СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әлемнің әміршісі еңбек

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру, 

оқушыларды адал  еңбекке баулу , кәсіптік білім беру, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін және оған қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында экологиялық ойлауын қалыптастыруға себепші болу.

 Оқушылардың экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, экологияны оқыту кезінде пәнаралық байланысты пайдалана білу;

 -негізгі табиғат қорғау дағдысын, алған теориялық білімін практикада қолдана білу қабілетін қалыптастыру;

 -қоршаған орта жағдайы үшін өзіне жауапкершілік ала білуі және өз елінің экологиялық мәселелерін шеше білуі.

Просмотр содержимого документа
«Әлемнің әміршісі еңбек»

 Тақырыбы:  «Әлемнің әміршісі-еңбек»

Мақсаты:

Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

 Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру, 

оқушыларды адал  еңбекке баулу , кәсіптік білім беру, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін және оған қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында экологиялық ойлауын қалыптастыруға себепші болу.

 Оқушылардың экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, экологияны оқыту кезінде пәнаралық байланысты пайдалана білу;

 -негізгі табиғат қорғау дағдысын, алған теориялық білімін практикада қолдана білу қабілетін қалыптастыру;

 -қоршаған орта жағдайы үшін өзіне жауапкершілік ала білуі және өз елінің экологиялық мәселелерін шеше білуі.

   Ұйымдастыру.

І.Кіріспе.

ІІ.  Негізгі бөлім:

Еңбек  тәрбиесі туралы

Экономикалық тәрбие

Экологиялық тәрбие

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие туралы қанатты сөздер:

«Ұлылардан қалған ұлы сөз» айдарынан:

 ІІІ. Қорытынды бөлім

  Айғаным:

Құрметті ұстаздар, оқушылар!  «Әлемнің әміршісі-еңбек» атты еңбек, экономика және экологиялық  тәрбие айлығының ашылуына орай ұйымдастырылған лездемені ашық деп жариялаймыз!

        Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді.

Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.

Бағдат:

 Сонымен бірге, еңбек  тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн де өмір сүруге болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті.    Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді.    Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.

 ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ

Нейля:

 Жалпыға Еңбек қоғамына қарай 20 қадам.

      Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Сол үшін қоғамның басқару тізгінін ұстағандар, үкімет пен мемлекет басшылары ең алдымен елде еңбекті қалай ұйымдастыру жайын да ойластырады. Осыған орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға  ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты  бағдарламасын ұсынды. Біздің  әлеуметтік саясат  бәсекеге қабілетті және күшті  ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН   құруға бағытталуы тиіс,-деді Елбасы.

Енді елбасымыздың айқындап берген 20 бағытын басшылыққа ала отырып келешекте  өз орнымызды , мақсатымызды , таңдайтын  мамандығымыз жайлы қазірден бастап ойлануымыз керек! Әрбір мамандықтың біз білмейтін қыр-сыры  бар.

«Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болмау керек.

  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Нұрғайша:

Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудық маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Экономикалық білім - тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық сүраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады.

Мөлдір:

Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі.

Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ыңыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған.

Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге әкономикалық қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру

 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

Амантай:

Экология - грекше OIROS-үй, тұрақ, мекен, LOGOS-ғылым «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш 1866 жылы экология терминін неміс биологы Ә.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. «Экология – тірі организмдердің бір - бірімен қарым – қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым.

 Балаби:

Экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде. Ауаны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің жылдан-жылға артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.

Қазіргі уақытта негізгі еңбек және экономикалық жинақ әзірленуде. Аталған жобаның құрылысын қаржыландыру үшін Еуропалық даму және қайта құру банкі арасындағы меморандумға қол қойылды.

 «Ұлылардан қалған ұлы сөз» айдарынан: /Сейілбек, Айбол, Қасымхан,Алмат/

Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді.

                                                                                  ( Гораций)

    Талап, еңбек, терең ой

    Қанағат, рақым, ойлап қой –

    Бес асыл іс көнсеңіз.

                                                                                     (Абай)

    Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

    Қардың суы секілді тез суалар.

                                                                                    (Абай)

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

аздырар адам баласын                                                    (Абай)

 

    Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.

    Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.                                  (М.Әуезов)

 

Елге сіңірген  еңбек жақсы,

Еңбекті елеген ел жақсы.

                                                                              Спандияр Көбеев

Еңбектегі әр минут- бір несібе.

                                                                                 Ғафұр Ғұлам

 

Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне  жеткенін көргенім жоқ.

                                                                                Бауыржан Момышұлы

Қандай мұратың болса да  өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме.

                                                                                Ғабдолла Садықұлы.

 ІІІ. Қорытынды бөлім

Нейля:

 «Жас бала анадан  туғанда екі түрлі  мінезбен туады: біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем  екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз.    Сабақ оқу да – еңбек. Мектебімізде үздік оқып, қазір ЖОО-да озат  студент болып жүрген және  шетелдерде оқуын жалғастырып жүрген  оқушыларымыз қаншама.

-Еңбек қана бар қиындықты жеңбек.

Еңбексіз бос жүру адамды моральдық  жағынан  құлдыраушылыққа,  жұрт еңбегінің  есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.Еңбек  етсең ешкімге тәуелді болмайсың.

 Атың да, атағыңды  да  шығаратын -Еңбек .




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!