СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Математика және физика әлеміне саяхат»

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Математика  және физика әлеміне саяхат» сыныптан тыс сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
««Математика және физика әлеміне саяхат»»













СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ
















Сабақтың тақырыбы: «Математика және физика әлеміне саяхат»

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: оқушылардың білімдерін жетілдіру, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру, шығармашылық ізденістерін ұштау;

ІІ. Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, құрал- жабдықтарды ұқыпты пайдалану қабілеттерін жетілдіру.

ІІІ. Тәрбиелік: тез шешім қабылдауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: топтық сайыс сағаты

Көрнекіліктер: слайд, таратпа материалдар, нақыл сөздер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: әділ-қазылар алқасын тағайындау, топтарды және сайыстың шартымен таныстыру.

1-жүргізуші:

Армысыздар ағайын
Ағайын тілін табайын

2-жүргізуші:

Есенбісіз ұстаздар
Шаршамайтын қыс-жаздар

1-жүргізуші:

Сайысқа келген сайланып
Отырам деп жайланып

2-жүргізуші:

Көрермендер аман ба
Отырған анау ойланып

1-2-жүргізуші: Бәріңізге бір сәлем!

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, көрермендер бүгінгі біздің «Математика және физика әлеміне саяхат» атты сайысқа қош келіпсіздер!




1-жүргізуші: Келе жатқан наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

- Гүлсанат! сен білесің бе? Бүгінгі сайысымыз ерекше болмақ.

2-жүргізуші: иә, Ерболат, несімен ерекшеленеді екен?

1-жүргізуші: Бүгінгі сайысқа қатысушы топтар қазақ және орыс сыныптарының оқушылары және сайыста қойылатын сұрақтар тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде және ағылшын тілінде де болмақ!

2- жүргізуші: Бәрекелді! Олай болса сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, әділ-қазылар алқасымен танысалық:

11-сынып оқушылары: Қуанышбаева Жазира, Байжігітов Санжар, Бақбергенова Салтанат

1-жүргізуші: Ал енді бүгінгі сайыстың шартымен танысайық. Бүгінгі сайысымыз келесі бөлімдерден тұрады:

  • Таныстыру

  • Ойлан, тап.

  • “Бұл қай ғалым?” портерттер сайысы

  • «Бала тілі-бал»

  • Сиқыршылар (тәжірибе)

  • Физика-математикалық хат


2-жүргізуші:

Үлгілі тәртіп,жақсы оқу
Алға қойған мақсатты
Әрқашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты
Ортаға  «ДАНАЛАР»тобын шақырамыз.

1-жүргізуші:
Жиылған ылғи дарындар
Жүректе от,көздерінде жалын бар
Тапқырлар тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық
Ортаға  «ТАПҚЫРЛАР»  тобын шақырамыз.

2-жүргіуші:
Көңілді тапқыштыр,білгіштер
Бар өнерін алдарына салады
Кім біледі,көп оқыған болса егер

бүгінгі күн жеңімпазы  болады.
Ортаға  «АЛҒЫРЛАР»  тобын шақырамыз.

1.«Сәлемдесу сайысы»
Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны)

1-ші топ «Тапқырлар»
Ұраны: Қандай сынақ болсадағы  беріспе
Әрқашан да үміткерміз жеңіске

2-ші  топ  «Даналар»
Ұраны: Тартысайық сайыста  күш жігермен
Айрылысайық қимас бір дос көңілімен.

3-ші топ  «Алғырлар»
Ұраны:  Жарыс десе жанымыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

ІІ бөлім. «Ойлан тап»

2-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап». Бұл бөлім бойынша әр топ кезегімен ұпай саны көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы арнайы сұрақтарға жауап берулері керек.

1-жүргізуші: Егер жауап бере алмай қалсаңыздар, қалған топтар жауап береді. Ұпай сол жауап берген топқа беріледі.


Логикалық есептер

  • Can a rooster say that he а bird (жоқ, өйткені ол сөйлей алмайды)

  • Петя сказал однажды друзьям «Позавчера мне было 9 лет, а в будущем году мне исполнится 12 лет». Какого числа родился Петя?

  • (31 декабря, а разговор идет 1 января нового года)

  • В какую сторону едет этот автобус? Ответ обоснуйте

  • Есл и действие происходит в стране с правосторонним движением, то автобус едет влево, т.к. двери нам не видны


Физикалық сұрақтар

  • Адамның шашын, қасын, мұртын, аязды күні қырау шалатыны неліктен? (тыныс алғанда шыққан бу суықта конденсациялады.)



  • (СКАЗКА) Царь решил выдать своих трех дочерей замуж. Но младшая не хотела, ей было безразлично. Старшая и средняя часто ссорились из-за того, что царь обещал пол-царства тому, кто выйдет первой. Чтобы разрешить все вопросы с замужеством и уладить ссоры, царь предложил провести такое соревнование. Он поставил на стол три чайника. Они были совершенно одинаковы, как по внешнему виду, так и по вместимости. Царь налил в каждый чайник равное количество воды из ведра.

- Мои любимые дочери, - начал свою речь царь, - сейчас каждая из вас возьмет по чайнику и отправиться вместе со мной на кухню. Там вы поставите чайники на плиту, и дождетесь, пока они закипят. Та дочь, у которой закипит чайник раньше, выйдет замуж первой.

Как вы думаете у какой сестры закипит первым?

Ответ

Младшая дочь замуж не собиралась, ей было безразлично, кипит ли ее чайник. Она крышку чайника не поднимала, пар не выпускала, поэтому ее чайник закипел быстрее.

  • Неліктен рельс арасында саңылау қалдырады? (Жазды күні күн ысығанда ысыған рельс едәуір ұзарады, яғни деформацияланады. Саңылау деформация үшін қажет).

Терминдер

Венгриядағы осы нүктеден бастап арақашықтықты есептеу бекітілген. Будапештің дәл орталығында осы нүктеге байланысты ескерткіш қойылған. Бұндай марапатқа ие болған кім немесе не?

                  • (Нөл)

Бұл фигураның аты грек тілінен аударғанда "тартылған садақтың жібі" дегенді білдіреді. Бұл не?

(Гипотенуза)

Бұл сөз латынның "екі рет" және "кесу" деген сөзінен құралған, яғни қазақшаға аударғанда мағынасы "екі бірдей бөлікке бөледі" деп аударылады. Не туралы сөз болып тұр.

(Биссектриса)

ІІІ бөлім. Бұл қай ғалым?

  • Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, професор (1961), Қазақстан ұлттық академиясының академигі , Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. (О.А.Жәутіков)

  • Ғалым, физика-математика ғылым докторы (1988), профессор (1990) . Негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. «Төрткен алгебрасы» деген қазақша терминді күнделікті қолданысқа енгізді. (А.Жұмаділдаев)

  • Математика саласы бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш доцент, алғашқы ғылым кандидаттарының бірі. (С.Х.Боқаев)

  • Платонның шәкірті, А.Македонскийдің ұстазы - Аристотель.

  • «Бастамалар» еңбегінің авторы - Евклид

  • 10 жасында 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тауып, математика королі атанған – К.Гаусс


ІV бөлім. «Бала тілі – бал»

1-жүргізуші: . Сайысымыздың келесі бөлімі «Бала тілі – бал»

Сіздерге , бастауыш сынып оқушылары сұрақ қояды: қойылған сұрақтарға жауапты үш тілде берулеріңіз қажат.

***

  • Она имеется у всех. Если человека долго не кормить, то она уменьшается.

  •  Ее весь день определяют продавцы.

  • Эта величина скалярная, а не векторная. (Масса.)

***

  • Она имеется у всех. Уменьшается при работе. Если вы съедите сникерс, она у вас прибавится. Весами и линейкой ее не измерить.

  • От одинаковых сникерсов она прибавится у всех одинаково: и высоких людей, и у маленьких, и у девочек, и у мальчиков.

  • А если вместо сникерса съесть картошку, то прибавка будет меньше.

  • (Энергия)

***

  • Олардың саны өте көп

  • Оны біз күнде қолданамыз

  • Бір нәрсе сатып алғанда, нәрселерді санағанда

  • Мысалы 1, 5....

  • Оқушы санын айтқанда, ұзындықты өлшегенде...

Сандар

V бөлім. «Сиқыршылар».

2-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Сиқыршылар». Сайыстың бұл бөлімінде топтарымыз физикалық тәжірибелер немесе фокус көрсетеді, олай болса, сөз кезегін қатысушы топтарға берелік.

VІ. Бөлім. «Хат жазу»

Жүргізуші: бұл бөлім бойынша әр топ физика-математикалық терминдерді пайдаланып, хат жазады. Қолданған термидер санына байланысты ұпай саны көрсетіледі. Уақыт 1минут.

ІІІ. Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!