СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Туындының физикалық және геометриялық мағынасының слайды

Нажмите, чтобы узнать подробности

10.3.2.1 - туындының геометриялық мағынасын білу;

10.3.2.2 - туындының физикалық мағынасын білу;

10.3.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;

10.3.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару;

Сабақты жоспарлаудың қадамдық нұсқаулығы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 10.3А Туынды

Мектеп: Ж.Жабаев атындағы № 11 жалпы орта мектебі КММ

Күні: 30.10.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Құрманбаев Рахман Құнанбайұлы

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Туындының физикалық және геометриялық мағынасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.1 - туындының геометриялық мағынасын білу;

10.3.2.2 - туындының физикалық мағынасын білу;

10.3.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;

10.3.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару;

Сабақтың мақсаты

Туындының геометриялық мағынасын білу.

Туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығара алу.

Туындының физикалық мағынасына сүйене отырып практикалық есептерді шеше алу.

Бағалау критерийі

Туындының геометриялық мағынасын біледі.

Туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығара алады.

Туындының физикалық мағынасына сүйене отырып практикалық есептерді шешеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Оқушылардың назарын академиялық тілге аудару. Математикалық терминдерді қолдануға мүмкіндік береді.

Пәндік лексика және терминология

  • Туынды
  • бұрыштық коэффициент

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Пәнаралық байланыс

Физика,геометрия

Тақырып бойынша алдыңғы білім

10.3.1.10 - тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;

10.3.1.11 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Тапсырма: « Өрмекші әдісі » арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Саралаудың тапсырма тәсілін қолданамын өйткені құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.

Туындының геометриялық және физикалық мағыналары арқылы 2 топқа бөлемін.

Мақсаты: Алдыңғы тақырып бойынша үйренгендерін пысықтау.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар сұраққа белсенділікпен жауап береді. Бір-бірін түзетеді.

Мұғалім іс-әрекеті: Туындыны табуға байланысты сұрақтар қояды. Функциялардың қосындысы, айырымы, көбейтіндісі, бөліндісінен туынды табу ережелерін естеріне түсіреді.

Оқушылардың сұрағына жауап бергеннен кейін, тақырыпты тақтаға жазады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Жетон

Туындыны табу ережелерін еске түсіру

Функциялардың қосындыларының туындысын таба алады.

1

Функциялардың азайтындысының туындысын таба алады.

1

Функциялардың көбейтіндісінің туындысын таба алады.

1

Функциялардың бөліндісінің туындысын таба алады.

1

Жалпы жетон

4

Қалыптастырушы бағалау:

Қосымша 1

Жіп, формулалар жазылған парақша

Басбармақтар

Сабақтың ортасы

9мин

3 мин

5 мин

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты игеру саралаудың дереккөздер тәсілі арқылы жүзеге асады бұл оқушыларға мектеп бағдарламасымен қоса басқа да дереккөздермен жұмыс жасай алуы үшін керек.

Бейнесабақ көрсету. Ол жерде жаңа сабақ түсіндіріледі.

«Бастау» әдісін қолданып бейнесабақтағы мағлұматтарды игереміз.

Бірінші топ туындының геометриялық мәнін талқыласа, екінші топ туындының физикалық мәнін айтып береді.

Оқушы іс-әрекеті: Топ болып жұмыс жасап, бір-біріне түсінбеген жерлерін түсіндіреді. Бір-бірінің қатесін түзейді.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларды дұрыс ойға бағыттайды

I топ. Туындының физикалық мағынасы

жол теңдеуінің туындысы жылдамдық теңдеуін беретінін айтады.

II Туындының геометриялық мағынасы

Туындының геометриялық мағынасы функция графигіне жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициенті екенін айтады.

Бағалау критериі

Дескриптор

Жетон

Туындының физикалық және геометриялық мағынасын түсіну

Туындының физикалық мағынасын біледі.

1

Туындының геометриялық мағынасын біледі.

1

Жалпы жетон

2

Қалыптастырушы бағалау:

Ауа райы арқылы бағалау

  1. ашық аспан- жарайсың
  2. бұлтты- жақсы
  3. Нөсер- тағы да дайындал

«Эстафета» - әдісін пайдаланып топтық есептерді шығару.

Саралаудың қарқын тәсілі пайдаланылады. Бұл тәсіл негізгі тапсырмаларды түсіндіруге көмек керек оқушыларға уақыт бөлгенде тиімді. Және қорытынды тәсілін қолданамын, бұл оқушыларға есеп шығару кезінде нұсқаулық беру үшін қажет.

01.02.2021 19:24


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!