СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәжірибелік жұмыс

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша оқушыларға «Тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткішін рН әмбебап индикаторымен анықтау» туралы қысқаша видео көрсетілді. Сонымен сабақтың бірінші жоспары «Ой қозғау» толығымен орындалып шықты. Екініші жоспар «Формулаларды жіктеу» бойынша оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топ алдарына таратылған жоспарға қарап отырып «Тұздар гидролизі» туралы түсінік берді. Ал үшінші өз қалаулары бойынша қайра 5 топқа топтасуды сұрап, оқушыларды сергітті. 

Просмотр содержимого документа
«Тәжірибелік жұмыс»

№14 мектеп-гимназияның химия пәні мұғалімі Сексенбиева Зинат Канатовна

21.02.2014 жыл

10 «б»

12 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

1 тәжірибелік сабақ: «Металдар» тақырыбына эксперименттік есепетер. (1 сағат)

Сілтеме:

Оқулық 10 сынып «Химия», қосымша ғылыми-методикалық журнал.

Жалпы мақсаты:

Металл қосылыстары жөніндегі алған білімдерін қорытындылап, тұжырымдап, бұрын қалыптасқан икемділіктерін әс жүзінде пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Сапалық реакциялар арқылы заттардың құрамын анықтау;

  • ЭДТ – ны қайталау негізінде ион алмасу реакцияларының нәтижесін болжай білу;

  • Зат құрамын анықтау мақсатындағы эксперименттік есептерді шығара білу;

  • Химиялық экспериментті орындау біліктілігін техникалық қауіпсіздігіне сай жүргізу дағдыларын жетілдіре түсу.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Аудио, видео құралдар, «ТҚ ережелері», «тұздардың судағы ерігіштігі», «иондарды анықтау», «қышқылдар мен сілтілердің индикаторларға әсері» кестелері. Индикатор қағаздар.

Оқу нәтижесі:

  • Сапалық реакциялар арқылы заттардың құрамын анықтауды;

  • ЭДТ – ны қайталау негізінде ион алмасу реакцияларының нәтижесін болжай білуді;

  • Зат құрамын анықтау мақсатындағы эксперименттік есептерді шығара білуді;

  • Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауды;

  • Оқушылар өз бетінше ізденуге, өз ойын ашық айтуға және еркін пікір алмасуға үйренеді.

Түйінді идеялар:

Металдар тақырыбына эксперименттік есептер.

Жаттығулар:

Деңгейлік эксперименттік тапсырмалар

Топтық жұмыс.

Сергіту сәті:

«Астана ауа-райы» тренингі


Сабақ жүрісі

І. Амандасып, сынып реттілігін тексеру.


ІІ. Сыныпты 4 топқа бөлу (берілген формулалар бойынша топтасады) 1-қосымша

«Тұздар» тобы.

«Қышқылдар» тобы.

«Негіздер» тобы.

«Оксидтер» тобы.


ІІІ. Тапсырма.

1-тапсырма «Қауіпсіздік техника ережесіне мини диктант» 2-қосымша.

Деңгейлік тәжірибелік тапсырмалар.

2 тапсырма.

Mg → MgCI2 → Mg(OH)2 заттардың генетикалық байланысына сәйкес тәжірибелер жүргізу.

1 алгоритм.

1. Тапсырманы оқып шығып, ой елегінен өткізіңіздер;

2. Заттар арасында жүретін реакция теңдеулерін жазыңыздар;

3. Тобтарыңызбен талдау жасап, бағыттарыңыздың дұрысын анықтаңыздар;

4. Қауіпсіздік ережесін ескере отырып, тәжірибе жасаңыздар: әуелі магний кесегін сынауыққа салып, одан соң тұз қышықылы ерітіндісінен бірнеше тамшы үстінен тамызыңыздар. Содан, соң алынған ерітіндінің үстіне аздап натрий сілтісін құйыңыздар. Түзілген тұнбаға көңіл аударыңыздар. Жасаған жұмыстарыңызды мына кесте бойынша толтырып, топ үйлестірушісіне тапсырыңыздар.

Не істедік?

Не байқадық?

Қорытынды

Мg + НСІ (ерт.) =

MgCI2 + NаОН =




ІV. Сергіту сәті.


V. Жұмысты жалғастыру.

3 тапсырма.

Үш сынауықта үш белгісіз зат берілген. Натрий гидроксидімен әрекеттескенде біреуі – қоңыр тұнба, екіншісі – өзгеріссіз, үшіншісі – ақ іркілдек тұнба береді. Бастапқыда берілген заттарды анықтаңыз.

2 алгоритм.

1. Тапсырманы оқып шығып, ой елегінен өткізіңіздер;

2. Заттар арасында жүретін реакция теңдеулерін жазыңыздар;

3. Тобтарыңызбен талдау жасап, бағыттарыңыздың дұрысын анықтаңыздар да тиісті реакция теңдеулерін жазыңыздар. Тапсырмаларыңыздың барлығы да зертханалық жұмыс дәптерлеріңізде жазылуы тиіс.


Бағалау (критери арқылы) 3-қосымша.


Үйге тапсырма.


Рефлексия.



1-қосымша

Тұздар Қышқылдар Негіздер Оксидтер

СаСІ2

НСІ

LiOH

Li2O

NaCI

Н2СО3

KOH

BaO

Na2CO3

НNO3

Ba(OH)2

Fe2O3

MgCO3

H2SO4

Ca(OH)2

CO2

KNO3

H3PO4

Pb(OH)3

N2O5

AgNO3

HF

Fe(OH)3

SO3

CuSO4

HBr

NH4OH

Mn2O7

CaSO4

HI

Zn(OH)2

Na2O

2-қосымша

Деңгейлік тәжірибелік тапсырмалар:


1 тапсырма.

«Қауіпсіздік техника ережесіне мини диктант»

1. Улы заттармен, өткір иісті заттармен, қышқылдар мен сілтілердің концентрлі ерітінділерінмен, сілтідік металдармен жұмысты ....... ....... істеу керек. (тартпа шкафта)

2. Реактивтерді құйған кезде ыдысқа ........... болмайды, себебі тамшылар немесе бөлшектер бетке немесе киімге шашырауы мүмкін. (еңкеюге)

3. Сынауықты қыздырғанда аузын өзіңе немесе басқа адамдарға .......... болмайды. (қаратуға)

4. Егер теріге концентрлі қышқыл немесе сілті ерітіндісі тисе, жараланған жерді ....... ......... ......... ........ керек. (судың көп мөлшерімен жуу)

5. Зертханалық жұмыс жасаған уақытта адамның қандай ұқыпытылықтары қажет? (партада артық заттың болмауы, керек дәптер партаның бір жақ шетінде болуы, қыздардың шаштарының жианқы болуы т.б.)


2 тапсырма.

Mg → MgCI2 → Mg(OH)2 заттардың генетикалық байланысына сәйкес тәжірибелер жүргізу.

1 алгоритм.

1. Тапсырманы оқып шығып, ой елегінен өткізіңіздер;

2. Заттар арасында жүретін реакция теңдеулерін жазыңыздар;

3. Тобтарыңызбен талдау жасап, бағыттарыңыздың дұрысын анықтаңыздар;

4. Қауіпсіздік ережесін ескере отырып, тәжірибе жасаңыздар: әуелі магний кесегін сынауыққа салып, одан соң тұз қышықылы ерітіндісінен бірнеше тамшы үстінен тамызыңыздар. Содан, соң алынған ерітіндінің үстіне аздап натрий сілтісін құйыңыздар. Түзілген тұнбаға көңіл аударыңыздар. Жасаған жұмыстарыңызды мына кесте бойынша толтырып, топ үйлестірушісіне тапсырыңыздар.

Не істедік?

Не байқадық?

Қорытынды

Мg + НСІ (ерт.) =

MgCI2 + NаОН =




3 тапсырма.

Үш сынауықта үш белгісіз зат берілген. Натрий гидроксидімен әрекеттескенде біреуі – қоңыр тұнба, екіншісі – өзгеріссіз, үшіншісі – ақ іркілдек тұнба береді. Бастапқыда берілген заттарды анықтаңыз.

2 алгоритм.

1. Тапсырманы оқып шығып, ой елегінен өткізіңіздер;

2. Заттар арасында жүретін реакция теңдеулерін жазыңыздар;

3. Тобтарыңызбен талдау жасап, бағыттарыңыздың дұрысын анықтаңыздар да тиісті реакция теңдеулерін жазыңыздар. Тапсырмаларыңыздың барлығы да зертханалық жұмыс дәптерлеріңізде жазылуы тиіс.









3-қосымша

Бағалау парағы. Оқушыларды мұғалім бақылап жүріп, «5», «4», «3» бағаларын қолдана отырып критериалды бағалау (жасаған зертханалық жұмыстары бойынша).

Топ мүшелері

1

2

3

ҚТЕ сақтай алуы

Құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалана алуы

Қорытынды баға

1








2








3








4








5








6










ҚТЕ – қауіпсіздік техника ережесі.































№14 мектеп-гимназияның химия пәні мұғалімі Сексенбиева Зинат Канатовна


10 «Б» сыныбында өткізілген химия сабағының есебі.

Сабақтың тақырыбы

1 тәжірибелік сабақ: «Металдар» тақырыбына эксперименттік есепетер. (1 сағат)

Сабақтың мақсаты

Металл қосылыстары жөніндегі алған білімдерін қорытындылап, тұжырымдап, бұрын қалыптасқан икемділіктерін әс жүзінде пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.

Оқу нәтижесі:

  • Сапалық реакциялар арқылы заттардың құрамын анықтауды;

  • ЭДТ – ны қайталау негізінде ион алмасу реакцияларының нәтижесін болжай білуді;

  • Зат құрамын анықтау мақсатындағы эксперименттік есептерді шығара білуді;

  • Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауды;

  • Оқушылар өз бетінше ізденуге, өз ойын ашық айтуға және еркін пікір алмасуға үйренеді.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің рөлі

Оқушы белсенділігі

  1. Амандасып, сынып реттілігін тексерілді.


  1. Сыныпты топқа бөлді.





  1. Топқа деңгейлік тапсырмалар берілді.











  1. Тапсырмалар арасында «Астана ауа-райы» тренингісін өткіздім.


  1. Критериалды бағаланды. Сабақ соңында емес, сабақтан кейін өзім бақылап жүргенім бар және дәптерлерін тексеріп барып бағаладым. Бағаларын келесі сабақта ғана айтатын болдым.


  1. Үйге тапсырма берілді.



  1. Рефлексия жаздырттым.

  1. Сыныптағы кезекші оқушы оқушылардың бар-жоқтығын түгендеп жауап берді.


  1. Оқушылар берілген формулалар бойынша топқа бөлінді. Олар белсене қатысты, алты оқушы формула типін ажырата алмай шатасып қалды.


  1. Тапсырманы топтаса отырып орындады, «Мини диктант» тапсырмасы өте жақсы орындады, 2-тапсырмасын қызығушылықпен орындады, себебі химиялық заттарды өз қолдарымен көзбен көре орныдаған соң қызыға-қызыға орындады, бірақ екі топтың жазған реакция теңдеулерінде қателіктер болды, әсіресе теңестіру кезінде яғни зертханалық жұмысты орындағанда белсенділік танытты. Ал соңы тапсырманы да орындағанда осындай қателіктер жіберілді.


  1. Сергіту сәтінде оқушылар белсене қатысты, қай сынып жастағы балалар болсын сергіту сәті бәріне ұнайды.


  1. Оқушылар бағалары естіп үлгерген жоқ.











  1. Берілген тапсырмаларды күнделікке түсіріп отырды


  1. Жазған рефлексияларын арнайы тақтаға іліп қойыды. Келесі сабақта міндетті түрде оқуымды өтінді.

Қолданылған модульдер

Келесі модульдерді қолдандым

Оқушылар не үйренді

  1. СТО;

  2. Бағалау;

  3. Диалогтық әдіс;

  4. АҚТ;

  5. Көшбасшылық.

  1. Өз ойын ашық айтуға;

  2. Теориялық білімді тәжірибеде іске асыруға;

  3. Мұғаліммен және жолдастарымен пікір алмасуға;

  4. Өзіне сенімділікпен қарауға.

  5. Топтағы оқушылардың ойымен санасуға.

Мен не үйрендім

Оқытудың жаңа әдістерін сабақта қолдануды, топтық жұмысты ұйымдастыруды.

Кедергілер

  1. Уақытты тиімді пайдалана алмау, яғни топқа бөліп, топтық жұмыста.

  2. Интерактивті тақтаның уақытында жанбай қалуы.

Түйін

Бағалау туралы оқушыларға түсіндіруім керек, сабақтың әр кезеңін уақытпен жоспарлаймын. Ынтымақтастық атмосферасын әрі қарай қалыптастыру үшін жақсы тренингтер ұйымдастыруым қажет.












Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!