СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ Тақырыбы:Дене мүшелері жаратылыстану пәні 1 "А"сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

 

 

 

 

«Адамның дене мүшелері »

1-сынып

жаратылыстану пәні

 

 

 

 

Өткізген: Маукишева Р.О.

 

 

 

 

Макин орта мектебі,2016

 

 

 

Пән:  жаратылыстану   

қысқа  мерзімді  жоспар 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:2- бөлім.

Тірі табиғат: Адам

Күні:22.11.2016ж           

   1-сынып   

Мектеп: Макин орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:   Маукишева Р.О.

 Қатысқандар:10             Қатыспағандар саны:1

Сабақ  тақырыбы

Адам.  Адамның дене мүшелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың  қызметтерін атау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:адамның негізгі дене мүшелерін атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:дене мүшелерінің қызметін ажырата алады.

Кейбір оқушылар:  жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Сөздік қор

  • Қол, қол бөліктері: иық, білек, білезік саусақтар, шынтақ
  • Аяқ, аяқ бөліктері:сан, тізе, жіліншік, башпайлар, табан
  • Адамның дене мүшелері

Бағалау критерийі

  • Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды;
  • Адам денесінің негізгі  мүшелерінің қызметін сипаттайды;

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану,өнер,математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Тірі табиғат. Жанды және жансыз заттар

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет 

 

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялықсәт: - Қайырлы таң, көздерім!

-Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, құлақтарым!

-Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, қолдарым!

-Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).

-Қайырлы таң, аяқтарым!

-Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).

-Қайырлы таң, ұстазым!

-Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады)

Оқушылар орындарына отырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ бойынша рефлексия

 

Жалпы баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.ІІ. Кіріспе тапсырма.

- Балалар сендер  қандай табиғат түрлерін білесіңдер?

Жанды және жансыз.

-Жанды табиғатқа не жатады?

-Жанды табиғатқа қатысты ең басты ерекшеліктер қандай?

-Ендеше біз бүгін «Адам» тарауын бастаймыз.

 Ұ) Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын,  мысалы:қолдарыңды бұлғаңдар, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар, бастарыңды изеңдер, мойындарыңды бұрыңдар, иықтарыңды жоғары –төмен қозғалтыңдар.

Оқушылар орындарына отырады.

Қимылдар жасаған кезде қандай  дене мүшелерін атадық?

(Оқушы жауаптарын тыңдау)

( ҚБ)-Сендер дұрыс айтасыңдар, өте жақсы көрсеттіңдер.

 III Жаңа сабақты меңгерту.

.1.Оқушыларға өздері білетін дене мүшелерін атату.

2. Денеміздегі жұп мүшелерді атату, олардың неге жұп екендігін дәлелдету.

-Ендеше  бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабын тыңдау)

-Бүгін сабақта сендер дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысасыңдар( тақырыбы мен мақсатын хабарлау)

-Сабақ соңында нені білеміз деп ойлайсыңдар?

Назарларын тақтадағы суретке аудару

IV.Сурет бойынша жұмыс

(Ұ)Сұлбалар. “Бейнелеу өнері” сабағында өткен“сұлба” терминін еске түсіру. Сұлба — ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі. Суретке назар аударту, сұрақтар қою:  Әрбір сұлбаға назар аударту.

-Қай суретте қыздардың бейнесі салынған? Оны қайдан білдіңдер? (Шаш және киім үлгісі бойынша.)

-Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма? (билеп жүр, бокспен шұғылданып жатыр, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр).

-Осы қимылдарды орындауға  қандай дене мүшелері қатысты? (Аяқтары және  қолдары  қимылдады, басын  бұрды, денесі  иіледі.)

-Ендеше бізде қазір сендермен әртүрлі дене мүшелерімен қимылдар жасап көрейік.

Ойын: «Бұл кім?» (ойын шарты түсіндіріледі)

Ойын шарты: Оқушылар кезекпен шығып кез -келген мамандыққа немесе спорт түріне байланысты карточкада жазылған сөзді ішінен оқиды және соған сәйкес дене қимылын көрсетеді. Ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы керек және сол қимылдарды қайталайды: әнші,суретші,биші,футболшы,күйші.

(ҚБ) Дұрыс жауап айтылғанда оқушылар қол шапалақтау арқылы бағалайды.

  • Қимылдарды  қандай дене мүшелерімен жасадық?

Қимылдарды біз әртүрлі дене мүшелеріміз арқылы жасай аламыз деген қорытындыға келеді.

V.  (Ж)Тапсырмалар .1-тапсырма. Дене мүшесі-қол.

  • Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарап және жұппен оның бөліктерін анықтап көру ұсынылады. Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығады.  

 

Бас бармақ

Сұқ саусақ - Балаң уйрек

Ортаңғы саусақ - Ортаң терек

Аты жоқ саусақ - Шылдыр шүмек

Кішкентай саусақ - Кішкентай бөбек, шынашақ

  • Бас бармақ басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан. Оның қызметі қандай деп ойлайсыңдар?
  •  ( оқушылардың жауабын тыңдау, қолмен кез-келген затты ұстап көруге ұсыныс жасау. Мысалы: қаламды ұстандар, кітапты алындар, т.с.с.)
  • Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алады деген қорытындыға әкелу.

Қаңқамен жұмыс. Мұғалімнің іс –әрекеті:

Қол туралы мәлімет: - Қолдың бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма? (оқушы жауабын тыңдау, жауаптарын толықтыру). Қол- иық белдеуінде орналасқан.

  • Скелеттен қол бөліктерін көрсету, атауларын естерінде сақтау үшін қайталату: иық, шынтақ, білек, білезік, саусақ. Қолдың қызметі туралы не білетіндерін өздеріне әңгімелету, толықтыру.

2-тапсырма. Дене мүшесі-аяқ.

  • Оқушылардың назарын буындардың қозғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына аудару.
  • Әр түрлі қимыл қозғалыс жасату: тізелеріңді бүгіңдер, аяқтарыңның басын оңға, солға қозғалтыңдар, отырып-тұрыңдар.

Қаңқамен жұмыс. Мұғалімнің іс-әрекеті:

Аяқ туралы мәлімет: -Аяқ бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма?( оқушы жауабын тыңдау)

  • Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айту.
  • Аяқтың барлық бөліктерін (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсету.
  • Аяқтың қызметі қандай ойлайсыңдар?( оқушы жауабын тыңдау)
  • Аяқтың қызметі туралы әңгімелетіп, жауаптарын толықтыру.

Естерінде сақтау үшін ойын өткізу.

Ойын: Оқушылар  шеңбер жасап тұрады.Ортаға   топтан  бір оқушы шығып, кубикті лақтырады. Кубикте суреттегі дене мүшесін атайды, топтағы қалған оқушылар сол дене мүшесін атайды және өз  денелерінен ұстап көрсетеді.

Мысалы: білек, санайды 1 білек, 2 білек

Ойын сергіту сәті ретінде өткізіледі.

(ҚБ) –Сендер ойын ойнағанда өз білетіндеріңді жақсы айтып бердіңдер. Өте жақсы, тамаша!

 (Т) Зерттейік.  Оқушылар 2 топқа бөлінеді

Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі.

1-топ: Скелетке негізгі дене мүшелерінің атауларын жапсырады.

2-топ:   Сыныпты алты-жеті оқушыдан тұра­тын топтарға бөлемін.

2-топқа оқушының бойы толығымен сыятын ұзындықтағы  қағаздан таратып беремін.

Қағазды жайып қоятын орынды таңдап алу қажет. Оқушылардың біреуі қағазға жатады. Оған қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндіремін. Екінші оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Топтың қалған оқушылары үздіксіз сызық шығу үшін маркерді бір-біріне береді. Дайын болған сұлбаны қиып алып, қабырғаға іліп және жанына дене мүшелері жазылған кестелерді жапсырып қоюға болады. Біздің денеміздің қызметі.

 (ҚБ)Әр топ өзінің жұмысын қорғайды. Бір топ келесі топтың жұмысын«Бағдаршам» көздері арқылы бағалайды.Тапсырма дұрыс орындалды деп ойласа жасыл түсті көзін көрсетеді, жартылай дұрыс болса сары көзін, дұрыс емес болса қызыл көзін көрсетеді.

Қорытынды:-Балалар қалай ойлайсыңдар,  адамға қай дене мүшесі ең маңызды, ең керекті? (оқушы жауабын тыңдау)

 (Ұ)Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерініңқайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасаймын. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өз қызметін атқарады деген қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің болатын/болмайтынын сұрау. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіру. Осы жерде мүмкіндігі шектеулі адамдар жөнінде әңгімелеп кетемін

Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдар жайлы айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде 2016 жылы Рио паралимпиадасына  қатысқан қазақстандықтар  жөнінде  видеожазба  көрсету, әңгімелеу. Бұл адамдар мақсатқа жетуде.

  Қорытынды.

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Сендер үшін не маңызды болды?

-Сабақтың басында айтылған мпақсатымызға жеттік пе?

- Дене мүшелерінің барлығы сау болу үшін не істеуіміз қажет деп ойлайсыңдар?

Рефлексия: Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады.

1.Барлық дене мүшелерін атай аламын және олардың атқаратын қызметін білемін дегендер жетістік баспалдағының ең жоғарғы бөлігін таңдайды

2. Атауларын білемін, бірақ кейбір дене мүшелерінің қызметін  білмеймін дегендер одан төменгі бөлігін таңдайды.

3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер төменгі бөлігін таңдайды.батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын айту.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Тақырыбы:Дене мүшелері жаратылыстану пәні 1 "А"сынып»

Адамның дене мүшелері ( 2 сынып ашық сабақ жоспары)

Мұғалім : Сейтказина Б.С.


Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері

Сабақтың мақсаты: Адамның дене мүшелерінің атауларын сөйлемдерде дұрыс қолдана білу. Тақырып төңірегінде сөйлей білу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Адамның дене мүшелері туралы мәлімет беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.

Тәрбиелік:Салауатты өмір салтына байланысты  тәрбиелік мақсаттағы  әңгімелер жүргізу.

Дамытушылық: Дене мүшелерін дұрыс көрсету деңгейіне жеткізу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру

Сабақтың әдісі: ойын ойнату, сұрақ-жауап, оқу, жазу,аудару, тапсырмалар,  сергіту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірме қағаздар,қуыршақ ,оқулық. .

Меңгерілетін сөздер: Адам, дене мүшелері, сана, мұрын, құлақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме, бүгінгі сабақта қонақтарды көргеніме қуаныштымын. Ребята, я рада видеть наших гостей, и знаю что вам тоже хочется их поприветствовать

Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.

Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Қонақтар! (Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым! Ал кәне, өз орнымызға барып отырайық!

Кезекшімен сұхбат

  1. Қазір қандай сабақ?

  2. Қазақ тілі нешінші сабақ?

  3. Сыныпта кім кезекші?

  4. Сыныпта кім жоқ?

Үй тапсырмасын тексеру

1.Сурет салып келген балалар өздерінің дене мүшелерін сурет арқылы көрсету.

2.Тақтада жазбаша жұмыстарын тексеру:

Тақтадағы: бас, көз, құлақ, мұрын, ауыз, қол, аяқ сөздерін қазақша баламасын жазу.

Жарайсыңдар балалар!

Қазір біз жаңа тақырып бастамас бұрын, орнымызды айырбастап екі топқа бөлініп жұмыс жасайық. Ол үшін партадағы ленталардың өздеріңе ұнайтын түсін таңдап алайық.

Қызыл, сары лента таңдаған балалар 1 топ яғни «АРА» тобы, ал жасыл мен көк түсті лента таңдаған 2 топ «Көбелек» тобы болады.

Жақсы балалар енді өз орнымызға барып жайғасайық.

IV. Жаңа сабақ. Бізге бүгін Карло әкейден хат келді. Хатта бізден Буратиноны жасау үшін көптеген қиындықтарға тап келгенін айтады. Ол үшін біз біраз тапсырмаларды орындауға көмек беруіміз керек. Әр тапсырма орындаған сайын, буратинаның дене мүшелері құрала басталады. Балалар, біз Буратиноны жасауға көмек берейік пе?

Сегодня на уроке мы пройдем очень важную тему «Адамның дене мүшелері» а именное какие функции они выполняют.   Урок у нас будет необычным. Мы с вами собрав буратино будем изучать новую тему. Но  нужно проверить, на сколько вы готовы к работе. Пожелайте друг другу удачу. Сәттілік тілеймін!


Конвертті ашу, балаларға түсіндіру

1 тапсырма

Сөзжұмбақ шешу

1.Дедушка

2.Врач

3.Старший брат

4.Моя

Оқушылар жауабын айта отырып, сабақтың тақырыбы «Адам» екендігін анықтайды.

Бір оқушы буратиноның 1-ші дене бөлшегін магнитпен тақтаға жапсырады.

2-ші бөлшегінде Жаңа сөздермен жұмыс

Сөздік жұмыс

Көреді-видит

Естиді-слышит

Ойлайды-думает

Сөйлейді-разговаривает

Жүреді,жүгіреді-бежить

Жазады,ұстайды-держить

-Өтетін сөздердің , сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.

Дұрыс айтуға дағдыландыру:

-мұғалім мәнерлеп оқиды;

-оқушылар хормен қайталайды;

-оқушылар тізбекпен оқиды;

-сөздікке жазғызу;

--сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау.

Келесі оқушы тақтаға 2-ші бөлшегін қай мүшесі екендігін айтып магнитпен жапсырады.

3-ші бөлшегінде дәптермен жұмыс.

Бүгінгі күнді, айды жазғызу.

Ауызша құраған сөз тіркестерін жазғызу. Мысалы: бас біреу, қол екеу.

Магнитпен 4-ші бөлшегін сұраққа жауап бергізіп алып жапсырту.

-Бұл буратиноның несі?

-Басы

-Мынау нелері?

-Көздері

-Мынау ше?

-Аузы

-Мынау несі?

-Мұрны

Буратиноның дене мүшелері арқылы адамның дене мүшелерінің әрқайсысының қызметіне жеке тоқталып кету.

Ал, қане шаршап кеткен шығармыз, сергіп алайық;

Сергіту сәті:

 Бейнеклип көру.

5-ші бөлшегінде оқулықпен жұмыс                                                                         Оқулықтың 35-ші бетіндегі  2-ші тапсырма бойынша оқылым әрекетін іске асыру.Осы жерде түсініп, саналы  оқу дағдыларын  молайту.

6-шы бөлшегінде жеке шығармашылық жұмыс, балаларға  қима қағаздар таратып беріп, құбыжықты суретін салуды тапсырамыз.Әр оқушының білім деңгейін тексеру.

7-ші бөлшегінде салауатты өмір салтына , дене мүшелерін қорғауға байланысты тәрбиелік әңгімелер жүргізу.( Соңғы мүшелерін аяқты жапсырады)

Сабақты қорыту:

-Бір оқушыны шығарып, тақтамен жұмыс жасату, тақтадағы суретті сөйлету арқылы, дене мүшелерін қандай қызмет көрсететінін айтып, жаңа тақырыпты бекіту.

-Әр оқушыға жеке-жеке көмек көрсету , сөйлемді дұрыс қолдануға үйрету.

Мысалы: Адам теледидар көреді.

Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымызда біз қандай тақырыпта өттік?
Балалардыңжауабы: «Дене мүшелерінің қызметі»
Қазақ тілінде қандай жаңа сөздерді үйрендік?
Балалардың жауабы: Көреді,естиді,ойлайды,сөйлейді,жүреді,жүгіреді,жазады,ұстайды.

Балалар енді сабағымызды қортындылай келе мына талға, алдарыңда жатқан смайликтерді талға жапсырамыз, сабақты тамаша өтті деп ойлағандарың-қызыл, ал жақсы дегендерің-жасыл, ал нашар маған ұнаған жоқ деп ойлағандарың-сары түсті жапсырамыз.

Үйге тапсырма:  37 бет № 1 тапсырма оқу, жаңа сөздерді жаттау, 38 бет № 4 жазбаша

Бағалау

Қоштасу Ал енді балалар осымен сабағымыз аяқталды.





Анаграмма

 

1.Берілген әріптерді дұрыс қойып сөзді табыңыз.

 

ОМЫЙН

ІТЕЗ

ЫАНШТҚ

АСУАСҚ

АҚҚНА

ЗУАЫ

ШЕКЕ

ЙАМҢАД

ҚҰЛАҚ

НРЕІ

АҢЙДТА

ІТЛ

ЕНДЕ ҮМЕШ









Cурет бойынша адамның өсу жолының ретін көрсет




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!