СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың жоспары : Масштаб. Суреттің трансформациясы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Суреттің мөлшерін, еңкейтуін, бұрылуын және шағылуын өзгерту тәсілдерін үйрету, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық. Оқушылардың бояу, бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді, өшіргіштің өлшемін өзгерте білу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды логикалық және фантазиялық, ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту, іздендіру.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың жоспары : Масштаб. Суреттің трансформациясы»



Пән : Информатика  № 17 сабақ Сынып: 5а күні:

Сабақтың тақырыбы : § 17. Масштаб. Суреттің трансформациясы

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Суреттің мөлшерін, еңкейтуін, бұрылуын және шағылуын өзгерту тәсілдерін үйрету, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушылардың бояу, бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді, өшіргіштің өлшемін өзгерте білу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды логикалық және фантазиялық, ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту, іздендіру.
Тәрбиелік. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Оқушылар білуі тиіс : масштаб құралы қай кезде пайдаланылатынын, трансформацияның не екенін.

Оқушылар үйренуі тиіс : суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру , сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: компьютер,оқулық


Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ .Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ . Өткенді қайталау

Өткен тақырыптар сұрақ - жауап

ІV. Жаңа тақрыпты түсіндіру

         Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады. Windows –тегі барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар :

-          Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын ;

-          Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманын ;

-          Жай –күй жолындағы Масштаб жүгірткішін.

«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.

         Қане, Кескін тобындағы Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бұйрықтарының қалай жұмыс істейтінін қарастырайық. Бұл бұйрықтар амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды.

        Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь шағылдырып орналастыруға және 90 немесе 180 градусқа бұруға болады.

        Суретті тышқанның көмегімен тура қажет болғандай етіп созу немесе кішірейту әрқашан қолдан келе бермейді. Егер пропорцияларды сақтау, мөлшерін бір пиксельге дейінгі дәлдікпен өзгерту керек болса, онда Мөлшерді өзгерту бұйрығын қолданыңдар.

       Қырқу – суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Ол өте қолайлы, мәселен, өрнектердің суретін салғанда – алдымен элементтерін салып, одан кейін оларды көшіріп, өрнекті құрып, оны ерекшелеп, енді керек емес детальдарын қырқамыз. Сол сияқты, бұл бұйрық фотосуреттегі артық бейнелерді қырқуға мүмкіндік береді.

 Мөлшерлер мен бұруды өзгерту. Вертикаль шағылдыру

 V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

 . Қорытынды

  1. Суреттің фрагментін қалай бұрамыз ?

  2. Дөңгелекті шағылдырса не болады ?

  3. Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады ?

  4. Paint –те орындалған соңғы қагша амалдан бас тартуға болады ?




VІІ.Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма § 17 141-147 бет

 

Тексерген:




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!