СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Дәнді дақылдар"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы. Дәнді дақылдар еі әуелі адамзаттың азық-түлік қоры болып табылады. Сонымен қатар, дәнді дақылдар-өндеу өнеркәсібінің шикізат қоры. Дүние жүзі егіншілігінде дақылдардың арасында бидай бірінші орында иеленеді. Дәнді дақылдардың ішінде күріш, жүгері, тары, арпа, т.б. да маңызы зор.

Өсіп- даму ерекшеліктері. Дәнді дақылдар мынандай өсіп-даму кезеңдерінен өтеді:  тұқымының өнуі,  көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану немесе шашақтану, гүлдену және пісіп-жетілу. Тұқымның өнуі үшін ылғал, жылу және оттегі қажет.

Бидай. Бидайдың шыққан жері- алдыңғы Азия, ортаңғы-қазіргі Иран. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде  жұмсақ бидай тараған.  ҚР өсірілетін бидай астығының 80%-дан астам Солтүстік Қазақстан аймағының үлесіне тиеді. Жер шары халқының жартысынан көбі негізінен бидаймен, нан, жұмыр кеспе (макарон), кондитер өнімдері, т.б. қоректенеді.

Топырақты өңдеу. Бидай өсірудегі маңызды агротехникалық шараларының бірі топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу болып табылады. Мұның өзі ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді. Себу мерзімі. Мамыр айының аяғында себіледі. Егінді кұтіп-баптау маңызды рөл атқарады және оның негізгі буындарына арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары жатады.

Бидайдың кең тараған ауруларына тамыр шірігі, қара күйе, септориоз, тот жатады. Оларға қарсы күрес құрамды түрде агротехникалық және химиялық шараларды қарастырады.

Просмотр содержимого документа
«"Дәнді дақылдар"»

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының

«Бөкей ордасы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны















Ашық сабақтың тақырыбы: Дәнді дақылдар













Мамандық: 07161600- Ауыл шаруашылығын механикаландыру

Біліктілік: 3W07161603 Ауыл шаруашылығындағы өндірісінің тракторист-машинисі

Пәні: Агрономия негіздері

Тобы: II курс тракторист машинист

Пән оқытушысы: Каратаева Г.К.










Сайқын 2023 жыл

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік мақсаты: Студенттерге дәнді дақылдар туралы мәлімет беру. Олардың түрлеріне жеке дара тоқталып өту. Білім дағдысын қалыптастыру, алған білімдерін шеберліктерін шыңдау.

  • Дамытушылық мақсаты: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, ойлау шеберлігін дамыту.

  • Тәрбиелік мақсаты: Ұжымдық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға, жоспарлай білуге, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, бейнебаян.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ жүргізу әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: биология.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

- студенттерді түгелдеу және сабаққа әзірлігін тексеру;

- сабақ тақырыбын және тақырыпшасын жариялау;

-cабақтың мақсатын жариялау.

Өткен сабақты қайталау, бекіту.

  1. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерінің түрлері?

  2. Өсімдік ауруларының негізгі түрлері

  3. Жеміс-жидек дақылдарының зиянкестері олармен күрес шаралары

  4. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестермен күресу шараларын ата

  5. Өткен тақырып бойынша қосымша мәлімет жинау


Жаңа сабақ.

Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы. Дәнді дақылдар еі әуелі адамзаттың азық-түлік қоры болып табылады. Сонымен қатар, дәнді дақылдар-өндеу өнеркәсібінің шикізат қоры. Дүние жүзі егіншілігінде дақылдардың арасында бидай бірінші орында иеленеді. Дәнді дақылдардың ішінде күріш, жүгері, тары, арпа, т.б. да маңызы зор.

Өсіп- даму ерекшеліктері. Дәнді дақылдар мынандай өсіп-даму кезеңдерінен өтеді: тұқымының өнуі, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану немесе шашақтану, гүлдену және пісіп-жетілу. Тұқымның өнуі үшін ылғал, жылу және оттегі қажет.

Бидай. Бидайдың шыққан жері- алдыңғы Азия, ортаңғы-қазіргі Иран. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. ҚР өсірілетін бидай астығының 80%-дан астам Солтүстік Қазақстан аймағының үлесіне тиеді. Жер шары халқының жартысынан көбі негізінен бидаймен, нан, жұмыр кеспе (макарон), кондитер өнімдері, т.б. қоректенеді.

Топырақты өңдеу. Бидай өсірудегі маңызды агротехникалық шараларының бірі топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу болып табылады. Мұның өзі ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді. Себу мерзімі. Мамыр айының аяғында себіледі. Егінді кұтіп-баптау маңызды рөл атқарады және оның негізгі буындарына арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары жатады.

Бидайдың кең тараған ауруларына тамыр шірігі, қара күйе, септориоз, тот жатады. Оларға қарсы күрес құрамды түрде агротехникалық және химиялық шараларды қарастырады.

Мысалы, БҚО, Зеленов ауданында «Достық» ШҚ, «Валентина», «Алтын бидай», Тасқала ауданында «Өсімтал», Теректі ауданында «Пойма-агро» ЖШС арпа-бидай өсіру шаруашылығымен айналасады.

Қара бидайдың азық- түліктік мал азықтың маңызы зор. Оның астығы негізінен әр түрлі нан өнімдерін дайындауға пайдаланылады.

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Күздік қара бидайдың тамыры шашақты, топыраққа терең бойлайды, сабағы биіктігі 2м дейін жететін сабан, жапырақтары ланцетті, гүл шоғыры -масақ, жемісі-дән. Оның тұқымы +1-2℃- да өне бастайды, көктеуіне оңтайлысы +6-12℃. Астық дақылдарының ішіндегі қысқа ең төзімді өсімдік: қары мүлде жоқ болғанның өзінде өсімдіктері -25℃ дейінгі аязға дейін шыдайды. Жақсы дамыған тамыр жүйесі мен күзгі және көктем кезеңіндегі ылғалды пайдаланудың нәтижесінде күздік қара бидай төзімді өсімдіктер қатарына жатады. Өсіру технологиясындағы ерекшеліктері: астыққа өсіргенде күздік қара бидайды таза сүрі танабына орналастырған дұрыс. Күздік қара бидай фосфор тыңайтқышын қажетсінеді, көктемде азотты тыңайтқышпен үстеп қоректендіріледі. Оның себу кезеңі 5 тамыз бен 10 қыркүйек аралығы, Солтүстік аудандарда ол ертерек ал Оңтүстікте кештеу. Егін жинау негізінен күздік бидайға ұқсаса.

Арпа астығы халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Одан тағамдық мақсатта әр түрлі жарламалар дайындайды, нан өңдірісінде, сыра қайнату өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар арпа астығы құнарлы мал азығы. Арпа көптеген түрлерді біріктіреді. Кең тараған Егістік арпа. Масақ білігінің кертпесінге орналасқан жемісті масақшасының санына қарай үш түр тармаққа бөлінеді: көпқатарлы, қосқатарлы, аралық. Қазақстанда қосқатарлы арпа кеңінен өсіріледі. Солт. Және Оңт. Қазақстан облыстарында арпаның төмендегідей сорттары аудандастырылған. Арна, Гранал, Донецкий, Кедр, Целинный т.б.

Биологиялық ерекшеліктері. Арпаның тұқымы 1-2℃ жылулықта өне бастайды, егін көлемінің пайда болуына оңтайлы температура +15-20℃. Басқа астық дақылдарына қарағанда арпа құрғақшылыққа төзімдірек. Ылғалмен салыстырғанда арпаның қиын қыстау кезеңі немесе ылғалды барынша көп өажет сінуі сұлыға қарағандаь қысқарақ және түтікке шығу масақтану кезеңіне сәйкес келеді. Осы ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда сұлыға қарағанда арпа кеңінен тараған. Арпа топырақ құнарлығына айтарлықтай жоғары талап қояды, құнарлы және орташа саздақты топырақтар оған барынша жарамды.

Сұлы. Азық түлік және мал азығы үшін өсіріледі. Сұлы астығының диетикалық маңызы бар, әсіресе балалар үшін жарма талқаны өңдіріледі. Астығы бүтіндей өсімдіктері көптеген жануарларға құнды мал азығы болып табылады. Қазақстанда сұлы Солт. Қазақстан аймағында шоғырланған. Сұлының көптеген түрлері бар. Алайда егістеікке кең тарағаны егістік сұлы. Биологиялық ерекшеліктері. Сұлы жылуға талғамы аз дақыл тұқымы +2-3℃ температурада өне бастайды. Дегенмен жаппай және біркелкі көктеуі 12-16℃ температурада жүреді. Арпаға қарағанда құрғақшылыққа төзімділігі төмен. Әр түрлі топырақтарда өсе алады. Бірақ құмдық және кейбір топырақтарда нашар өседі. Кең тараған сорттарына Мирный, Бітік, Синельниковский, скакун, Иртыш т.б. жатады.

Күріш бағалы жармалық дәнді дақыл. Ол дүниежүзілік халықтарынын Қытай, Үндістан, Корея және басқа елдердің халықтары жартысынан астамы сүйіп жейтін тағамы. Өйткені кұріш басқа жармалық дақылдармен салыстырғанда әрі дәмді, әрі сінімді. Оның дәнінде 70% крахмал, 7,5 ақуыз, және шамалы 0,5 май болады. Күріштің сабанынан қағаз, құрылыс материалы, арқан, қап жасалады, сондай ақ одан әр түрлі сәнді қалпақ, үйде киетін жеңіл аяқ киім, еденге төселетін шағын кілемдер, әшекей бұйымдар, балалардың ойыншықтары жасалады. Күріш егісі негізінен Қызылорда облысында орналасқан. Сонымен қатар, ол Алматы обылысында Балқаш, Қаратал аудандарында және Оңт.Қазақстан облысының Шардара ауданында өсіріледі. ҚР күріштің 12 сорты өсіріледі. Олар Авангард, Золотистый, Кубан, Краснодарский, Лазурный, Лима, Маржан, Солнечный, УЗРОС, Уштубинский, Златы, ПАКЛИ.

Тары. Тары маңызды жармалық дақыл. Оның астығын өндеуден алынған жарма дәндік және тағамдық сапасы жөнінен көптеген жармалардан асып түседі. Жарманың құрамындағы жоғары мөлшерде ақуыз бен майлар болады. Траы жеңіл қорытуымен жақсы сіңімділігімен ерекшеленеді. Тарының мал ақызтық маңызы да зор. Тары Павлодар, Қостанай облыстарында өсіріледі. Тары бір жылжық өсімдік. Тамыры шашақты, сабағы сабан, жапырақтары ланцетті, гүл шоғыры шашақ. Тарының биологиялық ерекшеліктеріне мыналар жатады: жылусүйгіштігі, құрғақшалақпен аптап ыстыққа төзімділігі. Қоректену элементтері жоғары қажетсінуі, арамшөптерге өте сезімталдығы. Пісіп жетілу кезеңі созылыңқылғы.

Жүгері. Жүгері мүмкіншілігі мол дақыл.Сондықтан ол жан жақты пайдаланылады. Ол тамақ өнеркәсібі үшін аса маңызды дақыл. Өйткені оның дәнінде 60-80%-ға дейін крахмал, 10-40% ақуыз және 6-8% майлы заттар.Жүгерінің дәнінен ұн, сапасы жоғары жарма қауыз дайындалады. Жүгері ұнының нан пісіргенде бидай мен қара бидайдың ұнына қосып пайдаланады. Жүгерінің қантты сортынан сүттену кезеңінде жинап консервы жасайды. Берік жемшоп қорынын жасауда да жүгерінің маңызы зор. Жүгерінің дәні малдарға құнарлы жем. Дәнімен қатар көп балаусасы да құнды мал азығы. Одан сапасы сүрлі дайындалады. Жапырақтары мен қураған сабақтары пішен ретінде малға беріледі. Сонымен қатар одан спирт, сірке қышқылы, ацетон, глицерин, түрлі бояғыш заттар алынады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда обл.суармалы жерлерінде егіледі.

Сабақты қорытындылау.

  1. Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы.

  2. Бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы.

  3. Арпа мен сұлының азық-түліктік және мал азықтық дақыл ретіндегі маңызын сипаттау.

  4. Тары және қарақұмық. Маңызы, егілетін аудандары, өнімділігі, сорттары.

  5. Күріш. Маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі, сорттары.

Үйге тапсырма. 2 бөлім, 147 бет.

Әдебиет. «Агрономия негіздері» Қ.Әрінов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов, Н.Серікпаев, И.Жұмағұлов, «Агрономия негіздері» Қ.Ш.Жаңабаев, С.С.Арыстанғұлов.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!