СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«К?сіби ?аза? тілін о?ытуда заманауи технологиялар мен ?дістерді ?олдану»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халы? ?мірі оны? келесі ?рпа?ымен жал?асып отырады. Сонды?тан Халы?ты? М??гілігі туралы арманнан ас?а? арман жо?.

Просмотр содержимого документа
««К?сіби ?аза? тілін о?ытуда заманауи технологиялар мен ?дістерді ?олдану»»

Секция: «Экономиканың индустриалдық – инновациялық даму жағдайындағы техникалық және кәсіби білім жүйесін жетілдіру»


Тақырып: «Кәсіби қазақ тілін оқытуда заманауи

технологиялар мен әдістерді қолдану»



Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі




Баяндамашы: қазақ тілі пәні оқытушысы

Сахипова Айнагул Канапиевна

















Орал 2016



Мазмұны


  1. Кіріспе

    1. Заманауи технологиялар мен әдістер – заман талабы ................... 3

2. Негізгі бөлім

    1. Ынтымақтастықта оқыту технологиясы............................................4

    2. Ойын арқылы оқыту технологиясы ............................................. 5

  1. Қорытынды

    1. Оқыту технологияларының нәтижелігі ............................................ 7

Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................8


















Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ.

Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.  Бұл міндеттерді шешу оқытушының жаңа технологияларды меңгеруін талап етеді. «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы». Жаңа технологиялар оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, рухани қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

«Бақытыңды жер-көктен іздеме, еңбектен ізде» демекші, жастарымыз еңбектің қадірін біліп, белгілі бір кәсіп иесі болып, техникалық мамандықты меңгеріп шықса, қоғамнан алар орны ерекше болмақ. Сондықтан да, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіби қазақ тілін оқытуда заманауи технологиялар мен әдістерді кеңінен қолданамын. Технологиялар мен әдістерді қолданудың мақсаты:

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артады;

- оқушы мен оқытушының уақыты үнемделеді;

- оқушы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

- оқушының ойлау қабілеті артады.

Кәсіби қазақ тілін оқыту теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды.Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Сондықтан да мен мұнай-газ саласы мамандарына сабақ беруде олардың кәсіби сөйлеуіне ерекше көңіл бөлемін. Орыс тілді топтардағы болашақ мамандардың кәсіби тілін қалыптастыруда олардың келешек қызметінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін, мамандық бойынща терминдерді меңгертуде көп қолданатын және нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін технологияның бірі - ынтымақтастықта оқыту технологиясы.

Ынтымақтастықта оқыту технологиясында - әрбір оқушының міндеті бірігіп жұмыс істеу ғана емес, қажетті білім, дағдыларды игеру. Команданың жетістігі әрбір оқушының жетістігіне байланысты болады.

Ынтымақтастықта оқыту үш негізгі ұстаным бойынша жүзеге асырылады.

1. Марапаттау. Топ балдық жүйемен бағаланады. Ол үшін олар берілген тапсырманы орындайды: мәтін аудару, сөзжұмбақ шешу, ақпарат әзірлеу және т.б. Мәселен, «Обработка скважин» тақырыбындағы мәтінді аудару. Кәсіби қазақ тілі сабағында әрбір сабақ сайын сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Сондықтан да оларға мәтінді аудару қиынға түспейді. Өз мамандығына қатысты мәтінді оқушылар қызыға оқиды, ол арқылы болашақ маманға кәсібі бойынша өте қажетті, пайдалы мағлұмат беріледі, мәтін оқушының білімін, танымын толықтырады.

2. Жеке (дербес) жауапкершілік. Топтың жетістігі әрбір топ мүшелерінің білім деңгейіне байланысты болады. Оларға берілетін тапсырма түрлері үнемі өзгеріп отырады: мәтін немесе диолог құрау, жағдаятты тапсырма және т.б. Мысалы, әрбір оқушыға берілген сөздер бойынша сөйлем құрау тапсырылады: кен орны, ұңғыма, қышқыл т.б.

3. Тең мүмкіндіктер. Барлығына бірдей тапсырма беріледі. Мысалы, «Қарашығанақ кен орнындағы ұңғымалар туралы» мәлімет дайындау.

Технологияның мазмұны келесідей:

-Тапсырма;

-Топ құрамы;

-Рөлдерді бөлу;

- Топта жұмыс жасау;

- Бағалау.

Тапсырма жеке немесе барлығына бірдей беріледі. Әрбір топ мүшесі өзіне берілген тапсырма бойынша материал табады. Содан кейін оқитын материалдары бірдей, бірақ әр топтағы оқушылар ақпарат алмасады. Бұл «сарапшылардың кездесуі» деп аталады. Содан өз тобына келіп, қалған топ мүшелерімен жаңалығымен бөліседі.

Топ құрамы тұрақты болады немесе жыл бойына оқушылардың басқа топтарда да жұмыс жасауы үшін ауысып тұрады.

Топ мүшелері арасында рөлдердің бөлінуі келесідей:

Көшбасшы – топ ішіндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Бақылаушы – жұмыс барысын бақылап, топ жетістігінің журналын ресімдейді.

Сарапшылар – тапсырманы орындауда жұмыс жасайды.

Балдық жүйемен бағалау кезінде келесі критерийлер ескеріледі:

Әлеуметтік критерийлер – оқушының кез-келген әріптесімен топта жұмыс жасай алуы, белсенділігі, ұстамдылығы, жауапкершілігі.

Білімділік критерийлері – талдай білуі, ақпарат көзімен жұмыс жасауы, табылған материалды жүйелеп, қорыта білуі, ақпаратты тәжірибеде қолдануы.

Келесі кезекте қолданылатын технологиям ойын арқылы оқыту технологиясы. Бұл технология әсіресе, орыс тілді топтарда кәсіби қазақ тілі оқытуда жоғары нәтиже береді. Себебі, бұл технология оқушылардың 100% қатысуын және сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етеді.

Ойын технологиясының кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі – сабақтың жасалымын әзірлеу. Бұған сабақтың мақсаты, ойын жоспары, мәселенің, іс-шараның сипаттамасы кіреді.

  2. Ойынға кіру – қатысушылар мен ойын шарты жарияланады. Материалдар, нұсқаулар, ережелер беріледі.

  3. Ойын барысы – қатысушылар ойын барысын өзгерте алмайды. Тек жүргізушілер ғана қатысушыларды негізгі мақсаттан ауытқыған кезде түзете алады.

Ойын арқылы оқытуда мен тапсырмаларды қадамдап беруге тырысамын. Мысалы, тақтаға терминдердің атауы суреттер арқылы беріледі. Оқушылар орысша-қазақша баламасын айту керек. Оның нәтижесінде оқушылардың бейнелік есте сақтау қабілеті дамып, сөздік қоры толығады. Суреттердің атауы табылғаннан кейін оқушыға сурет бойынша әңгімелеп беру тапсырылады. Оны ауызша немесе жазбаша орындауға болады. Жазбаша мәтін құрастырылған жағдайда мәтінге сұрақ қойып, оған қайтадан жауап алу оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, тілін жаттықтырады. Мәтіндегі белгілі бір сөздердің әріптерін араластырып, сөзді табу оқушылардың ой ұшқырлығын талап етеді.

Ойын арқылы оқыту технологиясында виртуалды ойын түрін кеңінен қолданамын. Оқушылар оқып жатырған мамандықтары бойынша өндіріс орындарына виртуалды саяхат жасайды, маманды иесі болғандарын елестетеді. Мәселен, «Мен кен орнының бригадирімін», «Мұнайшының бір күні» және т.б. Олар соған қатысты өз ойларын айтады.

Жалпы, ойын барысында оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі, бір-бірлерінің ойларымен, пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, тексереді, қателерін түзейді және ойында «дұрыс», «дұрыс емес» деген жауап болмайды. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С.Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде, кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Оқытушы ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.


Орыс тілді топтардағы болашақ мамандардың кәсіби тілін қалыптастырудағы технологиялардың маңызы өте зор. Соның нәтижесінде:

- өзінің мамандығы аясында қажетті мәліметтерді игереді;

- өзінің болашақ кәсібі бойынша тілдесуді үйренеді, ойын толық жеткізе алады;

- өзінің қызметіне байланысты терминдердің орысша-қазақша аудармасын, мағынасын түсінеді;

- мамандығына қатысты мәселелерді талқылай алады.

Қорыта айтқанда, XXI ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге белгілі.  Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану күрделі үрдіс болғанымен, ол барлық еңбекті ескеріп, оқытуды қызықты және мазмұнды етеді. Оқушылардың пәнге деген ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдей түседі. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды. Заманауи технологияларды тиімді қолдану – қазіргі заманғы оқытушылардың педагогикалық құзыреттілігінің көрсеткіші. Ұстаз алдындағы ортақ міндет – заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі білім алушы – ертеңгі қызметкер. Сондықтан олардың әрқайсысының қазақ тілін ертеңгі күннің сұраныс деңгейіне сай меңгеріп шығуын қадағалауымыз керек. Біздің міндетіміз әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, ақпараттық технологияны терең меңгерген, бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.











Пайдаланылған әдебиеттер



1. ҚР Білім туралы 2015 жылғы 13 қарашадағы № 398-V Заңы

2. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемелігі» журналы, №1, 2015ж.

3. «Тіл және әдебиет» журналы, №1, 2016ж.

4. «Qazaq-Alemi.kz» сайты, «Қазақ тілін кәсіби мамандыққа қатысты үйрету».

5. Кәсіби қазақ тілі. А.Ақжанова, К.Өтегенова, 2010ж.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!