СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Способы определения эффективности реализуемых преобразовний школьной практики

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

?з мектебімде ?згеріс енгізу ?шін ма?ан не істеу керек?

 

       Б?л с?ра??а жауап беру ?шін мен Экономикалы? ынтыма?тасты? ж?не даму ?йымы ?станымдарына с?йкес мектебімні? о?ыту мен о?у т?жірибесіне ?андай ?згеріс енгізу ?ажет екендігін аны?тап, жоспарлауым керек деген ма?сат ?ойдым. Осы ма?сатта мектептегі т?жірибе кезе?індегі аз ?ана уа?ытта мен  не ?згерте аламын, ?алай ?згертемін ж?не  нені ?згертемін - деген с?ра?тарды? т??ірегінде ойландым. ?рине  мен жал?ыз ?зім еш?андай ?згеріс енгізе алмаймын, ?згеріс енгізу ?шін ма?ан  ?ріптестерімні?, ата-аналарды?, мектеп о?ушыларыны? келісімі мен ?олдауы керек екендігін т?сіндім. Мен е? бірінші ?адамымды  мектеп басшысымен кездесуден  бастау керек деп шешіп, т?жірибені? ал?аш?ы к?ні мектеп директорыны?  ?абылдауында бол?анымды, м??алімдер, о?ушылар ж?не ата-аналардан ал?ан сауалнамаларды ?орытындылай келе мектепті? басымды?тарын аны?та?анымды  алды??ы есебімде айтып ?ткенмін.

?з мектебіме ?згеріс енгізу ?шін ?зімні? жаныма ?ріптестерімді, ?зімді т?сінетін ?стаздарды жинасам д?рыс болады деп ойладым, сол себептен таныстырылым ?ткізгенім д?рыс болады деп шешім ?абылдадым.

Таныстырылымымда ?аза?стан Республикасы педагог ?ызметкерлеріні? біліктілігін арттыру курстарыны? бірінші де?гейлі ба?дарламасыны? ма?саты - мектептегі е?бек т?жірибесі ?рт?рлі м??алімдерді ?атыстыру ар?ылы м??алімдерге мектеп ж?йесін жан-жа?ты дамыту ?шін ?ажетті білімдер мен да?дыларды беру болып табылады-деген бірінші де?гей ба?дарламасыны? жалпы ма?сатымен таныстырдым ж?не белсенді стратегияларды, оларды ?олдану т?сілдерін к?рсеттім. Содан со? на?ты басымды? іс-?рекетті зерттеу барысында аны?талады деген оймен бірнеше саба?тар?а ?атыстым.

Іс- ?рекетті зерттеу кезінде ?ріптестерімні? саба? беру ?дістемесі мен саба? жоспарларына  талдау ж?ргізе отырып, о?ыту мен о?у ?дерісінде кері байланысты? назардан сырт ?ал?анын, тіпті кейбір ?ріптесімні? «кері байланыс» ??ымымен таныс емес екеніне к?зім жетті.  О?ушыларды? ж?мыс ?лгілеріне (ж?мыс д?птері, ?здік ж?мыстары) талдау жасай отырып, ?ріптестерімні? саба??а тек ?здері ?лкен дайынды?пен келетінін, ал о?ушылар дайынды «ты?даушы» екеніне ?арап, де?гейлік курсына келгенге дейін ?зімні? де топты? ж?мыс т?рін тек ?лгілі саба?тарда ?олдан?анымды ескеріп, мен ?олымда?ы деректер ?орын барынша м??ият зерделедім. Сауалнама, с?хбат, ??гіме ?дістері біраз деректерді аны?тау?а к?мектескенімен, іс-?рекетке зерттеу ж?ргізу ?німді екен. ?йткені, ?олжетімді деректерге (сауалнама жауаптары) ?ара?анда ?ріптестерімні? сыныпта?ы ?рекетін ба?ылаудан ана??рлым ма?ызды а?парат алдым.

?ріптестерімні? о?ушыны о?ыту?а байланысты кемшіліктер жіберетініне сыни ба?а бере отырып, саба? ?стінде о?ушыларды? белсенділігін арттыру ма?сатында топпен ж?мыс ж?ргізуді негізгі басымды?ым деп шештім. Б?л басымды?ты ?зім ??р?ан шы?армашылы? топ м?шелерімен тал?ыладым. Мектептегі т?жірибе барысында аны?тап ал?ан «О?у ?рдісінде топты? ж?мысты ?йымдастыру жолдары» м?селесін шешу ма?сатында мектепке ?згеріс енгізу ?шін мектепті? даму жоспарын жасадым.  

Мектепті? даму жоспарын ?айта ??руда мектеп ?кімшілігін, шы?армашылы?пен ж?мыс істейтін ?ріптестер пікірін, желілік ?ауымдасты? ар?ылы ?з тобымда?ы ты?даушылар ?сынысын ескере отырып, на?ты ж?зеге асатын 11 ?адамды ?амтитын  жоспар ??рдым. Біра?, деректер ?орын жина?тауда ж?не бірінші «Бетпе-бет» кезе?інде алдын ала ??р?ан бастап?ы жоспарда кеткен кемшіліктерден кейін ?з ?рекетіме сыни талдау жасау барысында, мені? ?згеріс енгізем деген ма?сатта ??р?ан даму жоспарымны? ал?аш?ы ?адамы тек мектеп туралы деректер ?орын жинауды ?амтитынын аны?тадым. Осы кезе?де ?рт?рлі идеялар ойыма келді, е? алдымен та?ы да бас?а жоспар жасау керек деп шештім, алайда, бастап?ы ?адам к?шбасшы м??алім ретінде ?зімні? к?сіби дамуыма ?лкен ы?пал етті емес пе? Мектепті? даму жоспарын жоспарлау туралы  ресурстарды ?айта ?арау барысында к?рсетілген ?лгілерге ?арап, деректер жинауды? ?зі дамуды? бастап?ы сатысы екенін т?сіндім.

        Келесі мені? алдымда т?р?ан ж?мыс - ол о?у ?дерісіні? жа?дайын аны?тау ма?сатында м??алімдермен  «Мектепті? о?у ?дерісіні? ?азіргі жа?дайы ?андай?» та?ырыбында д??гелек стол ?ткізу болды. Б?л м?селе м??алімдерден «Неліктен біз ?згеруіміз керек?» с?ра?ына жауап алу ар?ылы мектептегі ?згеріс енгізу ба?ыттарын ж?не ?андай ма?сатты ал?а ?ойып, ?андай міндеттерді орындау?а тырысу ?ажеттілігін аны?тау ?шін ?ажет еді. Д??гелек стол?а ?атысушылар ?азіргі о?ыту мен о?у ?дерісіндегі проблемаларды бірлесе отырып аны?тады ж?не оларды шешу жолдарын ?сынды. Жина?тал?ан деректерге с?йене отырып, осы курс ба?дарламасы негізінде педагогикалы? ?ызметімді жа?сартуда т?мендегідей ?згерістер жасаймын:

1.?зімні? сыни т?р?ыдан ойлауымды дамыту;

2.Ба?дарламаны? 7 модулін саба? ?дерісіне енгізу;

3.??зырлы тапсырмаларды  жасай алу;

4.?зімні? ?рбір ж?мысыма  ?здіксіз рефлексия жасау;

5.М?тінді игеруді? ?олайлы жолдарын іздеу;

6.Топты? ж?мыстарды ?йымдастыру ар?ылы о?ушыны? ?ызы?ушылы?ын ояту, о?ушыларды? ?з бетінше о?уын, еркін с?йлеуін  ?алыптастыру, білім сапасыны? артуына ы?пал ету;

7.О?ушыларды? білім алу?а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру;

8.О?ушылармен кері байланыс жасай отырып, ?рбір ж?мыстарына рефлексия жасауды ?йрету;

9.?ріптестерімде  сын т?р?ысынан ойлау да?дыларын ?алыптастыру.

        Ендігі ?адамым т?лімгерлік ?дерісі, я?ни  т?лім алушымен с?хбат ж?ргізу, к?сіби ?олдау к?рсету болды. Мектепті? дамуына бір кісідей ?лес ?осатын адам ол – т?лім алушы. Т?лімгерлікті? ?зіне т?н негізгі сипаттамасы екі адам арасында о?у ?арым-?атынасын ??ру?а негізделген ж?не т?йінді да?дыларды: белсенді ты?дай білу, т?жірибені дамыту ?шін бір?атар к?рделі с?ра?тар ?оя білу да?дыларын дамыту?а ба?ыттал?ан. Т?лімгер т?лім алушы?а к?рделі тапсырмалар беріп, ?олдау к?рсетуге; соны? ішінде ?ажетті т?йінді ?асиеттерді: сенімділік, орта?тасты?, шынайылы?, адалды? таныту?а дайын болады.(Garret-Harris & Garvey, 2005).

?згеремін, саба? беру ?рдісіне ?згеріс енгіземін, жеті модуль стратегияларын ?йренемін деген м??алімдер болды ж?не де олар біртіндеп мені? командама ?осылып отырды, соны? бірі мені? т?лім алушым еді. Мектебімдегі жо?арыда?ы ?асиеттерге ие Ж. есімді ?ріптесім ж?мыс?а ?ызы?ушылы?пен ?арап, менімен бірге ?згеріп, ж?мыс істеуге ниет білдірді. Мен оны? ниетін ?абыл алдым ж?не т?лім алушыны? ат?аратын ж?мыстары бойынша жоспар ??рдым.

Мектеп о?ушыларыны? білім сапасын арттыруда, к?сіби да?дыларды ?олдану туралы ресурстармен ?амтамасыз ете отырып, жеке ??гімелесу, пікір алмасу барысында т?лім алушыны? ат?аратын функциялары мен міндеттерін біртіндеп ?йретуді,  бірінші «Бетпе-бет» кезе?інде жина?та?ан видеожазбаларды, к?сіби ??гімелерді к?рсету ар?ылы ж?зеге асыруды,  т?сініксіздеу бол?ан т?старды к?рші мектепті? І, ІІ де?гей ба?дарламасын ме?герген  м??алімдерімен пікірлесу, ой алмасу ар?ылы к?сіби білімін жетілдіруді жоспарладым. Б?л ?рекетте мен мектепаралы? байланыс ??руды? да ма?ызы зор екенін ескеріп, даму жоспарымны? ?адамдарына ?осу?а болатынды?ын бай?адым. Осы т?ста желілік ?о?амдасты? ??руды? ?ажеттілігі ай?ындала т?сті.

К?шбасшы м??алім функцияларын есепке ала отырып, т?лімгерлік ?дерісін жетілдіру ж?не мектепке ?згеріс енгізу ?дерісіні? сапасын арттыру ма?сатында т?лім алушымен тренинг ж?ргізуді де жоспарыма ?остым. К?тілетін н?тиже ретінде ?згеріс енгізу ?дерісіндегі ?з ?лесін, ?ріптестерге тигізер ы?палын т?сініп, жауапкершілігі артады деп к?рсеттім. «Мектептегі т?жірибе кезе?інде орындау?а арнал?ан тапсырмалар» жина?ыны? ?зі н?с?аулы?тан кем емес де?гейде к?мек берді. Себебі, ?р ?адамымды тапсыр-ма с?ра?тарына жауап беретіндей ??ру?а тырыстым ж?не ол ?олымнан келді деп ойлаймын.

       Та?да?ан басымды?ты шешу ?шін бірінші коучингті «Топты? ж?мысты? тиімділігі», келесі коучингті І де?гей курсынан ?ткен ?ріптестеріммен бірлесе отырып «Сын т?р?ысынан ойлауды? ерекшеліктері» атты та?ырып-пен  ?ткізуді жоспарлады?. Б?л та?ырыпта ?ткізілген коучингтерде жа?а ба?дарламамен ж?не жеті модульмен таныстыра отырып, сындарлы о?ытуды? ма?саты - о?ушыны? п?нді тере? т?сіну ?абілетін дамыту, ал?ан білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез-келген жа?дайда тиімді пайдалана білуін ?амтамасыз ету екендігі айтылды.  М??алімдерді? ?здерін топ?а б?ліп, ?рт?рлі тапсырмалар орындатып, плакаттармен ж?мыс істеуге негізделген форматта ?ткізді. ?ткізілген коучингті? н?тижесінде бірлестік жетекшілері,  жас мамандар жеті модуль  туралы толы? а?парат алып, топты? ж?мысты ?йымдастыруды ?йренді ж?не ?з бірлестіктеріндегі м??алімдермен д?л осындай коучинг ?ткізіп, саба?тарына топты? ж?мысты енгіземіз деп шешті.

Курста   ал?ан білімімді ?олдана отырып, мектеп ?кімшілігін, т?жірибелі м??алімдерді,  психологтарды серіктестікке тартып,  о?ушыларды?  білім алу?а деген к?з?арасын ?згерткенім мектептегі т?жірибе кезе?інде ?ткізген  коучинг семинарларынан ай?ын к?рініс тапты.  

М??алімдерді? саба?тарына топты? ж?мысты енгізуіне ы?пал ету ма?сатында т?лім алушыны? шеберлік класын ?ткізуді жоспарлады?. Сонымен ?атар саба? ?ткізетін м??алімдерге орта ж?не ?ыс?а мерзімді саба? жоспарларын ?алай ??ру керектігін ?йрету к?зделді. Жоспар?а с?йкес т?лім алушы  шеберлік класын ?ткізіп шы?армашылы? топ?а тартыл?ан м??алімдерге жа?а форматта ?тілетін саба?тар ?лгілерін к?рсету ар?ылы оларды? саба? беру ?рдістеріне біртіндеп жа?алы? енгізу керектігін ?сынды. Коуч семинарлар мен шеберлік кластарына ?атыса отырып ?йренген жа?а ?діс-т?сілдерін, топты? ж?мысты ?йымдастыруды ме?герген м??алімдер саба?тарына ?згеріс енгізетіндіктері даусыз.

Шы?армашылы? топ м?шелері осы топ?а тартыл?ан 4 м??алімні? саба?тарын жоспарлауды ?й?арды?. ?р м??алімні? саба?ын ба?ылап, зерттеп отыруды шештік. ?тілген саба?тар бойынша коуч сессияларын ?ткізіп, саба?тар бойынша  кері байланыс жасап отыр?анды д?рыс деп шештік. Сол кезде м??алімдер ?р саба?ына талдау жасауды, кері байланысты, алды??ы саба?ында жіберген кемшіліктерін келесі саба?ында жібермейді деп т?йдік. Осындай ж?мыстар алты аптаны? ?н бойында ж?ріп отырады деп жоспарлады? ж?не  аралы? ба?ылау ж?ргізуді ж?н деп шештік.

Мектептегі т?жірибе кезе?інде  бірлескен зерттеу «Lesson study» сия?ты ау?ымды іс шараны ж?ргізу ?шін уа?ыт ты?ыз, ?рі ?зіме де ?ріптестеріме де к?п дайынды?ты ?ажет ететіндігін ескере отырып, кейінге ?алдырды?, біра? LS ?з мектебімізде міндетті т?рде ж?ргіземіз деп шештік. Себебі о?у сапасы ?немі сын к?термейтін кейбір сыныптарда?ы білім сапасын, о?ушыларды? ?ажеттіліктерін ай?ындап, со?ан байланысты ?рекет жасауды жоспарлауды ?ажетсінеді.

Шы?армашылы? топта?ы м??алімдерді? білім алып, о?ыту мен о?у т?жірибесін дамытуына арнал?ан ??ралдарды? бірі LS деп ?й?арды?, себебі осы ар?ылы топ м?шелері ба?алауды? бас?а т?рлеріне тартылды. Ол жерде шы?армашылы? топта?ы м??алімдер жа?а саба?тарды бірлесіп жоспарлап  о?ытады, ?зара сын айтып, жа?а саба?тарды ?зірлейді, ?рі мектебімде б?гінгі к?ні ?зекті м?селені? бірі ?рі ?немі ?згеріссіз ?алып отыр?ан кейбір сыныпты? білім сапасыны? т?мендегі, я?ни ?р то?сан сайын 18-20%  аспауы мектепті? басымды?тарын аны?тауда белгілі бол?ан, ендеше осы сыныпта?ы ?деттегі т?ртіпті ж?не м??алімдерді? о?ыту т?жірибесін ?згертуді ?й?ару?а негіз  бар ж?не сыныпта?ы о?ыту мен о?уды? ?азіргі кейбір аспектілерін зерттеуге болды.

Ал шы?армашылы?  топта?ы  м??алімдер ?шін о?ытуды? жа?ашылды?ын ба?алайды десек іс-?рекетті зерттеу барысында к?сіби ж?мысты? кейбір аспектілерін жа?сартады деп т?йіндедік. Олар ?зіні?  жеке т?жірибесін т?сіну ж?не жетілдірумен ?атар,  ?зіндік рефлексифтік зерттеу ?дерісіне ?ызы?ушылы?пен тартылады деген сенімдемін.

Іс-?рекетті зерттеу Кеммис ж?не Мак Таггарат (1998) айналымы бойынша ж?зеге асырылады. Е? бастысы «саба?ты зерттеу» ?дерісі ар?ылы о?у сапасын арттыруды ма?сат етеміз,  ол ?шін белгілі бір т?сілдерді ?алай дамыту?а болатынды?ын аны?тау топ м??алімдерімен «LS-ді? т?йінді сипаты креативтілік ж?не ?ылыми д?лдік» екеніне к?з жеткізу.  

Креативтілік  ар?ылы о?ытуды? жа?а т?сілдерін ?зірлеу ма?сатында бірлесіп ж?мыс істейміз, ал ?ылыми д?лдік ол жа?а т?сілді? тиімділігін к?рсететін о?ушыны? о?уы туралы деректер жинаймыз деп жоспарлады?. Келесі ?адамда т?жрибені талдау алтыншы аптаны? басында деп ?арап, со??ы к?ндерге т?жірибені ?орыту деп шешіп, жоспарлады?. Ал болаша?та к?сіби ?о?амдасты? ??ру керек екендігіне, м??алімдер арасында к?сіби ?о?амдасты? т?жірибе алмасу ?шін ?те ?ажет екендігіне к?зім жетті.

«Топты? о?ытуды? тиімділігі ар?ылы о?ушылар белсенділігін арттыру, ынтыма?тасты? орта ?алыптастыру, м??алімдерді? к?сіби дамуына ?олдау к?рсету» туралы м?селені басшылы??а ала отырып,  мен о?ыту мен о?у ?дерісіне топты? о?ытуды? тиімді т?сілдерін біртіндеп ?ар?ынды енгіземін. Неге м?ны д?л ?азір енгіземін?

?йткені осы м?селелер а?сап т?р, д?лірек айт?анда, м??алімні? саба? жоспарыны? тиімсіздігі,  саба?ты ба?алау м?ліметтеріне  ж?не о?ушылары туралы  м?ліметтерге  с?йене отырып жоспарламайтынды?ы,  жеке, ж?пты? топты? ж?мыстарды ?амтитын іс-шаралар сирек, о?ушылар?а топта ж?мыс жасауды сирек білетіндігі  о?ушылар?а проблемаларды  шешуді? т?рлі жолдарын табу?а м?мкіндік  беруі сирек,  о?ушылар ?здері с?ра? ??растыруы м?лдем ескерілмейтіндігі ай?ындал?ан.  С?ра? ?ою Блум таксономиясымен ?амтылмайтынды?ы, о?ушыларды? мінез-??л?ын ?ада?алау м??алім ?шін ма?ызды емес екендігі аны?тал?ан, саба? ма?сатын  на?ты ?ою, ж?зеге асыру  жолдарын  ж?не н?тижесі  ?андай болма? деген т?йіндегі м?селеге м?н бермейтіндігі, саба? жоспары о?ушыларды? ?ажеттіліктерін ?теуге ба?ытталмай жасалатын т?стары аны?тал?ан. Саба? жоспарыны? орындалуы барысында ?ол жеткізген н?тижелері ескерілмейтіндігі к?рініс тап?ан.

Атал?ан ол?ылы?тарды негізге ала отырып о?ыту  мен о?у ?дерісіне жа?а стратегияларды ?олданыс?а енгізіп, ?ріптестерді? н?тижелерін біле аламыз. Бізді? ?олда бар ресурстарымызды, сонымен бірге уа?ытты есепке ала отырып, ма?сат?а ?ол жеткізе аламыз ба? Міне, сонды?тан ?аза?стан ?шін де, мені? мектебім ?шін де осы ма?сат?а ?ол жеткізу д?л ?азір ма?ызды. К?шбасшы м??алім ретінде ма?ан ?з мектебіме басымды? негізінде ?згеріс енгізу салма?ы т?сіп т?р.

О?у сия?ты, к?шбасшылы? та адамны? басты, біра? аса к?рделі ?леуеттеріні? бірі болып табылады. ?згеріс енгізу ?дерісін бас?ару о?ай емес ?рине, оны? басында ж?мыста  ?рт?рлі ?иынды?тар мен кедергілер туындап жатуы м?мкін.  М?мкіндігінше т?жірибеден ?ту кезінде ?адамдар бойынша жо?арыда жоспарлан?ан шараларды тиісті мерзімде ж?зеге асыруды ?йымдастыра алсам, ша?ын шы?армашылы? тобыма ?з жауапкершіліктеріні? салма?ын сезіндіре алсам ма?сат орындалады деп ойлаймын. М??алім ретінде, біз ?зімізге ?рекет етуге, бас?ару?а, шешім ?абылдау?а жеткілікті билік пен ?кілеттіліктер берілмейтіндігін т?сінеміз, алайда т?жірибе к?рсетіп отыр?андай, білікті м??алім ретінде ?зімізді? к?сіби ж?не жеке т?л?а ретінде моральды? беделімізге с?йене отырып , о?ыту мен о?у т?жірибесіне ?згеріс енгізуге ы?пал ете аламыз. Сонымен ?атар біз ?зімізді? т?жірибелік да?дыларымызды дамытып, стратегиялы? т?р?ыдан ойлануды ме?гере аламыз.

Мектепті? даму жоспары, бірінші кезекте, мектепте ?олданылатын іс-??жат. Ол ?німділікті? ?азіргі де?гейіні? талдауы, ?азіргі ?рдістер мен болаша? факторлар мектептерге ?аншалы?ты ?сер ететіндігіне мектепті? берген ба?асыны? негізінде жасалады ж?не алда?ы ж?мысты жетілдіру бойынша басымды? пен міндеттерді аны?тайды.

Жоспарлауды? н?тижелілігі – ?рбір табысты ?йымны? ма?ызды элементі. Мектеп жа?дайында б?л ?деріс: мектепті? ?азіргі ?алпын, к?шті жа?тарын, о?ыту ж?не о?у сапасын жетілдіру салаларын ж?не таяуда?ы 3 жыл бойы мектепті бас?ару мен дамуына ?сер ететін бас?а да факторларды ба?алауды т.б. к?здейді. (М??алімге арнал?ан н?с?аулы?  2014ж.)  

?орыта айт?анда,  Мектепті дамыту жоспары  мектепке ?згеріс енгізуге ба?ыттал?ан ал?аш?ы ?адам екенін  ж?не ?з мектебімні? сырт?ы, ішкі м?мкіндіктерін ескере отырып жоспарлауды ?йрендім.  Дегенмен, о?ыту мен о?у ?дерісіне ?згеріс енгізу барысында к?сіби ?ауымдасты? м?шелерімен (психолог, мектеп директоры, ?кімшілік м?шелері, ата-аналар, о?ушы) а?ылдаса отырып, жоспар?а ?згерістер енгізіп, ?айта жоспарлау?а болатынын білдім.  Я?ни,  Мектепті? даму жоспары  ?атып ?ал?ан ?а?ида емес, тиісті жерінде, на?ты ?рекет барысында толы?тырулар енгізуге болатынын т?йдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пaйдаланыл?ан ?дебиeттеp:

 

1. ?Р педагог ?ызметкерлеріні? біліктілігін арттыру ба?дарламасы. М??алімдерге арнал?ан н?с?аулы?. І (ілгері) де?гей Екінші басылым,  «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББ?, 2014 ж.

2. ?Р педагог ?ызметкерлеріні? біліктілігін арттыру ба?дарламасы. ?лестірме материалдар. Екінші басылым,  2014ж.

 

Просмотр содержимого документа
«Способы определения эффективности реализуемых преобразовний школьной практики»

Карбузова Қаракөз Сейтказиевна І деңгей С есебі

№ 4 топ Мұғалім портфолиосы

Талдықорған қаласы 24.10.2014


Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?


Бұл сұраққа жауап беру үшін мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ұстанымдарына сәйкес мектебімнің оқыту мен оқу тәжірибесіне қандай өзгеріс енгізу қажет екендігін анықтап, жоспарлауым керек деген мақсат қойдым. Осы мақсатта мектептегі тәжірибе кезеңіндегі аз ғана уақытта мен не өзгерте аламын, қалай өзгертемін және нені өзгертемін - деген сұрақтардың төңірегінде ойландым. Әрине мен жалғыз өзім ешқандай өзгеріс енгізе алмаймын, өзгеріс енгізу үшін маған әріптестерімнің, ата-аналардың, мектеп оқушыларының келісімі мен қолдауы керек екендігін түсіндім. Мен ең бірінші қадамымды мектеп басшысымен кездесуден бастау керек деп шешіп, тәжірибенің алғашқы күні мектеп директорының қабылдауында болғанымды, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардан алған сауалнамаларды қорытындылай келе мектептің басымдықтарын анықтағанымды алдыңғы есебімде айтып өткенмін.

Өз мектебіме өзгеріс енгізу үшін өзімнің жаныма әріптестерімді, өзімді түсінетін ұстаздарды жинасам дұрыс болады деп ойладым, сол себептен таныстырылым өткізгенім дұрыс болады деп шешім қабылдадым.

Таныстырылымымда Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгейлі бағдарламасының мақсаты - мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады-деген бірінші деңгей бағдарламасының жалпы мақсатымен таныстырдым және белсенді стратегияларды, оларды қолдану тәсілдерін көрсеттім. Содан соң нақты басымдық іс-әрекетті зерттеу барысында анықталады деген оймен бірнеше сабақтарға қатыстым.

Іс- әрекетті зерттеу кезінде әріптестерімнің сабақ беру әдістемесі мен сабақ жоспарларына талдау жүргізе отырып, оқыту мен оқу үдерісінде кері байланыстың назардан сырт қалғанын, тіпті кейбір әріптесімнің «кері байланыс» ұғымымен таныс емес екеніне көзім жетті. Оқушылардың жұмыс үлгілеріне (жұмыс дәптері, өздік жұмыстары) талдау жасай отырып, әріптестерімнің сабаққа тек өздері үлкен дайындықпен келетінін, ал оқушылар дайынды «тыңдаушы» екеніне қарап, деңгейлік курсына келгенге дейін өзімнің де топтық жұмыс түрін тек үлгілі сабақтарда қолданғанымды ескеріп, мен қолымдағы деректер қорын барынша мұқият зерделедім. Сауалнама, сұхбат, әңгіме әдістері біраз деректерді анықтауға көмектескенімен, іс-әрекетке зерттеу жүргізу өнімді екен. Өйткені, қолжетімді деректерге (сауалнама жауаптары) қарағанда әріптестерімнің сыныптағы әрекетін бақылаудан анағұрлым маңызды ақпарат алдым.

Әріптестерімнің оқушыны оқытуға байланысты кемшіліктер жіберетініне сыни баға бере отырып, сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында топпен жұмыс жүргізуді негізгі басымдығым деп шештім. Бұл басымдықты өзім құрған шығармашылық топ мүшелерімен талқыладым. Мектептегі тәжірибе барысында анықтап алған «Оқу үрдісінде топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары» мәселесін шешу мақсатында мектепке өзгеріс енгізу үшін мектептің даму жоспарын жасадым.

Мектептің даму жоспарын қайта құруда мектеп әкімшілігін, шығармашылықпен жұмыс істейтін әріптестер пікірін, желілік қауымдастық арқылы өз тобымдағы тыңдаушылар ұсынысын ескере отырып, нақты жүзеге асатын 11 қадамды қамтитын жоспар құрдым. Бірақ, деректер қорын жинақтауда және бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде алдын ала құрған бастапқы жоспарда кеткен кемшіліктерден кейін өз әрекетіме сыни талдау жасау барысында, менің өзгеріс енгізем деген мақсатта құрған даму жоспарымның алғашқы қадамы тек мектеп туралы деректер қорын жинауды қамтитынын анықтадым. Осы кезеңде әртүрлі идеялар ойыма келді, ең алдымен тағы да басқа жоспар жасау керек деп шештім, алайда, бастапқы қадам көшбасшы мұғалім ретінде өзімнің кәсіби дамуыма үлкен ықпал етті емес пе? Мектептің даму жоспарын жоспарлау туралы ресурстарды қайта қарау барысында көрсетілген үлгілерге қарап, деректер жинаудың өзі дамудың бастапқы сатысы екенін түсіндім.

Келесі менің алдымда тұрған жұмыс - ол оқу үдерісінің жағдайын анықтау мақсатында мұғалімдермен «Мектептің оқу үдерісінің қазіргі жағдайы қандай?» тақырыбында дөңгелек стол өткізу болды. Бұл мәселе мұғалімдерден «Неліктен біз өзгеруіміз керек?» сұрағына жауап алу арқылы мектептегі өзгеріс енгізу бағыттарын және қандай мақсатты алға қойып, қандай міндеттерді орындауға тырысу қажеттілігін анықтау үшін қажет еді. Дөңгелек столға қатысушылар қазіргі оқыту мен оқу үдерісіндегі проблемаларды бірлесе отырып анықтады және оларды шешу жолдарын ұсынды. Жинақталған деректерге сүйене отырып, осы курс бағдарламасы негізінде педагогикалық қызметімді жақсартуда төмендегідей өзгерістер жасаймын:

1.Өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды дамыту;

2.Бағдарламаның 7 модулін сабақ үдерісіне енгізу;

3.Құзырлы тапсырмаларды жасай алу;

4.Өзімнің әрбір жұмысыма үздіксіз рефлексия жасау;

5.Мәтінді игерудің қолайлы жолдарын іздеу;

6.Топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушының қызығушылығын ояту, оқушылардың өз бетінше оқуын, еркін сөйлеуін қалыптастыру, білім сапасының артуына ықпал ету;

7.Оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру;

8.Оқушылармен кері байланыс жасай отырып, әрбір жұмыстарына рефлексия жасауды үйрету;

9.Әріптестерімде сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Ендігі қадамым тәлімгерлік үдерісі, яғни тәлім алушымен сұхбат жүргізу, кәсіби қолдау көрсету болды. Мектептің дамуына бір кісідей үлес қосатын адам ол – тәлім алушы. Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады.(Garret-Harris & Garvey, 2005).

Өзгеремін, сабақ беру үрдісіне өзгеріс енгіземін, жеті модуль стратегияларын үйренемін деген мұғалімдер болды және де олар біртіндеп менің командама қосылып отырды, соның бірі менің тәлім алушым еді. Мектебімдегі жоғарыдағы қасиеттерге ие Ж. есімді әріптесім жұмысқа қызығушылықпен қарап, менімен бірге өзгеріп, жұмыс істеуге ниет білдірді. Мен оның ниетін қабыл алдым және тәлім алушының атқаратын жұмыстары бойынша жоспар құрдым.

Мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруда, кәсіби дағдыларды қолдану туралы ресурстармен қамтамасыз ете отырып, жеке әңгімелесу, пікір алмасу барысында тәлім алушының атқаратын функциялары мен міндеттерін біртіндеп үйретуді, бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде жинақтаған видеожазбаларды, кәсіби әңгімелерді көрсету арқылы жүзеге асыруды, түсініксіздеу болған тұстарды көрші мектептің І, ІІ деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдерімен пікірлесу, ой алмасу арқылы кәсіби білімін жетілдіруді жоспарладым. Бұл әрекетте мен мектепаралық байланыс құрудың да маңызы зор екенін ескеріп, даму жоспарымның қадамдарына қосуға болатындығын байқадым. Осы тұста желілік қоғамдастық құрудың қажеттілігі айқындала түсті.

Көшбасшы мұғалім функцияларын есепке ала отырып, тәлімгерлік үдерісін жетілдіру және мектепке өзгеріс енгізу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында тәлім алушымен тренинг жүргізуді де жоспарыма қостым. Күтілетін нәтиже ретінде өзгеріс енгізу үдерісіндегі өз үлесін, әріптестерге тигізер ықпалын түсініп, жауапкершілігі артады деп көрсеттім. «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар» жинағының өзі нұсқаулықтан кем емес деңгейде көмек берді. Себебі, әр қадамымды тапсыр-ма сұрақтарына жауап беретіндей құруға тырыстым және ол қолымнан келді деп ойлаймын.

Таңдаған басымдықты шешу үшін бірінші коучингті «Топтық жұмыстың тиімділігі», келесі коучингті І деңгей курсынан өткен әріптестеріммен бірлесе отырып «Сын тұрғысынан ойлаудың ерекшеліктері» атты тақырып-пен өткізуді жоспарладық. Бұл тақырыпта өткізілген коучингтерде жаңа бағдарламамен және жеті модульмен таныстыра отырып, сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету екендігі айтылды. Мұғалімдердің өздерін топқа бөліп, әртүрлі тапсырмалар орындатып, плакаттармен жұмыс істеуге негізделген форматта өткізді. Өткізілген коучингтің нәтижесінде бірлестік жетекшілері, жас мамандар жеті модуль туралы толық ақпарат алып, топтық жұмысты ұйымдастыруды үйренді және өз бірлестіктеріндегі мұғалімдермен дәл осындай коучинг өткізіп, сабақтарына топтық жұмысты енгіземіз деп шешті.

Курста алған білімімді қолдана отырып, мектеп әкімшілігін, тәжірибелі мұғалімдерді, психологтарды серіктестікке тартып, оқушылардың білім алуға деген көзқарасын өзгерткенім мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізген коучинг семинарларынан айқын көрініс тапты.

Мұғалімдердің сабақтарына топтық жұмысты енгізуіне ықпал ету мақсатында тәлім алушының шеберлік класын өткізуді жоспарладық. Сонымен қатар сабақ өткізетін мұғалімдерге орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын қалай құру керектігін үйрету көзделді. Жоспарға сәйкес тәлім алушы шеберлік класын өткізіп шығармашылық топқа тартылған мұғалімдерге жаңа форматта өтілетін сабақтар үлгілерін көрсету арқылы олардың сабақ беру үрдістеріне біртіндеп жаңалық енгізу керектігін ұсынды. Коуч семинарлар мен шеберлік кластарына қатыса отырып үйренген жаңа әдіс-тәсілдерін, топтық жұмысты ұйымдастыруды меңгерген мұғалімдер сабақтарына өзгеріс енгізетіндіктері даусыз.

Шығармашылық топ мүшелері осы топқа тартылған 4 мұғалімнің сабақтарын жоспарлауды ұйғардық. Әр мұғалімнің сабағын бақылап, зерттеп отыруды шештік. Өтілген сабақтар бойынша коуч сессияларын өткізіп, сабақтар бойынша кері байланыс жасап отырғанды дұрыс деп шештік. Сол кезде мұғалімдер әр сабағына талдау жасауды, кері байланысты, алдыңғы сабағында жіберген кемшіліктерін келесі сабағында жібермейді деп түйдік. Осындай жұмыстар алты аптаның өн бойында жүріп отырады деп жоспарладық және аралық бақылау жүргізуді жөн деп шештік.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде бірлескен зерттеу «Lesson study» сияқты ауқымды іс шараны жүргізу үшін уақыт тығыз, әрі өзіме де әріптестеріме де көп дайындықты қажет ететіндігін ескере отырып, кейінге қалдырдық, бірақ LS өз мектебімізде міндетті түрде жүргіземіз деп шештік. Себебі оқу сапасы үнемі сын көтермейтін кейбір сыныптардағы білім сапасын, оқушылардың қажеттіліктерін айқындап, соған байланысты әрекет жасауды жоспарлауды қажетсінеді.

Шығармашылық топтағы мұғалімдердің білім алып, оқыту мен оқу тәжірибесін дамытуына арналған құралдардың бірі LS деп ұйғардық, себебі осы арқылы топ мүшелері бағалаудың басқа түрлеріне тартылды. Ол жерде шығармашылық топтағы мұғалімдер жаңа сабақтарды бірлесіп жоспарлап оқытады, өзара сын айтып, жаңа сабақтарды әзірлейді, әрі мектебімде бүгінгі күні өзекті мәселенің бірі әрі үнемі өзгеріссіз қалып отырған кейбір сыныптың білім сапасының төмендегі, яғни әр тоқсан сайын 18-20% аспауы мектептің басымдықтарын анықтауда белгілі болған, ендеше осы сыныптағы әдеттегі тәртіпті және мұғалімдердің оқыту тәжірибесін өзгертуді ұйғаруға негіз бар және сыныптағы оқыту мен оқудың қазіргі кейбір аспектілерін зерттеуге болды.

Ал шығармашылық топтағы мұғалімдер үшін оқытудың жаңашылдығын бағалайды десек іс-әрекетті зерттеу барысында кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады деп түйіндедік. Олар өзінің жеке тәжірибесін түсіну және жетілдірумен қатар, өзіндік рефлексифтік зерттеу үдерісіне қызығушылықпен тартылады деген сенімдемін.

Іс-әрекетті зерттеу Кеммис және Мак Таггарат (1998) айналымы бойынша жүзеге асырылады. Ең бастысы «сабақты зерттеу» үдерісі арқылы оқу сапасын арттыруды мақсат етеміз, ол үшін белгілі бір тәсілдерді қалай дамытуға болатындығын анықтау топ мұғалімдерімен «LS-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік» екеніне көз жеткізу.

Креативтілік арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесіп жұмыс істейміз, ал ғылыми дәлдік ол жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинаймыз деп жоспарладық. Келесі қадамда тәжрибені талдау алтыншы аптаның басында деп қарап, соңғы күндерге тәжірибені қорыту деп шешіп, жоспарладық. Ал болашақта кәсіби қоғамдастық құру керек екендігіне, мұғалімдер арасында кәсіби қоғамдастық тәжірибе алмасу үшін өте қажет екендігіне көзім жетті.

«Топтық оқытудың тиімділігі арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ынтымақтастық орта қалыптастыру, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету» туралы мәселені басшылыққа ала отырып, мен оқыту мен оқу үдерісіне топтық оқытудың тиімді тәсілдерін біртіндеп қарқынды енгіземін. Неге мұны дәл қазір енгіземін?

Өйткені осы мәселелер ақсап тұр, дәлірек айтқанда, мұғалімнің сабақ жоспарының тиімсіздігі, сабақты бағалау мәліметтеріне және оқушылары туралы мәліметтерге сүйене отырып жоспарламайтындығы, жеке, жұптық топтық жұмыстарды қамтитын іс-шаралар сирек, оқушыларға топта жұмыс жасауды сирек білетіндігі оқушыларға проблемаларды шешудің түрлі жолдарын табуға мүмкіндік беруі сирек, оқушылар өздері сұрақ құрастыруы мүлдем ескерілмейтіндігі айқындалған. Сұрақ қою Блум таксономиясымен қамтылмайтындығы, оқушылардың мінез-құлқын қадағалау мұғалім үшін маңызды емес екендігі анықталған, сабақ мақсатын нақты қою, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесі қандай болмақ деген түйіндегі мәселеге мән бермейтіндігі, сабақ жоспары оқушылардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталмай жасалатын тұстары анықталған. Сабақ жоспарының орындалуы барысында қол жеткізген нәтижелері ескерілмейтіндігі көрініс тапқан.

Аталған олқылықтарды негізге ала отырып оқыту мен оқу үдерісіне жаңа стратегияларды қолданысқа енгізіп, әріптестердің нәтижелерін біле аламыз. Біздің қолда бар ресурстарымызды, сонымен бірге уақытты есепке ала отырып, мақсатқа қол жеткізе аламыз ба? Міне, сондықтан Қазақстан үшін де, менің мектебім үшін де осы мақсатқа қол жеткізу дәл қазір маңызды. Көшбасшы мұғалім ретінде маған өз мектебіме басымдық негізінде өзгеріс енгізу салмағы түсіп тұр.

Оқу сияқты, көшбасшылық та адамның басты, бірақ аса күрделі әлеуеттерінің бірі болып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес әрине, оның басында жұмыста әртүрлі қиындықтар мен кедергілер туындап жатуы мүмкін. Мүмкіндігінше тәжірибеден өту кезінде қадамдар бойынша жоғарыда жоспарланған шараларды тиісті мерзімде жүзеге асыруды ұйымдастыра алсам, шағын шығармашылық тобыма өз жауапкершіліктерінің салмағын сезіндіре алсам мақсат орындалады деп ойлаймын. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіліктер берілмейтіндігін түсінеміз, алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып , оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз.

Мектептің даму жоспары, бірінші кезекте, мектепте қолданылатын іс-құжат. Ол өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үрдістер мен болашақ факторлар мектептерге қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды.

Жоспарлаудың нәтижелілігі – әрбір табысты ұйымның маңызды элементі. Мектеп жағдайында бұл үдеріс: мектептің қазіргі қалпын, күшті жақтарын, оқыту және оқу сапасын жетілдіру салаларын және таяудағы 3 жыл бойы мектепті басқару мен дамуына әсер ететін басқа да факторларды бағалауды т.б. көздейді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 2014ж.)

Қорыта айтқанда, Мектепті дамыту жоспары мектепке өзгеріс енгізуге бағытталған алғашқы қадам екенін және өз мектебімнің сыртқы, ішкі мүмкіндіктерін ескере отырып жоспарлауды үйрендім. Дегенмен, оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізу барысында кәсіби қауымдастық мүшелерімен (психолог, мектеп директоры, әкімшілік мүшелері, ата-аналар, оқушы) ақылдаса отырып, жоспарға өзгерістер енгізіп, қайта жоспарлауға болатынын білдім. Яғни, Мектептің даму жоспары қатып қалған қағида емес, тиісті жерінде, нақты әрекет барысында толықтырулар енгізуге болатынын түйдім.























Пaйдаланылған әдебиeттеp:


1. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І (ілгері) деңгей Екінші басылым, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014 ж.

2. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Үлестірме материалдар. Екінші басылым, 2014ж.









Қосымша 1 Бекітемін _________

Мектеп директоры

Ахтамова А.Н.

Бірінші (ілгері) деңгейлік курс тыңдаушысы Еңбекші орта мектебі мұғалімі Қ.С.Карбузованың

2014ж 02.09 – 11.10. аралығында мектептегі тәжірибе кезінде жүргізетін жеке жоспары


Мерзімі

Орындалатын іс-шаралар

Іс-әрекет нәтижесі

Ресурстар

Уақыты

1

І-апта

02.09.2014

Ұжыммен кездесу

Жеке жоспармен танысады

презентация

1 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

портал

2 сағат

2

03.09.2014

Ұжымға сауалнама дайындау

Мектептің бастапқы жағдайын анық-тауға бағытталған сауалнаманың сұрақтары жасалады

Ашық және жабық сұрақтар

2 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

портал

1 сағат

3

04.09.2014

Мектептің бастапқы жағдайын анықтау (В1) және оқушылар мен мұғалімдердің оқу үдерісі туралы пікірлерін (В4) анықтау үшін сауалнама

Мектептің бастапқы жағдайы анықталады. Оқушылардың қай санатқа жататындығы анықталады

ұжым,

оқушылар,

жабық сұрақтар

2 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

портал

1 сағат

4

05.09.2014

А тармағы бойынша ақпаратпен танысу

Дамыған елдердің білім беру жүйесі зерделенеді

Дерек көздер

2 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

портал

1 сағат

5

06.09.2014

Дамыған елдердің білім беру реформа-сымен танысу

Дамыған елдердің білім беру жүйесі зерделенеді

Интернет көздері

2 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

портал

1 сағат

6

ІІ-апта

08.09.2014

Мектеп тәжірибесін түрлендіру жоспа-рының басымдығын мектеп басшысы-мен анықтау және талқылау

Мектеп тәжірибесінің бір басым бағыты анықталады

Мектеп тәжірибесін түрлендіру жоспары

1 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

портал

1 сағат

Мектеп тәжірибесін түрлендіру жоспа-рын әкімшілікпен, ӘБ жетекшілерімен, 1,2,3 деңгей мұғалімдерімен талқылау

Мектеп тәжірибесін түрлендіру жоспа-ры талқыланады және ұсыныстар айтылады

МДЖ,

Жеке жоспар

1 сағат

7

09.09.2014

Тәлімгер мен тәлім алушыны таңдау, сұхбат жүргізу

Тәлім алушы тәлімгердің жоспарымен танысады

МДЖ,

ашық сұрақтар

1 сағат


Тәлімгермен жоспар жасау


Тәлімгер және тәлім алушының атқа-рылатын жұмыстары бойынша жоспар жасау

Тәлім алушы жоспары

1 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kzпорталы

1 сағат




8




10.09.2014

« Топтық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында коучинг - сессияның жоспарын әзірлеу

Бірлесе отырып жоспар әзірленеді

1,2 деңгей мұғалімдері

1 сағат

Коуч - сессияны іске асыру тәсілдерін 1,2,3 деңгей мұғалімдерімен талқылау

Коуч - сессия жоспарына қажетті өзгерістерді енгізу

1-5 апта үлес.

материалдары

1 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасала-ды, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

9

11.09.2014

Тәлім алушымен бейресми кездесу

Тәлім алушының сыныптарында кез-десіп, болып жатқан проблемаларын шешу жолдарына кеңес беріледі

Тәлім алушы

1 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

2 сағат

10




12.09.2014



« Топтық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында коучинг – сессия өткізу

Мұғалімдерде топтық жұмыс туралы түсініктері қалыптасады

Постер,маркер, түрлі-түсті қаға

2 сағат


Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

11

13.09.2014

Тәлімгермен бейресми кездесу

Тәлім алушының сыныптарында кездесіп жатқан проблемаларын шешу жолдарына кеңес беріледі

Тәлім алушы,

Жоспар

1 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

12

ІІІ-апта

15.09.2014

Деңгейлі бағдарламаның жеті модулімен таныстыратын коуч - сессияның тақырыбын таңдау

Жеті модульді ықпалдастырып, коуч-сессияның тақырыбы анықталады

1-5 аптаның үлестірме материалдары

1 сағат

«Сын тұрғысынан ойлаудың ерекшелік-тері» коуч-сессиясының жоспарын әзірлеу, талқылау

Коуч-сессияны жүргізу әдіс-тәсілдері анықталады

1,2 деңгей мұғалімдері

1 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

13






16.09.2014






Жеті модульді ықпалдастыра отырып шебер - сынып өткізу

Экспериментке таңдап алынған сыныпқа шебер-сынып өткізіледі

Тәлім алушы мұғалім, АКТ

1 сағат

Тәлім алушы мұғалімге тәлімгерлік ету

Тәлім алушының жеті модуль туралы түсінігі қалыптасады

Тәлім алушы, МАН 1 деңгей

1 сағат

Cpm.kz сайтына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

14

17.09.2014

«Сын тұрғысынан ойлаудың ерекшелік-тері» коуч-сессиясын өткізу

Коуч - сессия соңында мұғалімдер талантты және дарынды балалардың

сипаттамаларын білетін

және ажырататын болады

1, 2 деңгей мұғалімдері

2 сағат

Cpm.kz сайтына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

15

18.09.2014

Тәлім алушымен бірлесе отырып «Тізбектелген сабақ жоспары» коучингін өткізу жоспарын әзірлеу және талқылау

Жеті модульді ықпалдастыра отырып,

тәлім алушының өткізетін шебер - сыныптың жоспары әзірленеді

Тәлім алушы-ның ұзақ мер-зімді жоспары,

үлестір.матер.

2 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

16

19.09.2014

Тәлім алушымен кездесу, бейресми сұхбат

Тәлім алушыға сабағында қолдануға болатын стратегиялармен таныстыру, түсіндіру

Тәлім алушы

жоспары

2 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

17

20.09.2014

Тәлім алушының өткізетін коучингінің жоспарын толықтыру әзірлеу

Коучингтің жоспары әзірленеді,

қолданылатын әдіс-тәсілдері таңдалады

Орта мерзімді жоспар

2 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

18

ІҮ-апта

22.09.2014

Тәлім алушы мұғалімнің №1 сабағына қатысу, бақылау

Тәлім алушының сабақ соңында көздеген мақсатына жеткені немесе жетпегені анықталады

Сабақ жоспары

1 сағат

Тәлім алушының өткізген сабағын талқылау

Өткізген сабағы бойынша толық анализ алады, ұсыныстар қабылдайды

Сабақжоспары, тәлімгердің бақылауы

1 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

19

23.09.2014

Тәлім алушы мұғалімнің №2 сабағына қатысу, бақылау, талқылау

Блум токсономиясын өзінің тәжірибесіне қолдануға алады

2 апта үлестір. материалдары

2 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

20

24.09.2014

Тәлім алушымен бірлесе отырып шебер - сыныптың жоспарын әзірлеу және

талқылау

Жеті модульді ықпалдастыра отырып,

тәлім алушының өткізетін шебер - сыныптың жоспары әзірленеді

Сабақ жоспары оқулық, үлестір материалдары

2 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

21

25.09.2014

Тәлім алушы мұғалімнің

шебер – сыныбына қатысу, бақылау

Тәлім алушының сабақ соңында көздеген мақсатына жеткені немесе жетпегені анықталады

Сабақ жоспары

1 сағат

Тәлім алушының өткізген

шебер-сыныбын талқылау

Өткізген сабағы бойынша толық анализ алады, ұсыныстар қабылдайды

Жоспар,тәлімгердің бақылауы

1 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

22

26.09.2014

Тәлім алушы мұғалімнің №4сабағына ұатысу, бақылау, талдау

Бағалаудың түрлері туралы біледі, сабағында пайдаланады

Үлестірме материалдары

2 сағат




Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

23

27.09.2014

«Тізбектелген сабақ жоспары»

коуч-сессия

Тізбектелген сабақ жоспарын жасауды үйренеді

Үлестірме материалдары


2 сағат

Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

24

Ү-апта

29.09.2014

Мұғалімдердің сабағына қатысу, бақылау

Мұғалімдердің сабақ соңында көзде-ген мақсатына жеткені немесе жетпе-гені анықталады

Сабақ жоспары

1 сағат



Мұғалімдердің өткізген сабағын талқылау

Өткізген сабағы бойынша толық анализ алады, ұсыныстар қабылдайды

Сабақжоспары, тәлімгердің бақылауы

1 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

25

30.09.2014

І деңгейді аяқтаған әріптестердің

шебер-сынып өткізу

Шебер-сыныптың өту барысымен тәлім алушы, мұғалімдер танысады, көреді

Оқушылар, мұғалімдер

1 сағат



Тәлім алушы мұғалімге тәлімгерлік жасау

Сабақта кері байланысты қолдану тиімділігін және мақсатын түсінеді, өзінің тәжірибесіне қолдануға алады

2 апта үлестір. материалдары

1 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

26

01.10.2014

Тәлім алушымен бірлесе отырып шығармашылық топ сабақтарының жоспарын әзірлеу және талқылау

Жеті модульді ықпалдастыра отырып,

Шығармашылық топ мүшелерінің өткізетін сабақ жоспары әзірленеді

ұзақ мерзімді

жоспар,оқулық,

1-5 аптаның

үлестір. матер.

2 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

27

02.10.2014

Диалогтік оқыту тақырыбында белсенді топқа дөңгелек үстел

Әңгіменің үш түрінің сипаттамасын біледі, ажырата алады

МАН бірінші ілгері деңгей

1 сағат



Тәлім алушы мұғалімге тәлімгерлік ету

Көмек көрсетіледі, бағыт-бағдар беріледі

Жоспар

1 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

28

03.10.2014

Тәлім алушы мұғалімнің сабағына қатысу, бақылау, талдау

Тәлім алушының сабақ соңында көздеген мақсатына жеткені немесе жетпегені анықталады

Сабақ жоспары

2 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

29

ҮІ-апта

06.10.2014

Тәлімгерлік жұмыстың қорытындысын жасау


Тәлім алушының оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізгенін анықтау, өз жұмысына рефлексия бере алуын бағалау

Сабақ жоспары

2 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

30

07.10.2014

Өткізілген коучингтен бойынша сараптама жасау

Коучингтердің мұғалімдердің тәжірибесіне қзгеріс енгізуіне қаншалықты көмегі тигені анықталады

Мұғалімдер

2 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

31

08.10.2014

Мектепті дамыту жоспарына сараптама жасау

МДЖның қаншалықты орындалғанын анықтау

МДЖ , мұғалімдер рефлексиясы

2 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат

32

09.10.2014

Құжаттарды жинақтау, есептерді аяқтау


Мектептегі тәжірибе кезеңінде жасалған жұмыстар туралы құжаттар жинақталады

АКТ

2 сағат



Cpm.kz сайытына кіру және талқылау

Желілік қоғамдастықта жұмыс жасалады, форумдарға қатысады

Cpm.kz порталы

1 сағат




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!