СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?зін - ?зі танудан саба? жоспары: Келісім т?бі - жарасты?

Нажмите, чтобы узнать подробности

2010 жылы ?осымша ?зін – ?зі тану п?нінен «?зін – ?зі тану» п?ні ж?ргізілуіндегі к?сіби ??зыреттілік та?ырыбы бойынша курстан ?ттім. 2012 жылы бастауыш сынып м??аліміні? біліктілігіні? арттыру курсынан «П?нді о?ытуда Білім беруді дамытуды? 2011- 2020 жылына арнал?ан Мемлекеттік Ба?дарламаны іске асыру аясында» та?ырыбы бойынша курстан ?ттім.      Осы жеті  жылды? ішінде неше т?рлі ?ызы?ты о?и?алармен бірге ?р алуан ?ылы?ымен т?нті еткен о?ушылар саны ?аншама десе?ші-ай. О?ушыларым «Кенгуру», «А?бота» интелектуалды марафондар?а ?атысып, жа?сы белсенді ?атыс?андары ?шін сертификаттармен марапатталды. Мектепте ?ткізілетін  ?о?амды? ж?не мерекелік іс-шаралар?а,  апталы?тар?а ?те жа?сы белсенді ?атысып, ж?лделі орындар?а ие болып ж?р. Мені?  жас б?лдіршіндерім ?зіні? та?па?тарын м?нерлеп о?ып, сахналы? к?ріністерге, спортты? ойындар?а да белсене ?атысады. Бастауыш сыныпта 1-4 сыныптар?а дейін о?ытып, бастауышпен ?оштастырып, 4 жыл ?ткеннен кейін та?ы да бірінші сынып?а ?абылдан?ан б?лдіршіндерден бастап, жа?а бастауыш саты?а  білім береміз.            ?р жыл сайын бастауыш сыныптарда да жо?ары сыныптар сия?ты п?ндік олимпиада ?ткізіліп т?рады. Осы биыл?ы 2014 – 2015 о?у жылында да   1 сыныбым «Математика  - ?ылым патшасы» апталы?ында «?ызы?ты математика» сайысында 2 орынды иеленді. 2012 – 2013 о?у жылында 1 о?ушым Салимова Айзада «?ол?нер» к?рмесіне ?атысып II орынды иеленді. Осы о?у жылында бастауыш сыныптар аралы?ында ?ткен математика олимпиадасында «Кім тез, есептегіш?» сайысында 1 о?ушым Салимова Айдана III орын?а ие болды.       2013 – 2014 о?у жылында «Ж?ректерге н?р берген – ?зін – ?зі тану» аптала?ында «Досты? ?ымбат ?мірде» шы?армашылы? сайысынан I орынды Жа?бырбай Н?рса?ын, II орынды Салимова Айдана иеленді. «Математика ?леміне саяхат» математика аптала?ында «Бестік ?ай сынып?а б?йырады?» сайысында сыныбым я?ни, 4 сынып о?ущылары I орын?а  ие болды. «Ж?йрік ой» логикалы? тапсырмалар сайысында 1 о?ушым Салимова  Айдана I орынды иеленді.        +v

 

Просмотр содержимого документа
«?зін - ?зі танудан саба? жоспары: Келісім т?бі - жарасты?»

13 – сабақ Пән: Өзін – өзі тану 2 сынып


Сабақтың тақырыбы: Келісім түбі – жарастық

Мақсаты: «Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • келісім, жарастық туралы түсінік беру;

  • достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

  • өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, бірдей етіп қиылған таспа кесінділері.

Шаттық шеңбері

Балалар, барлығымыз С.Молдасанұлының сөзіне жазылған Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнімен сбақты бастаймыз.

Бал – балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен – қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан – байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.


Әңгімелесу.

  • Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

  • Қалай татуластыңдар?

  • Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істер едің?

  • Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс

«Өсиет әңгіме» мәтіні.

Мәтін бойынша сұрақтар қою.

  • Адам, Ат, Ит қандай келісімге келді?

  • Жапалақ неліктен жалғыз келді?

  • Келісімде, жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Балалардан жауап алу.

Міне, балалар, достыққа, ынтымақтасып өмір сүруге келісімін бермеген Жапалақтың өмірі жалғыздықпен өтіп жатыр. Ал достықтары жарасқан Адамның, Аттың. Иттің бірлігі келісіп, бірге тату – тәтті өмір сүруге ұласты.

Өзіммен – өзім

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз. Соның дәлеліндей әркім өзінің қасындағы парталасының қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім береді. Осылайша жарасымды жұп болып отырғанымызды сырттай қарап отырған Жапалақ та достықтың не екенін енді түсінді. Ол өзінің ескі достарына қайта айналып барып, кешірім сұрады. Адам, Ит, Ат Жапалақты кешірді. Оған жақсы дос табуына тілектес болды. Біз де олардың кешірімді болғандарына риза боп отырмыз. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз.

Жаңа ақпарат

Жаңа ақпарат бірін – бірі толықтыратын екі ойдан тұрады. Біріншісі адамдардың бір – бірімен өзара тіл табысуы, түсініуі, ортақ шешімге келуі, екіншісі – олардың қуанышқа, шаттыққа бөленуі.

Адамдардың бір – бірімен өзара тіл табысуы, түсінісуі, ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа, шаттыққа бөлейді.

Сергіту сәті

Достығы жарасқан, (Оң қолын оң жаққа созады)

Сыйлы біз баламыз. (Оң қолын түсірмей сол қолын сол жаққа созады)

Келісіп бәрімен, (Бір – бірін көрсетеді)

Татулық табамыз. (Өзін көрсетеді)

Бәріміз бір болсақ (Бәрі қол ұстасады)

Бәрін де жеңеміз.

Күндей боп күлімдеп, (Қолдарын жоғары көтереді)

Таудай боп өсеміз! (Қолдарын жоғары ұстаған күйінде біріктіреді)

Дәптермен жұмыс

Тапсырма

Берілген ойлардың қайсысымен келісесіңдер? Неліктен?

  • Сыныпта тату болу.

  • Сабақты жақсы оқу.

  • Бірін – бірі тыңдамау.

  • Мұғалімді сыйлау.

  • Сыныптағы заттарды күту.

  • Оқулықтарға күтіммен қарау.

  • Келіскен уақытқа кешігу.

Жүректен – жүрекке

Балалар бірлік пен татулық тек келісім мен жарастықта және адам өмірінде кездесетін кейбір жағымсыз жағдайлар бар: ерегісу, есептесу, дау – дамайдың зияны, бұларды болдырмау үшін мына өлеңді оқу арқылы сабақты қорытындылайық.

«Келісім мен жарастық»

Ерегесіп, есептесіп тұрмадық,

Дау – дамайға мойнымызды бұрмадық.

Бірлік пенен татулыққа кенелткен,

Келісім мен жарастықты жырладық.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!