Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:(мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Ұйымдастыру кезеңі (5 минут) 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу 2. Топқа бөлу. 1-қадам. Ой қозғау (Дұрысын тап +,-) 1.Тіршілік формасы – бұталы өсімдіктер; 2.Тіршілік формасы – ағаштар; 3.Күрделі жапырақты өсімдіктер; 4.Жай жапырақты өсімдіктер; 5.Жемісі – алма; 6.Жемісі – көпсүйекті жеміс, 7.Жел арқылы тозаңданады; 8.Бунақденелілер арқылы тозаңданады. Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады. Табыс критерийлері ұсынылады: 1.Алқалар тұқымдасы туралы білдім. 2.Алқа тұқымдасының гүл құрылысымен таныстым. 3.Алқа тұқымдасына жататын өсімдіктердің түрлерін ажыратып үйрендім. 2- қадам. Топтық жұмыс (10 минут) Топтарға мәтін таратылып беріледі, оқып талқылайды. Топтарда рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы. Әр топтың баяндамашылары сөйлейді. (6 минут) Топтар екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағаланады. (3 минут) Бақылаушы топтық жұмыс соңында бағалау парағымен таныстырады. № | Бағалау өлшемдері | Көшбасшы | Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы | Бақылаушы | 1. | Өз міндетін атқаруы | | | | | | 2. | Құнды идеяның айтылуы | | | | | | 3-қадам. Жұптық жұмыс Алқа тұқымдас өсімдіктерге тән белгілерді іріктеп, оларды тұқымдастың атауымен сызық арқылы қос. Жемісі – жидек немесе қауашақ Гүлсерігі қосарланған Шөптектес өсімдіктер Жай жапырақты өсімдіктер Алқа тұқымдастар Гүлінің формуласы: Т5 К5 А5Ж1 Жапырақтары кезектесе орналасқан Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан Күрделі жапырақты өсімдіктер Күлтелері тұтасқан Гүлінің формуласы: Т (5) К(5) А5 Ж(2) Оқушылардың жауаптары өзара тексеру арқылы. 4-қадам. Жеке жұмыс 1-тапсырма. Биологиялық диктант 1. Қызан мен картоп.................. тұқымдасына жатады. 2. Алқа тұқымдасы........................................... класына жатады. 3. Қызанақтың жемісі.................. . 4. Картоптың жапырақтары.......................... орналасқан. 5. .................................... түйнегінде крахмал көп. Оқушылардың жауаптары дайын жауап үлгі арқылы бағаланады.
2-тапсырма. №24 зертханалық жұмыс. Алқа тұқымдас өсімдіктер гүлдерінің құрылысы мен жемісі 5-қадам. Рефлексия (ұнады, қиын болды, тілегім) (5 минут) |