СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қош бол балабақша" тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

балабақша  балаларына  арналған тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«"Қош бол балабақша" тәрбие сағаты»

Тақырыбы:"Қош бол,балабақша"

Мақсаты:Тәрбиеленушілеріміздің жыл бойы алған білімдерін ,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп,балалардың сөздік қорын,ой-өрісін кеңейту.Ұйымшылдыққа,иманды лыққа тәрбиелеу

. Жүргізуші:Армысыздар қымбатты ата-аналар,қонақтар,балабақша қызметкерлері! "Ақжелкен"тобында өткізілгелі отырған "Қош бол,балабақша"атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп,күтіп,тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,мектепке шығарып салғалы отырмыз.Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.Бүгінгі бүлдіршін-ертеңгі елдің тірегі.Ертеңіміз мықты болсын десек -осы бүлшіндерімізге ақжол сәт-сапар тілейік Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда Мұндай күй болған сірә ,қаншаңызда Қол соғып қошеметтеп шақырайық Балдырған бүлдіршін түлектерді !

Би:"Вальс" Ән:"Балабақша сенімен" Сол кезде Білім ханшайымы келеді. Білім ханшайымы:Балабақшамен қоштасушы балалар мен сендерді бүгінгі мерекелеріңмен құттықтаймын! Сендер есейдіңдер енді мектепке барасыңдар.Мен білім елінің ханшасымын сендерді Білім еліне қонаққа шақырамын.Маған жету оңай емес,қиындықтардан,талай сыннан өту керек, ол үшін шыдамдылық пен батылдық, талап керек.Менің еліме тек көлікпен ғана жете аласыңдар.Мен сендерге кеме сыйлаймын.Сендерге табыс тілеймін, мен өз елімде сендерді күтемін. Жүргізуші :Балалар сендер сапарға дайынсыңдарма? Балалар:Иә,дайынбыз Жүргізуші:Ендеше,білім еліне саяхатқа шығайық! Кеме капитаны:Бәрің менің бұйрығымды тыңдаңдар!Жолаушылар өз орындарыңа жайғасыңдар

Балалар:Білім еліне алға! Кеме капитаны:Алдымызда бөгет бар Жүргізуші:Бұл кеден бекеті Кеденші:Жолдарың болсын қайда бара жатырсыңдар? Балалар: "Білім еліне" Кеденші:Білім еліне мына жұмбақты шешкен балаларды ғана жібереміз.Мен жұмбақ жасырамын,сендер жауабын тауып көріңдер Тілі бар да үні жоқ Сөйлеп тұрар ішінен Көзбен шалсам бір рет Не дегенін түсінем.Бұл не балалар?Ұ(Кітап) Кеденші:Жақсы балалар сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер,Білім еліне сендермен менде барайыншы? Кеме капитаны:Жақсы кел отыр! Дымбілмес:Армысыздар жас саяхатшылар!Бәрін ұмытатын аралға да келіп жеттіңдер.Сендер асықпай ұйықтап,дем алып алыңдар,сендерге еш нәрсе кедергі келтірмейді. Кеме капитаны:Балалар Дымбілмес сендерді ұйықтатпақшы!Бой бермеңдер оған,еркіне көнбеңдер,ол сендерді Ұзақ ұйқыға жібермекші,ояныңдар, ояныңдар.Не істесем екен...Ә,білдім!Музыканы қатты қояйын.Балалар келіңдер билейік,билесек ұйқымыз ашылады, тұрыңдар! Мың бұралған қыздарды Шақырамыз ортаға Тойымызға сән беріп, Би билесін қуанта Би:"Құстар"биі

Жүргізуші:Балалар Дымбілмес еш нәрсені дұрыс білмейді ғой,біз әріптер ойынын ойнайық Дымбілмес біздің қалай ойнайтынымызды тамашалап, әріптерді үйреніп алсын.

Жүргізуші:Балалар сендер жұмбақты дұрыс шештіңдер,ойынды да жақсы ойнадыңдар енді саяхатымызды жалғастырайық Дымбілмес:(Балалардың жанына келіп ашулы жүзбен қарайды)Менде сендермен бірге білім еліне барамын.Меніңде сендермен бірге би билеп ән салғым келеді. Жүргізуші:Дымбілмес сен оданда біздің балалардың әнін тыңда. Ән:"Біз мектепке барамыз" Дымбілмес: менің тағыда би билеп ,ән салғым келеді Жүргізуші:Дымбілмес сен балабақшаға келген жоқсың ,сен ештеңе білмейсің ғой. Дымбілмес: мен бәрін білемін Жүргізуші:Олай болса тексерейік.Мынау қандай дыбыс?(О) Дымбілмес:Ой ол жұмыртқа ғой,қарным ашып кетті. Жүргізуші:Балалар Дымбілмес дұрыс айттыма?Көрдіңбе Дымбілмес сен еш нәрсе білмейсің,әлі мектепке дайын емессің,бармайсың мектепке. Дымбілмес:Кешіріңдерші балалар мен бәрін үйренемін Жүргізуші:Балалар Дымбілместі кешіремізбе? Балалар :Жарайды кешірейік. Дымбілмес:Алақай мен мектепке барамын Кеме капитаны:Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.Алдымызда ойыншықтар қаласы бар(Ойыншықтар шығады) Жүргізуші:Ойыншықтар да көңілсіз,олар сендерді сағынады.Әрине,бірақ.... сендерді алда маңызды істер күтіп тұр.Әзірше балалар ойыншықтармен қоштасып алайық.Бұл ойыншықтар ертегі кейіпкерлері сияқты,ендеше бәріміз ойыншықтар мен бірге ән салайық Ән:"Ертегілер елінде"

Жүргізуші:Балалар ойыншықтармен қоштаса алмай отырсыңдарма?Бірақ, қоштасуға тура келеді,кіші топ балалары сендерге сәт-сапар тілеп ,өз лебіздерін білдірейін деп тұр,ал сендер ойыншықтарыңды тарту етіңдер. Кеме капитаны:Саяхатымызды жалғастырайық,Ботақан тобының түлектерінің тақпақтарын қабыл алыңыздар. Би :"Кітаптар биі"тамашалаңыздар

Кеме капитаны:Жолаушылар біз кішкене демалып алайық.Мына жерде бір нәрсе көрінеді.Бұл не нәрсе екен?Дүрбіні салып көрейін.Портфель? Дымбілмес:Портфель,Бұл неге тұр? Жүргізуші:Неге тұрғанын тамашалап көрейік Жүргізуші:Көрініс"Портфель" Портфельдің суреті салынған үйшік тұрады....... Әсел:Биікте емес,аласа Бір портфель тұр жараса Қызыққандар кіре алмай Сыртында жүр таласа, Сонда бұны кім алған, Ішіне оның не салған Құлпын ашып көрейік Нелер барын білейік Тук,тук,тук Кіруіме бола ма? Әлде біреу тұра ма, Әрине, ешкім тұрмайды, Тұрса үнсіз болмайды. Сөзімді сол жалғайды.....

Гүлсан:(пенал):Пай,пай,пай Түсім бе,әлде өңім бе? Жай портфель емес тегінде Болса болар тек қана Ертегілер елінде Жақынырақ барайын Ішіне көз салайын Кім тұрады бұл жерде Жайын біліп алайын Тук,тук,тук Болар ма екен кіруге? Кім тұратын білуге Жауапсыз қалды сұрағым Онда өзім тұрамын (ішіне кіріп кетеді) Әсел:Енді әліппе келеді Портфельді олда көреді Ішіне жайлап кірейін Кімдер барын білейін Жақсы достар болса егер Бірге өмір сүрейін Әсел:Есікті ашып осы сәт Пенал шықты ақылды Әліппені өзімен Бір тұруға шақырды Гүлсан:(пенал):Кір әліппе бас қосайық Бірге тұрып достасайық. Әсел:Жүгіріп дәптер келді де Кіргісі келіп ішіне Қарайды олда телміре Эмирхан:Жазу жазар болса кім Онда менде керекпін Кіргізіңдер мені де Бірге тұрайық демекпін Нұрдәулет:Кел дәптерім келіңіз Портфельме кіріңіз Оқушы үшін әрқашан Керекпін деп жүріңіз Әсел:Түрлендірген бір-бірін Достарды күтіп алыңдар Күліп жетті жүгіріп Түрлі-түсті қаламдар. Пайда болды"4"-ік те Көп ұзамай "5"-тік те Айтып жатты жарасып Өз ойларын естірте. Әділет:(5-тік)Оқушының бәрі де Мені жақсы көреді Портфельдің дәл төрінен Маған орын береді. Санжар:(4-тік):Жақсы оқитын балалар "4" -пен "5"-тік алады Ұқыпты,өзі ынталы Тәрбиелі болады. Диана:(қызыл қалам) Әрине,әрине Керексіңдер бәріңде Көңіл сиса сиямыз Тар болсада ұямыз Дария:(көк қалам)Тәртібінен сабақтан "4","5" алып жарыссын Кіріңдер жақсы бағалар Оқушылар танысын. Әсел:Міне осылай портфельдің Лезде іші толып кетті Арттарынан жүгіріп "2"-лікте келіп жетті Рузалия:(2-лік):Портфелім мені қалдырмай Кіргізіп ал ішіне Жалқауларға жайлымын Жалынбаймын үшіңе. Әсел:Сұрланып босағадан пенал шықты ұрысып "2"-ні жерге тықты Гүлсан:Сөздеріңді жөн көретін Бізді жалқау деппе едің? Балалардың досы мықты Сендерсіз-ақ күн көретін Еңбек етпей ерінсе Ол оқушы болама? Достарымыз"4"пен"5" Кетіңдер, бізге жолама!

Әсел:Кіргізбей "2"-ні Сарт етіп есік жабылды Оқушы екен иесі Міне өзіде табылды.

Айару:Мен іздеген портфель Іздеп жүрсем алыстан Шыға келді алдымнан Ант беремін уәде айтып Жақсы оқушы боламын Кілең "5"-тік аламын Тәрбиелі,үлгілі Қазақстан азаматы боламын!

Әсел:Оқушы қарап түсінді, Портфельінің мән-жайын Қолына алып портфельін, Мектебіне тұр дайын Балалар:Оқимыз,білім аламыз Болашақ жолын саламыз Бақшаменен қоштасып Біріншіге барамыз .

Дымбілмес:Балалар мына көріністеріңнен түсіңгенім мектепке барып қана қоймай кілең "5"-тік қана алу керек екен ғой!Балалар мен Ақжелкен тобының балаларына көптеген нәрселерді үйреніп,ақылды болдым,енді менде мектепке барып жақсы ,үлгілі оқушы боламын! Тәрбиеші:Жарайсың Дымбілмес !Енді балаларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек Гүлсан:Гүлдендірген бақшаны Меңгеруші апай жақсы адам Сондықтан да біз үшін Артықсыз сіз басқадан Балабақшамыздың меңгерушісі:Айман Базарбаевнаға мың алғыс! Эмирхан:Денсаулыққа болаттай, Ауруларды жолатпай Күнде болған әбдігер Қамқоршымыз дәрігер Дәрігеріміз:Жадыра Ержановнаға мың алғыс

Әділет:Жайдары жүз,ай қабақ Жүреді бізді аймалап Білгеніңді сұрайтын Ақыл айтып тұратын Гүлбараш апай мен Тоғжан Тоқтаровнаға мың алғыс! Надир:Үйренгенбіз өнер біз Шетімізден шеберміз Бал татыған әндерді Мың бұралған билерді Үйреткен Адина Бериковна мен Мейрамгүл апайларға мың алғыс!

Санжар:Тәтті тағам пісірген Айран,сүтін ішкізген Асханашы апайларғада мың алғыс!

Нұрдәулет:Жазу жазып үйреткен Әріптерді оқытқан Санамақты жаттатып Санауды бізге үйреткен Жақсы болсақ қуанған Қате болсақ кешірген Тәрбиеші апайларға да мың алғыс! Оқимыз,білім аламыз Болашақ жолын саламыз Балабақшамен қоштасып, Біз мектепке барамыз!

Тәрбиеші:Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі.Ендеше Ұрпақты дүниеге әкеліп,адал ниет,ақ батамен өсірген ата-ана емеспе?Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата-анаға сөз береміз--------

Тәрбиеші:Түлектерге тілегін айтып балабақша атынан марапаттарын табыстау үшін Балабақшамыздың меңгерушісі:Садырбаева Айман Базарбаевнаға сөз беріледі.



Тәрбиеші:Айналайын гүлдерім, Айым менің күндерім Маған қызық тілдерің, Естен кетпес үндерің Сендердікі болашақ Өтер балғын жастық шақ Озат болып оқыңдар Ойға білім тоқыңдар! ,дей отырып бүгінгі Ұямыздан ұшқалы отырған түлектерімізге бақыт,ашық аспан,жарқын болашақ,шат күлкі,үлкен жетістіктермен сәттілік тілейміз! Осымен "Қош бол балабақша"атты ертеңгілігімізді әнмен аятаймыз.

Ән:"Қош бол балабақша"







«Ақжелкен» ересек тобы

«Қош бол,балабақша!»

















Семей қаласы 2017ж.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!