СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кәсіби қазақ тілін оқытуда заманауи технологиялар мен әдістерді қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елімізде заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, білім алушының, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Отандық және халықаралық еңбек нарығын сай бәсекеге қабілетті ғылыми білікті кәсіби мамандар даярлау. Білім алушыны интеллектуалдық тұрғыда дамыту, қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқыту әдістемесі саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу. Ол үшін қазіргі заман талабына сай қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгертуде озық технологияларды, тиімді. ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі. сатылы, деңгейлік жұмыстар атқару – білім беру саласында ең маңызды мәселелердің бірі.

Просмотр содержимого документа
«Кәсіби қазақ тілін оқытуда заманауи технологиялар мен әдістерді қолдану»

Кәсіби қазақ тілін оқытуда заманауи технологиялар мен әдістерді қолдану

Елімізде заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, білім алушының, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Отандық және халықаралық еңбек нарығын сай бәсекеге қабілетті ғылыми білікті кәсіби мамандар даярлау. Білім алушыны интеллектуалдық тұрғыда дамыту, қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқыту әдістемесі саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу. Ол үшін қазіргі заман талабына сай қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгертуде озық технологияларды, тиімді. ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі. сатылы, деңгейлік жұмыстар атқару – білім беру саласында ең маңызды мәселелердің бірі.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда оның ғылымда, өндірісте, әлеуметтік-қоғамдық қызметінде, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен, кәсібімен де байланысты екендігін көрсетеді. Оқу орнын бітірген жас маман – келешек кәсіпкер. Оның білікті маман болуы тілді жоғары деңгейде білуімен терең сабақтасады. Тілдік білімді студенттің саналы әрекетін дамытатын, өмірлік қажеттілігіне жаратын тетікке айналдыру – біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, кәсіпке бейімделу, жаңа кәсіби мамандық саласына қатысты мәселелерді түсіну, қабылдау, тілдік қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту бүгінгі күн талабынан туындайды. Бұл мемлекеттік тіл – қазақ тілі пәнін оқытуда студенттің кәсіби лексикасы мен терминдік қорын қалыптастыруға ба-сымдылық беруді талап етеді. Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасады. Соңғы жылдары әдіскер-ғалымдар қазақ тілін коммуникативтік құрал ретінде меңгертумен қатар, студенттердің кәсіптік мамандығын ескере отырып, қазақ тілін игертуді жаңа технологиялармен меңгертудің тиімді әдістерін ұсынуда.

Тілді кәсіби тілді мамандыққа қатысты оқытудың тиімді жолдары:

  • Білім алушы, тіл үйренушілер қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алуы;

  • кәсібіне байланысты лексикалық сөздік қорды кәсібіне қарай тәжірибеде пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысының қалыптасуы;

  • қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түсуі;

  • қазақ халқының рухани және тарихимәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде білім алушы тіл үйренушілер ұлттың тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысуы, білімдерін молайтуы;

  • күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тілдік бірліктерді, терминдерді меңгеріп, мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды үйренуі;

  • болашақ маманның интелектуалды тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына, өз мамандығын мақсатты меңгеруіне мүмкіндік тууы.

Осы тұрғыдан мамандыққа сай қазақ тілін сапалы оқыту – қазіргі уақыт сұранысынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Соңғы жылдары қазақ тілін мамандыққа сәйкестендіріп қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми зерттеулер қатар, жаңа технологияға негізделген оқыту әдістемесіне оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Қазақ тілін мамандыққа сай оқытудың басты ерекшеліктерін анықтауда, тиімді әдістемесін ұсынуда профессор Ф.Ш. Оразбаеваның еңбегінде сөйлесім әрекетінің түрлерін – оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім бөлімдерінде тілді меңгертудің бірден-бір жолдарын көрсетеді. Басты мақсат кәсіби мамандардың қазақ тілін білуі коммуникативтік біліктілікті меңгеруімен байланысты. Ол білім алушының тілдік тұлғасын қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Ол сөйлеу әрекетінің түрлерін жаңа технология лық әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асады.

Қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан үйретуде сөйлесім әрекеті мен оның түрлерін меңгерту студенттерге қазақ тілін жазылым әрекеті арқылы үйрету әдістемесінің маңызы зор, себебі, сауатты жазу, сауатты түрде өз ойын жеткізу, ісқағаздарын сауатты жүргізу айналып келгенде осының бәрі жазылым әрекетін меңгерумен ұштасады. Жазылым әрекетін студенттерге меңгертудің тиімді жолдары:

  • көшіру жазылымы;

  • жатқа жазу жазылымы;

  • көркемдік жазылым;

  • танымдық жазылым.

Тілді мамандыққа сай үйретуге арналған әдістемелік оқулықтар мен оқу құралдары жарық көре бастады. Бұл оқулық тар студенттердің ғылыми тілді, мамандыққа қатысты кәсіби тілді, ресми-іскерлік тілін жеткілікті түрде меңгеруіне ықпал етуде. Мамандыққа қатысты мәтіндерді іріктеу ұстанымдары дұрыс сөйлеуді жетілдіруге қызмет ету үшін:

    • мазмұндық және тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленуі;

    • тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне ынталандырылу, қызығушылығын туғызу;

    • қатысымдық қасиеті басым болуы;

    • мамандыққа байланысты ғылыми және кәсіби мәтіндер студенттерде қажеттілік сезімі туындайды. Тілді оқытуда мәтіннің қатысым әрекетіндегі маңыздылығына сәйкес іріктеуде, таңдаудағы негізгі ұстанымдар:

  • мәтін мазмұны аяқталған, белгілі бір логикалық жүйеге бағынуы;

  • мәтін тақырыбы күнделікті өмір талабына және кәсібіне сай, танымдық сапасы жоғары, тәрбиелік мәнінің зор болуы;

  • мәтін мазмұны өзгетілді студенттердің түсінісуіне ыңғайлы, тілді білу деңгейлеріне сәйкес болуы;

  • мәтінді іріктеп, таңдауда фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктердің ескерілуі;

  • мәтіннің мамандыққа жақын танымдық қызығушылықты арттыруы;

  • мәтін мазмұнының мамандыққа сәйкес нақты, қызықты болуы.

Мәтін тақырыбын таңдауда:

  • болашақ мамандығына байланысты болуы. өз мамандығы бойынша сұрақтарға жауап бере білу, осы тақырып төңірегінде ойын айта білу дағдыларын меңгерту;

  • кәсіби бағыттағы қарым-қатынастық мәтіндерді аудармасыз түсінуге ұмтылу;

  • студенттердің сөздік қорын молайтуда терминологиялық, түсіндірме және кәсіби сөздіктерді пайдалана білу.

Кәсіби тілде қарым-қатынас жасау сөйлесім әрекетінің барлық түрлері тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім әрекеттерінің негізінде жүзеге асырылады. Кәсіби бағытта берілген мәтіндер тапсырмалар арқылы бекітіліп, түрлі жаттығулар, сөйлесу жағдаяттары жасалынады. Білім алушыға мәтін мазмұны кәсіби білімге негізделіп, ол түсінуіне, қабылдануына қиындық туғызбауы тиіс, себебі, ол сол мәтіндегі лексикалық минимуммен (сөз, сөз тіркестері, терминдер, афоризмдер, мақал-мәтелдер) тікелей байланысты. Қазақ тілін кәсіби бағдарлы мамандыққа байланысты оқыту әдістемесі мына ұстанымдарға негізделуі:

  • тілді қатысымдық бағытта үйретудің лингвистикалық негізі сөйлесім әрекеті және оның түрлерінің қамтылуы;

  • тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігінің дамытылуы;

  • кәсіби тілдік қатысымды меңгертуде тіл үйренушінің тілдесім-сөйлеу тілін кәсіби қарым-қатынас тілі ретінде дамыту;

  • Лексикалық, терминологиялық минимумды танымдық-бағдарлы және грамматикалық минимумды мамандыққа сай мәтіндер мен тапсырмалар арқылы оқыту.

Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент ертеңгі маман, іскерлік қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге үйрету маңызды болып саналады. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-бірімен байланыстыру мақсаты басым. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан кәсіби бағдарлы білім беруде қамтылатын білім мазмұны, соның ішінде тақырыптар ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс.

Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті мол мамандарды даярлау міндеті бүгінгі білім жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз. Осы мақсатты іске асыруда студенттерге іскерлік қарым-қатынасты дұрыс оқыту қажеттігі күннен-күнге айқын сезілуде. Бұл айтылған ұстанымдар мен тәсілдер қазақ тілін кәсіби бағдарлы мамандыққа байланысты оқытудың өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, оны меңгертудің әдіс-тәсілдері кәсіби бағдарлы қатысымда атқаратын маңызы зор.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!