СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қоғамдық шараларға белсенді қатысқаны үшін

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

сссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммиииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииимммммммммммммммммммммммм

Просмотр содержимого документа
«Қоғамдық шараларға белсенді қатысқаны үшін»



Үндістан

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.

Діни құрамы:

  • индуизм дініне табынатындар — 80,3%;

  • мұсылмандар — 11%;

  • мәсіхшілік дініндегілер — 4%-дай;

  • сикхтар — 2,8%, т.б.

Тілдер

Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі. Халық Инд-Ганг ойпатындағы аудандар мен теңіз жағалауларында тығыз, солтүстіктегі таулы және шөлді аудандарда сирек қоныстанған. Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді. Сондықтан табиғи өсімі жоғары. Қала тұрғындары халықтың 28%-ын құрайды.

Ірі қалалары: Калькутта, Бомбей (Мумбаи), Дели, Ченнаи (Мадрас), Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау.

Әкімшілік бөлу

Үндістан — федеративті республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтық аумақ кіреді. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы жоғарғы органы — президент және қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратын парламент. Жоғарғы атқарушы органы — Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады.

Ұлттық мейрамдары: Республика күні — 26 қаңтар (1950) және Тәуелсіздік күні (15 тамыз).

Британ Достастығының құрамына кіреді, БҰҰ-ның мүшесі (1945). Ақша бірлігі — үндістан рупийі.

Тарихы

Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Инд өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз зерттелген. Б.з.б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса, Куру, т.б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай орналасқан Гандхара, Аванти, т.б. мемлекеттер жөнінде деректер аз сақталған.

Олардың алғашқы екеуі артықшылық жағдайда болды. Патша қазынасына егіншілер түскен өнімнің 1/6 — 1/12 бөлігін берді. Патша сондай-ақ қолөнершілер еңбегін пайдалану (айына 1 күн), әр түрлі алым-салықтар жинау құқығына ие болды. Егіншілер рулық және көршілік қауым болып өмір сүрді. Құлдардың еңбегі негізінен үй ш-нда пайдаланылды. Б.з.б. 6 — 4 ғасырларда қол жеткен экон. прогресс ежелгі үнді қоғамы өмірінің жағдайларына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы құлдықтың таралуына жағдай жасады. Әлеум. қарама-қайшылықтардың өсуі діни-сектанттық қозғалысты туғызды, олардың ішінен буддизм мен джайнизм ерекшеленді. Б.з.б. 4 ғасырдың ортасында Нанд әулеті билеген Магадха мемлекетіне Ганг жазығы түгел бағынды. Инд өз. жазығының бір бөлігін Ахемен әулеті жаулап алды. Б.з.б. 327325 жылы Үндістанға Александр Македонский әскері баса-көктеп кіріп, Биас өзендеріне дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес аймақтарды басып алуы Маурья әулеті тұсында да жалғаса берді. Ашок патшаның кезінде Маурья әулеті Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан аумағының бір бөлігіне өз биліктерін орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери аппарат құрды. Бірақ ішкі қарама-қайшылықтар мен Үндістанға бактрия гректерінің баса-көктеп кіруі оларды әлсіретіп жіберді. Б.з.б. 2 — 1 ғасырларда Солтустік Үндістанда грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен шактардың көптеген әулеттері билік жүргізді. Осы кезде Деканда Сатавахандар мемлекеті күшейе бастады. Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік Үндістанның көпшілік бөлігі Кушан патшалығының билігіне көшті. 1 — 3 ғасырларда Үндістан Риммен қызу сауда жүргізді. Шығыстағы елдермен, Қытаймен сауда қатынастары кеңейді. 6 — 12 ғасырларда Үндістанда көптеген ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың арасында үздіксіз соғыс жүрді. 8 — 10 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы мемлекеттердің неғұрлым ірілері — Палдар мен Гурджара-Пратихарлар мемлекеттері еді. 8 ғасырдың басында Синдіні арабтар жаулап алып, елге ислам діні тарай бастады. 11 ғасырдың бас кезінде Үндістанның солтүгіне Ғазнауи сұлтандығының билеушісі — Махмұд Ғазнауи бірнеше рет жорық жасап, Пенджабтың біраз бөлігін бағындырды. 12 ғасырдың соңы — 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндістанды Гурлар мемлекетінің билеушісі — Мұхаммед жаулап алды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның Ганг жазығындағы жергілікті билеушісі өзін тәуелсіз деп жариялап, астанасы Дели болған өз мемлекетін құрды (қ. Дели сұлтандығы). Кришна өзеннен оңтүстікке қарай 14 ғасырдан 17 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта үлкен мемлекет — Виджаянагар өмір сүрді. 1565 жылы Виджаянагар билеушісі Кришна өзеннің жағасында Декан мұсылман одағынан жеңіліп, патшалығы ыдырап кетті. 17 ғасырдың ортасына таман бірнеше дербес князьдіктер құрылды (Мадура, Майсур, т.б.).

Колониалдық дәуiр

15 ғасырдың соңында Үндістанда алғашқы еуропа отаршылар — португалдар пайда болды. 16 ғасырдың 1-жартысында олар теңіз жағалауларындағы бірқатар пункттерге (Гоа, Даман және Диу, т.б.) бекініп, Үндістанның теңіз саудасына бақылау орнатты және басып алынған аумақтағы халықты отаршылдық езгіге түсірді. Ал солтүстік Үндістанды Ұлы Моғолдар империясы біріктірді (қ. Моғолдар әулеті, Бабыр).

Британдық Индия

17 ғасырдың бас кезінде Үндістанда ағылшындық Ост-Индия мен голландтық Біріккен Ост-Индия компаниясы (1600, 1602 жылы құрылған) түрінде еур. сауда капиталы пайда болды. Олар португалдардан Үндістанмен теңіз саудасын жүргізу монополиясын тартып алып, елде факториялар сала бастады (Үндістандағы бірінші ағылшын факториясы 1613 жылы Суратта пайда болды). 17 ғасырдың 2-жартысында француздық Ост-Индия компаниясының (1664 жылы құрылған) сауда факториялары ашылды. Үнді көпестерінің көмегімен ағылшындар, голландықтар мен француздар үнді өндірісінің тауарларын сатып алып, оларды Еуропаға ғана емес, Иран, Индонезия, Жапония, Қытай, т.б. елдерге жеткізді. Ұлы Моғолдар империясы билеушілерінің арасындағы өзара үздіксіз жүргізілген тақ таласы ағылшын және француз Ост-Индия компанияларының Үндістанға сауда экспансиясымен қатар әскери экспансияға да көшуіне қолайлы жағдайлар туғызды. Ұлыбритания мен Франция Үндістан рыногы үшін өзара күрес жүргізді. 1746 — 1763 жылдары үздіксіз жүргізілген соғыстың нәтижесінде Оңтүстік Үндістанда ағылшындар өз қарсыластарын толық талқандап, Бенгалияны жаулап алды, Карнатик пен Аудты тәуелділікке түсірді. 1767 — 1799 жылдары Оңтүстік Үндістанның елеулі бөлігі ағылшындық Ост-Индия компаниясының иеліктеріне қосылды. Майсур, Хайдарабад шекараларына ығыстырылған ұсақ князьдіктер ағылшын бодандығын мойындады. Делиден айрылған (1803) Ұлы Моғолдар империясы ағылшындық Ост-Индия компаниясына бағынышты болды. 17751818 жылдары ағылшын отаршылдары Пешва мемлекетін жойды, 1814 — 1826 жылдары Гималай тауларының оңтүстік баурайы мен Ассам, 1843 жылы Синд, 1845 — 1849 жылдары Пенджаб қосылып алынды. Ағылшындардың отаршылдығы Үндістанның экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсер етті. Үнді қолөнері бұйымдарын төмен бағалармен сатып алу мен оларды Еуропа рыноктарында сату — отарлық қанаудың қайнар көздерінің бірі болды. Ұлыбритания билеуші топтарының арасында Үндістанды отарлық езгіге түсіруге ұмтылушылық жолындағы күрес Ост-Индия компаниясын ағылшын парламентінің бақылауына алатын заң қабылдаумен аяқталды (1773). 1774 жылы Үндістанда ағылшын генерал-губернаторы тағайындалды. 1813 жылы Ост-Индия компаниясы Үндістанмен сауда жүргізу монополиясынан айрылып, 1833 жылы сауда ұйымы ретінде жойылды. Үндістанға ағылшын өнеркәсіптік бұйымдары әкелініп, жергілікті ауыл шаруашылық шикізатын метрополияға тасу басталды.

Үндістан біртіндеп Ұлыбританияның аграрлы-шикізаттық отарына айналды. Отарлық езгі Үндістан халқының қарсылығын туғызды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап елдің әр түрлі аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістері басталды. Отаршылдыққа қарсы жаппай қозғалыс діни формаларға да ие болды (саньяси, уаххабшылар). Алғашқы үнді саяси ұйымдары пайда болды. Ағылшын капиталы экспорт пен импортты, ішкі сауданың бір бөлігін сауда үйлері мен банкілер жүйесі арқылы бақылап отырды. Темір жолдар және суландыру жүйелері салынып, шай плантацияларының негізі қаланды. 19 ғасырдың ортасынан бастап Үндістан ұлттық қозғалысы күшейді. Отарлық езгіге қарсы, әсіресе, Джамна-Ганг өзен аралығы мен Бенгалияның халқы қатты қарсылық көрсетті (1857 — 1859). Ол елдің орталығын да қамтыды. Көтерілістен кейін 1858 жылы Үндістан британ тағының тікелей бақылауына көшті . 1855 жылы Бомбейде үнді ұлттық идеяларының ортылығы ретінде Үндістан ұлттық конгресі құрылды. 1909 жылы үнділіктер заң шығару кеңесі мүшелерін сайлау құқығына ие болды. Бірақ жергілікті халық үнділер және мұсылмандар болып екіге бөлінді.

1920 — 1922 жылдары Мохандас Карамчанд Ганди Үнді ұлттық конгресіне басшылық жасап, азаматтық бағынбау науқанын басқарды. Бұл науқанның негізгі мақсаты — өзін-өзі толық басқару құқықтарын талап ету еді. 1935 жылы “Үнді актісі” бойынша үнділіктерге федералдық заң шығарушы органдарды басқару құқығы берілді, бірақ қорғаныс пен халықар. қатынастар мәселесі вице-король әкімшілігінің қарауында қалдырылды. 1940 жылы Мұсылман лигасы Үндістанды әр түрлі діндердің өкілдері көп орналасқан аумақтардың шекаралары бойынша бөлшектеуді талап етті.

Тәуелсіз Үндістан

1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға — Үнді одағы (индуистер) мен Пәкстанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысіз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды. 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімдік соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Ганди сайланды. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқаны кезінде адам өлтірушілердің қолынан қаза тапты. 1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүз. бейбітшілік күштерінің наразылығын тудырды. 1999 жылы Үндістан ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі жан-жақты келісімге қол қоюға уәде берді. Кашмир жөнінде бейбіт келіссөздер өткізуге Пәкстан үкіметіне ұсыныс жасалды.

Қазақстанмен қатынастары

Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 ақпанынан бастап орнатылған. 1992 жылы мамыр айында Алматыда Үндістан Республикасының, ал 1993 жылы қараша айында Делиде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. 1992 жылы ақпанда Президент Н.Ә. Назарбаев Үндістанға бірінші ресми сапарын жасады. Сапар барысында мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөніндегі декларацияға, дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөніндегі протоколға, сауда-экономикалық қатынастар, ғылым мен технология, мәдениет, өнер, білім, ақпараттық құралдар мен спорт салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды. 2002 жылы 11 — 15 ақпанда Н.Ә. Назарбаев Үндістанға кезекті сапармен барып қайтты. Онда Қазақстан — Үндістан Бірлескен декларациясына қол қойылды. Жауап ретінде Үндістан басшылығы да бірнеше рет Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан мен Үндістан арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техикалық, өнеркәсіп пен мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан Үндістан Біріккен комиссиясы құрылған. Ол әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамытудың маңызды құралы болып отыр. Екі елдің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары үздіксіз өсіп келеді. 2005 жылы оның деңгейі 120,8 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт — 19,9 млн. доллар, импорт — 100,9 млн. доллар). Қазақстандағы мед. жоғары оқу орындарында 400-ден астам үндістандық студенттер білім алуда. 2002 жылы ақпанда Делиде Абай көшесі салтанатты түрде ашылды. Сол жылдың маусым айында Алматы қаласындағы көшелердің біріне Махатма Гандидің есімі берілді.

Экономикасы

Үндістан — аграрлы-өнеркәсіпті ел. Экономикасы көп құрылымды. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды. 1961 жылы басталған реформа өз жемісін берді. Қысқа мерзім ішінде ауыр және жеңіл өнеркәсіп, станок жасау салалары құрылды. Атом, ғылым мен ғарыш техникасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында үлкен нәтижелерге қол жеткізілді. Экономикадағы табыстар ішкі және жалпы жиынтық өнімнің мөлшері бойынша Үндістанға әлемдегі алғашқы он елдің қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Салық жүйесіне өзгерістер енгізу, банк-қаржылық секторға бақылауды күшейту, мемлекеттік бюджет зәрулігін қысқарту, экономикадағы өнеркәсіп саласын реттеу мен нарықтық қатынастарға бейімдеу, сауда-тариф жүйесіне өзгерістер енгізу, т.б. шаралар жүзеге асырылды. Инфляцияға қарсы саясат табысты жүргізілді. Үндістан экономикасына тән көрсеткіш — шетелдік инвестицияларды мол тарту болып табылады. 19912001 жылы ел экономикасына тікелей салынған шетелдік инвестициялардың көл. 23,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның көпшілік бөлігі экономикалық даму процесін айқындайтын экспортқа бағытталған жоғарғы технологиялық салаларды дамытуға жұмсалды. Негізгі табиғи ресурстары: тас көмір, темір, мыс, хром кентастары, боксит, алтын, марганец, мырыш, қорғасын, мұнай, табиғи газ, алмас. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 55,9%-ы (1995) егіншілік үшін жыртылады. Күріш, бидай, тары, майлы дақылдар, кофе, шай, қант құрағы, мақта өсіріледі. Қрі қара мал, ешкі, қой, шошқа, түйе, құс өсіру дамыған. Сыртқа шай (дүние жүзінде бірінші орын алады), кофе, балық, темір мен болат, тері, тігін бұйымдарын, киім-кешек, асыл тастар, қолмен тоқылған кілемдер, күрделі техника, химия өнеркәсібі өнімдерін шығарады. Сырттан ауыр машина жасау өнімдерін, минералдық отын мен майлар, маржан, қымбат, жартылай қымбат тастар, химия өнеркәсібі өнімдерін, көліктік құрал-жабдықтарын алады. Еңбек ресурстарының 64%-ы ауыл шаруашылығына, 16%-ы өнеркәсіпке қамтылған (1990). Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлш. 1650 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, ТМД елдері, Ұлыбритания, Германия. Қазір Қазақстанда үнді компаниялары мен фирмаларының 30-дан астам өкілдіктері жұмыс істейді. Үндістанның “Испат Интернэшнл” компаниясы Қарағанды металлургия комбинатын, бірқатар көмір кеніштері мен электр энергиясы нысандарын өз басқаруына алды. “Аджанта-Фарма” Қазақстан — Үндістан бірлескен кәсіпорны Алматы қаласында фармацевтика затты құрылысын жүргізуде.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!