СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адамның тыныс алу жүйесі

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамның денсаулығы тыныс алатын ауаның тазалығына да байланысты. Тыныс алатын ауада шаң-тозаңның болуы тыныс алу мүшелерінің ауруларын тудырады. Тыныс алу жүйесі аурулары ағзаның әлсізденуі кезінде пайда болады. Бұған микроорганизмдер (бактериялар, вирустар), ауа температурасының өзгеруі, онда әр түрлі газдардың, зиянды қосылыстардың түзілуі және шаң-тозаңдар себеп болады. Шаңға, иіске және басқа нәрселерге ағзаның сезімталдығының артуынан да тыныс алу мүшелері ауруға шалдығуы мүмкін. Экологиялық жағдайы нашар аумақтарда тыныс алу аурулары бірінші орында тұрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ)  жуырда жариялаған дерегіне қарағанда, әлемде сегіз адамның бірі лас ауаның кесірінен қайтыс болады. 2012 жылы лас ауаның әсерінен жер жүзінде 7 миллионға жуық адам қайтыс болған.

Просмотр содержимого документа
«Адамның тыныс алу жүйесі»





7.2С: «Тыныс алу».

№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі

Күні:19.12.2017

Мұғалім: Тулепбергенова Гулзия Баяуқызы

Сынып: 7

Қатысқандар :

қатыспағандар

Сабақ тақырыбы:

Адамның тыныс алу жүйесі


Оқу мақсаты:

7.1.4.5. Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

  • Тыныс алу мүшелерінің құрылысын біледі

  • Құрылысы мен қызметін байланыстыра алады

  • Өкпе мен ұлпада газ алмасу процесін түсіндіреді

Бағалау критерийі:

Оқушылар:

  • Тыныс алу мүшелерінің құрылысын біледі

  • Құрылысы мен қызметін байланыстыра алады

  • Өкпе мен ұлпада газ алмасу процесін түсіндіреді

  • Тақырып бойынша қорытынды жасай алады

Тілдік мақсат:


Оқушылар:

Жұпта тыныс алу механизмін талдайды,түсіндіреді

Пәндік лексика мен терминология

  • Тыныс алу-дыхание - breathing

  • Дем алу-вдох - inspiration

  • Дем шығару-выдох - expiration

  • Көкет-диафрагма - diaphragm

  • Қабырғааралық бұлшықет-межреберные мышцы - intercostalmuscles

  • Трахея-трахея -trachea

  • Бронхы-бронхи - bronchi

  • Кеңірдек-гортань - thelarynx

  • Альвеола-альвеолы - alveoli

  • Өкпе-легкие - lungs

Құндылықтар

Адамгершілік,бір-бірін сыйлау,ұқыптылық,академиялық сауаттылық

Пәнаралық байланыс

Химия- көмірқышқыл газы мен оттегі түзу, шығару

физика-газ алмасу

Бастапқы білім

Тыныс алудың маңызын,типтерін,омырқалы және омыртқасыз тыныс алу мүшелерін біледі. 3 сынып адамның тыныс алуы

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтың барысы

Бағалау

Сабақтың басы

3-минут



Сабақтың ортасы

10 минут



























5 минут












7минут







































Сабақтың соңы:




10 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылар назарын сабаққа аудару

2.Оқушыларды топқа бөлу (Санадар арқылы)

3.Сабақ барысын түсіндіру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, еске түсіру

«Пікір алмасу» әдісі(топтық жұмыс)

1-топ: Өсімдіктердегі фотосинтез бен тыныс алуды саластыру

2-топ: Өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алуын салыстыру

3-топ: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алуын салыстыру

4-топ: Тыныштық күйдегі және белсенді қозғалыс жасағандағы тыныс алуды салыстыру

5-топ:Берілген жануарлардың тыныс алу мүшелерін салыстыру

Жануарлар

Тыныс алу мүшелері

Бунақденелілер


Балықтар


Қосмекенділер


Дернәсілі-

Ересегі-

Жорғалаушылар


Құстар


Сүтқоректілер


Бастапқы білімдерін анықтау: Сұрақ -жауап

ІІІ. Жаңа тақырыпты бастау үшін алдыңғы білімін тексеру

Жалпылама сұрақтар:

1) Ағза үшін оттегінің қажеттілігі неде?

2) Тыныс алу дегеніміз не?

3) Жасушадағы энергия қайда пайда болады және жинақталады?

4) Зат алмасу мен тыныс алу қалай байланысты?

5) Тыныс алу мүшелерінің қызметтері қандай?

Мұғалімнің таныстырылымы. Мазмұнымен таныстыру



Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар:

1-тапсырма: (Ж)Тыныс алу мүшелерін анықтау:


Дескриптор:1.Суреттегі тыныс алу мүшелерін ата

2.Тыныс алу мүшелерін ретімен жаз

1.

2.

3.

4.

5.


2-тапсырма:(Ж)

Тыныс алу жүйесіне байланысты сәйкестендіру кестесін толтыру 

Дескриптор:

1.Тыныс алу мүшелерінің қызметін анықтау

2. Берілген тыныс алу мүшелеріне сәйкес келетін қызметті сан және әріппен белгілеп сәйкестендіру

1- 4-

2- 5-

3- 6-

1) Тыныс алу мүшелері 

а) іші ауаға толы өкпе көпіршіктері 


2) тыныс алу 


ә) мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше 


3) мұрын қуысы ішіндегі

лейкоциттер 


б) мұрын қусы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, өкпе 


4) көмекей 


в) мүшелер мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу 


5) алвеолалар 


г) көмекейдің жалғасы іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше 


6) кеңірдек 


д) мұрын қуысына енген микробтарды жояды 

Сабақты бекіту тапсырмасы:

3-тапсырма: (ТЖ)


Мәтінмен жұмыс:

Тыныс алу жүйесінің аурулары

Адамның денсаулығы тыныс алатын ауаның тазалығына да байланысты. Тыныс алатын ауада шаң-тозаңның болуы тыныс алу мүшелерінің ауруларын тудырады. Тыныс алу жүйесі аурулары ағзаның әлсізденуі кезінде пайда болады. Бұған микроорганизмдер (бактериялар, вирустар), ауа температурасының өзгеруі, онда әр түрлі газдардың, зиянды қосылыстардың түзілуі және шаң-тозаңдар себеп болады. Шаңға, иіске және басқа нәрселерге ағзаның сезімталдығының артуынан да тыныс алу мүшелері ауруға шалдығуы мүмкін. Экологиялық жағдайы нашар аумақтарда тыныс алу аурулары бірінші орында тұрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жуырда жариялаған дерегіне қарағанда, әлемде сегіз адамның бірі лас ауаның кесірінен қайтыс болады. 2012 жылы лас ауаның әсерінен жер жүзінде 7 миллионға жуық адам қайтыс болған.

Қазақстан статистика агенттігі дерегінше, 2012 жылы азаматтарға қойылған алғашқы диагноздың 41 пайыздан көбі тыныс жолдары ауруларына байланысты болған. Туберкулезбен ауыратын науқастардың 49 пайызы – 18-34 жас аралығындағы жастар. «Қазгидромет» агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан қалаларының ауа бассейнінің ластану деңгейін бақылау нәтижелеріне сәйкес, қаңтар айында ауаның ең жоғарғы ластану көрсеткіші Алматы қаласында тіркелген. Ауаның ластану деңгейі жоғары қалалардың ішінде Қызылорда, Шымкент, Теміртау, Өскемен, Қарағанды, Тараз бар. Бұл қалалардың ауасын не ластайды? Алматы қаласында – энергетика және автотранспорт; Шымкентте – түсті металлургия, химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібі; Теміртауда – қара металлургия мен химия өнеркәсібі; Өскеменде – түсті металлургия және энергетика. Алматы қаласында формальдегид, көміртегі тотығы, азот диоксиді сияқты ауада жиналатын улы заттар қоспасы шекті шамадан жиі асып кетеді. Қаланы қара түтін тұмшалап тұрады. Қартайып өлген адамдардың өзінде өкпесі қарайып кетіп, жас бала кезідерінен адамдар аллергиялық аурулармен ауырып, жаз кезіндегі лас ауадан, әсіресе улы газдардан қатты тұншығады. Тыныс алу жүйесінің жиі кездесетін ауруларына - гайморит, баспа, демікпе, пневмония (өкпе қабынуы), туберкулез, тұмау жатады.

Қазір дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ауаны тазарту арқылы ауа мен денсаулық сапасын жақсартудың жаһандық платформасын дайындап жатыр. Әр адам өзі өмір сүретін ортасының тазалығына үлес қосу керек.

1-топ: Мәтіндегі термин сөздерді анықтайды, мағынасын ашады.

2-топ:Мәтін берілген мәселені (проблеманы) анықтайды

3-топ:Мәтінде берілген мәселенің (проблеманың) туындау себебін анықтайды

4-топ: Дәлелдер келтіреді

5-топ: Алдын алу және мәселені шешу (проблеманы) шешу жолдарын түсіндіреді








Өзін-өзі бағалау парақшасы

Мұғалімнің ауызша кері байланысы






























Өзін-өзі бағалау парақшасы

Мұғалімнің ауызша кері байланысы






Өзін-өзі бағалау парақшасы

Мұғалімнің ауызша кері байланысы



2 минут

Өзін-өзі бағалау парақшасы

Сыныбы___________

Аты-жөні______________________

1-тапсырма

(топтық жұмыс)

2-тапсырма (жеке)

3-тапсырма

(жұптық)

4-тапсырма

(топтық)

Қорытынды









1минут

Үйге тапсырма: Тыныс алу мүшелері қызметі бұзылуына не себеп? Шағын мәлімет


2-минут

Кері байланыс: Не білдім?. Бүгінгі сабақтағы жетістігім?

Не білгім келеді?



Қосымша мәлімет


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушылар:

Адам тыныс алу мүшелерін сипаттай алады

Көпшілік оқушылар:

Тыныс мүшелері мен олардың қызметін байланыстарды

Кейбір оқушылар:

Тыныс алу мүшелерінің ерекшеліктерін сипаттайды біледі

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді

Бағалау жоспарланған бағалау критерийлері және қалыптастыру бағалау жұмысы арқылы жүргізіледі. Жұптық немесе топтық жұмыс жасаған кезде өзара бағалауды қосымша қарастыруға болады.Сабақ соңында өз-өзін бағалауы тиімді болады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Партада дұрыс отыруы

Дереккөздермен жұмысты дағдалану












Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!