СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Масштаб. Суреттің трансформациясы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады.Widows-тегі барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілмен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар:

 

-Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын;

 

Қане, Кескін тобындағы Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бұйрықтарының қалай жұмыс істейтінін қарастырайықшы. Бұл бұйрықтар амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды.

Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь орналастыруға (92-93 сурет) және 90 немесе 180 градусқа бұруға болады

Просмотр содержимого документа
«Масштаб. Суреттің трансформациясы»

Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Масштаб. Суреттің трансформациясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға трансформация туралы ұғым беру, суреттерді верикаль және горизонталь бойынша бұруға үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады.Widows-тегі барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілмен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар:

-Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын;

-Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманын;

-Жай-күй жолындағы Масштаб жүгірткішін



«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.



92-сурет. Вертикаль шағылдыру 93-сурет. Горизонталь шағылдыру



Қане, Кескін тобындағы Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бұйрықтарының қалай жұмыс істейтінін қарастырайықшы. Бұл бұйрықтар амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды.

Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь орналастыруға (92-93 сурет) және 90 немесе 180 градусқа бұруға болады.



Суретті тышқанның көмегімен тура қажет болғандай етіп созу немесе кішірейту әрқашан қолдан келе бермейді. Егер пропорцияларды сақтау, мөлшерін бір пиксельге дейінгі дәлдікпен өзгерту керек болса, онда Мөлшерді өзгерту бұйрығын қолданыңдар (94-сурет)

94-сурет Мөлшерлер мен бұруды өзгерту



Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

Жаңа сурет құрыңдар.

Бұрыштары дөңгелектенген тікбұрыш салыңдар. Оны бірнеше рет көшіріңдер. Әр көшірмесін әртүрлі бұрыңтар: тек горизонталь бойынша, тек вертикаль бойынша, горизонталь және вертикаль бойынша. Бұрыштың мәні теріс бола алам ма? Бұрыш мәнінің қандай ең үлкен шамасын белгілеуге болады? Неге



Қырқу-суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Ол өте қолайлы, мәселен, өрнектердің суретін салғанда – алдымен элементтерін салып, одан кейін оларды көшіріп (бүлдіріп алмас үшін), өрнекті құрып, оны ерекшелеп, енді керек емес детальдарын қырқамыз.Сол сияқты, бұл бұйрық фотосуреттегі артық бейнелерді қырқуға мүмкіндік береді.



Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

Бастау-Басқару тақтасы Безендіру және жекелеу (персонализация) Жекелеу – Жұмыс үстелінің фоны бұйрығын орындаңдар.

Тышқанның оң бастырмасымен таңдалған суретті шертіңдер.

Paint-тің көмегімен ашу бұйрығын таңдаңдар.

Жекелеу терезесіне қайта оралыңдар.

Есепке алу жазбасының суретін өзгерту сілтемесін шертіңдер.

Терезені алмасу буферіне көшіріңдер. (Alt+Print+Screen).

Тағы бір Paint терезесін ашыңдар.

Алмасу буферінен сурет кірістіріңдер (Ctrl+V)

Ұнаған персонажды ерекшелеңдер.

Қырқу бұйрығымен орындаңдар.

Суретті өз бумаларыңа «Персонаж» деген атпен сақтаңдар.

Фондық суреті бар Paint-тің терезелеріне ауысыңдар.

Кірістіру-Қайта кірістіру бұйрығын орындаңдар, Персонаж файлын көрсетіңдер.



- Суреттің мөлшерін, еңкейтуін, бұрылуын және шағылуын өзгерту үшін Кескін тобының бұйрықтары қолданылады.

- Суретті өзгертпей тұрып оның көшірмесін сақтап қойған дұрыс.

- Егер өзгерту сәтсіз орындалса - батырмасымен бұрықтың нәтижесінен бас тартыңдар.

- Масштаб өзгергенмен суреттің, суреттегі мәтіннің мөлшері өзгермейді.



Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А-деңгейі:

Суретке «Құттықтаймын!» мәтінін орналастырыңдар. Суреттің масштабын өзгертіңдер. Түс толтыру сайманын пайдаланып, әр әріпті өз түсіне қайта бояп шығыңдар.



В-деңгейі:

Көбелектің суретін салыңдар

Кескінді бірнеше рет көшіріңдер.

Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгертіңдер.

Әр өзгертуді жазып, белгілеңдер. Мысалы, «30 градусқа бұру»

Суретті сақтаңдар.

С деңгейі:

«Жаңа жылдық орман»

Шыршаның суретін салыңдар. Алдымен бір бөлігін:

Оны көшіріңдер және бұрыңдар:

Бірінші сол жағын, одан кейін оң жағын көшіріп, қосыңдар:

және бояңдар:

Файлды өз бумаларыңда «Шырша» деген атаумен сақтаңдар.

Paint-тің тағы бір терезесін ашып, орманның суретін салыңдар.

Шырша файлынан шыршаның суретін қайта-қайта көшіріп, оларды созып және бұрып әртүрлі шыршалардан орман жасаңдар.

Суретке ағаштарды, бұлттарды, гүлдерді, жеміс ағаштарын, жануарлар мен өзендерді салыңдар.

Файлды өз бумаларыңда «Орман» деген атпен сақтаңдар.



Сабақты бекіту: 146 беттегі тест сұрақтарына жауап беру.

Үйге тапсырма: 17 тарау. Оқып келу және бақылау сұрақтарына жауап беру




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!