СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Нағыз ұстаз қандай болуы керек?» эссе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегінде ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзгермес ұғым. Жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық.

Оқытушы барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк кұмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.

Болашақ мамандығым экономика мамандығын таңдауыма кезінде сабақ берген ұстаздарымның үлестері көп болды. 1998 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде, экономика және менеджмент мамандығы бойынша оқып, білім алдым. Алғаш еңбек жолымды Жоғары аграрлық техникалық колледжінде бастадым. Күні кеше жас ұстаз болып табалдырығын аттаған колледж мені жылдар бойы есейтіп, шығармашылық шабытымды шыңдады. 2003 жылдан бері экономикалық пәндер оқытушысы болып қызмет атқарамын.

Колледжге оқытушы болғалы уақыттың зымырап өтіп кеткенін байқамайда қалыппын. Өз пәнімде студенттермен жұмыс жасасам, бұл қызметте ұстаздармен түрлі жұмыстар жұргізу – мен үшін бір бақыт. Мен ұстаз деген қасиетті атқа кір келтірмей, білім атты кеменің ескегімен бірге есе беремін. Мүмкін ұстаздық өмірдің ғанибеті де осында шығар!

Дүниедегі білім атаулының кілті де құпия сыры да ұстазға ғана анық. Бүгінгі ақпараттар ағылған технологиялық мәдениет дәуірінде заманауи ұстаздық қызметтің жауапкершілігі мол. Заманауи ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Сондықтан да менің көкейімде ең алдымен «Нағыз ұстаз қандай болуы керек?» — деген сұрақ тұрады. Осы сұрақ жауабын табу жолындағы ізденіс жұмыстарым, бүгінгі заманауи жаңашыл оқытушыны қалыптастырудағы жаңа істеріме бастама болды. Сонымен нағыз ұстаз қандай болу керек?

1. Тәуекелшіл. Оқытушы кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады.

2. Психолог. Оқытушы тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек. Топтан бөлек, әр шәкіртпен жеке-жеке жұмыс жасау басты талап. Өйткені әркімнің қабілеті әртүрлі.

3. Білікті педагог. Оқытушы өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс. Шәкіртке түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім суымен сусындату ең маңызды дүние.

4. Көшбасшы. Бүгінгі таңда оқытушыға тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Оқытушы өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.

5. Заманауи технологияны игеру. Классикалық кітаптың, қалам мен қағаздың дәурені өтіп бара жатқаны шындық. Дегенмен кітаптың құндылығын айта отырып, оған шәкіртті қызықтыру үшін бүгінгі оқытушының басты мақсаты заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру керек. Соның ішінде компьютердің ішкі жүйесін, офистік бағдарламаларды, электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың көңілін алдандыра да, сабақты қызықты өткізе де алады.

6. Рухани бай болу керек. Қай елдің болмасын оқытушы дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылыққа бай болу керек. Ол сол елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құрал. Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпек емес.

7. Интеллигент. Оқытушының тағы бір қыры өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты мәдениетті, интелегентті тұлға болуы керек. Өйткені қазір қоғамда жастар әр әрекеттен үлгі алуға асығады. Ал көзін ашқан күннен бастап, үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары – ұстаз. Ендеше оның интеллектуалды қабілеті аса маңызды.

Осы орайда: Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Менің шәкірттерім заманауи технологиялар заманында осы қоғамға сай өмір сүре алатын білімді де, білікті, елін, жерін, мамандығын сүйетін, адамдарға ізгілік жасайтын, шәкірт жүрегіне жол табатын маман болып шығуы керек. Сондықтан да мен білім алып жатқан болашақ маман – шәкірттеріме үлкен сеніммен қараймын.

Категория: Экономика
05.02.2022 17:07


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!