СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тарих семей полигон

Нажмите, чтобы узнать подробности

Семей полигонының инфрақұрылымы

Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Сары-Өзен», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

The various facilities grouped inside the Semipalatinsk Test Site

Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий БерияСергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темірмысмагний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Суарылған ядролық темірмен

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Невада - Семей

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін РесейдіңАҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Просмотр содержимого документа
«Тарих семей полигон»

ғылыми техникалық прогресс және 1965 жылғы экономикалық реформалар

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.
Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.

1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді.

Ғылыми-техникалық прогресс. Бұл шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қолайсыз бағытта өрістеуін белгілі бір уақытка тежеп, экономикадағы хал-ахуалды жаксарту үшін жаңа алғышарттар калыптастырды. Мұндай қажеттілік 60-жылдардың бас кезінде, КСРО қуатты экономикалық және ғылыми әлеуетке ие болған кезде пісіп-жетілді. Ғылымның дамуының ерекше жетістігі - 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет гарышқа сапар шегуі болды. Бұл тарихи оқиға экономиканы ғылыми-техникалық революцияның жетістіктеріне сүйенген ғылыми- өнеркөсіптік өндіріске көшіруді бастаудың кажеттігін көрсетті. Бұл окиғаның құрметіне казақтың жас ақыны Олжас Сүлейменов «Адамға табын, Жер, енді!» атты поэмасын жазды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ғылыми-техникалық Комитет республиканың Мемлекеттік Жоспарлау комитетімен (Госплан) бірге өнеркәсіп салаларында жаңа техниканы енгізу жоспарын жасады. Жаңа техниканы еңгізу жоспарлары әрбір кәсіпорында да түзілді. Асығыс түрде техникалық прогреске жәрдем- десу жөніндегі арнайы комиссиялар құрыла бастады. Олар өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының орындалуын бақылауға тиіс еді. Осы мақсаттар үшін ғылыми-техникалық коғамдар, конструкторлық бюролар, өндірістік кеңестер құрыла бастады. Өнертапқыштар мен жаңашылдар жұмысы серпінділік алды. Олардың қызметін жаңдандыру үшін сыйақы қоры құрылды.

Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі - өндірісті электрлендіру деп танылды. Жұмыс істей бастаған Қарағандының 2-ГРЭС-і мен Бұқтырма СЭС-тері жоғарғы техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленді. Ұзындығы 45 мың км-ден астам электр тасымалдаудын, жоғары қуатты желілері республиканы барлық бағыттар бойынша көктей қиып өтті. Салаларды техникалық жағынан қайта жарақтандыру көмір өнеркөсібінде де енгізілді. Көмір өндірудің барлық процестері негізінен механикаландырылды. Қондырғыларды автоматтандыру «Қарағандыкөмір» комбинатында 2700 адамды босату мен комбинат бойынша еңбек өнімділігін 6% арттыруға мүмкіндік берді. Екібастұз көмір кесіндісі ірі кен өндіретін кәсіпорынға айналды. Мұнда көмір әндіру ашық әдіспен жүзеге асырылып, жұмысқа қуатты экскаваторлар пайдаланылды. М.И.Калинин атындағы Шымкент ұсталық-сығымдау (пресс) қондырғылары зауытының, жұмыс технологиясы жақсартылды. Озық технологиялық процестерді дайындау мен оны өндіріске еңгізу үшін 1965 жылы Ащысай полиметалл комбинаты жұмысшылары мен республика ғалымдарының үлкен бір тобына Лениндік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Мұнай өндіру, мұнай өңдеу, іздестіру-барлау жұмыстарының технологиясы тұтастай өзгерді. Техникалық прогресс өнеркәсіптің басқа салаларын да қамтыды.

Өнеркәсіптің даму қарқыны. Техникалық прогрестің негізінде республика үшін өнеркөсіптің жаңа салалары дами бастады. Республика титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар шығара бастады. Өскемен конденсатор және Кентау трансформатор зауыты, Семей кабель зауыты тәрізді электротехникалық машина жасаудың ірі кәсіпорындары қатарға қосылды. Павлодар машина жасау зауыты трактор зауыты болып қайта құрылды. Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналды. Маңғыстаудағы мұнай және газ кең орындарын игеру женінде ірі шаралар жүзеге асырылды. 1965 жылы Өзен кен орны өзінің бірінші мұнайын берді.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі жаңа кәсіпорындармен толықты. Алматы, Шымкентте мақта-мата өнеркәсібі кәсіпорындары, ал Жезқазған, Семей, Ақтөбеде - тоқыма фабрикалары іске қосылды. Азық-түлік енеркәсібі көсіпорындары Жамбылда (қазіргі Тараз), Теміртауда өнім бере бастады. Бесжылдықта экономикалық күш-қуат едәуір өсті. Өндірістік корлар екі еседен астам артты.

1965 жылғы шаруашылық реформасы бойынша жасалған қадамдар техникалық жағынан қайта жарақтандыру, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі мәселелерді шешуге ынталандырды. Кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылып, шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тетіктер жұмыс істей бастады. Әрбір қызметкер мен бүтіндей кәсіпорынды материалдық жағынан ынталандыруға баса назар аударылды.

1966 жылы Қазақстанда жоспарлаудың жаңа тәртібіне 11 өнеркәсіп орны, оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматыдағы «Жетісу» аяқ киім фабрикасы т. б. көшті. Басқарудың жаңа формаларына өткен көсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады, олардың қайтарымдылығы да артты. Сол кезде шаруашылық жүргізудің мұндай формасына басқа кәсіпорындарды да көшіру жөнінде шешім қабылданды. 1967 жылдың соңында онымен 193 көсіпорын, яғни республикадағы барлык енеркәсіп орындарының 10%-ы жұмыс істеп, онда барлық жұмысшылардың төрттен бір бөлігі қамтылды, олар жалпы өнеркәсіп өнімдерінің үштен біріне жуығын өндірді. Келесі екі жылда 13 министрлік пен ведомство өз кәсіпорындарын шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесіне көшіруді толық аяқтады. 1970 жылға карай көсіпорындардың 80%-ынан астамы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеді. Қолға алынған шаруашылық реформасы кәсіпорындар, құрылыс пен көлік жұмысын жандандыра түсті.

70-жылдардың екінші жартысы

1970 жылға қарай КСРО халық шаруашылығында көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту мен қара металдарды прокаттаудың меншікті үлесі өсті. Республика қорғасын, мыс пен титан өндіруден бүкілодақтың өнімнің басым бөлігін берді. Сол уақытта мұнай өндіру мен химия өнеркәсібі жалпы одактық маңызға ие болды.

Жаңа енеркәсіп аудандарының қалыптасуы мен дамуы, жаңа кең орындарын игеру жүзеге асты. Маңғыстау түбегіндегі мұнай кең орындарын игеру жылдамдатылған қарқынмен жүргізілді. Каспий теңізінің жағасында, Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласының жанында дүние жүзінде тұңғыш реәт су тұшытатын атомдық қондырғы орнатылды. Республиканың жеңіл енеркәсібі тез қарқынмен дамып, тек бес жылдың ішінде жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 14 ірі фабрикалары мен комбинаттары қатарға қосылды.

60-жылдардағы өнеркөсілтің даму қарқыны республика қартасында жаңа қалалардың пайда болуына себепші болды. Жаңа қалалардың салынуы пайдалы қазбалар мен ірі кен орындарымен байланысты еді. Бұрынғы жұмысшы кенттері қалаларға айналды немесе Қостанай облысындағы Рудный қаласы, Маңғыстаудағы Ақтау қаласы тәрізді қайтадан тұрғызылды. Қала тұрғызуда шешуші рөлді әр түрлі ведомстволар атқарды. Пайдалы қазбаларды ендіру орындарында жұмыс істеу үшін елдің барлық түкпірінен жұмысшылар тартылды. Нәтижесінде республиканың демографиялық жағдайы бұрынғыданда қиындап кетті. Мәселен, 1959-1964 жылдары Қазақстанға жылына орта есеппен 64 мың адам келген болса, 1965-1975 жылдары Қазақ КСР халық шаруашылығына басқа республикалардан 115 мың адам келіп қосылды.

Жас қалалардың құрылысын жылдамдатуды ведомстволар республиканың өзіндік ерекшеліктері мен ұлттық мүдделерді есепке алмастан жүзеге асыра бастады. Нәтижесінде олар сәулетшілік жағынан бір-біріне егіздің сыңарындай ұқсас болып, аймақтың географиялық және тарихи өзгешелігін мүлдем бейнелей алмады. Кептеген қалаларда экологиялық қорғау, өндіріс қалдықтарын өңдеу мен жою жөніндегі шаралар ойластырылмады. Ұзақ жылдар бойы өлеуметтік проблемалар шешімін таппай, адамдар оңдаған жылдар бойы баспана алуды күтумен болды. Бұның арасында жұмысшы табы санының өсуі одан әрі жалғасып, оның жұмыспен қамтылған халыктың құрамындағы үлес салмағы 1959 жылғы 47,9%-дан 1970 жылы 57,6%-ға көтерілді. Қызметшілердің үлес салмағы да өсіп, колхозшылардың саны қысқарды.

Өнеркөсіптің дамуы мен мұнайлы аудандарды игеруге байланысты Қазақстанда темір жолдар қызу қарқынмен салынды. Бұл жылдары көліктің: әуе, су, құбыр, әсіресе, автокөлік түрлері дамыды. Автомобиль көлігінің материалдық-техникалық базасы нығайды. 1970 жылы Қазақстандағы тас тәселген автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 40 мың шақырымға жетті. Алматы, Жамбыл, Көкшетау, Ақмолада (қазіргі Астана) автомобиль жөндеу зауыттары салынды. 12 облыс орталығында жаңа автовокзалдар іске қосылды. Қаржының өсуі, қазіргі заманғы техниканы еңгізу байланыстың әр түрін дамытуға мүмкіндік берді. Қалалық, телефон станцияларының қызмет көрсету дәрежесі екі есе ұлғайды. Республиканың он облыс орталығы фототелеграф байланысымен қамтылды. Хат-хабарларды еңдеуді механикаландыру мен автоматтандырудың нәтижесінде хат, газет, журналдарды жеткізу елеулі жылдамдады.

Көптеген елді мекендерде коммуналдық жағдайлары бар сапалы үйлер салынып, жолдарға асфальт төселді, ауылдар көгалдандырылды. Бірқатар шағын елді мекендер мен шопан үйлеріне электр жарығы жеткізілді. 1976 жылы Петропавл жылу-электр орталығының іске қосылуымен Солтүстік Қазақстан республикадағы толық электрленген өлкелердің біріне айналды. Село (ауыл) еңбекшілерінің тұрмыс дәрежесі сапалық жағынан жақсарды. Мәселен, 1970 жылдан 1975 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақтас шағын ауылында 8 жылдык мектеп үйі, клуб, медицина пункті, монша, оннан астам тұрғын үйлер салынып, іске қосылды.

И. Худенконың шаруашылықты басқарудағы жаңа әдісі. 70- жылдары республика ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірқатары шаруашылық жүргізудің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді. Сондай адамдардың бірі - И.Н.Худенко еді. Еңбекшіқазақ ауданындағы «Іле» совхозын, кейін Алматы облысы Күрті ауданының «Ақши» совхозын басқарған ол ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын еңгізе бастады. Мысалы, ол сол кездің өзінде фермерлік шаруашылықты дамытуға әрекеттенді, қағаз- бастылықты құрт азайтып, шаруаларға бірқатар еркіндіктер берді. Совхоздағы жағдай анағұрлым жақсарып, еңбек өнімділігі артты, тәртіп нығая түсті. Мұндай бастама бұрынғыша шаруашылық жұргізудің ескі әдістерімен бұйрық беріп, өмір етуге үйренгендерге ұнауы мүмкін емес еді. Совхозға бірінен соң бірі республика Ауыл шаруашылығы министрлігінен бастап партияның аудандық, облыстық комитеттерінен әр түрлі комиссиялар жиі келе бастады.

И.Н.Худенконың тиімді әрі болашағы зор әдісінің тамырына балта шабылды. Оған қоса оның ісі сотқа беріліп, сотталды. Түрмеге отпырғызылған И.Н.Худенко сонда қайтыс болды. Тек бірнеше жылдан соң, елде қайта құрулар басталған кезде И.Н.Худенко Қазақ КСР Жоғарғы Соты алқасының шешімімен ақталды.

ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақстан

XX ғасырдың 60—70-жылдарына қарай, ең алдымен А.Н. Нүсіпбековтің, С.Б. Бәйішевтің, С.А. Нейштадттың, Б.Н. Әбішеваның, М.Х. Асылбековтің, Н.Г. Панның, С.Б. Нұрмұхамедовтің, В.К. Савоськоның, Р.Б. Сүлейменовтің, А.Е. Ержановтың және басқалардың монографиялық зерттеулерімен байланысты экономиканы, республика өнеркәсібінің даму тарихын зерттеу проблематикасының ауқымы айтарлықтай кеңейді. Жекелеген фабрикалар мен зауыттардың тарихын зерттеумен бір мезгілде, ғалымдар жұмысшы кадрлардың, оның ішінде ұлттық кадрлардың қалыптасу мәселесіне көңіл аударды.

Бұл ретте академик А.Н. Нүсіпбековтің «Қазақстандағы кеңестік жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы» (А., 1966) атты іргелі монографиясын және ғалымның басқа да зерттеулерін ерекше атап өтуге болады, бұл еңбектерде XX ғасырдың 20-40-жылдарында республикадағы кәсіби жұмысшыларды дайындау үрдісі отандық тарихнамада алғаш рет егжей-тегжелі сараланды. Республика жұмысшы табының тарихы «Қазақ КСР тарихы. Социализм дәуірі» (А., 1963, 1967); «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктері» (А., 1963) тәрізді іргелі енбектерде көрініс тапты. Аталмыш проблемаға арналған жұмыстардың ішінде М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмүхамедов, Н.Г. Панның «Қазақстандағы жұмысшы табы индустриялық кадрларының өсуі (1946—1965 жылдар)» [5].деп аталатын ұжымдық монографиясын айтуға болады. Сондай-ақ М.Х. Асылбековтің теміржол көлігі кадрларын, оның ішінде ұлттық кадрларды дайындау үрдісі алғаш рет талданған «Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы мен дамуы (1917-1970)» (А., 1973) деген монографиялық зерттеуін айта кету керек.

Жоғарыда аталған жұмыстардың жарық көруі зерттеу аясы мәселесінің тарихнамасын елеулі түрде байытты. Оларда республика жұмысшыларының құрамында болған сандық және сапалық өзгерістер көрсетілген. Бұл ретте өнеркәсіпте, құрылыста және көлік қатынасы саласында жұмыс істейтін нақты индустрия жұмысшыларына ерекше назар аударылды. Республика жұмысшы табының жекелеген отрядтарының қалыптасуы мен дамуы, оның мәдени техникалық деңгейі тақырыбын зерттеу дағдылы іске айналды. Социалистік жарысты ұйымдастыру, жұмысшылардың еңбекке деген құлшынысына арналған көріністер сол жылдар зерттеулерінен көрнекті орын алды [6].

Авторлар ұжымының «Лениндік идея туы астында (Қазақстандағы пролетарлық революция мен социализмның жеңісі жолындағы күреске партиялықбасшылықтың тәжірибесінен)». (А., 1973); «Капитализмге соқпай социализмге апарар жол (1917-1937 жылдары Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген социализм кұрылысы мәселесі бойынша КОКП-ның тарихи тәжірибесі)» (М., 1974) деп аталған еңбектері Қазақстандағы социалистік құрылыс проблемасыныңтарихнамасында үлкен рөл атқарды. Оларда 1926—1937 жылдары республикада жүргізілген социалистік құрылысқа басшылық жөнінде айтарлықтай нақты-тарихи материал қамтылған. 1987—1988 жылдары академик М.Х. Асылбековтің жетекшілігімен жарық көрген авторлар ұжымының «Кеңестік Қазақстан жұмысшы табының тарихы» деп аталатын 2 томдық еңбегінде бай фактілік материалдар негізінде Қазақстандағы өнеркәсіп құрылысы мен жұмысшы кадрлардың қалыптасу үрдісі кешенді түрде зерттелінді. С.К. Жақыпбековтің «Жеңіл индустрия тарихы» (А., 1984) монографиясында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің даму тарихы қарастырылды.

Алайда, айта кету керек, аталған проблема бойынша тарихи білімнің қордалану үрдісі Компартияның идеялық-саяси басшылығымен тікелей байланысты болды, сондықтан Қазақстан өнеркәсібі дамуының тарихы, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы айқын белгіленген партиялық нұсқаулар тұрғысынан қарастырылды. Тарихнамалық еңбектерде «зерттеушілердің негізгі міндеті партияның өсіп келе жатқан басшылық және бағыттаушылық рөлін көрсетуде, КОКП-ның лениндік ұлтсаясатын бұрмалаушы буржуазиялық жалған сыншыларға соққы беруде» [7].екендігі атап айтылды.

Сол кездегі зерттеулердің тұғырнамалық көзқарастары мен бағыттарын неғұрлым толық бейнелейтін тарихи-партиялық жұмыстар аталмыш проблема бойынша кеңестік кезеңдегі жүмыстардың негізгі шоғырын құрағандығы кездейсоқ емес. Деректемелік негіздің кеңеюі проблеманы зерттеудің дерекнамалық жағын байытты, алайда үстем идеологияның қатаң шектеуі оқиғалар мен құбылыстарға объективті талдау жасауға мүмкіндік бермеді.

Жоғарыда аталған үрдіс, большевиктік тұғырнама бойынша «республиканың аграрлық саласын социалистік қайта құрудың» бірден-бір мүмкін сара жолы деп саналған ұжымдастыру тарихына қатысты жұмыстарда да барынша айқын көрініс тапты. Бұл проблеманың тарихнамасында 30-жылдардан бастап, шамамен 80-жылдардың сонына дейін «ауыл мен селоны социалистік қайта құру» тұжырымдамасын он бағалаған бірынғай тұғырнама үстемдік етті.

Айта кету керек, XX ғасырдың 20-жылдарының басындағы аграрлық секторды түбірлі өзгерістерге дайындаудың бастапқы кезеңінде әдебиеттерде республиканың ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын анықтауға сәйкес екі көзкарас орын алды. Радикалдық бағытты жақаушылар «1925 жылға дейін қазан төнкерісінің ауылмен ісі... болмады», «Қазан дауылы ауылға соқпай, оны жанап өтті» деген оймен, көшпелі ауылды қысқа мерзім ішінде отырықшыландыру қажет деп санады. Осы себептен байларды түбірімен жоюды, көздеген мақсатқа жетудің алғышарты ретінде қарастырды. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылык ауылды социалистік қайта құруға кедергі келтіреді деген тұжырымдамаға сүйене отырып, радикалды бағытты жақтаушылар тек өндіріс құралдарын (малды) қайта болу ғана кедейлердің орташаға айналуына мүмкіндік туғызады, ал отырықшылыққа көшу — өркениет жолы деп есептеді [8].

Қазақ ауылын өркендетудің дәстүрлі баламалы жолын жақтаушылар объективті талдауларды негізге ала отырып, материалдық-техникалық базаның болмауы және өндіргіш күштердің жеткіліксіз дамуы жағдайында байырғы тұрғындарды шұғыл отырықшыландыруға және экстенсивті мал шаруашылығын шектеуге жол беруге болмайды деп санады. Олар қазақ шаруаларының әлеуметтік жіктелісінің әралуандығын жоққа шығармай, байшылдыққа экономикалық әдістермен шек қоюдың мүмкіндіктерін қарастырды. С. Сәдуақасовтың сөзімен айтқанда, «қазіргі кезде ел тіпті де сілкіністерді тілеп отырған жоқ, керісінше, жасампаздық жұмыстарды күтеді және оны жаңа экспроприациялар емес, енбек пен ғылым ғана құтқарады» [9]. деген сындарлы тұжырым айтылды. Алайда бұл тұжырымға бірден тойтарыс берілді және оны жақтаушылар буржуазиялық ұлтшылдарға жатқызылды. Іс жүзінде 50-жылдардың орта тұсына дейін аграрлық тақырып ұжымдастыру науқанының қорытындыларына және деревня мен ауылды социалистік қайта құрудағы Компартияның жетекшілік рөліне негізінен он баға берді. Қазақстандық тарихнама да бүкілодақтық тұғырнамалық көзқарасқа арқа сүйеді. Зерттеушілік жұмыстар республикадағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды жүзеге асыру, ұжымшар қозғалысын дамыту жөніндегі жаңа материалдармен толыққан көптеген диссертациялар және монографиялар санының өсуімен сипатталды [10].

Сонымен қатар кейбір зерттеулерде (А.Б. Тұрсынбаев, А.П. Кучкин және басқалар) жаппай ұжымдастыру барысында кездескен жекелеген жағымсыз салдарлар туралы мәселе де ішінара қозғалды, бірақ бұл шаралардың қажеттігі туралы негізгі қорытындыны теріске шығармады [11]. Бұл тұғырнама ұзақ жылдар бойы басым идея болып қала берді.

60—80-жылдар әдебиеті ұжымдастыру проблемасына жаңаша көзқараспен сипатталады. Ұжымдастырудың бірқатар жақтары сынға алынып, оны жүргізу барысындағы келеңсіз құбылыстар ашылды. Алайда көшпелі және жартылай көшпелі өндірістен социалистік жолға түсу мәселесі бойынша негізгі қағидалар қайта қаралған жоқ [12]. Осы ретте 30-жылдардағы ашаршылықтың қайғылы қасіреттері, қазақ ауылының дәстүрлі өмір сүру қалпын бұзудың ауыр салдарлары, адамгершіліктен тыс жүргізілген шаруақожалықтарын ұжымдастыру әдістеріне тұрғындардың қарсылық білдіруі, бүкіл республиканы дерліктей қамтыған көтерілістер мен бас көтерулерде зерттеушілердің назарынан тысқары қалды. Шаруалардың наразылық қозғалыстары бұрынғыша «бай-құлақтардың қарсылығы, бандиттік-басмашылық әрекеттер» т.б. ретінде бағаланды. Өзгеріс тек 80-жылдардын соңында ғана байқалды. XX ғасырдыцң 80-жылдарының сонындағы тарихи білімдерді идеологиясыздандыру Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын зерттеу саласында қарқынды зерттеушілік ізденістер кеңістігіне шығуға мүмкіндік берді. Бұл ретте теориялық тұғырнамалық бағыттардың тұтас бір объективті қатары қалыптасты, жаңа ғылыми-танымдық және әдіснамалық аппарат игерілді.

80-жылдардың соңында қазақстандық тарихнамада алғаш рет Ш .Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары күштеп ұжымдастыру, байларды тәркілеу, саяси қуғын-сүргін, 1931-1933 жылдардағы жаппай аштық, шабындықты-көшпелі шаруашылық кешенін және бүкіл дәстүрлі агроқұрылымды күйрету жағдайларымен байланысты трагедиялық оқиғаларды кешенді түрде зерттеуге кірісті [13]. 1988 жылы алғаш рет академик М.К. Қозыбаевтың бастамасымен «Қазақстанда және Орта Азия республикаларында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: тәжірибе және проблемалар» атты Бүкілодақтық ғылыми конференция ұйымдастырылып, онда 20-30-жылдар басындағы трагедияның себептері мен салдарлары талқыланды [14].

Академик М.Қ. Қозыбаев жетекшілік етіп, құрамына ғалымдар К. Нұрпейісов, Ғ.С. Сапарғалиев, Ж.Б. Әбілғожин, М.К. Қойгелдиев, К.С. Алдажұманов, Т.О. Омарбеков, М.Б. Тәтімов, В.К. Григорьев, Ю.И. Романов, М.Ж. Хасанаев және басқалар енген К.Р Жоғарғы Кеңесі арнаулы комиссиясының (1991 жыл) жұмысы нәтижесінде бұрын құпия жатқан құжаттар ашылып, 30-жылдардағы аштық пен саяси қуғын-сүргіннің қаралы ақиқатын зерделеуге қол жеткізілді. Осымен бір уақытта, 90-жылдардың басынан, Қазақстанға көшіріліп әкелінген халықтардың тарихы да зерттеле бастады. 90-жылдардың бас кезінде алғаш рет мемлекеттік деңгейде қуғын-сүргінге ұшырағандарға және ұжымдастыру мен жаппай террор кезеңінде зардап шеккендерге қатысты зерттеулер жүргізу және әділетті қалпына келтіру проблемалары күн тәртібіне қойылды. 1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының қазірде қолданыстағы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданды.

Жалпыға мәлім болғандай, КСРО-ның әр түрлі аймақтарына еріксіз көшірілген миллиондаған арнайы қоныс аударушылар проблемасы секілді, кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін, ұжымдастыру науқаны тұсындағы халықтардың жаппай қырылуы туралы да мүлде айтылмай келді. И.В. Сталин қайтыс болғаннан кейін және Л. П. Берия саяси аренадан кеткен соң 50-жылдардың ортасында басталған жаппай саяси қуғын-сүргін кұрбандарын ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді. Оның үстіне, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау барысында сан мыңдаған қарапайым адамдарды, сондай-ақ белгілі мемлекет пен қоғам қайраткерлерін, ғылым мен мәдениеттің аса көрнекті өкілдерін жаппай қудалауға негіз болған нақты себептер мен жағдайлар атап айтылмады және ашып көрсетілмеді. Мұның бәрі «Олар И. Сталиннің жеке басына табынудың кұрбаны болды» деген желеу сөзбен бүркемеленді. Сөйтіп ол кезде «30-жылдардағы саяси қуғын-сүргін» ұғымының өзіне де баға берілмеді, тоталитаризмнің реакциялық мәні ашылмады, ал режимнің репрессиялық саясатына қарсылық білдіру, 20-30-жылдар соңында жаппай ұжымдастырылған аудандарда бұқаралық көрініс алған шаруалар бүліншілігі мен көтерілістері туралы тіпті сөз де болған жоқ. Сонымен қатар ішкі оппозицияға және БК(б)П мен Кеңес үкіметінің жоғарғы эшелонындағы әр алуан жіктерге қатысушылар троцкийшілдер, оңшыл оппортунистер және басқа «партияға қарсы топтар» деп аталатындарға жатқызылып, соған сәйкес олар ешқандай да ақтауға жатпады. Большевиктік емес партиялар мен қозғалыстардың бұрынғы мүшелерінің істері де дәл осындай күйде қалды. Сол қатарға Алаш ұлт-азаттық қозғалысы мен «Алашорда» автономиясына қатысушылар, «IV Бүкіл украиндық Рада», «Милли Фирка», «Иттихат ва-Таракки» және 1917 жылғы төңкеріс пен Азамат соғысы кезеңінде Ресейдің ұлттық шет аймақтарында қызмет еткен көптеген басқа да саяси топтар мен құрылымдар да жатқызылды.

Оның үстіне, 60-жылдардың ортасынан бастап, Н.С. Хрущев КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің торағасы қызметтерінен алынғаннан кейін, 30-50-жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы айтылғандар баспасоз бен оқулықтардың беттерінен біржола көрінбей кетті. Сонымен, демократиялық үрдістер КСРО-ның барлық аймактарын камтыган 80-жылдардын соңына дейін саяси қуғын-сүргін тарихының проблемалары, 20—30-жылдардағы ашаршылық, тұргындардың аштықтан жаппай қырылуы, тұтас халықтар мен этникалық топтардың еріксіз қоныс аударуы және кеңестік кезеңдегі басқа да қайғылы проблемалар туралы ешқандай ғылыми жұмыстар жүргізілмеді.

Өзгеріс тек 80-жылдардың соңында, қоғамдық күштердің талап етуімен мерзімді баспасөз беттерінде саяси қуғын-сүргін кұрбандары туралы жарияланымдар қайтадан көріне бастаған кезде кылаң берді, тек сонда ғана ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен тұрғындардың аштықтан жаппай қырылуының шынайы тарихын қалпына келтіру туралы мәселе алғаш рет қойылды. 80-жылдардың соңында академик Б.А. Төлепбаевтың, ол кезде ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті К. Нұрпейісовтің дарихшы-ғалымдар М.К. Қойгелдиевтің, В.К. Григорьевтің, әдебиеттанушы Т. Кәкішевтің және басқалардың бастамасымен, XX ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі Алаш қозғалысы және Алашорданың алатын орны мен рөлі туралы мәселе алғаш рет талқыланды. Көп ұзамай Ш. Кұдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және басқа да көптеген ұлттық мәдениеттің аса көрнекті өкілдері, Алаш қозғалысының көсемдері мен мүшелері ақталды. Олардың шығармашылық мұралары көп жылдар өткеннен кейін қайтадан халықтың рухани игілігіне айналып, қоғамдық пікірде үлкен дүмпу тудырды. Алаш азаматтарын саяси тұрғыдан ақтауға (олардың қылмыстық-азаматтық істері, қылмыс құрамы жоқ болуына байланысты, 60-жылдардын бас кезінде-ақ тоқтатылған болатын) республиканың мемлекет және қоғам қөайраткерлері, сондай-ақ сол кезде Қазақстан Компартиясы ОК комиссиясының құрамына енген ғалымдар Ө. Жәнібеков, Ә. Кекілбаев, Ж.М. Әбділдин, Р.Б. Сүлейменов, Ә.Т. Қайдаров, Р.Ғ. Сыздықова, С.А. Қасқабасов, С.С. Қирабаев және басқалар көп күш салды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі арнаулы комиссиясының (1991 жылы қарашада құрылған) қызметі арқасында бұрын мұрағаттарда құпия жатқан құжаттар көтерілді, олардың ішінде ОГПУ-НКВД мұрағаттары, БК(б)П ОК және Қазақстан К(б)П ОК-нің «Ерекше папкаларда» сақталған материалдары да бар. 20—30-жылдары кеңестік азаматтарды аса ауқымды түрде саяси қуғындау мен ізіне түсу әрекеттерін жүргізуге негіз болған партиялық және мемлекеттік органдардың заңды бұрмалаушылық актілері мен қаулыларына баға берілді. Қазіргі кезде бұл жұмыстардың нәтижелері көпшілікке белгілі болып отыр. Комиссия жұмысының қорытындыларын Жоғарғы Кеңес қуаттады, комиссия қорытындысы 1992 жылдың 21 және 22 желтоқсанында республикалық баспасөз беттерінде жарияланды.

Кейінірек, комиссия жұмысының материалдары негізінде «1931-1933 жылдары Қазақстанда болған күштеп ұжымдастыру мен ашаршылық» (А., 1998) деп аталатын құжатты жинақ жарық көрді. Қазақ тілінде К.Н. Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» (А., 1995), М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (А., 1995), Т. Омарбековтің «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті» (А., 1999) атты терең мазмұнды монографиялары, орыс тілінде Ж. Әбілғожиннің «Очерки социально-экономической истории Қазақстана» (А., 1999) және басқа көптеген сындарлы ғылыми еңбектер шықты. Осымен бір уақытта 90-жылдардың басынан, Қазақстанға қоныс аударылған халықтардың тарихы қоса зерттелді. Корейлердің депортациясы туралы Г.В. Кан мен Г.В. Кимнің кітаптары бүгінде зерттеушілер мен көпшілік қауымға кеңінен таныс. Күштеп қоныс аударылғандар туралы басқа да зерттеушілердің кітаптары мен жарияланымдары жарық көрді (,қараңыз: «Депортированные в Қазақстан народы: история и судьбы», А., 1998; «Депортация народов и проблемы прав человека», А., 1997; және басқалар).

Кеңестік қуғын-сүргін мен қатаң идеологиялық қысым кезеңі тұлғаларының тарихи келбетіне баға беру тарихнамадағы жаңалық саналды. Мұның алғашқы сүрлеуі әйгілі тарихшы Е.Б. Бекмахановтың қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы мәселесіне қатысты ғылыми тұғырнамасын саралаған С.Ф. Мәжитовтің зерттеуі арқылы салынды. Сөйтіп 90-жылдардың басында 30-жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандарға, сондай-ақ ұжымдастыру мен жаппай террор кезеңінде зардап шеккендерге қатысты әділеттілікті қалпына келтіру және тақырыпты тыңғылықты зерттеу мәселесі алғаш рет мемлекеттік денгейде күн тәртібіне қойылды [15].

Қазақстан аумағындағы Н КВД лагерьлері Бас басқармасының қызметі мен тарихын зерделеуге байланысты жұмыстар зерттелінетін проблеманың құрамды бөлігі етіп алынды. Лагерьлер тарихы Д. Шаймұханов пен С. Шаймұханованың «КАРЛАГ» (Қарағанды, 1999), А.Р. Кукушкинаның «АЛЖИР» (Қарағанды, 2000), С. Дильмановтың «Қазақстан аумағындағы НКВД - КСРО ПМ-нің енбекпен түзеу лагерьлері» (А., 2002) монографияларының зерттеу нысанына айналды. Ғалымдар ұжымы (А. Росляков, Г. Молдаханова, А. Оразбаев, С. Орынбаев, Ж. Байсалбаева және басқалар) «Қазақстан қауіпсіздік органдарының тарихы» (А., 2003) атты көлемді монография шығарып, 20-50-жылдардағы саяси қуғын-сүргін жағдайын ауқымды түрде құжаттық негізде зерделеді. Айта кету керек, саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу, оның құрбандарын ақтау мәселесінде қазақстандық «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы үлкен жұмыс жүргізуде. «Әділет» қоғамы өзінің алғаш құрылған сәтінен бастап ғылыми семинарлар мен конференциялар өткізуге, деректік жинақтар мен кітаптар шығаруға ұйытқы болды.

«Әділет» тарапынан Алматыда және бірқатар облыстарда 20-40-жылдары атылғандардың тізімі - «Книга скорби - Азалы кітап» жарық көрді. Қазіргі кезде мұндай кітаптар Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстары (3-басылым, 1996, 1999, 2004), Манғыстау облысы (1998), Актөбе облысы (1997) бойынша қайта басылып шықты, бұларда барлық қуғын- сүргінге ұшырағандар, оның ішінде атылғандар туралы деректі мәліметтер берілген. «Тағзым кітабы» («Книга скорби»), Карағанды (2001), Шығыс Қазақстан облыстары (2002) және басқа аймақтар тізімдері бойынша да жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдың «Жалпы ұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталуы саяси қуғын-сүргін тарихының проблемаларын зерттеуге үлкен серпін берді. Саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу елімізде тарихшы-ғалымдар мен ұлт зиялылары тарапынан қызу қолдау тапты. Т. Омарбеков пен К. Алдажұмановтың зерттеулерінде 20-30-жылдардағы күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілістері мен қозғалыстар ауқымы алғаш рет көрсетілді. Қазақстанның барлық облыстары бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандардың мәліметтер қорын жасауға қатысты жұмыстар жүргізілді. Зерттеуші С.Ә. Жәкішева бұл мәліметтерді ТМД елдерінің «Қайта оралған есімдер» атты бірыңғай электронды құжаттар қорына енгізді (Мәскеу қаласы).

Кеңестік кезеңде қазақстандық тарихнама өзінің бүкіл қызметі барысы бойында «мәдени революцияны — социалистік революцияның құрамды бөлігі, социалистік құрылыстың маңызды заңдылығы ретінде» қарастырды. Қазақстандағы мәдени жаңғырудың тарихи шынайы болмысын зерттеу де, базистік процесс ұстанымына - социалистік қоғам құрылысына бағындырылды. Кеңестік кезеңдегі мәдени құрылыстың басты тұғырнамалық мақсаты КСРО ҒА академигі М.П. Кимнің, Қазақстанның нақты жағдайы да енгізілген, жалпыға ортақ принциптері негізінде анықталды. Академик Р.Б. Сүлейменов Қазақстанды кеңестік мәдени жаңғыртудың ақиқатын капиталистік емес даму бағдарындағы мәдени революцияның лениндік идеяларын жүзеге асыру ретінде бағалап: «Республикадағы мәдени революцияның тарихи тәжірибесі көрсеткеніндей, социализм заңдылықтарының бірі ретіндегі мәдени революцияға тән негізгі сипаттардың бәрі оған да тиісті», - деген тұжырымға келеді.

Капиталистік емес даму жағдайы қазақстандық тарихнама үшін негізгі бағыт саналды, оның аясында артта қалған халықтардың теңсіздікті жою проблемасы тәрізді мәдени өзгерістердің көптеген нақты тарихи міндеттерін жүзеге асыру мәселелері айқындалды. Осы орайда мектеп пен жоғары білім берудің бірыңғай жүйесін құру, егде адамдардың сауатсыздығын жою, ғылыми-зерттеу мекемелерінің желісін қалыптастыру, партиялық және шаруашылық буындардың кадрларын оқыту мен тәрбиелеу, атеистік насихат және білім беру мен мәдениет саласының басқа да проблемалары мәдениет саласындағы капиталистік емес дамудың нәтижесі ретінде пайымдалды.

Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің тарихы туралы ғылыми түсініктің қалыптасу үрдісін мына кезеңдерде бөліп көрсетуге болады: 1-кезең — 1917-1950 жылдар ортасы: мәдениет тарихын зерттеудің және деректемелердің қалыптасуының алғашқы кезеңі. Бүл жылдары аталған кезеңнің мәдениет тарихы жайлы осы заманғы ғылым талабына сай келетін тарихи еңбектер болған жоқ. Іс жүзінде мәдениет тарихының кәсіби кадрлары да болмады. Мәдениет тарихының проблемалары саяси және мемлекеттік органдар басшылары мен сол жылдар оқиғаларына қатысушылардың сөздері мен мерзімдік басылымдар беттерінде көрініс тапты. 2-кезең –1950 жылдардың екінші жартысынан 1980 жылдардың ортасына дейін. Бұл жылдары тарихи-мәдени зерттеулердің ғылыми инфрақұрылымы, сонымен бірге кеңестік кезеңнің мәдениет тарихы бойынша ірі монографиялық еңбектер жазған мәдениет тарихының кәсіби кадрлары қалыптасты. Сонымен қатар мәдениет тарихы бойынша деректер мен құжаттық материалдардың тақырыптық бағдарлармалары жарық көрді. 1980 жылдардың екінші жартысынан мәдениет тарихнамасының дамуында жаңа кезең қалыптасты. Бұл түбегейлі қоғамдық-саяси өзгерістердің басталуымен және ұзақ жылдар бойы тыйым салынған есімдердің, сонымен бірге «ұлттың мәдени іргетасы» [16]. атанған Алаш қайраткерлері рухани мұраларының тарихымызбен қайта қауышуымен байланысты жүзеге асты.

Кеңес өкіметінің алғашқы екі онжылдығында қоғамның мәдениет туралы түсінігі сол жылдардағы газет-журналдардың беттерінен айқын көрінеді. Оларда дәстүрлі қазақ мәдениетінің өкілдері мен «жаңа пролетарлық социалистік мәдениет» қайраткерлерінің арасында өткен өткір пікірталастар жарияланды. Мәдениет пен білім саласының белгілі қайраткерлері, партиялық және мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлері өздерінің мәдениет проблемасына көзқарастары мен оны дамыту жолдары, қоғам өмірінің мәдени жағын жедел ілгері бастыру жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Ұлттық тарихи-мәдени мұраның тағдыры, жаңа жағдайдағы Қазақстанның Қазан революциясына дейінгі зиялы қауымының орны мен рөлі, қазақ интеллигенциясының автономиялық құқығы мен мәдени бастауға ұмтылысы - ұлттың осы және басқа да көкейтесті мәселелері сол жылдар мерзімді басылымдарынан айқын көрініс тапты [17].

1920 жылдардағы тарихи-мәдени жылнамадан Қазақстанды зерттеу қоғамы мен 1921 жылы ұйымдастырылып, А. Байтұрсынов басшылық еткен Ағарту халық комиссариаты Академиялық орталығының қызметі елеулі орын алады. Олар өз қатарына қазақтардың тарихын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеген санаулы ғана ынталы адамдарды топтастырды. Экспедиция қорытындылары бойынша жасалған баяндамалар, хабарламалар Қазақстанның тарихына ғана арналып қалған жок. Онда авторлар халыққа білім беруді, кәсіби өнерді, ғылым мен денсаулық сақтауды дамыту жолдары туралы да мәселелерді көтерді. Қазақ тілінде оқулықтар мен құралдар шығару Түркістан республикасы Халық ағарту комиссариаты Мемлекеттік ғылыми кеңесінің жанындағы Ғылыми комиссияның 1921-1922 жылдардағы ең басты міндеттерінің бірі саналды [18].

1930 жылдар басында халыққа білім берудің, қазақ театрының, халық музыкасының тарихы зерделенген алғашқы кітаптар мен кітапшалар пайда болды [19]. Бұл жарияланымдардың авторлары іс жүзінде бұрынғыша партия-мемлекет органдарының қызметкерлері мен мәдениет қайраткерлерінің арасынан шықты. Олар халықты жаппай сауаттандыру бағдарламаларын жүзеге асыруға, білім беру саласының кадрларын даярлау ісіне белсене атсалысты. Қазақстанның театр өнері мен оның қалыптасуының алғашқы қадамдары I. Жансүгіров пен Ғ. Тоғжановтың 1933 жылы жарық көрген «Қазақ ұлттық театры» кітабына арқау болды. 1930 жылдардың ортасында және екінші жартысында Қазақстанның мәдени өмірін зерттеу мен насихаттау мәдени-ағарту және идеологиялық қызмет органдары арқылы жүзеге асырылды,[20]. ал олардың басшыларының көпшілігі көп ұзамай 1937-1938 жылдардағы қуғын сүргіннің құрбанына айналды. 1933-1937 жылдары Қазақстанның Ағарту халық комиссариатын басқарған Т. Жүргеновтің мақалалары мен сөздері, оның ішінде мәдени құрылысқа қатысушылардың I съезінде жасаған баяндамасының негізінде жазылған «Қазақстандағы мәдени төңкеріс» (1935) кітабы сол жылдардағы мәдениет пен білім беру тарихының маңызды құжаттық дерек көзі болып табылады.

1930 жылдары тарихи-зерттеу мекемелері мен кәсіби тарихшылар кадрларын даярлаудың ұйымдық құрылымдары қалыптасты. КСРО ҒА қазақ бөлімшесінің тарихи-археологиялық секторы (1932), марксизм-ленинизм институтының қазақ бөлімшесі (1931), 1-коммунистік университет (аспирантурасы бар) өз жұмыстарын бастады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ Қазақ пединститутында (1928) және Қазақ мемлекеттік университетінде (1934) қолға алынды. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің дамуы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде өз жалғасын тапты. 1943 жылы басылған «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы...» кітабында, сондай-ақ 1949 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихы» (2-том) жинағынын «Кеңестік Қазақстандағы мәдени төңкеріс» тарауында кеңестік жылдардағы Қазақстанның білім беру мен ғылым, әдебиет пен өнер және баспасөз саласындағы тарихи жолдары мен жетістіктеріне алғаш рет жалпы түрде жағымды баға берілді. Ұлы Отан соғысы кезеңінде мерзімдік басылымдар беттерінде партия және кеңес кызметкерлерінің, ғылым мен мәдениеттің қазақстандық және Қазақстанға эвакуациямен келген қайраткерлерінің көптеген енбектері жарық көрді. Оқиғаларды көзімен көрген мәдениет қайраткерлері өз еңбектерінде Қазақстанның соғыс жылдарындағы мәдени өмірінің картинасын жаңғыртты [21]. Қазақстан К(б)П ОК жанынан Ұлы Отан соғысы тарихына қатысты материалдарды жинау үшін 1942 жылы кұрылған Комиссия соғыс жылдарының өзінде-ақ жиналған материалдарды жариялай бастады [22]., оларда сондай-ақ соғыс күндеріндегі зиялы қауым қызметінің жекелеген қырлары да көрініс тапты.

Сол жылдары бірқатар мазмұнды ғылыми-танымдық зерттеулер жарық көрді, соғыс жылдарындағы мәдениет тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинаудың бастамасы жасалды, тақырыптың кәсіби тарихнамалық және деректанушылық негізі қаланды. Алайда ғылыми мақалалардың осы заман түсінігіндегі талаптарына барлық жұмыстар бірдей жауап бере алған жоқ және авторлардың қолында кең ауқымды деректемелер де болмады. Баяндап отырған оқиғаның аяқталмауына және соғыс кезіндегі қиындықтарға байланысты, бұл жұмыстарда қорытынды тұжырымдар айтылған жоқ және де құжаттық материалдар қорын молайту, мәдениет тарихын зерттеу міндеттері мен проблемаларын тарихи тұрғыдан зерделеу үшін белгілі бір уақыт кезеңі қажет еді.

Соғыстан кейінгі екі онжылдық бойы Қазақстан тарихнамасында мәдениет тарихы монографиялық зерттеулердің тақырыбына әлі де толық айнала қойған жоқ болатын. Бұл кезеңде «Кеңестік Қазақстан мәдениеті» мақалалар жинағы жарық көріп (1957), онда авторлар С. Бәйішев, К. Жармағамбетов, А. Закарин 40 жыл ішіндегі ғылым, әдебиет және мектепте білім беру ісінің дамуын сипаттады. Ғ. Сапарғалиевтің кітапшасында [23]. мектепте білім беру ісіндегі мемлекеттің рөлі жөнінде айтылды. Жалпы алғанда, бұл авторлардың еңбектерінде Қазақстанның мәдениет тарихын зерттеудің мазмұнды да пәндік негізі салынды. Алайда бұл ілгері басулар сапалықтан гөрі сандық сипат алды.

1950 жылдардың екінші жартысында Кеңестік Қазақстанның мәдениет тарихнамасындағы жаңа кезеңі басталды. Сол жылдардағы отандық тарих тұғырнамасы мәдениет тарихын «қоғамның оқу-ағарту, ғылым, өнер және рухани өмірдің басқа да салаларындағы жетістіктерінің жиынтығы» ретінде зерделеуге жағдай жасады және оны «өз мазмұны бойынша қоғам дамуының әрбір кезеңінде өзгеріп отырады» деген тұжырымға келді60. Мәдениет тарихын зерттеу методологиясы «Ұлы Қазан төңкерісінің жеңістері өмірге әкелген КСРО-дағы мәдени төңкеріс — ел тұрғындарының басым бөлігінің мәдени артта қалушылығынан жалпыға бірдей жоғары сауаттылыққа және жаңа, кеңестік зиялы қауымды қалыптастыруға жеткізгенін» және «ол мәдениеттің жаңа, жоғары түрі — социалистік мәдениетті орнықтырудан көрініс тапқанын» дәлелдеуге бағытталды [24].

Отандық тарихнамадағы білім беру жүйесінің тарихы мәдени төңкеріс пен мәдениет құрылысын жүзеге асырудың маңызды құрамды бөлігі ретінде қарастырылды. Бұл проблемаларды зерттеуге арналған монографияларда мектеп ісі, жоғары оқу орындары жүйесі, сауатсыздықты жою мәселелері талқыланды.

1960—1980 жылдары мәдениет тарихшыларының теориялық ой-пікірлері, идеялық талаптар мен шектеулердің жаңартылғанына қарамастан, Сталинді сынаумен ғана шектелген бұрынғы кезеңдердің тұғырнамалық ұстанымдарына, жеткіліксіз деректемелік негіздерге және «кемелденген социализм теориясына» арқа сүйеді. Бұл жылдар, зерттеулер методологиялық аясының тар шенберлігіне қарамастан, біршама жемісті болды. «КСРО-дағы және одақтас республикалардағы мәдениет төңкерісінің тарихы» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ізденістер мәдениет тарихын зерттеудегі басты тақырып етіп алынды. Бүкілодақтық ауқымда және Қазақстанда да 1950 жылдардың екінші жартысы мен 1960 жылдардың ортасында бірнеше монографиялар, кітапшалар мен мақалалар жарық көрді [25].

1961 жылы академик С. Бәйішевтің «Қазақстандағы социализм жеңісі: мәселенің теориясы мен тарихы жөніндегі очерктер» кітабы шығып, оның арнайы тарауы мәдени төңкеріс тарихына арналды.

Мәдениет дамуының тарихы «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктері» (1963), «Қазақ КСР тарихы. Социализм дәуірі» (1963, 1967) кітаптарында, «Қазақ КСР тарихының» 4 және 5-томдарында, сондай-ақ үш томдық «Кеңестік Қазақстанның мемлекет және құқық тарихында», көптомдық КСРО тарихында (7-т., М., 1967) зерделенді. Айта кету керек, тарихи зерттеулер кеңістігінің кеңеюіне шығармашылық қызметі 1960-1970 жылдарға сәйкес келген бірқатар тарихшы-профессорлардың ғылыми ізденістері игі ықпал етті. Тарихшылардың Бүкілодақтық Кеңесінің (Мәскеу, 18-21 желтоқсан, 1962жыл) шешімдері, сондай-ақ тарихи деректердің жариялануы тиімді ғылыми ізденістерге кең жол ашты. 1960 жылдардың орта тұсында «Қазақстандағы мәдениет кұрылысы» (1918-1932) және «Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы жылдары кезеңінде» (1941-1945) [26]. жинақтарының бірінші томдары жарық көрді. 1965 жылдың мамыр-маусым айларында Мәскеуде өткен кеңестік мәдениет тарихының проблемалары жөніндегі мәжіліс «КСРО-дағы мәдениет құрылысы» тарихы және Қазақстандағы мәдени-тарихи үрдістер туралы жалпы тұжырымдар жасалған еңбектердің жарық көруіне колайлы жағдай жасады [27].

Ұзақ уақыттар бойы Қазақстанның мәдениет тарихын көрнекті ғалым, академик Р.Б. Сүлейменов зерттеді. Ол өз ізденістері нәтижесінде көптеген іргелі монографиялар мен мақалалар жазды. Бұлардың ішінен Х.И. Бисеновпен бірігіп жазған «Артта қалған халықтардың мәдени дамуының социалистік жолы (Қазақстан кеңестік мәдениетінің қалыптасу тарихы. 1917-1965)» еңбегін айрықша атап өтуге болады. Сондай-ақ «Мәдени төңкерістің лениндік идеялары және оның Қазақстанда жүзеге асырылуы» іргелі монографиясы да мәдениет тарихын зерттеудегі құнды еңбек саналады. Оларда, автордың өзі атап өткеніндей: «Қазақ КСР-інде кеңестік мәдени қайта өрлеу шараларының жүзеге асырылуын», сондай-ақ «Қазақстан халықтарының рухани мәдениетінде капиталистік емес дамудың лениндік идеяларының көрініс табуын зерделеуге талпыныс жасалынған» [28]. Әрине, тұғырнамалық тұрғыдан бұл зерттеулер кеңестік кезең идеологиясының ықпалында жазылған, әйтсе де Р Б. Сүлейменов өз енбектерінде бай деректік материалдар негізінде 1917 жылдан 70-жылдар басына дейінгі халыққа білім беру, ғылым және мәдениет салалары дамуының тарихын қайта жаңғыртты. Оның зерттеуінің көптеген тұжырымдары күні бүгінге дейін өзектілік құнын жойған жоқ.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің тарихы кең ауқымдық құжаттық негізде академик М.К. Қозыбаевтың іргелі енбектерінде қарастырылды [29].Бұл еңбектерде автор Қазақстан мәдениеті, қоғамдық өмірдің осы саласына партиялық басшылық мәселелерімен ғана шектеліп қалмай, еңбекшілердің майдан мен тылға көмегі, соғыс жылдарындағы мәдени өмір жақтарын да терең қамтыған.

1970-1980 жылдары жарық көрген А.К. Қанапин мен А.Д. Яндаровтың, Н. Жанділдиннің, К. Бейсембиевтің, М. Бурабаев пен В. Черняктің монографиялық еңбектері және Р.Б. Сұлейменовтің «Қазақстандағы мәдени төңкерістің зерттелу кезеңдері» [30]. атты мақаласы халқымыздың рухани өміріндегі өзгерістер туралы кең әрі терең түсініктер тұрғысында жазылған. Қазақстан тарихшылары, сондай-ақ зиялы қауымның, оның ішінде ұлт зиялыларының да қалыптасу тарихы жөнінде, бұл ретте олардың өздерінің ойынша, бұл үрдістің ерекше жақтарын аша отырып, зерттеулер жүргізді [31].

Осы жылдары тағдырлары еліміздің тарихымен біте қайнасқан бірқатар ғалымдар мен жазушылар, артист, әншілер қазақстандықтардың жаңа ұрпағына өткен өмір жолдары туралы естеліктерін арнады. Қазақстан зиялылары аға буын өкілдерінің шығармашылық жолы мен тағдыры мәдени дамудың тарихын және осы заманғы мәдениет түрлерінің қалыптасу ерекшеліктерін ашып берді. Сонымен қатар олар өнердің дербес жанрларының, тұтастай алғанда мәдениеттің дамуына қосқан әрқайсысының жеке үлестерін де бейнелеп көрсетеді [32]. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда қоныс тепкен кеңестік белгілі мәдениет қайраткерлерінің әр жылдары жариялаған естеліктерінде сол жылдары тізе қосып, бірге еткен еңбек пен рухани өмір жайлы айтылады. Авторлардың өздеріне тән жеке әсерлерінің көптүрлілігі соғыс сынағының ауыр жылдарындағы республиканың мәдени өмірінің жалпы кескін-келбеті туралы түсінігімізді кеңейтуімізге және байытуымызға мүмкіндік береді [33]. Тұтастай алғанда, Қазақстанның кеңестік кезеңдегі мәдениет тарихы жөніндегі зерттеулер моральдық жағынан елеулі түрде ескірді. Әйткенмен, бұл бағыттағы жұмыстар өзінің айтарлықтай дерекнамалық мәнін жоймайды. Сандық мәліметтерді жалпылау жөнінен бірсыпыра жұмыстар жүргізілді және ғылыми айналымға кең көлемді деректемелік қорлар енгізілді.

1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың бас кезі аралығы (горбачевтік жариялылық пен демократияландыру жылдары) - мәдениет тарихының 4-кезеңіне сәйкес келеді. Жоғарыда атап өтілгеніндей, Қазақстан КП OK сол жылдары Ш. Кұдайбердиевті, Ж. Аймауытовты, М. Жұмабаевты және қазақ мәдениетінің басқа да өкілдерін ақтау туралы қаулы қабылдады және соның нәтижесінде әдебиетіміздің барлық өкілдерінің есімдері мен олардың шығармалары халқымен қайта қауышты. Бұл есімдер көп жылдар бойы ауызға алынбады немесе теріс пиғылды топқа және Кеңес өкіметінің жаулары қатарына жатқызылып келген еді. А. Байтұрсыновтың, Ш. Кұдайбердиевтің шығармалары, «Алаш» партиясының бағдарламалық құжаттары, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың, К. Кемеңгеровтің және басқалардың жұмыстары жарияланды. Тұтастай алғанда, жарияланған дерек көздер Қазақстан тарихы кеңестік кезеңінің бұрынғыдан мүлде басқаша кескін-келбетін көрсетті. Мәдениетке партиялық-мемлекеттік басшылық, А. Байтұрсынов пен Т. Жүргеновтің ағарту халкомындағы жауапты қызметі мен көзқарастары, мәдениет саласындағы Қазақ өлкелік комитетінің бағытымен келіспеген қазақ зиялы қауымының өзіндік ой-пікірлері, тіл мен мәдени-ұлттық дәстүрді сақтауға ұмтылған қазақ зиялыларын ұлтшылдар ретінде бағалаған Ф. Голощекиннің оларға қарым-қатынасы жаңа сипатта көрінді.

Жоғарыда айтылып кеткендей, 1920-30 жылдардағы Қазақстан тарих ғылымының жағдайы зерттеуші І.М. Қозыбаевтың «Қазақстан тарихнамасы: тарих тағылымдары» (1990) кітабында қарастырылды [34]. Мұрағаттық деректемелер негізінде кітапта 1920 жылдардағы мәдениет тарихы мен оның барысы жөнінде құнды мәліметтер келтірілген. P.M. Жұмашевтің зерттеулерінде және оның «Қазақстан мәдениетінің тарихнамасы» (Қарағанды, 2003) монографиясында мәдениет проблемасы жаңа тұғырнамалық көзқарас тұрғысынан қарастырылған. А.Т. Қапаеваның «Мәдениет және саясат» атты іргелі монографиялық еңбегі (Алматы, 2004) Қазақстан мәдениетінің тарихына арналған, онда 1946-1991 жылдардағы Кеңес өкіметінің Қазақстанның мәдени саласындажүргізген мемлекеттік саясаты қарастырылады.

Қазақстандағы экономикалық жағдай

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.

Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.

Жылы

Жалпы ішкі өнім

АҚШ долларының айырбас бағамы

Инфляция индексі
(2000=100)

Жан басына шаққандағы ЖІӨ
(АҚШ деңгейінің % үлесі)

1995

78,014,200

61.11 теңге

64

3.81

2000

102,599,902

142.26 теңге

100

3.53

2005

147,453,000

132.88 теңге

140

9.01

Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.

2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.

2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7% мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2%). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.





Аралдың тартылуы

Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66,1 км², көл. 1062 км3 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Солтүстік Арал теңізі болып аталады (1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. 1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. Ғарыштан түсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28 (аумағы 287,48 км²), антропогендік көлдің саны 195 (аумағы 6421,71 км²), ал қолдан жасалған Сарықамыс және Арнасай көлдерінің су қорының көл. 55 км3 болды. Жылдық түсетін ылғал мөлшері де өзгерді. Мыс., 1950 – 59 ж. ақпан – наурыз айлары ылғал көп түсетін, ал қыркүйек ең аз жауатын кезі болса, 1970 – 79 ж. жауынның көп жауатын кезі сәуір айына, аз түсетін айы шілдеге сәйкес келді. Тұздың атмосфераға таралуы 6 – 7 есе өсті. Арал өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғ. температура орта есеппен 1,8 – 2,5°С-қа жоғарылады. Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына байланысты болуы да мүмкін. Сырдария атырауы мен Қазалыда жылдық орташа салыстырмалы ауаның ылғалд. 15 – 20%-ға, ал 1960 жылдан Арал қ-нда 25 – 30%-ға азайды. Бұл жағдай Арал құмды аймағындағы конденсаттық ылғалды азайтты. Соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің ылғалдануы едәуір қысқарды. Теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылып, ал алғашқы күз суықтары керісінше, 10 – 12 күн ертерек түсетін болды. Егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік (фильтрлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 – 90 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 – 75 млн. т-ға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға дейін тұз жиналды. Бірнеше рет пайдаланған сумен суғарылғандықтан, Әмудария және Сырдария өзендерінің төм. құйылысында орналасқан аудандардағы жер қыртысы сортаңға (мыс., Қызылорда облысының 52%-ы) айналды. Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиац. балансын 2 есе азайтты. Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биол. өнімділігін төмендетті (мыс., сортаң жерге егілген мақтаның 1 га-сынан 7 – 8 ц-ден өнім алынды, ал бұл сортаң емес топыраққа егілген мақта өнімділігінен 4 есе аз). Экол. жағдайдың аэротүсіру арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 км3 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды. «Арал-2006» бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде пайдаланылған судың мөлшері (брутто) суғарылу мөлшерімен (нетто) салыстырғанда 1,5 – 2 есе көп екені анықталды. Жыл сайын Әмудария су алқабында суғарылатын егістік жерден 11 – 15 км3 су, ал Сырдария су алқабынан 8 – 11 км3 су буланып, жылдан-жылға қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Өсімдіктердің бағалы түрлерін арамшөптер басуда. «Қызыл кітапқа» енгізілген 70-тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету қаупі бар. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестицидтерден, т.б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик. ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде. Арал т. мен Әмудария және Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25 – 45 мың т балық ауланса, 1970 ж. бұл көрсеткіш 15 мың т, ал 1982 ж. су тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады. 1994 ж. Орта Азия мемлекеттері «Аралды құтқару» қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экол. орталығының басшылығымен алғаш рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992).



Семей полигоны

Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Семей полигонының инфрақұрылымы

Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Сары-Өзен», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

The various facilities grouped inside the Semipalatinsk Test Site

Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Суарылған ядролық темірмен

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Невада - Семей

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.












Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!