СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзіңді және басқаларды түсіне білу

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға басқалардың жан дүниесін түсіне білудің маңыздылығын ұғындыру арқылы Дұрыс әрекет  құндылығының мәнін ашу.

Просмотр содержимого документа
«Өзіңді және басқаларды түсіне білу»

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім:2

Ынтымақты отбасы

Мұғалімнің аты-жөні, тегі

Серикболова Нургуль Кабдоллаевна

Мерізімі:

03.12.2021 ж

Класс: 3

Оқушылар саны: 24

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы №14

Өзіңді және басқаларды түсіне білу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Өзара түсіністік таныту, келісім, адамдарға сергек және мұқият қарау

Құндылық

Дұрыс әрекет

Қасиеттер

Мейірімділік, әдептілік, сезімталдық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға басқалардың жан дүниесін түсіне білудің маңыздылығын

ұғындыру арқылы Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері


- оқушыларға «түсінігі мол», «түсінігі кең» ұғымдарын түсіндіру;

- оқушыларды түсінігі мол адам кез-келген нәрсенің мәнін ұғына алатынын мейірімділік қасиеті арқылы дамыту;

- оқушыларды сезімталдыққа, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)


1.Жағымды көңіл күй (1-3 мин)


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

Мұғалім «Шаттық шеңбері» жаттығуын өткізеді.


Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.


Оқушылар бір-біріне күлімдеп қарап,қимылын жасайды.Қолда-рын жоғары көтереді.

Оқулық, мұғалім

дерге арналған әдістеме

лік құрал.


2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


Оқулық, №14 сабақ 62-бет

Шәкен Күмісбайұлының «Гүл» әңгімесін оқу.

Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды адам жанын түсіне білу үшін өздерінің бойында қандай қасиеттерді дамыту қажеттігін білуге жетелейді.

Сұрақтар:

- Асқар салтанатты мәжілістен не ұқты деп ойлайсыңдар?

- Анасы баласының сөзіне неліктен қуанды?

- Баласына қандай ақыл айтты?

- Адамдарды қалай қуантуға болады?

- Сезімтал, мұқият болудың қандай пайдасы бар?

- Өзің басқаларды қуанту үшін не істей аласың?

Оқушылар мазмұнын айтады. Әңгіме мазмұнынан түсінгендерін ортаға салады .

Сұрақтардың көмегімен оқушылар «түсінігі мол», «түсінігі кең» ұғымдарын және

басқалардың жан дүниесін түсінудің маңыздылығын түсінеді.

Оқулық

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар.

Абай


-Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?


Мұғалім дәйексөздің мағынасын оқушылармен бірге талдап, олардың пікірін тыңдағаннан кейін қорытынды жасайды және дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар дәйексөздіңң мағынасын талқылайды,

оны 2-3 рет қайталайды және дәптерге жазады.


Презента

ция,слайд.

Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(3-7 мин)


Мұғалім «Мейірімді қарлығаш» №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бақтыбаева Мөлдірдің әңгімесін айтып береді.


Мейірімді қарлығаш

Жазғы демалыста ауылдағы нағашы әжем мен атамның үйіне қыдырып бардым.

Ауылдағы демалысым қызықты өтіп жатты. Күнде түс ауа өзенге суға шомылуға барамыз. Атаммен бірге қой бағуға барамын, атқа мінуді де үйреніп алдым. Әжем ауылда өтетін барлық той-томалаққа мені өзімен бірге алып барады. Қызықтың бәрін осы тойлардан көресің. Ауыл балаларымен бірге асыр салып ойнап-күліп жазғы демалысым өте қызықты өтіп жатты.

Бір күні төрде шалқалап жатып үйдің төбесіне салынған екі ұяны көріп қалдым. Қаланың баласы болғандықтан үйдің ішінде салынған ұялар менің қызығушылығымды оятты. Әжеме айтып едім, ол кісі «Жарықтық, Қарлығаштың ұясы ғой, балам, тиіспе, үркітіп аласың» деді. Мен енді екі ана қарлығаштың ұясына кіруін, балаларына қорек тасуын бақылай бастадым. Бір күні екінші ұяға келуі тиіс қарлығаш келмей қалды. Ана қарлығаш екінші күні де келмеген соң, бір жағдайдың болғанын сезіп, болашақ балапандары үшін жүрегім ауырды. Міне қызық! Бірінші ұяға келіп жүрген ана қарлығаш қоректі екі ұяға кезек-кезек таси бастады. Арада айлар салып екі ұядан да балапанның шиқылы естіліп, мен қатты қуандым. Сол күннен бастап мен қарлығаш ананың жүрегі де бар өмірін маған және менің бауырларыма арнаған, біздер үшін көптеген қиыншылықтарды көріп жеңе білген, балапанын қорғаған қарлығаштай таң ата ұядан ұшып кетіп, кешке Жаратушының берген ризығымен бізді тамақтандырған, қызғыштай қорып, мәпелеп өсірген менің анамның жүрегіндей мейірімділікке толы екен ғой деген ойға қалдым.


Сұрақтар:

- Бала жазғы демалыста қайда барды?

- Демалысы қалай өтіп жатты ?

- Бала қарлығаштың қандай іс-әрекетіне мән беріп қарады?

- Бала нені сезді?

- Қарлығаштың қамқорлығын кімге теңеді?

- Өзің осындай көріністерге куә болған кезде қандай сезімде боласың?


Оқушылар әңгімені тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, басқа жандардың (жан-жануарлардың, құстардың) жан дүниесін түсіну,сезімтал болу, сүйіспеншілігін білдіру түсінігі мол адамның ісі екенін түсінеді.


























1 орта мектебі

нің баста

уыш сынып мұғалімі Бақтыбаева Мөлдір «Мейірімді қарлығаш»


Дерек көзі: https://erketai.kz/ertegiler-alemi/balalarga-arnalgan-angimeler/





5. Шығармашы

лық жұмыс

(12-15 мин)








































Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады.

«Нұр» тобы:

4-тапсырма.

Адамдардың өзара қарым-қатынаста түсіністік болуы үшін сөзді ұға білу қажет. Мәтіндерді оқып, сөз сырын ұғып алыңдар. Мысал келтіріп, өз ойларыңмен түйіндеп айтыңдар.


Сөз сыры Ф.Оңғарсынова


Жібі түзу


Балалар мысықты таспен ұрып қуалап жүрді. Біреуі мысықты ұстап алды. Екіншісі оның мойнына жіп байлап, сүйремекші болады. Бәрін көріп тұрған Әлима әже балаларға ұрсып, мысықты босаттырды. Сосын бәріне:

-Іштеріңде жібі түзу бала болсайшы, – деп кейіді.

«Жібі түзу» деп, дұрыс жүретін, тәртіпті, адамгершілігі бар адамды айтады.


Жүрек жұтқан


Бір топ бала мектептен қайтып келе жатқан, кенет биік үйдің артынан бір дәу ит арсылдап шыға келді. Балалар қаша жөнелді. Асан қалып қойды. Себебі, үйдің алдында тұрған кішкентай қыз иттен қорқып, шырылдап жылап қоя берген еді. Асан қабағын түйіп итке қарсы жүрді. «Кет!» - деп айқайлады. Гүр-гүр еткен ит кенет кілт тоқтады. Сосын бір-екі рет үрді де, бұрылып кетті.

Қызының даусын естіп далаға жүгіріп шыққан анасы мән-жайға бірден түсінді. Асанның басынан сипап:

-Өзің жүрек жұтқан бала екенсің! – деп алғыс айтты.

... Еш нәрседен қорықпайтын, батыл, ержүрек адамдарды «жүрек жұтқан» деп атайды.


«Мейірім» тобы:

5-тапсырма.

Мәтінді оқыңдар. Әпкесі мен інісі бір-бірін түсіну үшін не істегендері дұрыс деп ойлайсыңдар. Өз ойларыңды айтыңдар.


Түсінісу Н.Қадырбаев


Жомарт күні бойы ашуланып жүрді. Көңілі көншімеді. Қабағы ашылмады. Әпкесі Сәуле есік алдын сыпырып жүрген.

- Жомарт, азырақ су әкеліп берші. Есік алдына су шашайын, – дегеніне:

- Өзің әкел, – деді зілденіп. Сәлден соң:

- Күрек әкелші, – десе де:

- Е-е, керек болса, өзің ал, – деді Жомарт мүлдем ашуланып.

Атасы Жомарттың көңілі соқпай отырғанын әлгінде-ақ байқаған. Оған әпкесі Сәуле де кінәлі секілді.

- Сәуле, кітабымды әперші, – дегенде:

- Қолым тимеді. Көрмеймісің, есік алдын сыпырып жүрмін, –деген....


«Сенім» тобы:

«Жасырынған сөзді тап!»

Кестедегі әріптерден жасырынған мағыналы 6 сөзді табыңдар.


с

ы

й

л

а

с

т

ы

қ

ә

д

е

п

т

і

л

і

к

л

а

б

ы

т

с

к

г

ж

е

ю

р

и

с

а

й

ш

е

м

е

й

і

р

і

м

д

і

д

а

н

а

л

ы

л

ы

қ

е

и

б

в

н

й

ш

а

р

с

ы

п

а

й

ы

л

ы

қ

у

м

а

н

ц

о

п

ф

з


Оқушылар топ аттары жазылған күннің суреттерін қалаулары бойынша алып, үш топқа бөлінеді.



Әр топ өздеріне берілген тапсыр

маларды орындайды.


Жұмыстарын шығып қорғайды.

Баяу әуен қойылады.


https://youtu.be/LCiAfCCwc7A

3 топтың аты жазылған қағаз.


1,2 топқа жазылған мәтін, жасырын

ған сөздер жазылған

А3 форматын

дағы қағаз


































































6. Үй тапсырмасы (1-2 мин)

Алдын ала берілген үй тапсырмасы:

Мұғалім оқулықтан №15 сабақ, 68-беттегі Ғ.Есімнің «Ақ жауын» әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


7. Топпен ән айту

(2-3 мин)



Мұғалім оқушылармен бірге қосылып айтады.

Дос болайық бәріміз!

Сөзін жазған: Х.Талғаров

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз,

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер!


Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!


Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік,алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.


Отан біздің анамыз,

Аман жүрсін анамыз,

Нұрлы күн сөнбесін.

Бақыт болып жанамыз,

Жарық біздің санамыз,

Қара бұлт төнбесін.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіле

ді.


https://youtu.be/p8FyBNFO0ak

8. Сабақтың қортынды сәті (1 мин)

Мұғалім оқушыларға сабақта айтылған жақсы қасиеттерді еске түсіріп, оны жүрегіне сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға басқалардың жан дүниесін түсініп, сезімтал, сыйлы, әдепті болуға тілек білдіріп, бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу музыка қойылады.

«Хрустальная грусть» Музыка

АЗахаренко

https://youtu.be/LCiAfCCwc7A



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!