СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жанартылған білімге-жаңаша көзқарас

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Байжигитова Айдана Бейсентаевна

Химия –биология пәні мұғалімі

Қарағанды облысы Бұқар жырау   ауданы

«Калиин жалпы білім беру орта мектебі» КММ 

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ - ЖАҢАША КӨЗҚАРАС»

   Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану  тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты  ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.

      Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Ал, жанаша оқытудың негізгі мақсаты – оқушының белгілі бір пән бойынша терең түсіну қабілетін дамыту және алған білімдерін өмірде кездесетін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету екендігін білдім.

Бұрын сабақтарымда мен оқушыларға өзім ізденіп дайын білімді ұсынып, сабақты бүге-шүгесіне дейін өзім түсіндіріп берсем, осы бағдарлама аясында оқушылардың ойлауы дамитыны, жаңа білімді түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарымен пікірлесе отырып алатынына көзім жетті. Жанартылған білімнің негізгі идеясын түсіне отырып, оқушылардың ойлау қабілетін қалай дамытатынымды ойластырып, жеті модульді кірістіре отырып химия пәнінен 7-8 сыныптарға арналған сабақтар топтамасын құрдым.

Мақсатым оқушылардың топтасып жұмыс жасауына, өздерін, бірін-бірі бағалауына және сабақты өз беттерінше меңгеруіне мүмкіндік жасау.

Зерттеу бойынша ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен сыныптастарымен бірігіп жүргізген жұмыс баланың оқуына және танымдық әсері жоғары екені дәлелденген.Сондықтан да сабақтарымда диалогтік оқытуды тиімді пайдалануға тырыстым. Мен оқушыларымды диалогтік оқуға тарту үшін тиімді сұрақтар қоя білуім керек екенін түсіндім. Сабақтарымды көбіне «Ойшақыру», «Миға шабуыл» т.б. әдістері арқылы бастаймын, себебі балалар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын еркін айтып, сабақтың мақсатын ашып отырды.

ЖИГСО әдісі арқылы да жұмыс жасау барысында оқушылардың қызығушылықпен жұмыстанатынын байқадым. 8-класта өткізген «Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі.» атты ашық сабақта осы әдісті пайдаландым. Барлық оқушыларымқызығушылықпен жұмыс жасады. Десек те бір оқушының өз ойын еркін жеткізе алмағанын байқадым. Сондықтан да ол оқушыға түрткі сұрақтар қою арқылы өз ойын айтуға ұмтылдырдым.

Психологиялық тренингтер арқылы кейбір оқушылардың бойындағы сенімсіздік пен қорқынышты жойып, класта жайлы атмосфераны қалыптастырдым.Үйреніскеннен кейін оқушылардың шаттық шеңберіне ықыласпен шығатынын байқадым. Үнсіз оқушыларымның өздері ортаға шыққан кезде сөйлеуге тырысып жатқаны мені қуантып тастады.

Топпен жұмыс жасатудың алғы шарты – оқушыларды топтарға бөлу. « «ЖИГСО» әдісі арқылы т.б. топқа бөлу әдіс – тәсілдерін меңгеріп, сабақтар кезінде оларды дамыта түстім Алғашында сабағымда кейбір оқушылар топпен жұмыс жасағысы келмейтіндіктерін айтты, себебі топ құрамы ұнамайды деді. Өзімнің жұмысымның жемісі деп оқушылардың осы әдіске үйренгеннен кейінгі сабақтарымдағы оқушылардың топқа бөлінудегі белсенділігін атап айта аламын.

Заман ағымына сай өзгере отырып, техологиялардың дамыған күрделі техника ғасырында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра білу шебер мұғалімнің ерекшелігі. Қазіргі балаларды таң қалдыру қиын, сондықтан да балалардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында , сабағымда түрлі әдістерді шебер қолдана білдім.

Сабақтарымда тақырыппен таныстыру үшін өздерін ізденіске түсіруді көздедім. Осы тапсырманы орындаған кезде оқушылардың АКТ – мен жұмыс жасаудағы қызығушылығын байқадым.

Қосымша мәліметтерді ғаламтордан сабақ үстінде алуды, оны пайдаланып түрлі таныстырылымдар дайындауды үйренді және не білгендерін анықтау мақсатында түрлі әдістер арқылы жұмыстар жүргізуді тапсырдым. Барлық тапсырмаларды оқушылар топта, жұпта орындады. Сөйтіп, топта жұмыс жасауды үйренді.Топ мүшелерінің пікірін тыңдауға, құметтеуге, өз ойымен бөлісуге, ортақ шешімге келуге дағдыланды. Бұрынғы сабақтарымда оқушылар топтық жұмысты сайыс деп түсінетін болса, осы әдіспен оқытуда ынтымақтастықта жұмыс жасау керектігін ұғынды.Топпен жұмыс барысында постер құруда, сыныптағы суретті жақсы салатын қабілетті оқушыларды байқадым. А. деген үнсіз оқушымның сурет салудағы қабілетін бұрын – соңды білмейтінмін. Өйткені сабақ үстінде сурет салуды уақыт тапшылығына байланысты өткізу мүмкін емес , ондай тапсырмаларды үйге беріп жіберетінмін.Топтық жұмыста дарынды және қабілетті оқушылардың да көшбасшылығын байқап отырдым. Себебі бірлесіп жұмыс жасауда, топтағы дарынды оқушы өзге топ мүшелеріне көмек, қолдау көрсете отырып, оның ойын құрметтеп отырды.

«Оқыту мен оқу үшін бағалау» модулінің де теориясың мәнін жете түсініп, тәжірибеде қолданған кезде оның тиімділігін білдім.

Формативті бағалаудың сапалы білім берудегі ролі басым екендігімен келісемін. Өйткені формативті бағалауды күнделікті сабақта қолдана отырып, менімен қатар оқушылар да өз білімдерінің сапасына әсер ете алады.

Сонымен қатар формативті бағалау оқушының сабаққа, оқуға деген ынтасын арттырады, себебі бағалаудың әртүрлі әдістерін қолдану баланың қызығушылығын оятады. Бағалауда оқушылар өз – өздерін, бір – бірін бағалауды, топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгереді. Бір сабағымда мен оқушыларды критерий арқылы бағалатсам, кейбір сабақта топ басшылары бағалады, ал кейбір сабақтарда өз-өздерін бағалады. Кейде критерийді өзім дайындап алып келсем, екінші сабақта өздеріне дайындаттым. Осы кезде мен кедергіге тап болдым . Себебі оқушылардың әлі де болса сөздік қорының аздығы, жүйелі сөйлей алмауы қатты әсер етті.

Сондықтан да осындай кедергілерді болдырмау мақсатында әр сабақтың кезеңдеріне тиімді бағалау түрлерін қолдана отырып, өз беттерінше пікір айтуға , тілек білдіруге дағдыландырдым.

          Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп  Үнді халқының  тарихи  тұлғасы Махатма  Гандидің  «Егер сен болашақтағы  өзгерісті  байқағың келсе, сол  өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті  жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың  кепілі. 

Просмотр содержимого документа
«Жанартылған білімге-жаңаша көзқарас»

Байжигитова Айдана Бейсентаевна

Химия –биология пәні мұғалімі

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы

«Калиин жалпыбілім беру орта мектебі»КММ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ - ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!