СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ақыл - жастан, асыл - тастан»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.               Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

              Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4-сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:       1) Өзін-өзі тану бақыты;       2) Адами қарым-қатынасқа үйренейік;       3) Адам болам десеңіз...;        4) Әсемдік әлемінде.

              «Өзін-өзі тану бақыты» атты бірінші тарау оқушыларды өзін-өзі тану пәнімен таныстырады. Мұнда балаларды мектепке өзгеше бейімдеуге бағытталған сабақтар қарастырылады. Олар жаңа оқушы мәртебесін ұғынады, сыныптастарымен, мұғалімдермен, жалпы мектеппен танысады. Өзінің сыртқы келбетіне дұрыс қарауға, өзін-өзі түсінуге, өз мінезі, өздері орындап жүрген әлеуметтік рөлдер туралы ойлануға, өз эмоцияларын түйсінуге және оны басқара алу білігіне дағдылануға мүмкіндік алады. Балалардың қызықты танымдық материалдар арқылы адамгершілік құндылықтарды қабылдауы осы міндеттерді табысты орындауға ықпал етеді.              Баланың жаңа әлеуметтік рөлі, яғни мектеп оқушысы болуы – іс-әрекеттің (оқудың) жаңа түрін түбегейлі игерумен ғана емес, сондай-ақ қатынастың барлық жүйесінің, баланың қызығушылықтары, құндылықтары, өмір салттарының өзгеруімен де байланысты. Осы жастағы балалар негізінен түрі мен мазмұны тартымды ойын түрлері арқылы білім алады. Осыған байланысты оқытудың ойын әдісін кеңінен қолдану, жағдаятты, шығармашылық іс-әрекеттерді ұғынуға түрлі тапсырмалар беру, коммуникативтік, іс-әрекеттік оқытуда пікірталас элементтерін пайдалану қажет.        Балалардың алған білімдері қарым-қатынас жасау кезінде бір-біріне қамқорлық жасап, көңіл бөлудің қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді. Қалыптасқан дағдылар мектеп өмірі үдерісінде мейірімділік, сезімталдық, тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселуге ықпал ететін болады. Мектеп ұжымында орныққан ізгі қарым-қатынас жеке тұлғаның алдағы уақытта, яғни есейген шақта жағымды қасиеттерін дамытуға септігін тигізетіні осы тарау сабақтарының тағы бір маңыздылығы болып табылады.        Бағдарламаның «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты екінші тарауында коммуникативтік біліктер мен дағдыларды (өзін және басқаларды тыңдау, түсіну, дұрыс бағалай білу, жанашырлық таныту, өзара ынтымақтастық біліктері); құрбыларымен тең құқықты, өзара жақсы қарым-қатынас құра білу білігін; өзінің эмоциялық күйін түсіну, өз сезімдерін білдіре алу және басқалардың сезімін тани білу біліктерін, тұлға аралық шиеленістерді шешу дағдыларын игеруді және әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.        «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты тарау сабақтары балалар ұжымында ешкімнің ренжімеуіне және назардан тыс қалмауы үшін жағымды орта құруды қарастырады. Ол оқушылардың мінез-құлқындағы жағымды қырлары, яғни айналасындағыларға және бір-біріне деген құрметті, эмоциялық жылылық пен өзара түсіністікті психологиялық нұсқау арқылы оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған. Әдістемелік тәсілдер шиеленістерді болдырмаудың жолдарын бірлесіп іздеуге және пайда болған шиеленісті жағдайлардан шығудың лайықты тәсілдерін табуды анықтауға бағытталған. Оқушыларды басқалардың келеңсіз мінез-құлықтарына орай әдепті әрекет етуге, балалардың кешіре білу білігін қалыптастыруға және оны дамытуға, кішіпейілділік, тектілік, төзімділік көрсете білуге шыдамдылықпен үйретуге негізделген.

           Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен жүрекке» әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Шығармашылық жұмыс» және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті») әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.

 

                   Жалпы мектепке келген балаға қызмет түрлері мен мазмұны, өмір тәртібі мен күнтәртібі ұсынылады. Ал олардың баланың кез-келген сәттегі зауқына сәйкес келмеуі мүмкін. Соның салдарынан тұрақты кикілжің туады.

         Бастауыш сыныптарда мұндай кикілжің жағдайлар, әдетте, ашық түрде көрінбейді. Себебі, төменгі сынып оқушылары ұстазға қарсы шығуға әлі батылы жетпейді, әйтсе де мұның өзі оларды мүлде жоқ дегенді білдірмейді. Бастауыш сыныптарда қалыптасқан қиқарлық сезім қылықтары болашақта да кикілжіңді тосыннан тудырып жіберуі мүмкін. Мектепке қарым-қатынас, оқуға енжарлық оқыту мен тәрбиенің мазмұнын ересек адамдардың алдын-ала белгілегендігінен емес, оқушыны ықтиярсыз күштеп, мәжбүр ететін, оның мүддесімен санаспайтын педагогикалық іс-әрекеттің императивті сипатынан туады.

Педагогикалық іс-әрекет – қиындықтарды жеңуде оқушыға мұғалім көмектескен сәттегі ұстаздың баламен ынтымақтастығы. Мысалы, 2 сыныпта «Жүрек жылуы»  сабағында мұғалім оқушыға мейірімділік, қайырымдылық туралы түсінік береді:

 -Балалар,мейірімділік,қайырымдылық деген не ?

 – Достарға,ата-анаға көмектесу.

 

 

-Сонымен бірге оларды жақсы көру. Бұл жерде оқушылар өз сүйіспеншілдіктерін суреттер арқылы салып, көрсетті,әрі де өз жұмыстарын жоба түрінде қорғай білді.

САЛҒАН СУРЕТТЕРІ ГАЛЕРЕЯ

          «Ойнай білу де – өнер» тақырыбында 3сыныпта әр топ сыйластық, достық құндылықтары туралы шағын көріністер ұсынды. Балалар шыдамдылық, сабырлылық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын ұғына білді.

КӨРІНІС РОЛЬДІК ОЙЫНДАР ФОТОСЫ

Ал «Ақыл - жастан, асыл - тастан» тақырыбында мен Ш.Амоношвилидің « Санамды жүрегіме тапсырамын» болмысын ұсындым. Мақсатым- Даналық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ақыл, ақылдылықтың адам өміріндегі маңыздылығы, ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту, ақылды болу, ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдай алуға баулу.  

Мысль на сердце

— Дедушка, что ты шепчешь? — спросил мальчик, заметив, что он перед сном что-то про себя бормочет. — Я кладу мысль на Сердце, малыш… — ответил он. Мальчик удивился: — Что это значит? Мудрый дедушка сказал ему: — Не хочу поссориться с соседом, который подвёл меня, а как быть, не знаю. Вот и положу мысль на Сердце и засну, а утром Сердце подскажет, что делать. — А откуда Сердце знает, дедушка? — Сердце всё знает, я всю жизнь учусь у него. И тебе советую: когда ищешь ответ на сложный вопрос, когда что-то бывает непонятно, положи перед сном мысль на Сердце, а наутро откроются тебе ответы. Только делай это с верой

                                                                                 Ата, сен не деп сыбырлап жатырсың? – деп сұрадым мен, себебі атам ұйықтар алдында өз –өзімен бірнәрселерді күбірлеп жатыр екен.

 –Санамды жүрегіме тапсырып жатырмын, балам.. –деп жауап берді.

Мен таңқалдым:

 –Ол не деген?

Дана атам былай деді:

– Мені сатып кеткен көршіммен жанжалдасқым келмейді,алайда не істерімді  білмеймін...Содан да санамды Жүрегіме тапсырып ұйықтайын, таңертең Жүрек бір жауабын білдірер... –Жүрек қайдан білсін,ата?

Жүрек бәрін біледі,балам, мен онан өмір бойы үйреніп келемін. Саған да  айтар ақылым сол: егер бірнәрсеге көңілің толмаса, санаңды Жүрекке тапсыр, ал ертеңгісін жауаптың өзі саған ашылар..Тек оны сеніммен жаса... Мен тоғыз жасымда,атам маған солай деген. Мен де әрбір ұйықтар сәтте санамды жүрегіме тапсырып,өз педагогикалық өнерімде көптеген нәрсені ұғындым. Менің атадан жолым болды. Ал сенің ше?  БАЛАНЫҢ САБАҚТАН АЛҒАН ӘСЕРЛЕРІ ИНТЕРВЬЮ СОТКАМЕН              «Санамды жүрегіме тапсырамын» -тәрбиелік мәні бар болмыс. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, ақыл-ой тәрбиесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.

       К.Д.Ушинский айтқандай: ”Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі” екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, сан- алуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды.

      Сабақ барысында әр баланың жүрегіне орын табу- айтуға оңай. Негізінде біз мектепте балаға үстем боп қарап жататынымыз ащы да болса шындық, сондықтанда болар кейбір оқушылар сабақта қорқып та отырады, тіпті әрбір оқушыға жеке көңіл бөлмейтін мұғалімдер де кездесіп қалады. Ашуға булығып, көп нәрсені бүлдіріп аламыз. «Пайда менен залалды - ақыл айырады» (Абай). Ал ақыл жүрекке бағынады. Амоношвилидің дәл осы болмысы «Жүрек адам денесінің патшасы, адам жанының мекені» екендігінің дәлелі деп білемін. Өн бойымызды ашу– ызаға бермей, ақыл –санамызды жүрекке тапсырсақ, көптеген тіршілігіміз де басқаша орын алары хақ.

 «Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойға жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырда қуалар».

 

Бұл сабақта да оқушылар постерлер қорғап, өз ойларын ашық айтып, бірлесе атсалысты.

 

СУРЕТТЕР ПОСТЕРЛЕР САБАҚТАҒЫ ҚОСУ

         Бала-тұтастай адам және ең алдымен,педагогикалық іс-әрекет оны толығынан,бүкіл өмірлік ынтасымен және талаптарымен бірге қызықтыруы тиіс.Бұл әрекетте бала өз өмірін ұдайы байыту,өзінің өсіп және барған сайын түрлене түскен танымдық және рухани талаптарын қанағаттандыру сезімін басынан кешіреді.Егер оқу баланың позициясымен басқарылып,дамуға,дербестікке,адамгершілік жағынан қалыптасуына әзір етсе ғана ол бала өмірінің мәніне айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
««Ақыл - жастан, асыл - тастан»»





















Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4-сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:
      1) Өзін-өзі тану бақыты;
      2) Адами қарым-қатынасқа үйренейік;
      3) Адам болам десеңіз...; 
      4) Әсемдік әлемінде.

«Өзін-өзі тану бақыты» атты бірінші тарау оқушыларды өзін-өзі тану пәнімен таныстырады. Мұнда балаларды мектепке өзгеше бейімдеуге бағытталған сабақтар қарастырылады. Олар жаңа оқушы мәртебесін ұғынады, сыныптастарымен, мұғалімдермен, жалпы мектеппен танысады. Өзінің сыртқы келбетіне дұрыс қарауға, өзін-өзі түсінуге, өз мінезі, өздері орындап жүрген әлеуметтік рөлдер туралы ойлануға, өз эмоцияларын түйсінуге және оны басқара алу білігіне дағдылануға мүмкіндік алады. Балалардың қызықты танымдық материалдар арқылы адамгершілік құндылықтарды қабылдауы осы міндеттерді табысты орындауға ықпал етеді.
      Баланың жаңа әлеуметтік рөлі, яғни мектеп оқушысы болуы – іс-әрекеттің (оқудың) жаңа түрін түбегейлі игерумен ғана емес, сондай-ақ қатынастың барлық жүйесінің, баланың қызығушылықтары, құндылықтары, өмір салттарының өзгеруімен де байланысты. Осы жастағы балалар негізінен түрі мен мазмұны тартымды ойын түрлері арқылы білім алады. Осыған байланысты оқытудың ойын әдісін кеңінен қолдану, жағдаятты, шығармашылық іс-әрекеттерді ұғынуға түрлі тапсырмалар беру, коммуникативтік, іс-әрекеттік оқытуда пікірталас элементтерін пайдалану қажет.
      Балалардың алған білімдері қарым-қатынас жасау кезінде бір-біріне қамқорлық жасап, көңіл бөлудің қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді. Қалыптасқан дағдылар мектеп өмірі үдерісінде мейірімділік, сезімталдық, тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселуге ықпал ететін болады. Мектеп ұжымында орныққан ізгі қарым-қатынас жеке тұлғаның алдағы уақытта, яғни есейген шақта жағымды қасиеттерін дамытуға септігін тигізетіні осы тарау сабақтарының тағы бір маңыздылығы болып табылады.
      Бағдарламаның «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты екінші тарауында коммуникативтік біліктер мен дағдыларды (өзін және басқаларды тыңдау, түсіну, дұрыс бағалай білу, жанашырлық таныту, өзара ынтымақтастық біліктері); құрбыларымен тең құқықты, өзара жақсы қарым-қатынас құра білу білігін; өзінің эмоциялық күйін түсіну, өз сезімдерін білдіре алу және басқалардың сезімін тани білу біліктерін, тұлға аралық шиеленістерді шешу дағдыларын игеруді және әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
      «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты тарау сабақтары балалар ұжымында ешкімнің ренжімеуіне және назардан тыс қалмауы үшін жағымды орта құруды қарастырады. Ол оқушылардың мінез-құлқындағы жағымды қырлары, яғни айналасындағыларға және бір-біріне деген құрметті, эмоциялық жылылық пен өзара түсіністікті психологиялық нұсқау арқылы оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған. Әдістемелік тәсілдер шиеленістерді болдырмаудың жолдарын бірлесіп іздеуге және пайда болған шиеленісті жағдайлардан шығудың лайықты тәсілдерін табуды анықтауға бағытталған. Оқушыларды басқалардың келеңсіз мінез-құлықтарына орай әдепті әрекет етуге, балалардың кешіре білу білігін қалыптастыруға және оны дамытуға, кішіпейілділік, тектілік, төзімділік көрсете білуге шыдамдылықпен үйретуге негізделген.

Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен жүрекке» әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Шығармашылық жұмыс» және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті») әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.


Жалпы мектепке келген балаға қызмет түрлері мен мазмұны, өмір тәртібі мен күнтәртібі ұсынылады. Ал олардың баланың кез-келген сәттегі зауқына сәйкес келмеуі мүмкін. Соның салдарынан тұрақты кикілжің туады.

Бастауыш сыныптарда мұндай кикілжің жағдайлар, әдетте, ашық түрде көрінбейді. Себебі, төменгі сынып оқушылары ұстазға қарсы шығуға әлі батылы жетпейді, әйтсе де мұның өзі оларды мүлде жоқ дегенді білдірмейді. Бастауыш сыныптарда қалыптасқан қиқарлық сезім қылықтары болашақта да кикілжіңді тосыннан тудырып жіберуі мүмкін. Мектепке қарым-қатынас, оқуға енжарлық оқыту мен тәрбиенің мазмұнын ересек адамдардың алдын-ала белгілегендігінен емес, оқушыны ықтиярсыз күштеп, мәжбүр ететін, оның мүддесімен санаспайтын педагогикалық іс-әрекеттің императивті сипатынан туады.

Педагогикалық іс-әрекет – қиындықтарды жеңуде оқушыға мұғалім көмектескен сәттегі ұстаздың баламен ынтымақтастығы. Мысалы, 2 сыныпта «Жүрек жылуы» сабағында мұғалім оқушыға мейірімділік, қайырымдылық туралы түсінік береді:

-Балалар,мейірімділік,қайырымдылық деген не ?

– Достарға,ата-анаға көмектесу.



-Сонымен бірге оларды жақсы көру. Бұл жерде оқушылар өз сүйіспеншілдіктерін суреттер арқылы салып, көрсетті,әрі де өз жұмыстарын жоба түрінде қорғай білді.

САЛҒАН СУРЕТТЕРІ ГАЛЕРЕЯ

«Ойнай білу де – өнер» тақырыбында 3сыныпта әр топ сыйластық, достық құндылықтары туралы шағын көріністер ұсынды. Балалар шыдамдылық, сабырлылық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын ұғына білді.

КӨРІНІС РОЛЬДІК ОЙЫНДАР ФОТОСЫ

Ал «Ақыл - жастан, асыл - тастан» тақырыбында мен Ш.Амоношвилидің « Санамды жүрегіме тапсырамын» болмысын ұсындым. Мақсатым- Даналық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ақыл, ақылдылықтың адам өміріндегі маңыздылығы, ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту, ақылды болу, ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдай алуға баулу.

Мысль на сердце

— Дедушка, что ты шепчешь? — спросил мальчик, заметив, что он перед сном что-то про себя бормочет.
— Я кладу мысль на Сердце, малыш… — ответил он.
Мальчик удивился:
— Что это значит?
Мудрый дедушка сказал ему:
— Не хочу поссориться с соседом, который подвёл меня, а как быть, не знаю. Вот и положу мысль на Сердце и засну, а утром Сердце подскажет, что делать.
— А откуда Сердце знает, дедушка?
— Сердце всё знает, я всю жизнь учусь у него. И тебе советую: когда ищешь ответ на сложный вопрос, когда что-то бывает непонятно, положи перед сном мысль на Сердце, а наутро откроются тебе ответы. Только делай это с верой


Ата, сен не деп сыбырлап жатырсың? – деп сұрадым мен, себебі атам ұйықтар алдында өз –өзімен бірнәрселерді күбірлеп жатыр екен.

–Санамды жүрегіме тапсырып жатырмын, балам.. –деп жауап берді.

Мен таңқалдым:

–Ол не деген?

Дана атам былай деді:

– Мені сатып кеткен көршіммен жанжалдасқым келмейді,алайда не істерімді білмеймін...Содан да санамды Жүрегіме тапсырып ұйықтайын, таңертең Жүрек бір жауабын білдірер...
–Жүрек қайдан білсін,ата?

Жүрек бәрін біледі,балам, мен онан өмір бойы үйреніп келемін. Саған да айтар ақылым сол: егер бірнәрсеге көңілің толмаса, санаңды Жүрекке тапсыр, ал ертеңгісін жауаптың өзі саған ашылар..Тек оны сеніммен жаса...
Мен тоғыз жасымда,атам маған солай деген. Мен де әрбір ұйықтар сәтте санамды жүрегіме тапсырып,өз педагогикалық өнерімде көптеген нәрсені ұғындым.
Менің атадан жолым болды. Ал сенің ше?
БАЛАНЫҢ САБАҚТАН АЛҒАН ӘСЕРЛЕРІ ИНТЕРВЬЮ СОТКАМЕН
«Санамды жүрегіме тапсырамын» -тәрбиелік мәні бар болмыс. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, ақыл-ой тәрбиесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.

К.Д.Ушинский айтқандай: ”Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі” екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, сан- алуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды.

Сабақ барысында әр баланың жүрегіне орын табу- айтуға оңай. Негізінде біз мектепте балаға үстем боп қарап жататынымыз ащы да болса шындық, сондықтанда болар кейбір оқушылар сабақта қорқып та отырады, тіпті әрбір оқушыға жеке көңіл бөлмейтін мұғалімдер де кездесіп қалады. Ашуға булығып, көп нәрсені бүлдіріп аламыз. «Пайда менен залалды - ақыл айырады» (Абай). Ал ақыл жүрекке бағынады. Амоношвилидің дәл осы болмысы «Жүрек адам денесінің патшасы, адам жанының мекені» екендігінің дәлелі деп білемін. Өн бойымызды ашу– ызаға бермей, ақыл –санамызды жүрекке тапсырсақ, көптеген тіршілігіміз де басқаша орын алары хақ.

«Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойға жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырда қуалар».


Бұл сабақта да оқушылар постерлер қорғап, өз ойларын ашық айтып, бірлесе атсалысты.


СУРЕТТЕР ПОСТЕРЛЕР САБАҚТАҒЫ ҚОСУ

Бала-тұтастай адам және ең алдымен,педагогикалық іс-әрекет оны толығынан,бүкіл өмірлік ынтасымен және талаптарымен бірге қызықтыруы тиіс.Бұл әрекетте бала өз өмірін ұдайы байыту,өзінің өсіп және барған сайын түрлене түскен танымдық және рухани талаптарын қанағаттандыру сезімін басынан кешіреді.Егер оқу баланың позициясымен басқарылып,дамуға,дербестікке,адамгершілік жағынан қалыптасуына әзір етсе ғана ол бала өмірінің мәніне айналады.










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!