СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

???ы?ты? сауаттылы? - заман талабы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а адам ???ы?тары  мен бостанды?тары жайлы баптардан т?сінік ?алыптастыру, ???ы?ты? білімдерін толы?тыру ?шін . Адамгершілік, ізгі ?асиеттер мен ар – ождан бостанды?ына, адалды? пен мейірімділікке баулу ар?ылы ???ы?ты? т?рбие беруге ?йретеді

Просмотр содержимого документа
«???ы?ты? сауаттылы? - заман талабы»

Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық – заман талабы


Мақсаты: 1. Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;
2. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
3. Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Түрі: тәрбие сағаты
Әдісі: топтық сайыс
Көрнекіліктері: Қ. Р - ның рәміздерінің суреттері, Қ. Р - ның Конституциясы, тб. заң жинақтары, заң туралы қанатты сөздер;
Қанатты сөздер:
“Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды” Б. Момышұлы.
“Балам бол, басқа бол - бәріңе заң біреу - ақ”,

“Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ”(Ж. Баласағұн)
Куәсіз істі күмән табар,
Куәлі істі куә табар» (Халық мақалы)

«Бір қазаға екі жаза жоқ» (Халық мақалы)

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру
а) Оқушыларды түгендеу,

Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
а) Оқушыларды екі топқа бөлу
1-топ «Әділет», 2-топ «Ақиқат»
ә) Әділқазылар алқасын сайлау

1)

2)
б) Сайыстың мақсаты мен мазмұнымен таныстыру. Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;


Кіріспе.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданған болатын. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар.
Біздің бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» деп аталуының себебі, өйткені біз демократиялық жолда дамып келе жатқан ҚР азаматтарымыз. Біздің Конституцияның І бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқығы мен бостандықтары.
Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан да «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» айдарымен ұйымдастырылып отырған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру (топ аты, ұраны )
2. Тікелей сұрақ (әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі)
3. «Жалғасын тап» (мақалдың жалғасын табу)
4. «Білгенге маржан» (берілген сөздерден ҚР Конституциясындағы бапты ата)

5. «Ой талқы» (берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді (уақыт 3 минут)

6. Қорытынды (әділқазы алқасының қорытындысы)


І. бөлім «Таныстыру»
(Әр топ атын, ұранын таныстырып өтеді. Жоғарғы ұпай 5 ұпай)

ІІ. бөлім «Тікелей сұрақ»
(әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі)


«Әділет» тобының сұрақтары:


1. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
2. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2-рет
1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)
3. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)
4. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
5. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы? (Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды)


«Ақиқат» тобының сұрақтары:

1. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? (1992 жыл 4-маусым)
2. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)
3. Конституцияның бөлімі ретінде Преамбула білдіреді? (Кіріспе бөлімді)
4. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
5. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған? (Әркімнің өмір сүруге
құқығы бар)

ІІІ бөлім «Жалғасын тап» (мақалдардың жалғасын табу)




«Әділет» тобына
Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)

Ақырын жүріп... (анық бас)
Асыл тастан ... (өнер жастан)

Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)

Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)


«Ақиқат» тобына
Ұрлық түбі ... (қорлық)
Әдепті бала ... (арлы бала)
Тәрбие ... (отбасынан басталады)
Әділ істің ... (арты игі)
Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)


ІV бөлім «Білгенге маржан» (берілген сөздерден ҚР Конституциясындағы бапты ата)

«Әділет» тобына:
Сұрақ: 36 - бап, 1 - тармақ.
Қазақстан, әрбір, азаматының, парызы, оның, және, Республикасын, қасиетті, міндеті, қорғау.

(Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті)
Сұрақ: 22 - бап, 1 - тармақ.
Құқығы, бостандығына, бар, ар - ождан, әркімнің.

(Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар)



«Ақиқат» тобына:
Сұрақ: 14 - бап, 1 - тармақ.
Тең, алдында, мен, бәрі, заң, сот, жұрттың.

(Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең)

Сұрақ: 16 – бап, 1 – тармақ.

Бостандығына, бар, әркім, жеке, өзінің, құқығы, басының.

(Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар)


V. бөлім «Ой талқы» (берілген сұраққа  әр топ  ой-тұжырымдарын  білдіреді.(Уақыт 3 минут))

І-топ «Әділет»тобына

Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

ІІ-топ «Ақиқат»тобына

Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?


ҮІ. бөлім. Қорытынды
(әділқазы алқасының қорытындысы, жеңімпаз топты марапаттау)

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біз бүгінгі «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты сайысымызды қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» (Б. Момышұлы) дей келе қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақырамыз.
Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!