СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ана-өмір шуағы сынып сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ана-өмір шуағы сынып сағаты. 11 сыныбына өтілді. Ананың мейірімін, ыстық ықласын, қажыр-қайратын бала бойына сіңіру. Жұмақтың кілті ананың аяғының астында. Оқушыларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Ана-өмір шуағы сынып сағаты»

Бекітемін

Бауыржан Момышұлы атындағы

Алматы Республикалық «Жас ұлан» мектеп

бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары

жөніндегі орынбасары-басқарма бастығы

подполковник_____Қамалұлы Қ.

«___» _______2017 ж.



11 Г сыныбымен өткізілетін сынып сағаты


Тақырыбы: «Ана –өмір шуағы»

Мақсаты: Ұландарды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый-құрметке тәрбиелеу, ұландардың ой өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік құралдар: плакат, шар, сөздер

Пәнаралық байланыс: музыка, еңбек, әдебиет

Сабақтың барысы

 Қызығушылығын ояту
Мұғалім: сұрақ қояды.
а) Лездеме сұрақтар:
- Өмірде сен үшін алақаны жұмсақ кім?
- Жүрегі жылы кім?
- Құшағы кең кім?

Мұғалім сөзі:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ. Сәлеметсіздер ме ұландар және қонақтар!! Бүгін сабағымызды бастамас бұрын сіздердің ардақты аналарыңыз, қарындастарыңыз, әпкелеріңіз жақын аяулы нәзік жанды асыл жандардың көктемгі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!!!

Өмірдің көркі-көктем айы мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келді. Бұл айда бар адамзат баласы бас иер үш әріптен тұратын ұлы есім аналарымыздың дәстүрлі мерекесі 8-наурыз күніне белгіленген. Бұл күні төрткүл дүниенің жан иесі, аса қадірлі аналар мен қыз-келіншектерге ерекше құрмет көрсетіліп шын ықлас танытып, сыйлықтар жасап жатады. Тарих парағын парақтасақ, осы күнде әйелдер қауымы өз құқықтарын қорғап, бас көтерген деседі. Бертін келе бұл күнді халықаралық әйелдер күні болып белгіленген екен.

Енді сіздердің назарларыңызды мына бейне көрініске аударғым келіп отыр, бұл сіздердің балалық шақтарыңызға арналады.

Бейнекөрініс: «Балалық шаққа саяхат»

Мұғалім: Өздеріңіздің балалық шақтарыңызды көріп қандай сезімде болдыңыздар?

1 ұлан: Мен балалық шағым анамның арқасында өте керемет өткенін, не ішем, не киемін деп ойланбай бақытты өткізгенімді көріп отырмын!

2 ұлан: Иә, анамызға мыңда бір шүкір! Анамның бала күнімде ерекше ықыласын көріп отырмын. Ауырып қалсақ демеу бола білген ата-анамды еске алып отырмын.


Бейнекөрініс: «Менің анам алтын»


Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.

Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.

Енді корей халқының өмірден алып жасаған бейне көрінісіне назарларыңызды аударғым келіп отыр.

Бұл бейнекөріністе жас студент қоқыс жағынан тастанды баланы тауып алып, өзінің қызындай бағып өсіреді, алайда айналасындағы халық оны жаман жағынан бағалап, түрлі пікірде болады.

Ұландар бейне көріністен кейін өз ойларымен бөліседі.

Ұландар Ана туралы өлең оқиды.

Қорытынды.

Мұғалім сөзі:

Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ!

Енді бүгінгі алған әсерлеріңізді «Кубики рубики» әдісімен кері байланыс жасасақ.

Ұландар өз алған ойларымен бөлісіп, бүгінгі әсерлерін ортаға салады.

Осымен сынып сағаты аяқталды. Белсенді қатысып, уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет.




Сынып жетекшісі: Бөкеш Мөлдір Бақбергенқызы






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!