СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаратылыстану 1 сынып "Қалай дұрыс тамақтану керек?" ҚМЖ

Нажмите, чтобы узнать подробности

жаратылыстану пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану 1 сынып "Қалай дұрыс тамақтану керек?" ҚМЖ»

САБАҚ: Жаратылыстану

ТАҚЫРЫБЫ: Қалай дұрыс тамақтану керек?

МЕКТЕП: №6

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Ильясова Ж.С.

СЫНЫП: 1 «К»

ҚАТЫСҚАНДАР

САНЫ: ____

ҚАТЫСПАҒАНДАР

САНЫ:____

ОҚУ МАҚСАТЫ:

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

С

САБАҚТЫҢ

МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар білуге тиісті:

адамның өсуі және дамуы үшін керек қажет­тіліктерді анықтау;

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсін­ діру;

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Алдыңғы білімдер

Адамның қалай өсіп, дамығаның, адам өмірінің кезеңдерін біледі, өз іс-әрекетіне рефлексия жасай алады.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер




Сабақтың басы

5 минут

2 минут


3 минут






















Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».

Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.

Түстер( жасыл, сары, қоңыр,көк, қызыл) бойынша топтарға бөлу.

Сөзжұмбақ шешу арқылы топтардың атын анықтау.

1 топ-көкөніс

1

3

1

3

4

11

2

2 топ-жеміс

6

12

13

11

2

3 топ-ірімшік

11

5

11

13

14

11

1

4 топ-жұмыртқа

6

15

13

7

5

8

9

16

5 топ-айран

16

10

5

16

4



  • к

    с

    ө

    н

    р

    ж

    ы

    т

    қ

    й

    і

    е

    м

    ш

    ұ

    а

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    16

    Барлық топ атауларын бір сөзбен қалай атауға болады?

(тамақ)

«Болжау» стратегиясы Сабақтың тақырыбын болжау.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, неліктен бүгінгі сабақта топтарымыз осылай аталады?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қалай дұрыс тамақтану керек?» Бүгін сендер дұрыс тамақтану жолдарын білетін боласыңдар, зиянды тағам түрлерімен танысасыңдар.

  • Адам не үшін тамақтану керек деп ойлайсыңдар?



Көңілді әуен қосып қою



Сөзжұмбақтар



































Сабақтың ортасы

20 минут
















































«Ұлттық тағамдар» бейнефильм көрсету

Тағамдарға назар аударыңдар. Олардың ішінде­ қайсысы сендерге таныс? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесіңдер?

  • Әр халақтың ұлттық тағамдары болады.

  • «Дұрыс тамақтану» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс тамақтану адамның денсаулығына пайдалы. Әрдайым уақытылы тамақтану керек. Артық тамақ жеу-денсаулыққа зиян. Асты асықпай, жақсылап шайнау қажет.

Ой сергек!

Видеодағы әуен ырғағымен билеу.

Ғалымдар адамның денсаулығына пайдалы азық-түліктерді көрсету үшін тамақтану пирамидасын ойлап тапты. Тамақтану пирамидасы — дұрыс тамақтану­


дың негізгі қағидаларының сызбалық көрінісі. Ол Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде америка­­лық диетолог Уолтер Виллеттаның жетекшілігімен құрастырылған.


Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қол­ данылатын азық-түліктер, ал төбесінде шектеулі­ мөлшерде қолдануға тиісті азық-түліктер орналас­­ тырылған. Кейіннен Азия, Жерорта теңізі мемле­ кеттері мен ет тағамдарын жемейтіндерге арнап тамақтану пирамидасын жасады.

  • Зерттейік.

  • -Балалар, сендер қазір кішкентай ғалымдар болып, тамақтану пирамидасын құрастырасыңдар. Зерттеуді оқушылар топпен орындайды.Қорытынды жасайды, пирамидаға кіргізбеген тағамдарды атайды, себебін дәлелдейді.

  • Оқулықпен жұмыс 36-37 бет. Оқушылар құраған пирамидаларын оқулықтағы Тамақтану пирамидасымен салыстырады.

Шеңбердегі азық-түлік.

-Неліктен шеңбердің ішінде бейнеленген азық-түліктерді көп мөлшерде қолдануға тыйым салынған? Газдалған тәтті сусындармен шөлді басуға болмайды, себебі олардың құрамында көп мөлшерде қант болады. Тез дайындалатын азық-түліктер де зиян.

Таңғы асқа балаға жұмыртқа, картоп, макарон, ботқа тағамдарын дайындаған дұрыс. Оған қоса жеміс, көгөністің де пайдаcы зор. Сусыннан — шырын, шай, сүт қосылған какао пайдалы. Бутерброд дайындауға болады, бірақ шұжықтың орнына піскен етті пайдаланыңыз.

Түскі ас бірінші және екінші ыстық тағамнан тұруы қажет.

Ас қабылдау арасындағы үзіліс тым ұзақ болмауы керек, сондықтан бесіндікке жеміс, ірімшік, йогурт, тоқаш жеп, шай, сүт ішуі керек.

Кешкі асқа жұмыртқа, сүзбе, көгөніс, балық тағамдарын, шай, шырын немесе сүт өнімдерін пайдаланған абзал. Қарабидайдан жасалған нанды жеген дұрыс. Ұннан жасалған және тәтті тағам­-дарды (тәтті тоқаш, торт, халуа, шоколад және т.б.) баланың күнделікті мәзіріне қосуға болмайды. Оларды жеуге болады, бірақ сирек пайдаланған дұрыс. Фастфуд — тез дайындалатын және тез тамақтану өнімдері. Әдетте оларды көп мөлшер­ дегі майда және әртүрлі тағам қоспаларын, дәм күшейткіштерін қосып дайындайды. Бұндай тағам­ дардың құрамында трансмайлар көп болады.

Дәптермен жұмыс 24 бет «Әжеңе көмектес» Тек пайдалы тағамдарды боя.

бейнефильм

http://www.youtube.com/ watch?v=nZH30H-gq-I.







Сергіту сәті

«Көңілді күн»




Қосымша мәлімет









Бос тамақтану пирамидасы бар парағы



Оқулық





























Жұмыс дәптері


Қорытынды бөлім

10 минут


Қалай дұрыс тамақтану қажет? Төменгі сұ­рақтарды топтарға қою.

  1. 1 топ-Күніне неше рет тамақтану керек?

2 топ-Мөлшері қандай болу керек?

3 топ-Қай уақытта тамақтанған дұрыс?

4 топ-Қай тағамды таңертең жеген дұрыс?

5 топ-Қай тағамды кешке жеген дұрыс?

Жауаптары: Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы: 8.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көкөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.

Бағалау: бас бармақ

Кері байланыс: «Сөйлемді аяқта»

« Бүгін сабақта мен.......»

Рефлексия: Смайликтер





Қосымша ақпарат

Дифференциация: Балаларға қалай көмектесесіз?

Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?




Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
денсаулық пен қауіпсіздік
АКТ
Құндылықтар














Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды

болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?



Қорытынды бағалау


Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!