СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шағын мектепте қазақ тілін оқыту үрдісін ұйымдастыру.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шағын мектепте   қазақ тілін   оқыту үрдісін ұйымдастыру.

Просмотр содержимого документа
«Шағын мектепте қазақ тілін оқыту үрдісін ұйымдастыру.»

Шағын мектепте қазақ тілін оқыту үрдісін ұйымдастыру.



«Егер басқа халықтың жанын, дәстүрін түсінгің келсе, сол халықтың тілін біл» Абай.

Қазақ тілін орыс сыныптарында нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіру, түсіну- бүгінгі күннің маңызды мәселесі.Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселердің бірі оқушы тілін дамыту процесі.Орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқытудағы басты мақсатымыз- сөйлей білуге, жаза білуге үйрету.Үйрете білсек, күнделікті сөздерді айта білсе бұл жетістік емеспе.Тіл дамыту жұмыстарында үшін сөзді бір –бірімен байланыстыра ,тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн.

Шағын мектеп дегеніміз –бұл ауылдың мектебі. Оқу үрдісі басқа мектептерден айырмашылығы физикалық пен ақыл ой еңбегімен ерекше.Ауылдық жерлерде өзін өзі білімдерін арттыруда әрі мәдениеттілігі . кітапхана қорының аздығы, көретін көгілдір теледидардағы балаларға арналған көрсетілімдер әрі мұражайдың жоқтығы ма деп ойлаймын.Бұл жағдайлар әрине кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайда бір жазушының қанатты сөзі еріксіз ойыма түседі«Халық жоқ жерде , тіл жоқ » жанымда жатталып қалғандай.Шағын мектептерде қазақ тілі тұнығы таза, сөз құрамы қарымды, сауатты тіл.Туғанда ана сүтімен беріліп, қадірлі де, қасиетті тіл бойға сіңіп, өзімізбен өшеді. Шағын ауылдағы қазақ тілі мұғалімдердің мақсаты – өзге халықтың баласын өзге тілде түсіндіріп, сөйлете білу.Тіл үйретуде мұғалім орыс тілінің грамматикасын жақсы білуі керек,қазақ тілімен салыстырып отыруы керек.Шағын мектепте оқыту үрдісінде ерекшілігі оқушылардың аздығы әрі ауылды жерде қазақ халқының балаларының жоқтығы.Қарым –қатынас жоқтығынан тығырыққа тіреледі.Көп оқушылар арасында топ жетекшісі шығуы мүмкін. Кітаппен оқығанмен салыстырғанда араласып, ауызша сөйлеу жеңіл,Күнделікті араласып-құралас болғанда тиімді.Тұғырлы тілімізді үйрету жолында жеңілден бастап, деңгейлетіп қадам бойынша оқыту маңызды. Шағын мектептерде оқушыларды тілге үйретуде әр оқушыға ыңғай табу оңай, жүректеріне жол таба білуіміз керек.Әр оқушы өздігінен әр түрлі, ақыл –ой саналары әр түрлі. Шағын мектептегі оқушылардың мәдениеті ерекше, рухани жаны таза, ойларын ашық айтады. Оқушылардың тіл білу біліктілігін көтеруде ата –анасына, қоршаған ортасына байланысты. Қазақ тілін үйретуде орыс ауылында менің ойым қазақ тілінің иісі шықпаған жерде өте қиын жұмыс. Қиындыққа қарамастан алға қойған мақсатқа жету үшін көп тер төгуіміз керек.Болашақта жетістікке жетуде, аянбай еңбек етуіміз қажет.Шағын мектептерде балалармен жұмыс жасағанда, олардың үлкенге деген ізеттілігі,еңбекке деген көзқарастары ерекше.Ауылдағы мектеп – әлеуметтік ұйым болып саналады.Ауыл мектебінде балалардың аздығы – жеке дара жұмыс істеуде жеңіл. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін дамыту ұғымында лексикалық, грамматикалық тұлғаларын меңгерту, сөйлемде қолдану дағдыларын қолдану.Қазақ тілін оқытуда ең алғаш кезеңінде ауызша тіл басымдырақ болуы керек.Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясын меңгерту жұмыстарын жүргізу керек.Қазақ сөздерін дұрыс айту, дұрыс жаза білу – тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі болып саналады.Қазақ тілі мұғалімінің мақсаты алға қойған талабы- орыс сыныбындағы балалардың бойына қазақ сөздерінің құдіретін сіңдіріп, шамалы болсада түсініктерін қалыптасқандарын қалаймын.Халық даналығында «ізденіс түбі –игілік» демекші, үйретуден жалықпай, жаңаға бет бұруды құп көремін. Өзге ұлт өкілдеріне өз тілімді үйретуде, олардың да тілін таба білуіміз керек.Тілін тауып, тіл үйреткенге не жетсін дегім келеді.

Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушылардың белгілі бір дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын басқа біреуге жеткізе алатындай өзгенің сөзін ұға, түсіне алатындай деңгейге жету. Қазақ сыныптарында тіл дамыту жұмыстарына барлық пәндері жан- жақты жүргізіледі. Ал орыс сыныптарында тек қазақ тілі сабағында қазақша сөйлетуге талпынтамыз. Ол үшін көп жұмыс жүргізілуі қажет. Кез- келген сөзді бір –бірімен байланыстыра, тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн. Орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда оқушылардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін, сауаттылығын дамытуда оқушылардың ауызша және жазбаша түрде ойларын дұрыс мазмұнды жеткізе білуге талпындырады.Мен өз сабақтарымда оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру мақсатында диалог, монолог құрастырып, мақал- мәтелдермен сөйлемдерді дұрыс құрастыру жұмыстарын өткіземін.Немесе бір сөзден бірнеше сөздер құрау немесе басқа сөздердің орнын алмастырып жазу, мұндай ойындар оқушылардың ой- өрістерін дамытады.Мысалы: 5- 6 сыныптарда «Мен тап » ойынында оқушыларға қазақша сөздерді бұрмалап теріс жазамын немесе әріптердің орнын ауыстырып жазамын, өздері дұрыс сөздерді тауып жазуы керек.сабақта оқушылар шаршаған кезде сергіту бой жазу ойындарын жүргіземін. Ойын оқушының жеке ерекшіліктерін ашуға мүмкіндік береді, жолдастық сезім, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға әсер етеді.Оқушыларды оқытуда белгілі қазақтың жазушысы ЖүсіпбекАймауытов былай деген: « Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседебір жаңалық болуыкерек деген» бұл сөзде шындық бар. Оқушылар әр сабақта мұғалімнен бір ерекше жаңалық күтеді.Біз оларды жалықтырып алмауымыз керек.Мысалы: өз сабақтарымда « Кубик» ойынын қолданыламын, сабақ соңында жаңа сөздерді қайталағанда кубикті әр оқушыға лақтырамын олар қағып алғанда, сабақта өткен жаңа сөздерді айтулары керек.Сабақ басында қазақ тілінің 10 әріптеріне сөздер айту, Ә-әже, Әке, Әдемі,Ғ- ғарыш, ғалым, Қ-қала, карлығаш, І-ілгіш,білім, із осылай әр әріпке сөздер айтылады.Бастауыш сыныптарда «Сөздік ойыны» ұйқас сөздерді тауып айту, Нация-ұлт, Туча - ..., Город –қала, Степь-..., Круглый –дөңгелек, Аист-....

Сабақ соңында « Телефон» ойынын жүргіземін .Бұл ойын оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады, оқушылар орнынан тұрып, сапқа тұрады алда тұрған оқушы бір қазақша сөзді айтады, саптың соңында соңғы оқушы сол сөздің дұрыс жауабын айтуы керек. Егер дұрыс болмаса сол оқушы ойынды жалғатырады немесе қазақша тақпақ айтуы керек.Мұндай ойындар оқушыларды жалықтырмайды. Бойлары сергіп, демалып қалады.Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін өз мағынасында қолдануға тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден – бір таптырмайтын құрал болып саналады.Қазақ тілі сабағында «Кроссвордті » шешуді ойнаймыз, алғашқы буын айтылады, Са- сабақ, сабын, саз, сағыз. Қа-қар, қарлығаш, карындас осындай сөздерді өздері жалғастырады.Тіл дамытуға көп септігін тигізеді. 5-6 сыныптарда тағы бір ойын айта кетсем артық болмас деп ойлаймын, «Қайбуынды жолғаттымойыны буындарды өтіп, сөздерді дұрыс бөлуге жаттықтыру үшін алғашқы ойын тәсілін пайдалануға болады.Мысалы:қалам,мектеп, досым сөздеріндегі қа..., -теп..., дос..., жазылмаған буындарды дұрыс, шапшаң әрі тапқан оқушы ұтады.Түрлі дидактикалық, грамматикалық ойын жаттығуларының түрлері мен әдістері сабақтың белсенділігін күшейтуге зор пайдасы бар.Сондықтан қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінде өзге ұлтты мектептерде сабақтың формаларын ауыстырып, оқушылардың тақырыпты тез меңгеруіне қол жеткізу мақсатында ойын элементтерін пайдаланып сабақ өткізу арқылы мұғалім тіл үйретуді біршама жетістіктерге қол жеткізері анық.Сабақта сөздерді дұрыс айту, дұрыс жаза білу- тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі.Мұғалім мәңгі ізденіс үстінде болып, сабақтың қызықты да тартымды болуына жағдай жасайды.Бұл дегеніміз мұғалімнің шығармашылық қабілетін шыңдай түседі, әрі өз алдына қойған мақсатына жетуге ықпал етеді.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!