СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Моя мамочка родная, Я люблю тебя без края!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Асылбек Енсеповтың “Детство”күйі қосылып тұрады.Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың “Ана” атты өлеңі оқылады.

Ана сен бақыттысың,жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын,жыламағын!

Бармын ғой тірімін ғой қасындамын

Өлмеймін,мен өзіңдей асылданмын

Таусылып,өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып,тозбасыма

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!

Ана сен бақыттысың,тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді!

(Өлең аяқталып болған соң,бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып,ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына үш жүргізуші келіп тұрады).

1-жүргізуші:Армысыздар,аяулы аналар,құрметті ұстаздар,гүлдей құлпырған қыздар!Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8-наурыз Халықаралық Әйелдер Күні де келіп жетті.Бұл-бір қолымен бесікті,екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.Сенен өскен балалар,батырлар мен даналар,құттықтаймыз мейреммен,құрметті жан аналар!Әрдайым біздің жанымызда жүре беріңіздер!

2-жүргізуші:Здравствуйте,уважаемые гости,мамы и бабушки,милые девочки!Весна-это начало новой жизни,это пора любви,солнца и улыбок!Сегодня мы собрались здесь, чтобы отметить праздник мам,бабушек,девушек и девочек.Мы-мучжины выражаем вам огромное почтение,уважение и любовь!

3-жүргізуші:Hello, dear guests, mothers and grandmothers, teachers and cute girls!Happy womens day!Spring-this is the beginning of a new life, it`s time to love, sun and smiles!

1-жүргізуші:

Ана десем шешек ашып жанары

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Шалқып,тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана,сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз!

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы “Мама” атты әнін қол шапалақтап қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:Барша ана құтты болсын мерекеңіз, әрқашан ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам,сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

Айғана:

Анасыздар,әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,-мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Гүлнұр:

Моя мамочка родная,

Я люблю тебя без края!

С 8 Марта поздравляю,

Счастья я тебе желаю.

Много света,доброты,

Исполнения мечты,

Радости на много лет.

Тебя лучше в мире нет!

Анель:

Let the sun shine for you

In the shower the flowers bloom.

Let them always come true

Cherished dream.

Shine your smile

And be very happy.

On International Women’s day

My own mother!

Жанайым:

Анасыздар-Ақ Еділ,Жайықсыздар-

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын,жүректе от лаулататын,

Әр үйдің күні десе,лайықсыздар.

Қуаныш:

Өр десек те сіздерді-лайықсыздар,

Төр десек те сіздерді-лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді-лайықсыздар,

Зор десек те сіздерді-лайықсыздар.

Айгүл:

Анасыздар,кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңілінде,қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер-күнсіз аспанда жарқыраған,

Сіздер-өзен,тау суы сарқыраған,

Сіздер-ана,сіздер-жар,сіздер-қыздар,

Сіздер-жаңбыр,ақ нөсер сарқыраған.

Досан:

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Сымбат:

Милые,славные наши бабушки!

Поздравляем вас с днем весны!

Свяжем мы сами носочки и варежки,

Чтобы расслабиться вы бы смогли!

Здоровыми будьте и будьте счастливы!

И каждый день,минуту и час!

Самое главное,будьте любимы!

И все так же сильно любите вы нас!

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп,бойды алар,әсем ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай Болысбай Айгүлдің орындауындағы «Ерке сылқым» күйін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды.Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші:Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері.Ана болмаса ақын да батыр да болмайды»,-деген.

1-жүргізуші:Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында»-деп.Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді.Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе,береке,молшылық,бейбітшілік болады,ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші:В стихотворении «Это мамин день» поэт Михаил Садовский перечисляет все атрибуты 8 марта-солнце,мимоз и,конечно же,поздравления и подарки, которые получают тысячи женщин от тех,кто их по-настоящему любит.

3-жүргізуші:Dear Mom you will always and forever be the first woman I have ever loved this much… Happy Women’s day! Thanks for always being there! You are first friend and the best mom in the world! Love you mom! Happy Women’s day!

2-жүргізуші:Дорогие наши девочки,деввушки,мамы и бабушки,поздравляем вас с 8 марта-Международным женским днем.Этот день всегда прославлял,и будет прославлять женщину-труженицу,женщину-маму,создательницу и хранительницу очага.Только мама способна так искренне и бескорыстно любить.Только материнская любовь сможет согреть в стужу,помочь в трудную минуту,вдохновить на подвиги.Но вне зависимости от расовых принадлежности, национальностей,или социального статуса-мама- это великое слово!

1-жүргізуші:Кезекті әнге берейік!Алдарыңызда Ақбота Алдабердіні қарсы алыңыздар!(Ән,слайд кетіп тұрады)

1-жүргізуші:Талай ренжітсек те,еркелігімізді көтеріп,туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға да айтар алғысымыз шексіз!Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең.Сабақты әрдайым қызықты өткізіп,ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде.Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз.

Ақбота: Ойын шартын түсіндіріп өтейін.Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 3 ұстаздың және 3 оқушының есімі жазылады.Артынша бұл қағаздар таратылады.Ұстаздар қағазда есімі жазылған оқушыны, ал оқушылар ұстазына пародия салады.

1-жүргізуші:Десек те уақытпен жарыспайды,қиялға қиялменен қарыштайды.Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,өнерін аналарға бағыштайды дей отырып,Наушаева Дильназдың арнауын қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:In honor of March 8 in performance Akbota Aldaberdi.

2-жүргізуші:В честь 8 марта в испонении Нургуль Жаныбековой.

Стих(Весь мир начинается с мамы)

Ойын

1-жүргізуші:Мерекеге арналады бүгін билер.Көтерілсін,қанекей, көңіл-күйлер демекші,ендігі кезекте «Флешмоб биі»,қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:Ана-барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы.Қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе!?

2-жүргізуші:Ну что же,сегодня Вы еще раз доказали всем,что именно женщины прекрасные и теплые создания,и именно поэтому праздник 8 марта ассоциируется с приходом весны.С Праздником вас милые дамы!

3-жүргізуші:That came to an end our wonderful holiday!Once again I congratulate our beautiful women on 8 of March and wish them all the best.

1-жүргізуші:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіне,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

2-жүргізуші:До новых встреч! Всего доброго!

3-жүргізуші:Good bye!See you soon again!

25.03.2017 20:13


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!