СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

8 сыныпқа арналған сабақ жоспары" Іздегенде табылатын қасыңнан"

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сыныпқа арналған сабақ жоспары" Іздегенде табылатын қасыңнан" 

Просмотр содержимого документа
«8 сыныпқа арналған сабақ жоспары" Іздегенде табылатын қасыңнан"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Мектеп: Балтасап НМ.. Мерзiмі : қараша. Күні:

Мұғалiм: Атыгулова Анар Самархановна. Сынып- 8 Оқушылар саны 6

Сабақтың тақырыбы:Іздегенде табылатын қасыңнан...

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттері: адалдық,татулық,сыйластық,бауырмалдық,ізеттілік


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға «дос,достық» туралы түсінік бере отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Оқушылардың адалдық қасиеті туралы білімдерін тереңдету.

2. Өзара сыйластық,татулық қарым-қатынастарын дамыту.

3.Оқушыларды адалдыққа, татулық,, сыйластық тәрбиелеу.


Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, ән мәтіні.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Ережені қайталау.

тәртіп

талап

тыныштық

тазалық

татулық

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы , ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға , тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.

Осы нұрды туықандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын», ... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын».

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Сабақ барысын талдау:




Үй тапсырмасын тексеру.

«Екі дос»
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз басты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе - тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «өнімді және шыққан пайданы тепе - тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлады. Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.
Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды.» деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып, үйден шығып досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы қаптардың саны неліктен азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір - бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.


-Екі дос қайда жұмыс істейді?

-достардың басына қандай ой келді ?



-Достардың бұл әрекеттерінің астарында не жатыр?

Өз достарыңа көмек көрсетіп жүрсің бе?



2.Достық деген не?

Оны қалай түсінесіңдер?

Достың көп болуы мүмкін бе?

достық

Өз достарың жайлы не айтасыңдар?

Батман қағазға орындау.






3.Дәйексөз.

«Жақсы адам бола білу мен жақсы дос болу-бір нәрсе» Аристотель

Дәйексөзді оқыңдар .Оны көзқарас-себеп-мысал-қортындылау арқылы талдаңдар.





Адал дос

М. Төрежанов

Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын. Демікпе сырқаты болатын.

Бір үйдің жанынан өте бергендерінде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді.

Абыз:

– Аблан, қаш, әне ит келіп қалды! – деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.

Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.

Абыз Абланның жанына келіп:

– Мен қаш дегенде, неге қашпадың? Қашып кеткенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жыртпаған болар еді, – деп жатыр.

– Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені, сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, – деді Аблан.

– Адал дос деген осылай болар, – деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.

1. Екі дос қандай оқиғаға тап болды?

2. Абыз досына қандай көмек көрсетті?

3. Үлкендер олар туралы қандай ойда болды?

4. Абыздың досын тастамау себебі не?

5. Достық неден басталады деп ойлайсың?

6. Адал достыққа тән өз бойыңда қандай қасиеттер бар?

7. Сенің өміріңде шын достықты көрсететін қандай жағдайлар болды? 











5 .Жағдаятты талдау.

Сабақ бітуге ,қоңырау шалынуға жақын қалды.Оқушылар кітап дәптерлерін жинап,қоңырауды сабырсыздана күтуде.Қоңырау үні естілісімен барлығы есікке қарай асықтты.Арман асықпай жиналып,ең соңғы адамның сыныптан шығуын күтіп, көзінің астымен мұғалімге қарап қояды.

Мұғалім:Арман сен үйге қайтпайсың ба?

Арман ең соңғы оқушының шығуын күтіп жауап қатты:

  • Сізбен сөйлесейін деп едім ағай....

Мұғалім:Айтағой не айтпақшы едің ?

Арман:Сыныптағы Айбек досым барғой...

Мұғалім: Ия ,не болды Айбекке?

Арман:Ол... ол анасы сырқаттанып.Шамасы ақшадан қиналып жүр ғой деймін....

Мұғалім :Солай ма?

Арман:Мен оған көмектестессем бе екендеп едім.бірақ ол менің ол қөмегімді білсе,қабылдамайды......

-Арманның Айбекке деген қандай ниетін аңғардыңдар?

-Оқиғаның соңы қалай болады деп ойлайсыңдар?

Өз нұсқаларыңды ұсыныңдар ?




6. Шығармашылық жұмыс :Екі топқа бөліп,әр топ өз нұсқасын өздеріне ұнайтын әуенге салып орындауы керек.

Өлең сөздерін пайдалана отырып өлең шығару.

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
-------------------------------------------
Достық деген — адамның көрікі екен,
---------------------------------------------

іздегенде табылатын қасыңнан

---------------------------------------

Қуаныш пен қайғыны бірге енсерген

-----------------------------------------





7. Топпен ән айту. «Достарым»

Сөзі:Х.Закарияновтікі;

Әні:О.Көшеровтікі

Тoлтырa біліп көңілдің oлқы бoс жaғын,

Қaтeмді түзeп жoл тaпсaм дұрыс қoстaдың,

Қинaлғaн шaқтa бөлісіп жүрeк жылуын,

Жүрдіңдeр сeндeр қoлтықтaн дeмeп дoстaрым.

Жaбыққaн сәттe қaс-қaғым

Жaнымды ұғaр бaсқa кім?!

Жaңa бір әуeн бaстaдым

Сeндeргe aрнaп , дoстaрым.

Сaғыныш тoлы кeудeмді кeрнeп жыр көшкін,

Дoстыққa кeлді сaғынa әнмeн үн қoсқым,

Өтeрмін мынa өлшeулі ғaнa тірліктe,

Биіктeн сaйлaп, oрынын aдaл, шын дoстың.

Жaбыққaн сәттe қaс-қaғым,

Жaнымды ұғaр бaсқa кім?!

Жaңa бір әуeн бaстaдым

Сeндeргe aрнaп , дoстaрым.

Дeсeк тe қaншa бaянсыз дoстaн түңілді eр

Қaншaмa aрзaн мінeзгe куә жұмыр жeр.

Aсылдaр aз бa, жaнын дa қияр дoс үшін

Сoлaрғa тaғдыр, өкінбeй өтeр ғұмыр бeр.

Жaбыққaн сәттe қaс-қaғым,

Жaнымды ұғaр бaсқa кім?!

Жaңa бір әуeн бaстaдым

Сeндeргe aрнaп , дoстaрым.










8.Үй тапсырмасы.

Оқулықта 64 беттегі Ә.Ахметовтың «Дос жүрегі» шығармасы




9.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі айтылған барлық жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.

Сабақ аяқталды. Рахмет!






















































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!