СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алюминий және оның қосылыстары

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алюминий және оның қосылыстары тақырыбында жасалған ашық сабақ жоспары. мұнда алюминий жайлы толық мағлұмат беріледі.

Просмотр содержимого документа
«Алюминий және оның қосылыстары»

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Химия пәні мұғалімі:

Буранкулова Гульвира Жеткербаевна


Тараз 2016-2017 оқу жылы


Ашық сабақ тақырыбы:

Алюминий және оның қосылыстары
















Cынып: 9А

Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алюминий элементі, оның атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы, алюминий ионын анықтау туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке элемент туралы көзқарасын дамыту, алюминий элементі туралы тарихи деректерге тоқталып, халықтық педагогика элементтерін сабақта пайдалану.

Тәрбиелік: Білімді , өз елінің ұлтын, халқын, тілін, байлығын сүйетін ұлтжанды, жастарды тәрбиелеу.

Сабақтан болжамдап отырған нәтиже: Алюминий және оның қосылыстары жайлы толық ақпарат алу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, есеп шығару

Көрнекілігі: Периодтық кесте, алюминий қасиеттері және қолданылуы көрсетілген, «Кесте толтыру» плакаттары, алюминий тақырыбына арналған буклеттер, жетондар.

Al сымды қыздыру(44 сурет). Алюминий (жинақ).

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытынды.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Сабақ бастамасын мынадай өлең жолдарымен бастамақпын:

Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан

Жоғалып бір зат зым-зия,

Жаңалап бір жаралған.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Судың кермектілігі дегеніміз не? (Суда кальций және магний тұздарының болуы)

2. Судың кермектілігінің неше түрі бар? (уақытша және тұрақты)

3. Уақытша кермектілік дегеніміз не? (Егер суда кальций және магний гидрокарбонаттары болса)

4. Тұрақты кермектілік дегеніміз не? (Суда сульфаттар, хлоридтер және басқа да тұздар болса)

5. Кермектілікті жою жолдары қандай? (Уақытша кермектікті қайнату арқылы, ал тұрақты кермектікті химиялық жолмен, әк суын қолдану пайдалану арқылы жояды)

6. Уақытша кермектілікті жоюда қолданылатын суды

қайнату реакция теңдеуін жазып беріңіз? (Ca(HCO3)2 = CaCO3↓ + CO2 + H2O)

7. Суды жұмсарту үшін әк сүтін қолданатын реакция

теңдеуін жазыңыз? (Сa(HCO3) + Ca(OH)2 = 2CaCO3↓ + 2H2O)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

«Алюминий және оның қосылыстары»

Мынадай жұмбақ жасырылады:

Болмасада айтарлықтай салмағым

Көп металдан ардақтымын алдамын

Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап.

Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.

(Алюминий)

Алюминийді таныстыру жіктеп таныстыру үшін мынадай инсерт кестесі қолданылады:

Периодтық жүйедегі орны

1.Химиялық таңбасы- Al

2.Реттік нөмірі- 13

3.Ar(Al)- 27

4.Период нөмірі- ІІІ (кіші)

5.Топ нөмірі-ІІІ (негізгі)

Атом құрылысы:

1.Электрон саны- 13

2.Протон саны- 13

3.Нейтрон саны -14

4.Энергетикалық деңгей саны -3

5.Валенттілігі- 3

6. Электрондық конфигурациясы 1s2 /2s22P6/3s2 3p1

Табиғатта кездесуі:

1.Өзгемен салыстарғанда алатын орны- І

2.Өзге элементтермен салыстарғанда алатын орны-ІІІ (O2,Si)

3.Алюмосиликаттар (Al, O2, Si, Сілті Me,Сілті.жер Me)

4.Каолинит (H2O3· 2SiO2· 2H2O) саз балшық

5.Корунд (Al2O3) өте қатты, рубин(қызыл), аметист(күлгін),сапфир (көк) 43 сурет

6. Боксит (Al2O3 · nH2O)

7.Қазақстанда кездесетін кен орындары: Қостанай,Ақтөбе облыстарында



Физикалық

Түсі - күмістей ақ, Me, p=2.7 г/см3

Электр жылу өткізгіш(Ag,Cu); T қайнау=6500С

Кристал торы-көлемді орталық куб.


Қасиеті



Химиялық

Қолданылуы 3.




4.

5.


6.


7. 

8.2Al+Fe2O3=Al2O3 +2Fe+3241кДж


Қосылыстары:

  1. Al2O3 ф.қ. Т-ақ, Тб.= 20500С

Al2O3- суда ерімейді, онымен әрекеттеспейді

2. Al(OH)2 T-ақ, суда ерімейді

3. 2Al(OH)3  Al2O3+3H2O

4.Al тұздары әлсіз негіз тұздары ретінде сатылап диссоциаланады.

Алюминийдің қарапайым оксидтік қабыршақ түзетініне көз жеткізу ретінде демонстрациялық тәжірибе демострациялық үстелде жүргізіледі. (бір оқушы тақтаға шығады)

Енді алюминий және оның қосылыстарымен танысайық:

алюминий

алюминий оксиді алюминий гидроксиді

Есептер шығару:

  1. Алюминий сульфаты құрамындағы алюминийдің массалық үлесін анықтаңдар.

2. Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз.

Al→ Al2O3 → Al(OH)3→ AlCl3 → Al(NO3)3

Оқулықпен жұмыс:

Жаттығулар: № 6,7(160бет)

№ 6 (162бет)

Қорытындылау ретінде кесте толтырылады:

Алюминий қосылыстарының атаулары

Химиялық формуласы

Алюминий оксиді

 

Алюминий сульфаты

 

Алюминий гидроксиді

 

Алюминий хлориді

 

Алюминий нитраты

 

Алюминий бромиді

 

Үйге тапсырма: §35,36 160 бет 8,9 жаттығу.

162 бет 3 жаттығу










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!