СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Батырдың өмірбаянына қатысты тарихи деректерді Амангелді Төлемісов жинақтап, өз баяндамасында қалың қауымға ұсынды. «Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген ат-есімдер берген», – дейді тарихшы. Ерасыл Қожағұлұлы суреті Лақап аты Қаракерей Қабанбай Туған күні 1692 жыл Туған жері Шығыс Қазақстан, Үржар Қайтыс болған күні 1770 жыл Мемлекет Қазақ хандығы Әскер түрі атты әскер Басқарды Орта Жүз жасақтары Шайқасы Аягөз шайқасы Шаған шайқасы Алакөл шайқасы Аңырақай шайқасы Баяндамашының деректері бойынша, Қабанбай батыр Қытай жазбаларына 1757-1758 жылдардан бастап «қазақтың туму батұлы – яғни бас батыры» ретінде хатқа түсіп, Қазақ хандығының Абылай, Әбілпейізден кейінгі 3-ші ірі тұлғасы, кейде Абылай, Әбілпейіз, Әбілмәмбеттен кейінгі 4-ші ірі тұлғасы ретінде аталып отырады. Циянлұң патшаның 1760 жылы 25 наурыз күні Қазақ хандығына жолдаған хатында: «Қазақтың Аблмамбет, Абылай, Әблпейіз және Қабанбайларына…» деген есімдердің аталуына қарап біз осындай тұжырымға келеміз. Мұның өзі сол Абылай заманында өткен қазақтың ұлы жыраулары Бұхар, Үмбетей, Саршуаш, кейінгі Мәшһүр Жүсіп, Құрбанғали аталарымыздың Қабанбай батырды бар батырдың басына қойып жырлаған жырларымен және жазба деректерімен бірдей шығып отыр. Орыс деректеріндегі Қабанбай батыр туралы деректерді тарихшы былай тізеді. «Орыс тарихшыларының жазбаларында Қабанбай батыр айрықша аталып отырады. Орыс тарихшысы Кузнецовтің 1750 жылдардағы жазбаларында: «Қазақ қолының солтүстік шығыс бөлігін Қабанбай батыр бастап, оңтүстік шығыс бөлігін Абылай бастап жоңғарларды шығысқа қарай тықсырып барады…» – деп жазса, тағы бір орыс тарихшысы Веляминов-Зернов 1752 жылдары Еділ қалмақтары Қытайға қоныс аудармақ болған кезде іргелес отырған Қарақалпақ елін өздерімен бірге зорлап көшіріп әкетпек, болғанда сол елді қалың қол бастап, құтқарып қалған адам қазақтың Қабанбай батыры екендігін жазған. Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды. 1717 ж. Аягөз шайқасына, 1723 ж. Түркістан қорғанысына, 1726 ж. Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды. 1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды. 1751 ж. ол Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады. 1752 — 54 ж. Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгембай әскеріне қосылды. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті. 1756 ж. жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты. 1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауылына, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Жарбұлақ ауылына, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына есімі берілген. Үшарал қаласында батырға ескерткіш, Астана іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған. 1992 — 93 ж. бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілді. Батырдың өмірі мен ерлік күресі Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара, т.б. ақын-жыраулар шығармашылығына арқау болған. Жазушы Қабдеш Жұмаділов “Дарабоз” тарихи романын жарыққа шығарды.[1] Өмірбаян Алматы. Қабанбай батыр көшесі Қабанбай (Ерасыл) батыр — XVIII ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қол-басшы. Мәмбет — Қожақұл, одан Қабанбай батыр туған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. Ол өзінің қайраттылығымен ғана басқа балалардан өзгеше болған жоқ, сонымен қатар оның арқасындағы қалың, қылдай түктері ерекшелендірді. XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Соның арқасында әкесінің де жоқтығы білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен еді. Аға өлімінен кейін, он алтыға жаңа толып, әлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы тигендей мәңгіріп қалды. Әсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені жанына қатты батты. Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-қол аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойланған. Жоқ, олай болмады. Бәрінен де елдің етекбастылығы, асықпайтын ағайынның керенаулығы көңілін қалдырды. Не керек, әйтеуір, іргедегі қалмаққа аттанып кек қайтаратын, тым құрыса жауға қыр көрсетіп, азаматтың құнын сұрайтын бір пенде табылмады. Ерасылдың күте-күте төзімі таусылып бітті. Ақыры тәуекелге бел байлаған Ерасыл не де болса қалмаққа жалғыз аттанбақ болды. Қанға — қан, жанға — жан! Ағасынан жаны артық па? Осы жолы не Есенбайды өлтірген қалмақты тауып, қанын ішеді. Не ағасының артынан бұл да мерт болады — екінің бірі! Ақыры кек алмай жаны жай таппасына көзі жетті де, жылқыдан төл аты — Ардакүреңді ұстап мініп, ешкімге жөнін айтпастан, шығысты бетке алып тартып отырды. Мөлшерлегеніндей-ақ, Сарыбелдің шығыс қапталына қалмақ ауылдары сұғына кіріп отыр екен. Ерасыл мал көздеп жүрген адам болып, алға қарай ішкеріледі. Қолында қаруы — әкесінен қалған төрт қырлы қаратамақ найза, қайқы қара қылыш пен екі жүзді алмас қанжары бар. «Жалғыздық жары — құдай деуші еді. Уа, пәруардігер, өзің жолымды оңғара көр!» деп тіледі ішінен. Өлже айқайлап дыбыс бергісі келді ме, әлде тынысы тарылып ауа қармағаны ма, сәл теңселіп тұрды да, қанжарды қайта суырып алған кезде, етбетінен күрс етіп құлап түсті. Ерасыл өзінің Ардакүреңіне мініп ауылдан ұзап кеткен соң, айырылысатын кезде Ердене жолдасының амандығын айту үшін Мәмбет ауылдарына қарай, ал Ерасыл із жасыру үшін Ертіс бойына ұзатылған әпкесіне қарай тартып, Керей еліне бет түзеді. Мұндағы апа-жездесінің қолында бірнеше жыл тұрып қалады. Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны бар. Қамыс арасынан шыға келген құнан өгіздей қара қабан Ерасылға қарай оқтай атылды. Ерасыл да найзаны бар күшімен сермегенді, сірә, найзаның ұшы жүректі жарып өткен болар, қара қабан серең етіп құлап түсті. Ерасылдың аман екенін көріп, қуанған Бердәулет жездесі: батыр деп мына сені айт! Өзің нағыз қабан екенсің ғой! Уа, жарандар, бүгіннен бастап атын «Қабан батыр» деп атайық! — демесі бар ма. Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде айтылған бір ауыз сөз кешікпей бүкіл елге тарап, аяқ астынан «Қабанбай батыр» атанды. Сол жылы күзде Сауырдағы шайқаста Ерасыл ойрат батыры Долан Дошыға қарсы жекпе-жекке ел қойып алған осы жаңа атымен шықты. Содан Керей арасында бес жылдай тұрып, Ханбибіге үйленіп, кейін Байжігіт ішіне қайта оралған соң да бұл ат қалған жоқ. 1718 жылдың күзі, арада жеті жыл өткенде, Аягөз өзенінің бойында Арсалаңмен кездесті. — Қапы қалма, Арсалаң! Мен — қазақтың Қабанбай деген батырымын. Осыдан жеті жыл бұрын, он алты жасымда, ағаң Өлжежырғалды о дүниеге аттандырып едім. Міне, құдайдың құдіретін көрдің бе, сенің де ажалың менен болайын деп тұр… Ал енді шамаң болса, қорғанып бақ! Найзаны қолына мығым ұстаған Қабанбай кіндік тұстан, не қазан толмастан қадайтын кісіше, еңкейе шауып келді де, дәл қасына таяған кезде көз ілеспес жылдамдықпен өндіршекке ұрып кеп жіберді. Найзамен бауыздалған Арсалаң кескен теректей болып, ат үстінен сұлап түсті де, қорқырап қала берді. Кейін, ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап шыққанда, ақбоз атқа мініп дара шауып, қол бастаған батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай хан қатты разы болған екен. — Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! — деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан екен
Категория: Всем учителям
05.08.2017 14:48


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!