СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Іздегенде табылатын қасыңнан"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сабағының тақырыбы: "Іздегенде табылатын қасыңнан" Тәрбие сабағының мақсаты: Оқушылардың достық сезімі туралы білім деңгейін кеңейту. Адамдар арасындағы достық қарым - қатынасты ашу, досты қадірлеуге баулу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан және өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу, оқушылар арасындағы ынтымақ, бірлік, ұжымдылық сезімдерді кеңейту

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қанатты сөздер мен мақал - мәтелдер жазылған плакаттар, слайдтар, ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру

А) Әнұранды орындау 

Б) Шаттық шеңберіне жиналу. Бір-біріне бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айту. (Оқушылар «Досыммен бірге » ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арналған тілектерін айтады)..

Сабақтың барысы: Сабақ 3 топтың  жарысы түрінде өтеді.

1 – топ  “Достық” тобы,     2 – топ  “Құрбы” тобы,      3 - топ “Жолдас” тобы. 1-Жүргізуші: Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар! Біздің бүгінгі «Шын дос - таусылмас қазына» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер!

«Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрсада, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотел атамыз айтқан. Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей, Досыңа қосылғанда дем бергендей, Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке. Тұйғынға қапастағы жем бергендей.

2- Жүргізуші: Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейді.

Бір данышпаннан дос жақсы ма, туыс жақсы ма деп сұрағанда, дос жақсы деп жауап берген екен. Ей, перзентім, білгенің жақсы, адам тірі кезінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан туыссыз болғаны жақсы. Достарым көп деп әркімге үміт түймесін қадауға әрекеттенбе. Ілгері мен соңғыға қара, достарыңның көзқарасынан хабарсыз болма. Дәмеленгіш, кекшіл достан аулақ бол. Оның достығы нағыз достық емес, уақытша пайдалану ғана. Қызғаншақ, кекшіл, ішітар, сараң адамдар достыққа лайықты деуге болмайды деген екен. Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген – адамның көрігі екен, Достық деген – ақылдың серігі екен. Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында, Отырмын думан асып жатқанымен Олқы тұр көңілім менің нанасың ба? 1-Жүргізуші  - Оқушылар алдымен достық деген не, оны қалай түсінеміз, соны айырып  алайық. - Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не?    Әр топтан оқушылар сұраққа өздерінің жауаптарын айтады.

 2-Жүргізуші: - Иә, достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптасып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды. Досым, саған сенемін, сеніп өтем, Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген – адамның көрігі екен, Достық деген – ақылдың серігі екен. Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында, Отырмын думан асып жатқанымен Олқы тұр көңілім менің нанасың ба? Ән: «Достар» 1-Жүргізуші:

  Екі дос ертегісін тыңдайық. 

      Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

     Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-   Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-   Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-   Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-   Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

     Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

     Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

      Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

          2-Жүргізуші: Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны

          бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет, досты

          асықпай таңдау қажет.

      Достық – адамдардың бір-бірін  жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

      Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

     Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

1-Жүргізуші:

«Ойлан, тап!» Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

Енді, оқушылар,  мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.

1.Өз басыңды дауға берсең де, ( досыңды жауға берме.)

2. Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті дау алмайды.)

3. Күлме досыңа, (келер басыңа.)

4. Біреу жаныңа жолдас, (біреу малыңа жолдас.)

5. Дос басқа қарайды, (дұшпан аяққа қарайды.)

6. Жақсымен дос болсаң, (жетерсің мұратқа)

Жаманмен дос болсаң, (қаларсың ұятқа.)

7. Доссыз адам-тамыры жоқ (ағашпен тең.)

  2-Жүргізуші:

8. Досы жоқпен сырлас, (досы көппен сыйлас.)

9. Ерегескен ел болмайды, (есептескен дос болмайды.)

10. Заттың жаңасы жақсы, (достың ескісі жақсы.)

11. Жүз  теңгең болғанша, (жүз досың болсын.)

12.Доссыз өмір,( тұзсыз ас.)

13.Өзіңе қарап, (дос таңда.)

      Күшіңе қарап, ( жүк көтер.)

14.Кімнің досы жақсы болса (өзіде жақсы.)

 Екі ердің достығы  асулардан асырар.

 Екі елдің достығы  ғасырлардан асырар.

Енді барлығымыз қосылып «Дос туралы жыр» әнін орындайық.

1-Жүргізуші:

Жағдаяттан шығу. (Цитуациялық сұрақтар)

         Ортаға ойынға екі ер баланың және екі қыз баланың шығуын сұраймын. Үстел үстінде жатқан кеспе қағаздағы ситуациялық сұрақтардың жауабын табыңыздар.

1.Саған ата-анаң үй шаруасын орындау керектігін ескертіп,  өздері жұмысқа кетіп қалды, кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып көмекке келуіңді өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?

2. Көптен күткен әншінің концертіне бара жатырсың, қалтаңда билеттің құнына жететін 2000 теңге бар, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін сұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

3. Екеуің жан доссыңдар, тағы бір досың бар. Сырткөзге қарағанда қызығарлықтай құрбысыңдар. Бірақта сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың. Сен қай досты таңдар едің?

4. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, ол өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?

  2-Жүргізуші:  Ұлы ғұламалардың  айтқан сөздері:

1-оқушы: Дос адам артық сұрамайды.                                       Махмұт Қашқари.

2-оқушы: Дос достың кемшілігін кешіре береді.                      Жүсіп Баласағұн.

3-оқушы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.             Абай.

4-оқушы: Екі ердің достығы асулардан асырар,

                Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.                    Мұзафар Әлімбаев.

5-оқушы: Қоссыз қазақ болса да,

                 Доссыз қазақ болмаған.

6-оқушы: Дос табу оңай – сақтауы қиын,

                 Жау табу оңай – тоқтауы қиын.

1-Жүргізуші:

7-оқушы. Өзіңе берілген досыңа жақсылық жасаудың қанша жақсылық жасасаң да артықшылығы жоқ.                                                                            Генрик Ибсен 8-оқушы. Достар - бөлек тәнде өмір сүретін, бір адам.                 Аристотель 9-оқушы. Өмірдегі ең бағалы қазына. Дүниенің бар байлығына ие болса да, ешқандай адам өзінің доссыз қалуын қаламайды.                         Аристотель 10-оқушы. Достық - асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек.                                                                            Джордж Вашингтон

 2-Жүргізуші:

      Енді достар бүгінгі тәрбие сабағымыздан естелікке бір-біріне дайындаған «тосын сыйлықтарын» жылы лебіздерімен білдіріп берсе.

                                                Дос

Дос емес достық сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атыңа қосылады?

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе?

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

 Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

 Жасыған жездей болып мойымаңыз.

 Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

 Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.

 Қорытынды.        Сабаққа қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.

      - Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де сол сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.  

 

Просмотр содержимого документа
«"Іздегенде табылатын қасыңнан"»



Тәрбие сабағының тақырыбы: Шын дос - таусылмас қазына
Тәрбие сабағының мақсаты: Оқушылардың достық сезімі туралы білім деңгейін кеңейту. Адамдар арасындағы достық қарым - қатынасты ашу, досты қадірлеуге баулу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан және өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу, оқушылар арасындағы ынтымақ, бірлік, ұжымдылық сезімдерді кеңейту

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қанатты сөздер мен мақал - мәтелдер жазылған плакаттар, слайдтар, ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

А) Әнұранды орындау 

Б) Шаттық шеңберіне жиналу. Бір-біріне бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айту. (Оқушылар «Досыммен бірге » ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арналған тілектерін айтады)..

Сабақтың барысы: Сабақ 3 топтың жарысы түрінде өтеді.

1 – топ “Достық” тобы, 2 – топ “Құрбы” тобы, 3 - топ “Жолдас” тобы.
1-Жүргізуші: Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар! Біздің бүгінгі «Шын дос - таусылмас қазына» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер!

«Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрсада, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотел атамыз айтқан.
Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей,
Досыңа қосылғанда дем бергендей,
Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке.
Тұйғынға қапастағы жем бергендей.

2- Жүргізуші: Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейді.

Бір данышпаннан дос жақсы ма, туыс жақсы ма деп сұрағанда, дос жақсы деп жауап берген екен. Ей, перзентім, білгенің жақсы, адам тірі кезінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан туыссыз болғаны жақсы. Достарым көп деп әркімге үміт түймесін қадауға әрекеттенбе. Ілгері мен соңғыға қара, достарыңның көзқарасынан хабарсыз болма. Дәмеленгіш, кекшіл достан аулақ бол. Оның достығы нағыз достық емес, уақытша пайдалану ғана. Қызғаншақ, кекшіл, ішітар, сараң адамдар достыққа лайықты деуге болмайды деген екен.
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?
1-Жүргізуші
- Оқушылар алдымен достық деген не, оны қалай түсінеміз, соны айырып алайық. - Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не?
Әр топтан оқушылар сұраққа өздерінің жауаптарын айтады.

2-Жүргізуші: - Иә, достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптасып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?
Ән: «Достар»
1-Жүргізуші:

  Екі дос ертегісін тыңдайық. 

 Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

     Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-   Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-   Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-   Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-   Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

     Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

     Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

     Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

2-Жүргізуші: Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны

бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет, досты

асықпай таңдау қажет.

Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

      Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

    Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

1-Жүргізуші:

«Ойлан, тап!» Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

Енді, оқушылар, мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.

1.Өз басыңды дауға берсең де, ( досыңды жауға берме.)

2. Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті дау алмайды.)

3. Күлме досыңа, (келер басыңа.)

4. Біреу жаныңа жолдас, (біреу малыңа жолдас.)

5. Дос басқа қарайды, (дұшпан аяққа қарайды.)

6. Жақсымен дос болсаң, (жетерсің мұратқа)

Жаманмен дос болсаң, (қаларсың ұятқа.)

7. Доссыз адам-тамыры жоқ (ағашпен тең.)

  2-Жүргізуші:

8. Досы жоқпен сырлас, (досы көппен сыйлас.)

9. Ерегескен ел болмайды, (есептескен дос болмайды.)

10. Заттың жаңасы жақсы, (достың ескісі жақсы.)

11. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын.)

12.Доссыз өмір,( тұзсыз ас.)

13.Өзіңе қарап, (дос таңда.)

Күшіңе қарап, ( жүк көтер.)

14.Кімнің досы жақсы болса (өзіде жақсы.)

Екі ердің достығы  асулардан асырар.

Екі елдің достығы  ғасырлардан асырар.

Енді барлығымыз қосылып «Дос туралы жыр» әнін орындайық.

1-Жүргізуші:

Жағдаяттан шығу. (Цитуациялық сұрақтар)

Ортаға ойынға екі ер баланың және екі қыз баланың шығуын сұраймын. Үстел үстінде жатқан кеспе қағаздағы ситуациялық сұрақтардың жауабын табыңыздар.

1.Саған ата-анаң үй шаруасын орындау керектігін ескертіп,  өздері жұмысқа кетіп қалды, кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып көмекке келуіңді өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?

2. Көптен күткен әншінің концертіне бара жатырсың, қалтаңда билеттің құнына жететін 2000 теңге бар, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін сұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

3. Екеуің жан доссыңдар, тағы бір досың бар. Сырткөзге қарағанда қызығарлықтай құрбысыңдар. Бірақта сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың. Сен қай досты таңдар едің?

4. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, ол өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?

  2-Жүргізуші: Ұлы ғұламалардың айтқан сөздері:

1-оқушы: Дос адам артық сұрамайды. Махмұт Қашқари.

2-оқушы: Дос достың кемшілігін кешіре береді.  Жүсіп Баласағұн.

3-оқушы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.     Абай.

4-оқушы: Екі ердің достығы асулардан асырар,

                Екі елдің достығы ғасырлардан асырар. Мұзафар Әлімбаев.

5-оқушы: Қоссыз қазақ болса да,

                Доссыз қазақ болмаған.

6-оқушы: Дос табу оңай – сақтауы қиын,

                Жау табу оңай – тоқтауы қиын.

1-Жүргізуші:

7-оқушы. Өзіңе берілген досыңа жақсылық жасаудың қанша жақсылық жасасаң да артықшылығы жоқ. Генрик Ибсен
8-оқушы. Достар - бөлек тәнде өмір сүретін, бір адам. Аристотель
9-оқушы. Өмірдегі ең бағалы қазына. Дүниенің бар байлығына ие болса да, ешқандай адам өзінің доссыз қалуын қаламайды. Аристотель
10-оқушы. Достық - асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек. Джордж Вашингтон

 2-Жүргізуші:

Енді достар бүгінгі тәрбие сабағымыздан естелікке бір-біріне дайындаған «тосын сыйлықтарын» жылы лебіздерімен білдіріп берсе.

Дос

Дос емес достық сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атыңа қосылады?

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе?

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

 Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.

Қорытынды.
Сабаққа қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.

- Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де сол сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!