Білу және түсіну Жануарларды бөл атты кіріспе тапсырма. Жануарларды бөл. Жануарлардың нақпішіндерін (муляж) көрсету.Оқушылардан суреттегі жануарлардың аттарын атап шығуды сұрау. Таба алмаса, жәрдемдесу. «Аталған жануарлардың қайсысын балықтырға, қосмекенділерге,бауырмен жорғалаушыларға жатқызуға болады? «Салыстыр» Қарлығаш қандай топқа жатады? Жылқы ше? Жылқының неше аяғы бар? Қарлығаштың неше аяғы бар? Әрбір жануардың денесі немен қапталған? Олар балаларын қалай қоректендіреді? Барлық сүтқоректілер мен құстардың басы, аяқтары және мойны болатынын өздері түсінулері қажет. Алайда құстардың тұмсықтары болады, олар ұша алады. Үйректұмсықтың тіршілігі туралы бейнекөрініс; • шегірткенің ұшуы туралы бейнекөрініс. 1. Мәтінді түсініп оқы. Жеке оқу. Біліп ал! "Көршіңе әңгімелеп бер" әдісімен мәтіннің мазмұнын меңгеру. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу: - Жануарлар тобын ата. Әр топқа мысал келтір. - Мәтінде берілмеген басқа жануарларды білесің бе? А)Суреттердегі әр жануардың қай топқа жататынын ата. 1.. Жануарлардың алуан түрлілігі. 2. Суреттермен жұмыс оқып, түсіндіру Жауабы: Бунақденелілер:құмырсқа, ара; Балықтар:ақсерке,алтынбалық; Қосмекенділер:құрықты бақа,бақа; Бауырмен жорғалаушылар:қолтырауын, жылан; Құстар:бүркіт,пингвин; Сүтқоректілер: жолбарыс, сиыр Ә) « Мен қандай жануармын?» ойыны Дәптермен жұмыс: Дәптерге жануарлардың топтарын жаздыру. Ребус шешу: І жұп: жануарлар туралы ребус шешу ІІ жұп: Құстар туралы ребус шешу ІІІ жұп: Ағаштар туралы ребус шешу Білім құмарлар үшін а)Қытай елі жібек матасын сатудан мол табыс тауып, дүние жүзіне әйгілі болған. ә)Асыранды балара – бал береді, 1 кг бал жинау үшін 300 мың шақырым жол жүріп, 19 млн гүлге қонады екен «Сақина салмақ ойыны» Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді? «Тауық құстарға жата ма? Олар ұша алмайды ғой . Тауықтардың дене құрылысы басқа құстар сияқты: қанаттары, екі аяғы, құйрығы және тұмысығы бар, денесі қауырсындармен қапталған. Тауықтар да құстарға жатады |