(МТ) Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Менің атамекенім» Мұғалімнің түсіндіруі (кіріспе бөлімі) Ауыл мен қаланың байланысы туралы бейнеролик арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын түсіндіру. 1-тапсырма. (Т) (ОТ) Төмендегі сұрақтар бойынша «Қала – ауылға», «Ауыл – қалаға» сызбасын көрсетеді - Қала ауылды немен қамтамасыз етеді? - Ауыл қалаға не береді? «Ауыл – қалаға: азық-түлік, шикізат, мақта, т б». «Қала – ауылға: трактор, ауылшаруашылыққа қажет заттар т.б». Оқушылар қала мен ауылдың ерекшеліктерін салыстыра отырып, түсіндіреді. Дискриптор: -сызба арқылы ауыл мен қаланың байланысын айтады. 2-тапсырма: (Т) Қалада және ауылда жүретін көлік түрлерін табыңдар. Оқушыларға көліктердің суреттері таратылады және сол суреттерді қалада жүретін көлік және ауылда жүретін көлік деп екі топқа бөледі. Дискриптор: -көліктердің суреттерін қала мен ауылда пайдалануына байланысты ажыра алады. Саралау: Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау көрсету» әдісін қолдану барысында сөзбен қолдау көрсетіп және ынталандырамын. (Қ.Б) Ауызша мадақ әдісімен «Жарайсың!» , «Тамаша!», «Өте жақсы!» деп бағалаймын. Сергіту сәті: «Көңілді күн» әніне оқушыларды әр түрлі қимылдар жасатып, билетіп, сергітемін. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, күш-қуат жинап алады. 3-тапсырма. Суреттерге сүйеніп, ауыл мен қаланың байланысы туралы әңгімеле. Ауыл қаланы немен қамтамасыз етеді? Қаладан ауылға нелер жіберіледі? Бірнеше мысал келтір. Дескриптор Білім алушы -суреттер бойынша ауыл мен қаланың байланысын сипаттайды; -ауыл мен қаланың байланысына өздігінен мысалдар келтіеді. |