсіздер. Ендігі жылы тұқым керек болса, келіп алармын, - деп атына мініпті де, шу деп жүріп кетіпті.
Сөйтіп, жалқау егінші еккен егінін күтпей, қарамай жүргенде піскен егінді еңбекқор құмырсқалар өз илеулеріне тасып алыпты.
- Ертегіде егінді қайда егіпті?
-Жалқау егінші өзі не істеп жүріпті?
-Жерге түскен дәндерін қайда әкетіпті?
-Егінші қандай екен?
- Ал құмырсқалар қандай?
-Ал енді балалар мына тақтадағы суретке қараңдар. Егін алқабындағы егістікте өсіп тұрған бидайдың суреті көрсетіледі.
- Бұл ненің суреті?
- Қандай дәнді дақылдар деп ойлайсыңдар? 
Бидайдың дәндері жерге түсіп қалған кезде бос қалған қуысты біз қауыз деп атаймыз.
- Күз мезгілінде егістіктің суреті көрсетіледі.
Күз мезгілі кезінде біз астықтарды қамбада сақтаймыз.
Нана қоқымын шашпаңдар, 
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп, теріп қатсерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Не қайда өседі?
Шарты: Балалар көкөністерді қара топыраққа, ал жемістерді ағашқа орналастырады.
Ал балалар күріш, бидай, тары туралы кім мақал мәтел біледі.
Дәнді дақылдарға байланысты кім жұмбақ біледі?
Жарайсыңдар балалар жақсы жауап бердіңдер.
Бидай - пшеница, қауыз - шелуха, егін урожай, балалар тәрбиешімен бірге қайталап айтады.
- Балалар біз қандай ертегіні есімізге түсірдіке?
- Ертегі барысында еріншек егіншімен 
Не жоқ?
- Тәрбиеші тақтаға дәнді дақылдар суретін іледі. Балалар көзін жұмған кезде бір суретті алып тастайды. 
Суретпен жұмыс, дәнді дақылдардың суретін қорша.

Еңбекқор құмырысқамен еріншек егіншінің қайсысы болғың келеді?
- Неліктен сен құмырсқа болғың келеді?

ІІІ Қорытынды
- Сонымен балалар біз көптеген дәнді дақылдарды білдік, сол дәнді дақылдарды атап айтыңдаршы?
- құмырсқалар бидайды қайда тасып әкетті?
Балалар қолдарын ұстап бір-бірімен жылы жүзбен амандасып шеңбер бойында тұрады.










































Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 27.09.2018 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К

Білім беру саласы: «Әлеумет» «Шығармашылық

Пән:Жаратылыстану,Аппликация

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: Баубақшаға саяхат.Гүл жамылған дала.

Мақсаты:

Тәрбиешілік: Балалардың эстетикалық, талғамдық қабілетін дамыту. Түстерді сезіне білуді, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу

Дамытушылық: Гүлдейтін жеміс ағаштармен таныстыру. Балалардың көркемдік талғамын, белсенділігін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа дағдыландыру
Оқыту: Ағаштардың өсуіне байланысты жағдайларды аңықтауды үйрету. : Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын айтуын, оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Әдемілікті сезіне білуге, көктемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,

Билингвалдық компонент:табиғат -природа,ағаш-дерево,гүл-цветы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Ал,қанекей балалар,

Ортаға жиналындар

II. Негізгі бөлім:

Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жұмбақ шешімін таба отырып,суреттердің арасынан күз мезгілінің суретін табамыз.Егер тапсақ сиқырлы қақпа ашылады.

Жұмбақ:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.(күн)

Тауда өсер,таста өсер,

Көктем менен жазда өсер.

Қыста өшер.(шөп)

Балалар,күн,шөп оның барі қайда болады?Дүрыс айтасындар далада ,табиғатта болады.

Балаларға слайд арқылы Біздің еліміздің табиғатын көрсету,өсетің ағаштарды,гүлдерді көрсету.

Балалар,біздің елімізде арқашан осындай әсем табиғат болсын,жанжақта көп болып ағаштар,гүлдер өссін.


Сергіту сәті:Балалар экранға қарап «Көңілді күн» атты музыкамен сергіту сәтін жасайды.


Ал енді барлығымыз осындай біздің далада өсетін гүлдерді жасаймыз(Балаларға гүл қалай жасау керек екенің көрсету)


Қорытынды:

Балалар,біз бүгін не туралы әңгіме жасадық?

Слайд бойынша не көрдік?

Біз сендермен не жасадық?

Балаларды мақтап жұмыстарын қабылдау.



Ересек «БАЛБӨБЕК» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 01.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән:ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»

Тақырыбы:Енді енсіз

Мақсаты:

-Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу

-Дамытушылық: Бірдей және әртүрлі енді заттардың ұқсастығын және айырмашылығын таба алу дағдыларын қалыптастыру.

-Оқыту: Балаларды заттың енін салыстыруға үйрету. 2-ге дейін санауды бекіту және заттардың санын сан белгісімен белгілеу.

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,үлестірмелі материалдар

Билингвалдық компонент:салыстыру сравнивать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Кьюзенер таяқшалар мен жұмыс, балалар салыстырып сипаттайды.( Тақтайшалардың қалың – жұқа екенің салыстырды.)


II. Негізгі бөлім:

Балаларға тақырып бойынша суреттер ұсыну.

Суретпен жұмыс жүргізу.

Жуан-жіңішке,

қалың-жұқа,

ұғымдар жайында

жуан-ағаш;

жіңішке-ағаш;

қалың-кітап;

жұқа-кітап; суреттерімен жұмыс жасау.Түсініктерін арттыру үшін


Ойын: «Орнын тап».

Әрбағытта әртүрлі тапсырмаларды орындау. Заттардың жуан, қалың екендерін салыстыру.


Сергіту сәті:


Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бес саусақға бес саусақ,

Болады ғой оң саусақ.


Үлестірмелі материалмен балалар жұмыс жасайды.

(Балалардан жеке жеке сұрау)



Қорытынды:



Д\О«Сиқырлы дорба»Ішіндегі заттардың айырмашылықтарын айту.

Балаларды сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтап өту.


Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 03.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»

Тақырыбы: Бауырсақ

Мақсаты:

Тәрбиелік: Нанды қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Мүсіндеу әдіс - тәсілдерін пайдалану арқылы алақан арасына салып дөңгелектеп алуға дамыту.

Оқыту:тұзды қамырдан бауырсақтың қалай жасалатынын түсіндіру.


Педагогикалық технологиялар:денсаулық,дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,инеративтік тақта,озвучка

Билингвалдық компонент:ата-дедушка,әже-бабушка,бауырсақ-колобок,аңдар-лесные животные

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Ал,қанекей балалар,

Ортаға жиналындар

II. Негізгі бөлім:

Балалар назарларын интеративтік тахтаға аударады(бауырсақ терезеден түсіп домаланып кетеді)( озвучка)

Балалар қызығушылығын арттырып тахтаға мұқият қарайды

Балалар,сендер қандай дауысты естіп тұрсындар ?

Балаларға әжемен атаның дауысы естіледі(видео-озвучка)



Әжемен атаның дауысы.

Балалар ,сендер кейіпкерлерді таныдыңдарма?

Балалардың жауабы:

-Ата мен әже «Бауырсақ» ертегіден.

Балалар,ата мен әже бізден қандай көмек сұрап түр?

-Ата мен әже бауырсақты табуын сүрайды.

Ия ,көмектесеміз ,деп жауап береді

Бауырсақ қайда домаланып кетті екен?

Балалар,ең алдымен ертегіде бауырсақ нені кездестіреді?

Міне,қоян шықты алдымыздан.(озвучка)

-Қоян :Балаларға тапсырма береді

Балалар қоян туралы әңгіме айтып береді

Содан кейін аю ,қасқыр туралы әңгіме айтады

Алдарынан түлкі шығады,балалар түлкіден бауырсақты сұрайды

Мен жана ғана бауырсақты жеп қойдым,менде ұн бар,ал бауырсақ пісіре Тәрбиеші:Балалар мұқият ұнға қарайық,қолымызбен үстап көрейік,өздерінің сезімдерін маған айтындаршы.

алмаймын,сендерге берейін,әже пісіріп берсін.(озвучка)

Ұнның түсі ақ,жұмсақ,қантқа ұқсайды,исі жоқ.,қолға жабыспайды

Сендердің аналарың,әжелерің осы ұннан нан пісіреді,бауырсақ пісіреді, ұнды тастауға болмайды.Балалар енді бұл ұнды әжеге апарып берейік.

Балалар ұнды қолымен ұстап жауап береді:

-Түсі ақ,өзі жұмсақ,таза,қантқа ұқсайды,бірақ қант ұннан ірілеу.

Балалар әжеге ұнды апарып береді.

Әже(видео озвучка мультфильмнен):жақсы болды ғой балалар,рахмет сендерге,осы ұннан мен қазір бауырсақ пісіріп беремін,ал сендерге бауырсақ пісіріп берейін

Әже бауырсақ пісіргенше балалар ортаға шығып (музыкамен):

Сергіту сәті:Көңілді күн

Балалар,енді үстел басына барып барлығымыз әжемен атаға мынау түлкі берген қамырдан бауырсақ асап берейік.Балалар қуана қамырдан бауырсақ асайды.

Қорытынды:

Балалар,біз бүгін не істедік?

Біз бүгін әжемен атаға бауырсақты табуға көмектестік

Нені кездестірдік?



Бауырсақты таптық па?


Балалардың толық жжауаптары.




Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 07.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән:Экология негіздері

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы: : «Табиғатты қорғау – тазалықты сақтау»

Мақсаты:

-Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып,қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу

-Дамытушылық: : Табиғат туралы мағлұматтар беру,ой-өрістерін дамыту

-Оқыту: Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер

Билингвалдық компонент:табиғат природа,табиғатты қорғау охрана природы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жайнай түссін даламыз,

Жайнай түссін қаламыз,

Қайырлы таң,балалар!

II. Негізгі бөлім:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінің қандай айлары бар?

Қазір күздің қай айы?

Таңертең оянғанда ең бірінші нені көреміз?

Күн бізге не береді?

Балалар бізді қоршаған орта табиғат деп аталады.Табиғат екіге бөлінеді.

1.Тірі табиғат

2.Өлі табиғат

Кәне бәріміз тақтаға қарайық.Балалар табиғатты қорғау керек.Табиғатты қорғау дегеніміз ол тазалықты сақтау.Ауаны ластамау,қағаз,қалдықтарды жерге тастамау,суға лас,улы заттарды төкпеу керек.


Сергіту сәті:

Алдымнан жел еседі,

Тербеледі ағаштар.

Кіп кішкентай ағаштар,

Үп үлкен боп өседі.


Д.о: «Өлі,тірі табиғат»(балалар үстел үстінен суретті алып қай табиғатға жататынын айту)

Қорытынды:

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.


Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 07.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Драма

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы: : «Қызыл телпектің саяхаты» Ертегі (сахналау)

Мақсаты:

-Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, ұғымпаз, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

-Дамытушылық: : Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, жұмбақтар шешу арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

-Оқыту: :«Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша алған білімдерін кеңейту. Ертегілер еліне саяхатқа шығуын елестету

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,қызыл телпек,түлкі,қасқыр,әже

Билингвалдық компонент:ертегі сказка,қызыл телпек красная шапочка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз біз ақ таңның,

Қуанышын шаттығын

Қайырлы таң,қайырлы күн!

II. Негізгі бөлім:

Балалар,сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?Қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар,мен қазір сендер ертегіні қаншалықты жақсы білетіндеріңді тексеремін.Ертегілер дің үзіндісін оқимын,ал сендер ол қай ертегінің үзіндісі екенін айту керексіңдер.

(Қызыл телпек кіреді.)

Қызыл телпек:Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сендер қандай әдемісіңдер.

Тәрбиеші:міне қызық балалар,жаңа ғана ертегілер туралы айтып едік.Ал мына әдемі қыз қай ертегінің кейіпкері?(балалардың жауабы)

Қызыл телпек:Балалар мен әжемнің үйіне қонаққа бара жатырмын.Сендер менімен барасыңдар ма?

Тәрбиеші:Ал енді жолға аттанайық.Балалар жолда абай болыңдар.Өлең айту.

Шалшық сумен жүреміз шолп,шолп,

Тастарменен жүреміз тарс,тарс.

Жасыл шөппен жүреміз сырт,сырт,

Жолдарменен жүреміз топ,топ.

Тәрбиеші:балалар орманға да жақындап қалған сияқтымыз.Міне орманға да келдік.Қараң даршы орманда құстар сайрап,гүлдер жайнап,көбелектер ұшып жүр.Орманда қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар?

Міне керемет,мына ағаш сиқырлы екен.Гүлдері де сиқырлы екен алып көрейікші.Ой бала лар мына гүлде жұмбақ жасырылған екен.Кәне жұмбақ шешейік:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.(күн)

Тарс,тарс тамады,

Сайға қарай ағады.(жаңбыр)

Гүл ұшып гүлге қонады,

Гүл бақшам гүлге толады.(көбелек)


(Түлкі шығады.)

Түлкі:Келгендерін қандай жақсы болды.Менімен ойнайсыңдар ма?

Ойын: «үй құрастыру»

Балалар сендер үйді қандай пішіндерден құрастырдыңдар?

Түлкі:балалар рахмет ,қоштасып кетеді.

(қасқыр кездеседі)

Қақырға көбелектерді санауға көмектесу.(тура кері санау)

Әрі қарай жүру.

Міне қызыл телпектің әжесіне де жеттік.

Әжемен амандасу.

Әже балаларға «Қызыл телпек»ертегісін айтып береді.Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

Осылай маған қонаққа келіп тұрыңдар.Мен көп ертегілер білемін.Балалар әжемен,қызыл телпекпен қоштасып топға оралады.


Қорытынды: Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Орманда нелерді кездестірдік?Олар қай ертегіде кездеседі?

Әже қандай ертегімен таныстырды?ертегі сендерге ұнады ма?

Жақсы қатысқан балаларды мақтап,мадақтау.





































Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 15.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.к.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән:ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтың күз!»

Тақырыбы: Өзіне байланысты кеңістікті бағдарлау.


Мақсаты:

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: «Жуан», «Жіңішке» деген ұғымдарды бекіту және олардың ұқсастығын, айырмашылығын айта білу.

Оқыту: Өзініңайналасындағы заттардың орналасуын (сол, оң, жоғарыда, төменде) бағдарлай білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,үлестірмелі материалдар

Билингвалдық компонент:салыстыру сравнивать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Кьюзенер таяқшалар мен жұмыс, балалар салыстырып сипаттайды.( Тақтайшалардың қалың – жұқа екенің салыстырды.)


II. Негізгі бөлім:

Д\О «Доптар бізде қонақта»

 Доппен  ойын:  екі балада екі доп. Ұзын жіптің екі ұшынан ұстап тартып тұру.Тәрбиешінің бұрйығын тыңдау: Доп төменде дегенде  жіптің  астынан өту, доп жоғарыда дегенде допты жіптің үстінен  лақтыру.


Ойын: «Орнын тап».

Әрбағытта әртүрлі тапсырмаларды орындау. Заттардың жуан, қалың екендерін салыстыру.


Сергіту сәті:


Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бес саусақға бес саусақ,

Болады ғой оң саусақ.


Үлестірмелі материалмен балалар жұмыс жасайды.

(Балалардан жеке жеке сұрау)



Қорытынды:



Балалардан ойын арқылы не түсінгендерің сұрау

Балаларды сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтап өту.


























Ересек «Балбөбек»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:09.10.19ж

Тәрбиеші:Испаева Б.К.

Білім беру саласы:»Коммуникация»

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Пән: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: : «Табиғатты аялайық»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Табиғат - Ана, оның байлықтары туралы түсіндіре отырып, табиғатты ойлауға қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Табиғат құндылығының маңыздылығын білуге үйрету.

Оқыту: Сөздік қорларын толық жауап беруін, тіл байлықтарын дамыту.

Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Ресустармен қамтамасыз ету:ағаштардың суреттері

Блингвальдық компоненті: күзгі ағаштар- деревья осенью.табиғаттың суреттері
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Біздер қазақ баласы 
Сәлем сөздің анасы 
Бақшаға біз келеміз 
Табиғатты сүйеміз 
Баршаңызға құрметпен 
Біздер сәлем береміз 
-Жарайсыңдар, балалар! 
-Қазір жылдың қай мезгілі? 

Негізгі бөлім:

- Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?
- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат. Кәне бәріміз қайталайық.
- Өлі табиғат және тірі табиғат.
- Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт.
- Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат.
- Ал тірі табиғатқа: адамдар, құстар өсімдіктер, гүлдер жатады.
Ал енді балалар біз бірінші өлі және тірі табиғаттың айырмашылығын білу үшін зертханаға барайық.

1 тапсырма: Зертханалық жұмыс:

-Балалар менің қолымдағы не?
-Балалар су қандай?
- Түсі қандай?

- Дәмі барма?
- Суды қалай пайдаланамыз?

Су керек пе?

Балалар білесіңдереме? Судың дыбысы болады.
- Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады.
2 тапсырма.Тірі табиғатқа не керек?

-Балалар сендер тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Балалар бұл тапсырмада, гүлге не қажет екенін түсіну. Гүлдің қалай өсіп жетілетінін білу. Гүлге керекті заттарды жинақтау.

-Гүл өсіп, өніп шығу үшін не қажет?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

3 тапсырма. «Өлі және тірі табиғатты байланыстыру» Игровизор

Балалар бұл тапсырмада бізге өлі және тірі табиғат иелері берілген. Сол тіршілік иелерінің байланысын табуымыз керек

Қорытындылау:

-Балалар бүгін біз сендермен не тураты өттік?

-Қалай ойлайсыңдар табиғатты қорғауымыз керек пе?

-Біз қайда бардық?

-Не көрдік? Және т.б. Балаларды

мақтау,мадақтау



















Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Аппликация

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы: : «Тәрелкедегі алма мен алмұрт»

Мақсаты:

-Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

-Дамытушылық: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

-Оқыту: күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру; алма мен алмұртты салыстыру арқылы пішін індегі айырмашылықты анықтау;

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,муляждар,үлгі,түрлі түсті қағаздар,желім,қай шы,сүлгі,қылқалам

Билингвалдық компонент:алма яблоко,алмұрт груша


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балаларға күз көрінісі туралы сурет көрсетіп, әңгімелету.

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сұрау.


II. Негізгі бөлім: Балалар, сендер, білесіңдер ме? «Күз сыйы» деп нені айтады?

-Неге оларды «күз сыйы деп» атайды.

Топқа қуыршақ Әйгерім келеді, қолында жемістердің суреттері немес муляждар бар.

Әйгерім балалардан жемістерге не жататынын сұрайды.

Суреттерден алма мен алмұртты тапқызады.

-Осы суреттерді маған жапсыру керек. Не істесем екен?

-Балалар, Әйгерімге көмектесеміз бе, бізде қазір жапсыру сабағы ғой.


Сергіту сәті:


Алма,алма көп алма,

Қызыл,жасыл ,көк алма.

Теріп,теріп алайық,

Қалтамызға салайық.



Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.


Тәрбиеші балаларға алма мен алмұртты жапсыру жолдарын түсіндіріп, көрсетеді.

Балалар орындарына отырып жұмыс жасауға кіріседі.



Д.о: «ғажайып қалта»(қалта ішіне қолдарын салып бір жемісті ұстап оның атын атау.)

Балалар ойынға белсене қатысады.



Қорытынды: Балалар біз бүгін нелерді жапсырдық? Алма қандай пішінде ?

-Ал алмұрт?Түстері қандай?Олар қай мезгілде піседі?

Жақсы жасаған балаларды мадақтау.














































Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән:Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы: Күзгі баққа саяхат. /балабақша ауласында/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Өсімдік әлеміне қызығушылықтарын тәрбиелеу

Дамытушылық:

Оқыту:Балабақша ауласындағы бірнеше ағаштар және бұталар түрлерінің атауларымен таныстыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір – бірімен қол ұстасып:

-«Сәлем», - дейміз, - алтын Күн,

-«Сәлем», - дейміз, - Жер-ана.

-«Сәлем», - дейміз баршаңа, - деп, бір – біріне тілектерін айтады.

Балалар әуеннің ырғағымен тербеледі.



Балалар қайталайды.

II. Негізгі бөлім

1.Балалар ақындарының күз мезгілі туралы өлең оқылады.

2.Әңгіме жүргізу.

Балаларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Сұрақтар:

-Балалар, өлеңде қандай сөздерді кездестірдіңдер?

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?

-Күзде жаз мезгіліндей күн ыстық болмайды, күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, құстар жылы жаққа ұша бастайды. Адамдар жылы киінеді.

3.Суретпен жұмыс.

Күз мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сурет бойынша балаларға сұрақтар қою.

-Балалар күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

-Күзде балабақша ауласындағы жапырақтар, гүлдер, қандай күйде болады?

-Құстар қай жаққа ұшып барады?

4.Сергіту сәті:


Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар

Біп – биік боп өседі.


5.Ойын: «Көкөніс пен жемістер»

Шарты: балалар көкөніс пен жеміс аттарын жаңылмай айтып шығуы тиіс.

6.Үлестірмелі материалмен жұмыс. Күзгі ағаш жапырақтарын ретімен қалай жапсыру керектігін түсіндіреді.

Балалар қайталап айтады. Балалар педагогтің көмегімен жауап береді.

Алтын күз, күз мезгілі және т.б. сөздерді айтуы мүмкін.

Балалар тақтадағы күз мезгілінң суретіне қарап, педагогтің көмегімен әңгімелейді.

Балалар бір – бірінің жауаптарын толықтырады. Балалар сұрақтарға педагогтің көмегімен жауап беруге тырысады.

-Жапырақтар сарғаяды.

-Гүлдер солады.

-Адамдар жерге түскен жапырақтарды жинайды.

Өлең жолдарын қайталап, мазмұнына қарай қимыл – қозғалыс жасайды.

Балалар ұжым болып бірігіп ойнайды. Балар тапсырманы педагогтің көмегімен орындайды.

Рефлекциялық - түзетушілік

Сабақ соңында серуенге шыққанда күз мезгіліндегі ағаштарды бақылатып, күзгі еңбек туралы әңгімелейді.

Балалар қайталап айтады.


Қорытынды:

Балалар,біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Сендер нені білдіндер?

Балаларды мақтау.
















Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 21.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән:Қоршаған ортамен танысу

Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»

Тақырыбы: : «Күз мезгіліне қонаққа бару» /саяхат/

Мақсаты:

-Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып,

қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу

-Дамытушылық: Балаларды айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беруге деген білігін дамыту.

-Оқыту: Балаларға табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:шишка жинайтын ыдыстар,қолғаптар

Билингвалдық компонент:күз осень,жапырақ листья,ағаштар деревья

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

Күз мезгілі несімен сендерге ұнайды?

Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Жапырақтар ағаштан қалай түсіп жатыр?

II. Негізгі бөлім:

Балалар,назарларынды айналаға аударындаршы,не байқадыныздар?

Дүрыс айтасындар,ағаштардың жапырақтары түсіп,өсімдіктер балабақшаның

айналасындағы жаздай әсемдік көрсететін қурап кетті.

Қандай ағаштарды,бұталарды білеміз?

Балабақша айналасында:қарағай, емен,ақ қайын ағаштары өседі.

(көрсету)

Ал бұталар:үйеңкі,терек.(көрсету)

Ағаштардың,бұталардың жапырақтарын көрсету.

Сергіту сәт:

Алдымнан жел еседі,

Тербеледі ағаштар.

Кіп кішкентай ағаштар,

Үп үлкен боп өседі.


Балалар,қүз мезгілінде қандай өзгерістер болады?


Енді балалар бәріміз шишка жинаймыз,олар бізге керек болады.



Қорытынды:

Топға оралу.Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 21.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Драма

Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»

Тақырыбы: « Тәтті алма» М.Тұрманжанов

Мақсаты:

Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сахнада мәнерлеп айта білу іскерлігін дамыту.

Оқыту:

Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету.


Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, баяндау, талдау.

Көрнекілік: Ертегі желісінің суреті.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызға құрметтеп

Бас иеміз біз

Қайырлы таң Алтын күн

Қайырлы таң Көк аспан

Қайырлы таң достар

II. Негізгі бөлім:

-Балалар, біздің деніміз сау болу үшін, мықты, ауырмау үшін біз не істейміз?

Дұрыс айтасыңдар балалар

Деніміз сау, мықты болу үшін әрдайым спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, таза ауада жүрсек біздің деніміз сау мықты болады.

-Балалар, деніміз сау болу үшін тазалықтың тағы бір түрі бар екен соны білгілерің келе ме ?

Олай болса, орнымызға жайғасып отыра қалайық. Мен сендерге » М.Тұрманжановағамыздың «Тәтті алма» әңгімесін айтып берейін.

Баян бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдынан топ етіп алма түсті. Өзі қып-қызыл, үп-үлкен. Баян қуанып кетті. Қызығып қолына алды. Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:

-Баян, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.

-Неге?-деді Баян таңырқап.

-Жумай жесең ,ішің ауырады,-деді алма сілкініп қалып.

-Міне,көрмейсің бе, үсті-басым шаң-тозаң.

Баян ұялып қалды. Апасы да ылғи: «Қолыңды жу»-дейтін.Енді соны өзіне мына алмада айтып тұр. Баян ақылды алманыңайтқанын істеді.

Әңгіме бойынша сұрақтар:

-Балалар, әңгімеде қандай кейіпкерлер бар екен?

Баян қыз дұрыс істеді ме ?

Алма ше ?

Ия, балалар тазалықтың бір түрі қолымызды әрдайым жүріп жуымыз керекпіз. Балалар, біз тамақ ішер алдында қайтеміз? Қолымызды жуамыз екен.

Сергіту сәті:

Қане сапты түзейік

Тіземізді бүгейік

Ыршып алға түсейік

Ыршып артқа түсейік

Көбелектей ұшамыз

Отырамыз тұрамыз.

Блингвалды компонент: Алма – яблоко

Суретпен жұмыс: -Балалар, қане суретке қарап әңгіме құрастырайықшы ?

Суретте не көріп тұрмыз?

Қорытынды:

-Балалар, бүгін сендермен қандай әңгімен таныс болдық?

Қолымызды әрдайым жууды ұмытпауымыз керек.































Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 25.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Аппликация.

Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»

Тақырыбы: : «Піскен алмалар»

Мақсаты:

-Тәрбиелік: қызығушылығын арттырып, таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

-Дамытушылық: Қайшыны дұрыс ұстау,оларды мұқият жапсыру дағдыларын бекіту.

-Оқыту: Домалақ пішінді алу үшін балаларға шаршының бұрыштарын кесіп алуды үйрету.

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,муляждар,түрлі түсті қағаздар,желім,сүрткіш, қайшы,үлгі.

Билингвалдық компонент:алмалар яблоки,піскен спелые

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі туралы өлең оқып берейін.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Күз мезгілінде нелер піседі?

Өздерін айтқандай жеміс жидек,көкөністердің қайда өсетініне тоқталайық.

Д.о: «Не қайда өседі»

II. Негізгі бөлім

Г.Әлімбаеваның «Алма бағында» әңгімесін оқып берейін.

Ернұр әкесімен ауыл маңындағы алма бағын аралады.Біреулер піскен алмаларды жинап жатыр екен.

Ернұр әкесіне:

Әке,ағаштар жемісін адамдарға тегін береді ғой.Ал адамдар оны неге ақшаға сатады?деді.

Тосын сұраққа әкесі үндемей қалды.


Балалар әңгіме не туралы?

Алманы не үшін күтіп баптайды?

Алма қандай?

Қандай пішінді?

Қандай түсті?

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім барлығын,

Болып шықты оң саусақ.

Біз бүгін шаршы пішінің төрт бұрышын қайшымен қию арқылы алма жасаймыз.

Балалар жапсырып көрсету,түсіндіру.


Д.о: «Кім көп жеміс жинайды?»балалар ойын ойнайды.

Қорытынды:Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.

Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 25.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»

Тақырыбы:«Алтын күз» Ғ.Қайырбеков /Байғазы 163 бет/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Тілдік шығармашы лыққа тұрақты қызығушылығына

Дамытушылық: Балаларды айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беруге деген білігін дамыту.

Оқыту: Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру,шығарма ны мұқият тыңдап, үзіндісін жаттату.

Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.
Оқу қызметінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері. 
Әдіс-тәсілдер: Сүрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.
І.Ұйымдастырушылық кезең. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол үстасып, дөңгелене тұрайық.
Шеңберде дөңгелене тұрады.

Күндей жарық, айдай арайлы,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнді бастайық.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз неше айдан тұрады?
Күзді неге «алтын күз» деп атайды?
ІІ.Негізгі кезең:

Ойын: «Табиғат мейірімді».
Ойын шарты: Тәрбиеші сөйлемді өзі бастап береді. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.
Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).
Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді)
Ғ.Мүсірепов «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін 
Жомарт екен күз деген./ «Алтын күз» өлеңімен танысады,жаттайды./
Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақ өседі, көкөністер бақшада өседі.
Жемістер мен көкөністерді ата.
Жемістер: алма, алмүрт, шие, өрік, жүзім, т.б.
Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын,
Сергіту сәті: /Сергіту сәтін орындайды/
(Баяу музыка әуенімен орындалады.) 
Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады,ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз! 
(Балалар қимылмен көрсетеді).
Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»
Ойын шарты: Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек./ Жемістер мен көкіністерді ажыратып атайды./ Ойынға ынтамен қатысады.

Тәрбиеші балалардан күзгі табиғат көріністі жөнінде сұрайды. Балалардын жауабы тыңдалады.
Жұмбақ шешу.
Жауып жаңбыр, жерде сабыр,
Шөп, жапырақ солады.
Айтыңдаршы, бөбектерім,
Бұл қай кездеболады?(Күзде) Жұмбақты шешеді.Өз ойларын айтады.

Қорытынды: 
Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады. Балалардың 
жауаптары.






































Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 23.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»

Тақырыбы:«Алтын күз» Ғ.Қайырбеков /Байғазы 163 бет/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Тілдік шығармашы лыққа тұрақты қызығушылығына

Дамытушылық: Балаларды айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беруге деген білігін дамыту.

Оқыту: Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру,шығарма ны мұқият тыңдап, үзіндісін жаттату.

Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.
Оқу қызметінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері. 
Әдіс-тәсілдер: Сүрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.
І.Ұйымдастырушылық кезең. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол үстасып, дөңгелене тұрайық.
Шеңберде дөңгелене тұрады.

Күндей жарық, айдай арайлы,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнді бастайық.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз неше айдан тұрады?
Күзді неге «алтын күз» деп атайды?
ІІ.Негізгі кезең:

Ойын: «Табиғат мейірімді».
Ойын шарты: Тәрбиеші сөйлемді өзі бастап береді. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.
Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).
Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді)
Ғ.Мүсірепов «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін 
Жомарт екен күз деген./ «Алтын күз» өлеңімен танысады,жаттайды./
Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақ өседі, көкөністер бақшада өседі.
Жемістер мен көкөністерді ата.
Жемістер: алма, алмүрт, шие, өрік, жүзім, т.б.
Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын,
Сергіту сәті: /Сергіту сәтін орындайды/
(Баяу музыка әуенімен орындалады.) 
Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады,ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз! 
(Балалар қимылмен көрсетеді).
Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»
Ойын шарты: Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек./ Жемістер мен көкіністерді ажыратып атайды./ Ойынға ынтамен қатысады.

Тәрбиеші балалардан күзгі табиғат көріністі жөнінде сұрайды. Балалардын жауабы тыңдалады.
Жұмбақ шешу.
Жауып жаңбыр, жерде сабыр,
Шөп, жапырақ солады.
Айтыңдаршы, бөбектерім,
Бұл қай кездеболады?(Күзде) Жұмбақты шешеді.Өз ойларын айтады.

Қорытынды: 
Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады. Балалардың 
жауаптары.









































Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 31.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»

Тақырыбы: Тарелкадағы қияр мен қызанақ

Мақсаты:

-Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,.ұқыптылыққа тәрбиелеу

-Дамытушылық: Көкөністерді сипаттау арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын,ойлау қабілеттерін дамыту

-Оқыту: : Көлемді ажырата отырып суретті салып бояп беру. Түстерді ажыратуға үйрету

Педагогикалық технологиялар:ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,үлгі,қылқалам,бояу,су құйғыш,сүлгі,муляждар

Билингвалдық компонент:қияр огурец, қызанақ помидор,көкөністер овощи

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балаларға күз көрінісі туралы сурет көрсетіп, әңгімелету.

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сұрау.


II. Негізгі бөлім:


Балалар, сендер, білесіңдер ме? «Күз сыйы» деп нені айтады?

-Неге оларды «күз сыйы деп» атайды.( Балалар өз ойларын айтады. (жеміс-жидек, көкөністерді)

-Себебі олар күзде пісіп, жемісін береді.


Топқа қуыршақ Әйгерім келеді, қолында көкөністердің суреттері бар.

Әйгерім балалардан көкөністерге не жататынын сұрайды.

Суреттерденен қияр мен қызанақты тапқызады.

-Осы суреттерді маған салу керек. Не істесем екен?

-Балалар, Әйгерімге көмектесеміз бе, бізде қазір сурет салу ғой.


Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп,теріп алайық,

Себеттерге салайық.


Тәрбиеші балаларға қияр мен қызанақты салу жолдарын түсіндіріп, көрсетеді. Балалар тәрбиешінің түсіндіруімен суретті салады.


Д.о: «Көкөніс бе, жеміс бе?»(балалар екі себетге болып салу керек.)




Қорытынды: Балалар біз бүгін ненің суретін салдық? Қандай пішінде салдық?

-Қияр мен қызанақтан аналарымыз не жасайды?

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 28.10.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән:Карапайым математикалық ұғымдармен таныстыру

Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»

Тақырыбы: Үшке дейінгі санау және заттарды сан белгілісімен белгілеу.

Мақсаты:

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін дамыту.

Оқыту:Балаларды 3-ке дейін санап, заттарды тапсырма бойынша санап алып, сан белгісімен белгілеп үйрету,

геометриялық пішіндерді бекіту: шаршы, үшбұрыш, дөңгелек

Сөздік жұмыс: Жоғары төмен,алдында, артында.

Алдын-ала жұмыс:3 ке дейін санау.,сан белгісімен белгілеуге үйрету.

Билингвальдік компонент:санау-считать,жоғары-вверхвверх,алдыда-спереди,артында-сзади.

Дидактикалық құрал: Тиін, үлестірмелі көрнекілігі, блоки Дьенеша,қоңырау.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Шырша саясы –күркесі

Өзі орман еркесі

Қарғып жүрер жан-жаққа

Өте құмар жаңғаққа.

Балалар жауаптарын дұрыс ол тиін.

II. Негізгі бөлім:

Балалар жұмбақты мұқият тындап жауабын айтуға тырысады.

/Тиін/

Балалар қарандаршы бізге қонаққа не келді?

Бұл жай тиін емес,ол ойнауды сурет салуды жақсы көреді және санауды да біледі екен.
Тиін жай келген жоқ ол келді сендердің білімдерін көруге келді

Тиін бізге әртүрлі тапсырмаларды әкелді.

Балалар тиін әкелген тапсырмаларды орындаймыз ба?

Балалар тақтада қояндар пайда болады

Балалар қалай білеміз тақтада неше қоян ?

Дұрыс оны санау керек.

Ендеше бәріміз санаыйқ: Барлығы неше қоян?

Адилбек тақтада неше қоян санап берші

Балалар дұрыс санау үшін біз ережеі ұмытпаумыз керек,есімізге түсірейікші.

Қояндар ашықты,олар нені жақсы көреді?

Дұрыс ендеше біз оларға сәбіз сыйлаймыз

Тәрбиеші Екі сәбізді екі қоянның астынан қояды.

Неше қоян барлығы?

Ал сәбіз ше?

Егер үш қоян болса ал екі сәбіз сонда қояндар сәбізден көп болады ал сәбіздер қояннан аз

Қоянмен сәбіз бірдей болу үшін не істеу керек?

Сонымен қанша қоян , қанша сәбіз болды

Қалай сәбіз үшеу болды?.

.Балалар біз сендермен өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде 3 санмен таныстық және сан белгісі білеміз.

Тақтада қоянның қастарында 3 сан белгісі турады.

Балалар алдарында екі жолақты жолақша.Жолақшаның үстіне барлық тиіндерді қоямыз.

Оң қолмен сол жақтан бастап оңға қарай саламыз.

Неше бізде тиін, білу үшін не істейміз?

Дұрыс санау керек.

Санаймыз

Барлығы неше тиін?

Тиін қыс мезгіліне нені дайындайды немен көріктенеді? Ендеші біз жолақшаның жоғарындағы тиіндарға саңырау ұлақтар сыйлайық.

Төменгі тиіндардың астына саңырауқұлақтарды саламыз.

Санаймыз

Барлығы неше?

Дұрыс үш

Олар бірдей бір –біріне тен.

Тиін өте риза сендер санауды біледі екенсіңдер.

Тиін енді бізді басқа ойынға шақырады.Бұл ойында тиін бақылайды кім геометриялық пішіндерді біледі. «Өз үйінді тап»

Балалар ұсақ үлестірмелі көрнекіліктер геометриялық пішіндер таратылады.Музыка тоқтағанда балалр өз үйлерін табады.Содан кейін дәлелдейді.

Балалар ол үшін бәріміз Блоки Дьеноштың ойының ойнаймыз.

Әр бала қандай пішіндерді қолданды соны айтып береді.

Балалар қарандаршы тиін бізге сиқырлы қоңырау әкелді.

Ол не істейді?

Сылдырлайды.

Дұрыс бұл жай қоңырау емес бұл сиқырлы қоңырау.Қазір біз сендерме шеңберге тұрып «Сиқырлы қоңырау» ойын ойнаймыз. Мен сендердің араларынан жүремін сылдырлаймын сосын сиқырлы қоңырауға қай бала ұнайды соның қасына тоқтап сылдырылайды.Бірақ сол бала айту керек қай жақтан сылдырлады жоғарыда ма, төменде ме? Артында алдында ма?

Барлықтарына рахмет бәрінде дұрыс орындадыңдар.

Балалардың жауаптары:

Бізге қонаққа тиін келді

Балалар тәрбиешіні мұқият тындайды.

Балалар тиін әкелген тапсырмаларға қуанады.

Тиін әкелген тапсырманы орындаймыз.

Балалар тақтаның қасына жақындап тақтаға назар аударады.

Қояндарды санау керек.

Бір, екі, үш.

Барлығы 3 қоян.

Адильбек санауға шиғады.

Соқ саусақпен оң жақ қолмен сол жақтан оңға жаққа қарай санаймыз .

Қояндар сәбізді жақсы көреді

Барлығы 3 қоян.

Балалар санайды 2.

Дұрыс тағы бір сәбізді қоямыз.

Қоян 3; сәбізде үш.Олар бірдей тең болады.

Екі сәбізге біз бір сәбізді қостық..Үш сәбіз болды

Балалар жолақшаның үстіне тиіндерді салады

Балалар оң қолмен сол жақтан бастап оңға қарай саламыз.

Тиіндарды санау керек.

Бір, екі, үш

Барлығы үш тиін.

Тиін саңырауқұлақтар , жаңғақтар мен көріктенеді..

Балалар жоғардағы тиіндардың астына саңырауқұлақтарды салады.

Бір, екі, үш.

Барлығы үш саңырауқұлақтар.

Балалар қуанып ойынға қатысады.

Музыка тоқтағанда балалардың қолындағы геометриялық пішіндер өз үйлерін табады.

Мысалы :Жансая өз үйінді тапты онда болды үшбұрыш.

Балалар геометриялық пішіндерден машина , аю, зымыран, трактор құрастырады.

Балалар қоңырауға көңіл аударады.

Балалар тындайды дыбысын сылдырлайды деп жауап береді.

Балалар шеңберге тұрып ойнға қатысады. «Сиқырлы қоңырау" сылдырлайды ералының қасына тоқтайды.

Ералы көзін жұмады.

Қай жақтан сылдырлағаның айтады.

Ералының жауабы қонырау сылдырлады жоғардан.

Нұрәлі жауабы қоңырау сылдырлады төмен жақтан.



Қорытынды:

Балалар біз бүгін сендермен не істедік?

Сиқырлы қоңырау арқылы не істедік кеңестікті бағдарладық.Ал енді тиінмен қоштасамыз.Балалар тиін өз ризашылығын білдіреді

.Жақсы қатысқан үшін сендерге орманнан алмалар әкелді.

Балалар сұрақтарға жауап береді

Бүгін біз 3ке дейін санадық..геомериялық пішіндерді қайталадық.

«Сиқырлы қоңырау» мен ойнадық

























Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 04.11.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»

Тақырыбы: «Шырша» өлеңі Е.Өтетілеуұлы

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балалардың есте сақтау қабілеттерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ақын шығармашылығың туындысына деген қызығушылық сезімін дамыту.

Оқыту: Балаларды жатқа эмоционалды, мәнерлі айта білуге, сөздерді анық айтуын қалыптастыру.

Дид-қ ойын: «Шырша ойыншықтары»


Педагогикалық технологиялар:ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,шырша

Билингвалдық компонент:қыс- зима,жаңа жыл- новый год,шырша- елка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып

Ұйытқып боран соғады.

Балалар айтыңдаршы,бұл қай кезде болады?(балалардың жауаптары)

II. Негізгі бөлім:

Балалар,ендеше жан жағымызға қарайықшы?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Кәне қыс айларын айтайықшы?

Жарайсыңдар,балалар

Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Жаңа жылда не істейсіңдер?

Бізге шырша қайдан келеді?

Шыршаның діңібүдір ме,әлде жұмсақ ба?

Шыршада не көп?

Шыршаның бұтақшаларында не бар?

Инелер қандай?

Шырша безендірілген бе?

Шыршада не ілініп тұр?

Шыршаның түсі қандай?

Біз шыршаның жанында не істейміз?

Балалар, қазір сіздерге "Шырша" өлеңін оқып беремін. М ұқият тыңдаймыз.

"Шырша" өлеңі

Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейік енді шыршаға:

"Қуант бізді, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!"

Е.Өтетілеуұлының портретін көрсетіп, мәлімет береді.

Сурет бойынша әңгіме құрастырады, сұрақтар қояды.



Қорытынды:Сұрақ жауап арқылы қорытындылау















































Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.11.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»

Тақырыбы: «Су асты жануарлар»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балақтарды қорғай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балықтардың қайда омір сүретіні жайлы

түсіндіру.

Оқыту:Балаларды тәрбиешінің сұрақтары арқылы әңгіме айтуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Су асты туралы слайд, суреттер.

Билингвалдық компонент: су асты әлемі- подводный мир, балық-рыба, осминог-сегіз аяқ, теңіз жұлдызы – морская звезда


І.Ұйымдастырушылық кезеңі:

 Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз.

- Бәріміз көзімізді жұмайық.(Балалар көздерін жұмады)

1 - 2 - 3 қатамыз,

Теңіз әлемін аралап.

Ғажайыпқа батамыз.

Енді көзімізді ашамыз.

Балалар қараңдаршы біз қайда келдік?

ІІ.Негізгі бөлім:

Интерактивты тақтадан су асты әлемінің суреті көрсетіледі.

Неткен керемет, жан жағымызға зер салып қарайықшы, нені көріп тұрсыңдар?

Балалар біз бүгін су асты әлемімен және оның тұрғындарымен танысатын боламыз.

Су асты тұрғындары туралы слайд көрсете отырып, жаңа сөздердін мағынасын түсіндіру.

Медуза – ол домалақ болып келеді, шар сияқты. Жалпақ келген, олар көбінесе улы, адам сақтану керек. Кей кезде адам денесіне тисе күйдіруі мүмкін.

Теңіз жұлдызы - жыртқыш, бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді.

Атбасты балық - орташа балық. Оның басы атқа ұқсайды. Оның денесінде өсіп тұрған талшықтары жауларынан қорғайды.

Сегізаяқ - оның денесі алмұртқа ұқсайды. Ол түсін тез өзгерте алады. Жыртқыш, ұсақ теңіз балықтарымен қоректенеді, оның атына сай сегіз аяғы бар, теңіздің ең түбінде өмір сүреді.

Тасбақа - сауытына қарап бірден тануға болады. Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді. Тасбақа құмды қазып жұмыртқа салады да оны көміп тастайды.

Кит - теңіздегі ең ірі сүтқоректі.

Қане балалар су асты тұрғындарын екі тілде айтайық.

Су асты әлемі- подводный мир, балық-рыба, осминог-сегіз аяқ, теңіз жұлдызы – морская звезда

Сергіту сәті:

Балық болып жүземіз,

Шынығамыз суда біз!

Шынықсақ біз бәріміз,

Шымыр болып өсеміз!

Дидактикалық ойын:

«Суреттерді ретіне қарай топтастыр»

Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген.Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет.Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суретін,ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін жануарлар суретін топтастыру.


ІІІ.Қорытынды:

Балалар айтыңдаршы біз бүгін қайда саяхат жасадық?

Онда нелерді көрдік?

Ендеше бүгінгі су асты әлеміне саяхатымыз сендерге ұнады ма? Алған әсерлеріңмен бөлісіңдер. Балаларды мадақтау.



















































Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 08.11.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»

Тақырыбы: : «Балықтар»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың саусақ қыймылдарын дамыту.

Оқыту: Балық пішінін трафарет арқылы бейнелей алуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,үлгі,гуашь,ақ парақ

Билингвалдық компонент:балық-рыба,су-вода

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ: Жер бетіне бір шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді. (Балық)

- Жарайсыңдар, балалар, сендер балық туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?

ІІ.Негізгі бөлім:

  1. Қанаты бар ұшпайды,
    Жұрт айламен ұстайды.

    2. Суда өседі, өнеді,
    Сыртқа шықса өледі.

    3. Күміспен апталған,
    Теңгемен қапталған.

    - Жарайсыңдар, балалар, біз балықтардың суретін саламыз.
    Балықтар туралы әңгімелеу. Бейнетаспадан балықтардың құрылысымен таныстыру. Жұмыс барысын түсіндіру.

Балықтарды трафарет арқылы салу


Сергіту сәті: Балық суда жүзеді,
Өте таза жылы су.
Бірде жазылады,
Бірде жиырылады,
Сөйтіп інге тығылады.
Рефлексиялық - түзетушілік
Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, салған суреттерін әңгімелету.

Дидактикалық ойын: «Алтын балық»
Ойын шарты: Әр баладан көрмедегі суреттердің қайсысы ұнайтынын сұрау. Қай баланың жұмысы ұнаса, сол балаға «алтын балық» сыйлайды. Ойын соңында қай бала көп «алтын балық» жинаса сол баланың үйіне қуанышты хабарлама жіберіледі.

Қорытынды:


Балықтардың түр - түсі, көлемі қандай?
Балықтар қай бағытта жүзіп жүр?















































Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 14.11.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»

Тақырыбы: «Тостағанды әшекейлеу»

Мақсаты:

-Тәрбиелік: Әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу

-Дамытушылық: Эстетикалық сезімдерін,ойлау қабілеттерін ,ұсақ қол қимылдарын дамыту

-Оқыту:Сопақша пішіннен тостағанның суретін салып,ирек сызықпен әшекейлеуді және таныс элементтерді(нүкте,дөңгелек,жолақшаларды)құрастыруды үйрету.

Педагогикалық технологиялар:ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,ыдыстар,үлгі,қылқалам,бояу,су құйғыш,сүлгі

Билингвалдық компонент:ыдыс посуда,ою орнамент

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі: «Күннің көзі»ойыны

Балалар жақсы тілек айтып күннің көзінің шапағын тақтаға жапсырады.

(ауырмайық,аспанымыз ашық болсын,достарымыз көп болсын,отбасымыз аман болсын)


II. Негізгі бөлім:

Кіріспе әңгіме өткізіп балалардан қандай ыдыс аяқ түрлерін білетіндерін сұрайды.(кесе, тәрелке,шәйнек)

Балаларға тостаған қарастырылады.

Мына суретте не көріп тұрсыңдар?(тостаған)

Тостаған дегеніміз кесенің бір түрі.Бұл қазақтың ұлттық ыдысының бірі.Тостағанға не құйып ішеміз?(қымыз,шұбат)

Тостаған қандай пішінге ұқсайды?(дөңгелек)

Тостағанды қалай әшекелеуге болады?(нүктелермен,сызықтармен,иректермен)

Балаларға жұмысты түсіндіру.


Сергіту сәті:


Ал балалар тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық,

Жел сияқты қалықта,

Оңға,солға иіліп

Денемізді бұрайық.


Балаларға тостағанды салып,әшекейлеп көрсету.

Балалар сурет салуға кіріседі.


Ойын: «Дастархан жасау»Балалар ойынға қызыға қатысады.



Қорытынды: Сұрақ жауап арқылы қорытындылау .Жақсы қатысқан балаларды мақтау,мадақтау













Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!